Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция экономика.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.42 Кб
Скачать

№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру

1.Өндірістің зиянсыздық нүктесі

2.Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру

Бизнес – жоспар бизнесті тиімді жоспарлау және басқару үшін дайындалып, қызметінің тиімділігін анықтайтын кәсіпорынды басқарудың бірден-бір құралы болып табылады. Бизнес-жоспар – бұл инвестициялық жобаның мақсаттары мен міндеттері, оны жүзеге асыру тәсілдері мен кәсіпорынның техника-экономикалық немесе жобаның жүзеге асқаннан кейінгі көрсеткіштері көрсетілген жан-жақты құжат. Бизнес-жоспардың құрылымы және оның дәйектелінуі ойластырылған істің бағытталуы мен көлеміне, яғни объектінің ерекшелігі, компания қызметінің саласы, ұйымдастырылу жағдайы, көзделген нарық өлшемі, бәсекелестердің болуы мен өсу перспективасына байланысты анықталады.

Табысқа жеткізер бизнес-жоспарлау үшін (техниалы-экономикалық негіздеме) өте көп уақыт жұмсау, ақпараттың көп көлемін жинап, оны талдау, сондай-ақ қаржы менеджерлерінің, талдаушылардың, бухгалтерлердің біліктілігі қажет. Әр жоба оның ерекшеліктері ескеріле отырып, инвесторлар мен несиелеушілердің, тапсырыс берушілердің нақты талаптарына сай етіп жасалуы тиіс, ал ондай талаптардың болмаған жағдайда Еуропа Даму және Қайта құру Банкісінің, UNIDO сияқты мекемелердің ұсыныстары ескеріледі. Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімі (техникалы-экономикалық негіздеме) қаржылық және есеп берудің қазақстандық және немесе халықаралық үлгіге негізделіп есептеледі.

Бизнес жоспар (техникалы-экономикалық негіздеме) дайындаудағы қызметтер:

  • Бизнес-жоспарға қойылатын талаптарды анықтау, жасау, талдау және келістіру;

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жедел-талдауын жүргізу;

  • Есептік құжаттар негізінде болашақ кезеңге ақшалай ағымдардың қозғалысын жасау;

  • Жобаның қаржыландыру стратегиясын анықтау;

  • Маркетинг концепциясын және нарықтық талдау жасау;

  • Инвесторлар, несиелеушілер және тапсырыс берушілердің талаптарын ескеретін бизнес-жоспар жасау;

  • Жобаның (Техникалық тапсырысқа сай) өзектілігін алты ай бойы сақтап тұру;

UNIDO-ның стандарттарына сәйкес Бизнес-жоспардың жалпы құрылымы келесідей болуы керек:

  • Резюме (Компания мен оның негізгі иелері жөніндегі ақпарат);

  • Мақсаттар мен міндеттер (жобаның негізгі қағидалары / жұмыстарының жоспары);

  • Өнім / қызмет (өндірістің технологиясы, ерекшеліктері, сипаттамасы, өнімнің бәсекелестігін бағалау, оның сапалығын қамтамасыз етудің әдістері және т.б);

  • Нарықты талдау (саладағы жағдай, негізгі қажеткерлер, нарық сегменттері, бәсекелестік орта, бизнестің тиімділігін және дамуының мүмкіндіктері және т.б);

  • Маркетинг жоспары (бағаның құрылуы, сатуды үдейту әдістері, сатудың ең оңтайлы көлемдері, таратылу сызбалары, жарнамалық жобалар және т.б.);

  • Өндірістің жоспары (қажетті материалдар, жабдықтар мен өндіріс қуаттылығы, оларды жеткізу көздері, қосалқы мердігерлер, өндіріс технологиясы, өнімнің түрлері және т.б.);

  • Мамандар мен басшылар (қызметкерлер мен басшылардың ара-қатынасының сызбасы, кадрлік құрылым, еңбекті төлеу түрлері, мамандардың біліктілігі және т.б.);

  • Қажетті қаржының көлемі мен көздері (Қажетті қаржының көздері мен көлемі, оның қайтарылым шартттары, бос қаржының болуы және т.б.);

  • Қаржылық жоспардың негіздері мен тәуекелдерді бағалау(сату көлемдерінің және пайда / шығындардың көлемін болжау, мүмкін болатын барлық қатерлер, түсімдер мен шығыстардың толық жоспары, елдегі және белгілі-бір аймақтағы жалпы әлеуметті-саяси жағдай, онымен байланысты тәуекелдер, дебиттік және кредитттік қарыздарды қамтамасыз ету сызбалары және т.б.);

  • Егжей-тегжейлі қаржылық жоспар / бюджет(тоқсандық ақшалай ағымдарды талдау, өнімнің өзіндік құнын анықтау, пайда мен шығындардың тоқсандық бағасы, қаржылық ағымдарды анықтау және т.б.);

Кәсіпорынның бизнес-жоспары– кәсіпорын қызметінің сапасын айқындаушы және оны басқарудағы негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды құру кәсіпорынды басқару сапасын жоғарылатып, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жол береді.

