Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция экономика.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.42 Кб
Скачать

№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны

1.Өнімнің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясының әрбір жеке статьясы бойынша шығындарды талдау әдісі

2.Табыстың, өнім рентабельділігін және тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққандағы шығындар көрсеткіштерін есептеу

Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялык өндеуден өтеді. (Үдерістік әдіс негізінен бөлістік әдістің жеңілдетілген бір түрі ретінде қарастырылады. Кейде "үдерістік калькуляциялау" терминін бөлістік әдістің синонимі реттінде қолданады. Шынында, олардың арасында — айтарлықтай шектеулер жоқ десек те болады). Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсіпорындарында: металлургиялық, химиялық, мұнай өңдеу және басқа да салаларда қолданылады. Мысалы, мата тоқу кәсіпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу саласы; қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат; былғары өндірісінде —тері илеу және әрлеу саласы бар.

Дайын өнім немесе жартылай фабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық үдерісті бөлістік әдіс деп атайды. Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді. Әрбір бөлістен кейін жартылай фабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде - дайын өнім алынады. Бөлініс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс үдерістерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын жартылай фабрикаттардың, өнімнің сипаты мен басқа да өзіне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық үдерістер туралы деректердің негізінде белгіленеді. Бұл орайда, бөлініс жөніндегі шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау мүмкіндігі ескеріледі.

Тікелей шығындар (шикізат, негізгі материаддар, жартылай фабрикаттар, өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысы және т.б.) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердің ішінде — әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады (жартылай фабрикат немесе дайын өнім).

Үстеме шығындар бөлістердің арасында бөлінеді, ал олар әрбір бөлістердің ішінде — шығарылатын өнім түрлерінің арасына бөлуге белгіленген коэффициенттердің көмегімен жасалуы мүмкін.

Бөлістік әдісін қолданған кезде нормативтік әдістің негізгі элементтері — нақты шығындардың ағымдағы мөлшерден жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ақ мөлшерлердің өзгеру есебін және олардың себебін табуда қолдану керек.

Еңбек шығындарын, ресурстардың шығындарын құжаттауда және жедел (оралымдық) есеп беруде энергетикалық, материалдық және басқа да шығындардың нақты шамасын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өндіріс тапсырмаларына немесе мөлшеріне негізделген шығындар да көрініс табуы керек. Белгілеген технологиялық үдерістің ауытқуынан, жұмсалған материалдық шығындардың құрамының, оның өзгеруінен, шығарылған өнімнің ассортиментінен, олардың сорттылығынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде анықталуы тиіс.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдалынылады: жартылай фабрикаттық және жартылай фабрикатсыз.

Жартылай фабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляцияға негізделген және оған үстеме шығынды қоса есептейді. Жартылай фабрикатсыз нұсқасында алдында жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі қайта жасаудан туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң өнімнің өзіндік құны анықталады.

Бөлістік әдісі кезінде өндірістегі шығындарды есепке алу өндіріс есебінің құжаттарында немесе әрбір қайта жасауға ашылатын тізімдемесінде көрсетіледі.

Шикізаттан алғашқы өндіру үдерісінде әртүрлі сорттағы немесе маркадағы өнім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін түзету коэффициентін пайдаланады. Мысалы, ағаш кесу кезінде алғашқы шикізаттан кесілген тақтайлар да, кесілмеген тақтайлар да, жаңқалар және отындық кесінді шеттақтайлар да алынады. Мұндай жағдайларда белгілі бір атаудың бірінші сорты өлшем бірлігі (единица) ретінде қабылданады, ал қалған сорттарын коэффициенттердің көмегімен анықтайды.

Мұнай өңдеуші өнеркәсібінде, өнім шығымын техникалық тұрғыдан сипаттайтын бір өнім (шикізат) бірлігінен алынған коэффициенттер жүйесі пайдаланылады. Егер де бір шикізаттан әртурлі мұнай өнімдері алынатын болса, онда олардың арасында бөлу коэффициентінің көмегімен өнімнің өзіндік құнын белгілейді, ал өңдеу шығындары әрбір өнім түрінің арасына үлес салмағы бойынша таратылады.

Бөлістік әдістің кезінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне бір мысал келтіріп көрейік.

1-бөлініс (шикізатты дайындау)

1. Алғашқы (негізгі) шикізаттың құны (жүн, нитрон және т.б.)

