- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
1.Табысты пайдалану бағыттары
2.Табыс және шығындар балансы, оны құру әдістері және құрылымы
Бизнестің кез келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті өз қалауымша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша- оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.
Өндірістік, инвестициялық және қаржылық іс әрекеттер қаржылық нәтижелер түрінде байқалады.
Нарық жағдайында әрбір шаруашылықпен айналысатын субъект өз алдына дара тауарөндіруші болып саналады, ол экономика және заңдылық жағынан тәуелсіз болады. Шаруашылықпен айналысатын субъект бизнес түрін таңдағанда, тауарлар ассортиментін қалыптастырғанда тәуелсіз болады, шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, тауар сатқаннан түскен табысты өзі есепке алады, солай болғандықтан іс әрекеттің нәтижесінен болған пайда немесе залалды айқындайды. Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты: нарық жағдайында пайда табу болып саналады. Бұл мақсатты қоғам қажеттілігін өзінің тұтыну қасиеті бойынша қамтамасыз ететін тауарды шығарған да ғана іске асыруға болады. Қоғамға теңгелік балама қажет емес, оған нақты тауарлы-материалдық құндылықтар қажет. Егер өндірілген өнім өткен болса, онда оны қоғам қабылдады деген сөз. Өндірілген және өткен тауар үшін алынған табыс пайданың табылғандығын көрсетпейді. Қаржылық нәтижені анықтау үшін тауарды сатқаннан түскен табысты өндіріске және сатуға кеткен шығындармен салыстыру қажет, егер табыс кеткен шығындардан көп болса, онда қаржылық нәтижесі пайда алынғанын көрсетеді. Егер табыспен шығындар тең болса, онда пайданың болмағаны, соның себебінен шаруашылық субъект өндірісті дамыту үшін қаражаты жоқ деген сөз. Егер шығындар табыстан асып түссе шаруашылықпен айналысатын субъект залал шеккенін білдіреді, осының әсерінен ол банкрот болуыда мүмкін. Бұл залалдар өндірісті ұйымдастыруда, басқаруда және өнімді өткізуде кеткен қателіктерді айқын көрсетеді. Пайда қаржылық нәтиженің оң шамасын білдіреді. Пайданы алуға ұмтылу тауарөндірушілерді өндірістің көлемін көбейтуге, шығындарды азайтуға итермелейді. Бұл жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің мақсатын іске асырып қана қоймай, қоғамның да қажеттілігін қамтамасыз етеді. Пайда қай жерде құнның өсуіне мол мүмкіндік бар екенін көрсетіп қана қоймай, бұл салаға инвестицияны жұмсауды ынталандырады.
Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді. Ол қайта жаңғырту циклының барлық сатысында өндіріледі, бірақта өзінің ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.
Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субъектінің қимылына байланысты және байланысы жоқ факторлар әсер етеді.Ішкі ортадағы факторлар көбінесе белгілі болады және оларды зерттеуге мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру мақсатында ықпал жасауға болады. Ішкі факкестелерге шаруашылықты жүргізу деңгейі, менеджерлердің біліктілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекақының деңгейі, өткізілген өнім бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.Іс жүзінде реттеуге келмейтін сыртқы ортаның факторлары: пайдалуға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, бәсекелік орта, нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары, саяси, әлеуметтік, мәдени, діни мәселері және т.б. жатады.
Пайда қаржылық іс-әрекет нәтижесі түрінде белгілі бір функцияларды орындайды. Пайда шаруашылық субъектінің іс-әрекеті арқасында алынған экономикалық нәтижені көрсетеді. Ол шаруашылық субъектінің экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Пайданың өсуі өзін өзі қамтамасыз етудің, ұлғайлымалы өндірістің, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады. Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Пайда жалғыз қаржылық нәтиже түрінде ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі болып саналады. Осыдан барып, қайта жаңғырту, ынталандыру және бөлу функциялары туындайды. Ол іскерлік белсенділіктің дәрежесін және кәсіпорынның қаржылық сәттілігін сыйпаттайды. Пайданың көлеміне қарай активтерге жұмсалған қаражаттардың қайтарым деңгейі сыйпатталанады.
Нарықтық қатынастың жағдайында шаруашылық субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарды нарық тұғырында ұстап тұруға, оның нарықта тұрақты жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана қоймай, оларды қалай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту керек болады.Қазіргі жағдайда пайданы көбейтудің бірден бір көзі болып инновациялық іс-әрекет жатады. Бұл көзді іске асыру үшін өнімнің, жұмыстың және қызметтің тұтыну қасиетін тұрақты дамыту отыру керек.Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №5 БЕС-на сәйкес есептелінеді. Табыс сондай-ақ тауарлы-материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивидендтерден алынуы мүмкін
