Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция экономика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.42 Кб
Скачать

№8 Лекция. Еңбекті нормалау

1.Еңбекті нормалау сараптама - есептеу әдісі

2. Еңбекті нормалау және оны қолдану салалары, әртүрлі операциялар үшін уақыттың техникалық нормасын есептеудің ерекшеліктері.

Бақыланатын жұмыскерлерлің бір уақытта қамтылу санына қарай, жұмыс күнін бақылау келесі түрге бөлінеді: жеке, топтық, бригадалық және жалпылама. Бақылау обьектілері бірнеше болған жағдайда жұмыс уақытының шығындарын классификациялау ұлғайтылады, ал әр жұмыс орындарын өлшеу бөлініп, жүзеге асырылады. Жұмыс күнін бақылау түрлері: тұрақты бақылау (стационарлы) бағытында, көп станокта жұмыс істеуді бақылау бағытында болып келеді.

Жұмыс күнін бақылау сатылары:

-бақылауға дайындық-жұмыскерлермен, оның жұмыс орнымен жұмысты орындау сипаты жағдайымен танысу; белгілеуге қатысты жұмыс элементтерін анықтау;

-жұмыс уақытының барлық шығындарына бақылау жасау;

жұмыс элементтірінің әр қайсысының аяқталу уақытын сандық немесе графикалық тәсілмен анықтап көрсету;

- жұмыс элементтерінің асып кеткен жерлерін көрсету;

- байцқау шараларын анықтау- жеке шығындардың уақытының ұзақтығын анықтау және индексациялау;

Жұмыс уақытының шығындарын топтастыру; жұмыс уақытының нақты тепе-теңдігін жасау; қызметкердің уақыт категориялары бойынша жұмыс уақытының шығындарын талдау;

-шаралар, қорытындылыр-жұмыс уақытын қолдануды жақсарту бойынша шараларды ұйымдастыру; жұмыс уақытының нормативті балансын жобалау;еңбек өнімділігінің өсу мүмкіндігін анықтау.

Хронометрах да, жұмыс күнін бақылау да уақыт нормасын анықтап, негіздеп беруге мүмкіндік береді, атап айтқанда өнім бірлігіне немесе бұйым жасауға, операцияға кеткен жұмысты, бір жұмыскердің немесе жұмыскерлер тобының анықталған ұйымдастыру-техникалық жағдайындағы уақыт шығыны жатады. Уақыт нормасы адам сағат немесе адам/минутпен есептеледі. Өнім бірлігіне немесе қолмен, машинамен жасалғанжұмыстарды нормалау құрамына келесі шығындар элементтері кіреді:

Унормнегкқызд.к.+Удтех;

Унег -негізгі уақыт;

Ук -көмекші уақыт;

уқыз -жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты;

Уд.к -дайындық қорытынды уақыты;

Уд -демалыс уақыты;

Утех -технологияда қарастырылған амалсыз үзілістер.

9 лекция. Ағындық өндірісті ұйымдастыру негіздері

1.Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы негізгі өндірісті ұйымдастырудың түрлері.

2.Өндірістік процестерді ұйымдастыру түрлерін анықтайтын факторлар.

Өндірісітік үрдістерді жан-жақты механикаландыру және автоматтандыру, еңбек пен өндірісті ғылыми ұйымдастыру негізінде өндіріске кешенді ағындық әдістерді енгізу кез келген кәсіпорынның табысын арттыруға ықпалын тигізеді.

Ағындық өндірісте көп жағдайда өндірістік үрдістерді ұғымды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын жүзеге асыру негізгі мақсат болып табылады. Мұнда әрбір мамандандырылған жұмыс орнында белгілі бір операцияны орындау технологиялық үрдістің тәртібіне сәйкес бекітіледі, еңбек барлық жұмыс орындарында қосарлы (параллельді) түрде орындалады.

Нарықтық экономика тұсында ағындық өндіріс түпкілікті түрде ерекшеленуімен қатар ол жұмысшылардың жұмыс уақытын толық пайдалану құралы ретінде қолданылады. Өндірістің ағындық әдістері еңбек жағдайын жақсарту мен жеңілдетуге, әрбір жұмыс орнында жұмыскерлердің біліктілігін көтербек өнімділігін арттыруға, жалпы кәсіпорынның табысын молайтуға септігін тигізеді.

Өндірістің ағындық әдістерін кең түрде қолдану өнім өндіруді, оны құрайтын түйіндері мен бөліктерінің көлемін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл бұйымдардағы стандартты элементтер мен унифицирленген түйіндерді максималды түрде қолдануға, өндірісті мамандандыруды тереңдетуге көмектеседі.