1 200 000

2. Өңдеуге кеткен шығындар

500 000

Лентаның өзіндік құны

1 700 000

2-бөлініс (иіру)

1. Лентаның өзіндік құны

1 700 000

2. Өңдеуге кеткен шығындар

700 000

Иірілген жіптің өзіндік құны

2 400 000

3-бөлініс (тоқу)

1. Иірілген жіптің өзіндік құны

2 400 000

2. Өңдеуге кеткен шығындар

1 000 000

Кендір (шуда, өңделігі біткен) жіптің өзіндік құны

3 400 000

4-бөлініс (өңдеу, әдемілеу)

1. Кендір (шуда, өңделігі біткен) жіптің өзіндік құны

3 400 000

2. Өңдеуге кеткен шығындар

400 000

3. Үстеме шығындары

1 400 000

Матаның (тоқыманың) өзіндік құны

5 200 000

Дайын өнім

1. Мата

5 200 000

Тоқыма өнеркәсібінде төрт түрлі негізгі бөлістер болады: шикізатты дайындау; жіп иіру, тоқу, өндеу (әдемілеу).

Өндіріске босатылған алғашқы шикізаттың (жүн, синтетика талшығы) құны 1200 мың теңге құраған. Өңдеу шығындары (көмекші материалдар, еңбекақы және одан алынатын аударымдар) әрбір цехтар (бөлістері) бойынша мынадан тұрады: шикізатты дайындау кезіндегі шығындар — 500 мың теңге; өңдеу — 400 мың теңге. Жалпы есептік кезеңдегі үстеме шығыс — 1400 мың теңге. Кәсіпорын жартылай фабрикаттық нұсқа бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау пайдаланған деп санаймыз. Егер де әрбір бөлістің өнімі дайын өнім болып саналмаса және ол сыртқа сатылмаса, онда үстеме шығындарын ең соңғы бөлістегі шығындарға қосуына болады. Ал егер де әрбір цех (немесе бөліс) өз өнімін дербес түрде сата алатын болса, онда әрбір бөлістің шығарған өніміне үстеме шығыстар белгілі бір тәртіппен қосылады:

Жартылай фабрикаттық нұсқаның жағдайында барлық бөлістің жалпы шығыны мынаны құрайды: 12 700 000 теңге (1700000 + 2400000 + 3400000 + 5200000); ал олардың ішкі айналымы 7 500 000 (1 700 000 + 2 400 000 + 3 400 000); соңғы өнімнің өзіндік құны 5 200 000 тенге (12 700 000 – 7 500 000).

Қарапайым, тапсырмалық және бөлістік әдістердің негізгі кемшілігі мынада: өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезеңнің соңында ғана немесе тапсырыс орындалғаннан кейін анықталады, ал мұнын өзі кәсіпорынның (цехтың) басшылығының есеп беру кезеңі ішінде өндірістегі іс жүзіндегі шығындардың жоспар бойынша белгіленген мөлшерлерге сәйкестігін қадағалап отыруға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа шығындарды есепке алудың әдістерінің барлығында бүкіл шығарылған (шығарылатын) өнімнің өзіндік құны, сол өздерінің жоспарланған кезіндегі орташа деңгейімен салыстырылады және соның нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша жүргізілген ұйымдық-техникалық шараларға жұмсалған шығындардың шын мәніндегі деңгейін әрдайым дәл көрсете бермейді.

Бұл кемшіліктерді жою үшін нормативтік әдісін қолданады, бұл кезде өнімнің бір өлшемінің және бүкіл шығарылған өнімнің өзіндік құны нормативтік өзіндік құнмен салыстырылады. Ал нормативтік өзіндік құнның жоспарлы өзіндік құннан айырмашылығы: осы кезеңде жұмыс істеп тұрған өндірістік технологиялық үдерістің, сондай-ақ материалдық, еңбек және басқа да шығындардың алдыңғы қатарлы мөлшерлерінің негізінде анықталады. Нормативтік калькуляциялауға технологияны жетілдіру және өндірісті ұйымдастыру жөніндегі ұйымдық-техникалық жоспарлы шараларды жүзеге асыру дәрежесіне қарай анықталған мөлшерлердің өзгерістері енгізіледі. Шығындарды есепке алу былайша құрылған: шығындардың мөлшерінен материалдық, еңбек және басқа да шығындардың ауытқуларын ескеріп, оларға тікелей өндіріс үдерісінде ықпал етуге бар мүмкіндігін жұмылдырады.