- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
1.Қаржы жоспарының міндеті мен мазмұны
2.Рентабельділікті жоғарлату және табысты көбейту факторлары
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жағдайының беталысын анықтау қажеттілігі туындайды. Кәсіпорынға өзіндік қаржы стратегиясын құру қажет. Қаржы стратегиясы—бұл кәсіпорынның жалпы стратегиясының құраушы бөлігі болып саналады.Ол кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-амалдардың бас жоспарын жасау мен оны іске асыру әрекетінен көрінеді. Қаржылық стратегия теориясы іс жүргізудің нарықтық заңдылықтарын зерттейді, кәсіпорынның жаңа ортада тіршілік ету, даму үлгісін жасайды. Қаржылық стратегияға мыналар кіреді: қаржылық жағдайды талдау; кәсіпорын мүлкін оңтайландыру; табысты бөлу, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды ұйымдастыру, салық және баға ұстану саясаты; құнды қағаздар саясаты.
Қаржы стратегиясы кәсіпорынның қаржы жоспарын жасап, оны орындау үдерісінде, яғни кәсіпорын ішіндегі қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру барысында іске асады. Кәсіпорынішілік жоспарлауды ұйымдастыруда басым бағыттың бірі—отандық тәжірибеге бизнес-жоспар жүйесін ендіру болып табылады. Бизнес-жоспар кәсіпорынішілік жоспарлау құжаты бола отырып, кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінің барлық негізгі аспектілерін қамтиды. Кәсіпорын іс-әрекетінің барысында кездесуі мүмкін проблемаларды сараптап, соған қоса қаржылық-шаруашылық мәселелерді шешу жолдарын белгілейді. Қазіргі қолданыстағы заңнама бизнес-жоспарды міндетті етіп бекітпейді. Ал дамыған елдер тәжірибесі мен өз кәсіпорындарымыз жинақтаған әзірге тым аз тәжірибесі көрсеткендей, бизнес-жоспар құру- өмір талабы болып отыр. Осы тұста отандық кәсіпорындардың өндірістік-техникалық-қаржылық жоспарларын әкімшілік басқару жүйесінде құруы мен іске асыруын және оның маңызды құраушы бөлігі—төлемдер күнтізбесін салыстырма түрінде келтіруге болады. Төлемдер күнтізбесі кәсіпорынның барлық табысы мен шығысын өзара үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Күнтізбе құру міндетті емес, дегенмен, көптеген кәсіпорындардың үнемі төлем күнтізбесін жасауы оларға ауыр қаржылық жағдайы кезеңі туындайтынын алдын-ала көріп- біліп, уақытша қаржылай қиындықтарды жоюға қосымша ресурстар табу үшін дер екезінде қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарын қаржы бөлімінің төлемдер күнтізбесі секілді кәсіпорынішілік жоспарлау құжатымен салыстыруға болмайды. Олардың тек жекелеген жоспарлау әдістері ғана ұқсас. Нақтырақ айтқанда, бизнес-жоспар оралымды және ортамерзімді жоспарлау мәселелерін шешетін және стратегиялық мақсатқа ие болумен қатар, шетелдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орнаған (немесе кеңейген) жағдайда, сыртқыэкономикалық мәселелерді де шешуге бағытталады. Бизнес-жоспар құрудағы шетелдік және отандық тәжірибеге сүйенер болсақ, оның ең маңызды бөлігі - қаржылық жоспарлау екендігіне көзіміз жетеді. Қаржылық бөлім (қаржылық жоспар) қаржылық нәтижелер болжамын қамтиды, бұл—қосымша инвестициялық мұқтаждық және қаржыландыру көздерін құру; дисконтталған ақша қорларының үлгісі; залалсыздық нүктелерін анықтау және т.б. құжаттар жасау деген сөз.
Сонымен қатар, қаржылық жоспар құру кезінде кәсіпорынның қаржылық дамуына қажетті қаражаттарды анықтау үшін қаржылық жоспарды инвестициялық жоба ретінде бағалауды қажет етеді деп болжанады. Бұл дегеніміз - бизнес-жоспарда қарастырылған қаржы жұмсалымдары экономикалық тиімділік жағынан негізделген болуы тиіс. Жоспардың басқа бөлімдеріндегі барлық көрсеткіштердің негіздемесі болғанда ғана қаржылық нәтижелер болжамы нақты болады. Мысалы, сатудан түскен табыс болжамдық бағаға сүйеніп анықталады және түбегейлі маркетингтік зерттеулерге негізделуі тиіс. Болжамдық есептеу дәлдігіне өндіріске жұмсауы жоспарланған материалдар мен шығындар көлемі көбірек ықпал етеді. Оны анықтау кезінде жоспарлық кезең ішінде орын алуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, есептеулерді бірнеше нұсқада жасау қажет. Сатылым көлемін, саттылған өнімді өндірге жұмсалған шығындар, сатылымнан бөлек операциялардан келген табыс пен шығысты болжап, өндірісті дамытуға және өнімді өткізуге қажет қосымша резерв көздерін табуды көздеу керек. Мұндай қосымша мүмкіндіктер кәсіпорын іс-әрекетінің бейіміне қарай құрылған бизнес-жоспарда белгіленуі мүмкін. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетін талдау нәтижесінде анықталған қосымша қаржы мүмкіндіктері шынайы бағалануы үшін оны жоспарлық кезеңнің әртүрлі мүмкін жағдайын ескере отырып, бірнеше нұсқада жасау қажет.
Дисконтталатын ақша ағындары үлгісі қаржы-шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін болжау негізінде құралады. Бұл жағдайда жалпы қаржылық нәтиже кәсіпорынды сауықтыру қаржылық жоспарын іске асыратын әр жылдың дисконтталатын ақша ағындары және жоспарлық кезеңнен тыс ағымдық дисконтталатын құн жиынтығының реті есептеледі. Дисконтталатын ақша ағындары үлгісін құру мен оны бизнес-жоспарға енгізу қажеттілігі қаржылық нәтижелер болжамындағы шығындардың басым бөлігі төлемдер кезектілігін көрсетпейтіндігінен келіп туындайды. Дәлірек айтқанда, пайда әрқашан кәсіпорын есеп-шотындағы қаржы «артықтығын» білдірмейді, ал есеп-шотта қаржы болуы кәсіпорынға пайда түсті деген сөз де емес.
Ақша ағындары үлгісін құру арқылы болжаудың басты міндеті- ақша қаражаттары түсу және жұмсалуын белгілі бір уақыт кезінде бірдей болуын ұйымдастыру, демек, кәсіпорынның келешектегі өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
