- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
1.Жұмыс уақытының шығындарының мәні мен маңызы, классификациясы.
2.Еңбекті нормалаудың әдістері. Еңбекті нормалаудың сараптамалық - зерттеу әдісінің сипаттамасы.
3.Бақылау әдістері арқылы жұмыс уақытын фотографиялау, сәттәк бақылау әдісі, тохронометраж, тохронометраж жұмыс уақытының шығындарын зерттеу.
Кәсіпорында еңбекті дұрыс ұйымдастыру үшін, берілген жұмысты орындауға керекті еңбектің мөлшерін білу керек-басқаша айтар болсақ, әр жұмыскердің еңбегінің мөлшерін- нормасын белгілеу шарт.
Еңбекті нормалау- берілген өндіріс жағыдайында нақты жұмысының немесе операцияның орындалуына кететін мүмкін уақытты анықтау (мүмкін өнім көлемін; оның бірлігін анықтауға кеткен уақыт мөлшері –сағат, ауысым).
Кәсіпорындағы еңбекті нормалау- еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақының дұрыс болуының негізі, ол қазіргі заманға сай, техникалық негізі бар нормаларды енгізу негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Еңбекті нормалаудың тәжірибелік-статикстикалық және талдаулық тәсілдері бар. Екеуінің ішіндегі жетілген түрі талдаулық болып есепталаді; өйткені ол еңбекті нормалаудың қалыптасуына ғылыми тұрғыда түсініктеме береді.
Талдаулық тәсілі мына операциялардың өткізілуін қарастырады:
-еңбек процесін зерттеу, оны құрайтын элементтерге бөлшектеу;
-еңбек шығындарына әсер ететін барлық факторларды зерттеу;
-жетілген операция құрамын, оның орындалу тәсілін жобалау;
-жұмыс орнына қызмет көрсетуді жақсарту шараларын дайындау;
-жұмыстың орындалу уақытын есептеу;
-норманы өндіріске енгізу.
Талдаулық нормалау тәсілі, өз кезегінде дайын уақыт нормативін қолданатын талдаулық есептік және хронометражды жұмыс күнінің басталып, аяқталуын бақылауды, жұмыс уақытын толық емес, ішінара тексеру әдістерін кеңінен қолдана отырып, анықталатын талдаулық зерттеулік тәсілі.
Хронометраж- әр бұйымдарды өндірудегі қайталанатын операция элементтерін байқау арқылы өлшеу, соның арқасында оперативті уақыт шығындарын меңгеру тәсілі. Оның негізгі сатылары:
-бақылауға дайындық жасау;
-бақылау;
-бақылау шамаларын өңдеу, талдау операциялары элементтерінің әрқайсысының ұзақтығын текмеру, хронометраж қатарының тұрақтығын тексеру, оларды жұмыс істеп жатқан нормативтермен салыстыру;
-операция қрамын, алдыңғы қатарлы тәжірибелермен ұйымдастырудың техникалық шараларының тиімді түрлерін енгізіп, оның жеке элементтерінің және жалпы ұзақтығын анықтау.
Жұмыс күнін бақылау (фотография)- жұмыс күнінің толық немесе бөлігінің ұзақтығын байқау немесе өлшеу арқылы зерттеу; атап айтқанда: жұмыс орнына қызмет көрсету (дайындау) уақыты, дайындық-қорытынды уақытымен үзіліс уақытын анықтау жатады. Жұмыс күнін бақылаушығындары ең өндірістік емес уақыт шығындарын жою, өндіріс озаттарының жұмысын зерттеу, қондырғыларға қызмет жасау нормаларын анықтау, жұмыс орнына қызмет көрсету, дайындық қорытынды жұмыс уақытын анықтау, ал аз сериалы немесе жеке бірлік өндірісінде, әсіресе аз механикаландырылған жұмыстарда оперативті уақытын нормалау қарастырылады.