Нарық шарттарында және қатаң бәсекелік күресте кәсіпорын ішкі және сыртқы өзгерістерді есепке алып, тез арада керекті амалдарды қолдануы тиіс. Бұл бірнеше шарттарды орындағанда ғана жүзеге асады:

  • басқарма және оның инвесторлары қазіргі кездегі қаржылық жағдайды дұрыс бағалап, нарықтағы орнын анықтауы керек;

  • кәсіпорын жетістікке жетуі үшін өзінің нақты және актуалды мақсаттарына ие болуы тиіс;

  • мақсат қою барысында менеджмент қарқынды түрде жоспарлауды қолданады және ол қатаң қадағаланып, жоспардың әр пунктінің орындалғанына көзін жеткізуі қажет;

  • кәсіпорын басқармасы және инвесторлар нарықтағы жағдайды толық түсініп, ішкі және сыртқы процестерді толық зерттеуге алады.

Бизнес-жоспар ішкі және сыртқы мақсаттарға байлансыты құрылады. Көбінесе, бұл жағдайды біздің елдің компаниялары инвестиция тартар алдында жасайды. Алайда, бұл жұмыстың бір бөлігі ғана, себебі ол тек қана сыртқы мақсатта ғана емес, ішкі мақсатқа орай да құрылады.

Бизнес-жоспарлаудың ішінде қызығушылық танытып отырған жақтар, яғни салымдарының қарқындылығын бағалау үшін салым жасаған инвестор және кеңес беруші және атқарушы кәсіпорын арасында бизнес-жоспарлау жасалады.

Бірінші кезекте, бизнес-жоспарлау инвесторға қажет болып табылады, себебі, олардың кәсіпорындарының жағдайы жоспарға тікелей байланысты болады. Осы себептен, бұл бизнес жоспарлау инвестордың қатысуынсыз жасалынбайды. Егер бизнес-жоспарлау дұрыс жолмен жүріп, өз мақсатына жетсе, онда инвестордың табысы молая түседі.

  Бизнес-жоспардың кәсіпкерге беретін мүмкіндіктері:

  • өз идеяларын жасап, оның қағаз жүзінде есептеулер жүргізіп, өмір сүру ұзақтылығын тексере алады;

  • мұндай қағаздағы (виртуалды) вариант ішіндегі идеялар көптеген қателіктерден және керегі жоқ шығындардан құтқарып, өз қаражатын және уақытын үнемдеуге көмектеседі;

  • кәсіпкерге кәсіпорынның жұмыс істеу механизмін жақсырақ түсіндіріп, нарықтық ортада қателіксіз жұмыс істуіне көмегін тигізеді;

  • бизнес-жоспарды жасап, бітірген кезде ол кәсіпкерге көздеген мақсатына жетуге көмектесетін нақты зерттелген карта немесе схема ретінде қызметін атқарады.

Бизнес-жоспарды басқа біреу жасағаны үшін құнын төлеп, жай ғана  инвестициялық проектіні алам деп ойласаңыз – бұл қателік болады. Себебі  инвестор жай ғана «шикі» вариантты алып, оның сұраныстарын қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл кәсіпкер үшін тағы да шығындарға әкеледі.

  Бизнес-жоспарды жасау барысында көптеген ақпаратты жинау мен өңдеу үшін көп күшті қажет етеді. Ал кейінгі қаржылық жоспарлау оңайырақ түседі, себебі ол уақытылы салымдар, жоспарға өзгертулер мен толықтырулар және нарық жағдайына тез арада әсер етуді ғана талап етеді.

  Жоғарыда айтып кеткен мәселе бойынша қорыта айтқанда, бизнес-жоспарды жасау үшін өз уақытыңыз бен қаржыны дұрыс жұмсасаңыз - өзіңіздің қалаған жетістігіңізге тез жетесіз.

 Бизнес-жоспар ағылшын тілінен аударғанда «кәсіпкерлік іс-эрекет жоспары», «кәсіпкерліктің жоспары» деп аударылады. Бизнес-жоспардың екі қағидалы бағыты бар: 1) ішкі - кәсіпорынның кәсіпкерлік іс-әрекетін өзіндік бағалау және жүзеге асыру кезеңдеріне бөлінген жобалық ұсыныстардың бағдарламаларын дайындау. 2) сыртқы - қызыққан кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті ұйымдарға, сыртқы инвесторларға ұйымдық-техникалық, қаржылық-экономикалық және басқа да артықшылықтары жөнінде ақпараттар жатады.

Жоспардың тартымды болуы, көпшілік жағдайда, қысқаша, шебер жазылған, кәсіпкерлік ойдың шоғырландырылған концепциясының тұжырымды жазылуына байланысты.