Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция экономика.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.42 Кб
Скачать

№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар

1.Жалақы және еңбек бойынша жоспар.

2.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың мазмұны мен міндеттері.

Негізгі еңбекақы қажетті жұмыс уақытын еңбекпен өтеген кезде ең аз көлемді еңбекақы мөлшерімен қамтамасыз етеді, қызметкердің кәсіби шеберлігі мен мамандығын арттыруға ынталандырады. Негізгі еңбекақы тағайындау әдісі еңбекақы төлеу жүйесіне байланысты. Кесімді жүйеде негізгі еңбекақы табиғи өлшеммен алынған нақты орындалған жұмыс көлемін жұмыс түріне сәйкес келісілген бағам сомасына көбейту арқылы алынады. Мерзімді төлем жүйесінде негізгі еңбекақы сағаттық тарифтік мөлшерді есептік ай ішінде орындалған нақты жұмыс уақытына көбейту арқылы есептеледі. Қызметкерлер үшін – негізгі еңбекақы қызметтік еңбекақысын мөлшерлі орындалған уақыттың пайызына немесе бір күндік еңбекақы мөлшерін бір ай ішінде орындалған жұмыс күні санына көбейтумен анықталады. Қосымша еңбекақы құрамына бөлшектеуленган еңбек жағдайы мен қызметкер мамандығына төленетін әр түрлі қосымша, үстеме және өтемақылар кіреді. Оған жататындар:

  • қолайсыз және зиянды еңбек жағдайы үшін қосымша ақы;

  • техникалық негізделген мөлшерлер бойынша жұмыс істеуге қосымша ақы;

  • кәсіптерді ұштастыру және қосымша міндеттер атқаруға төленетін үстеме ақы;

  • кешкі және түнгі ауысымдық жұмысқа қосымша ақы;

  • бригадир және буын басшыларына басшылығы үшін қосымша ақы;

  • жүргізушілер мен машинистер сыныпына төленетін үстеме ақы;

  • мемлекет бекіткен құрметті атақтар, ғылыми дәреже мен атағы үшін үстеме ақы;

  • басшылар мен мамандарға мамандығы үшін төленетін жеке үстемелер;

  • мөлшерсіз жұмыс күніне қосымша ақы;

  • мерзімнен тыс сағатына, мереке және демалыс күнгі атқарылған жұмыстардың өтем ақысы;

  • мемлекеттік міндеттемелерді орындау кезінде төленетін қосымша ақы, басқа да ынталандыру төлемдері.

Келтірілген қосымша ақы, үстемелер көбінесе мемлекет немесе кәсіпорын бекіткен пайызбен негізгі еңбекақыға қосылып, еңбекақы қорынан бөлінеді және өнімнің өзіндік құнына кіргізіледі. Негізгі нәтиже үшін сыйлық еңбекақы қорынан мекеменің (ұйымның) немесе жеке құрылымдық бөлімшелердің қызметтік нәтижелерге қол жеткізгені үшін бөлінеді. Сыйлық топтық мүддеге, негізгі нәтижеге ұжымшылдықпен жетуді ынталандырады және көп жағдайда ол еңбекке қатысуына немесе үлесіне сәйкес үлестіріледі. Іс жүзінде сыйлық келесі нәтижелер үшін беріледі:

  • өнім бірлігінің, жұмыс немесе қызмет көлемін арттыру;

  • еңбек өнімділігін өсіру;

  • өнім, жұмыс және қызмет сапасын;

  • нысандарды өз мерзімінде және мерзімнен бұрын пайдалануға беру, өнертабысты және қонымды ұсыныстарды мекеменің ҒЗИ, КБ – да енгізу;

  • ресурстарды үнемдеу (материалдық, техникалық, қаржы, энергетикалық);

  • басқа да қол жеткізілген жетістіктер.

Әдетте, негізгі нәтижелер жылдық немесе тоқсандық жоспарда көрсетіледі және оны асыра орындаған жағдайда сыйлық төлеуге жұмсалатын қосымша еңбекақы қоры құрылады.

Негізгі нәтижелер үшін сыйақы беру де кәсіпорын немесе құрылымдық бөлімшенің жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне ынталандырады, бірақ ол кәсіпорынның пайдасынан төленеді. Жоғарыда келтірілген нәтижелер бойынша сыйақы төлеу тікелей пайда көлеміне байланысты, ал соңғысы болмаған жағдайда тек сыйлық қана берілуі мүмкін. Сыйақы тағайындау жүйесін реформалауға дейін, бұрынғы КСРО және нарықтық экономикаға көшу кезеңінде сыйақы ұғымы бұрмаланып, ол көптеген көрсеткіштерге тәуелді болатын және ол көбінесе нәтиже үшін сыйлықты алмастыратын. Әкімшілдік экономикада өнімнің есептік өзіндік құны мен мемлекеттік орган бекіткен тауардың бағасы мен оның құнының арасында айтарлықтай айырмашылық болатын, бұл жағдай іс жүзіндегі пайданы анықтауға, сонымен қоса материалдық ынталандыру қорын айқындауға үлкен кедергі жасайтын.

Материалдық көмек – пайда есебінен материалдық ынталандыру қорынан беріледі және ол кәсіпорынның есебінен қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері мен игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталады. Материалдық шығын орнын толтыру төлемі түрінде төтенше немесе шұғыл жағдайларда беріледі:

  • қызметкердің немесе оның жақын туыстарының қазасы;

  • қызметкердің немесе оның жақын туыстарының үйлену тойы;

  • қызметкердің емделуіне немесе дәрі – дәрмек сатып алуына;

  • сәтсіз оқиға орын алғанда (өрт, апат, зақымдану, мүліктен айырылу);

  • кезекті демалысында жолдама сатып алуға;

  • шығармашылық жұмысын аяқтауға (кітап, диссертация, көркем шығарма).

Материалдық көмек кәсіпорын басшысының бұйрығына сәйкес, қызметкердің жеке өтініші бойынша беріледі және ол бір мезгілде ғана берілетін еңбекақы төлеу түрі болып саналады. Сонымен, қызметкердің еңбекақысы оның еңбек күрделілігіне, нәтижелілігіне, қызметкердің мамандығына сәйкес белгіленеді және ол негізгі және қосымша еңбекақыдан, негізгі табысқа берілетін сыйлықтан, басты нәтиже үшін берілетін сыйақысынан және материалдық көмектен тұрады.