Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция экономика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.42 Кб
Скачать

№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары

1.Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары.

2.Материалдарға қажеттілікті есептеу. Материалдың сақтандыру және маусымдық қорлары. Материалдық жабдықтау тәртібі.

Кәсіпорынның нормативті шаруашылығы – бұл оларды есептеу үшін әдістемелік құжаттар мен мөлшер мен нормативтер, ал «ақпараттық революция» шартында – бұл осы мөлшерлерді қалыптастыру үшін бағдарламалар мен мөлшерлер тобы, нормативті шаруашылықты енгізу және ұйымдастыру бойынша нұсқаулар. Табиғи және құндық нормативтер жүйесі күрделі құрылыс, материалды-техникалық қамтамасыз ету, өндіріс жоспары және теңдестікті құруды жетілдіру мақсатанда жоспарлаудың барлық деңгейінде қызмет етеді. «Мөлшер» ұғымы латын тілінен аударғанда кең мағынада үдеріс немесе оның нәтижесі бағынатын ережені білдіреді. Мөлшер дегеніміз өнімнің бір данасын дайындау үшін қаржы, энергия, жылу, материалдар, шикізаттардың абсалютты шығынының мүмкін болатын шамасы (жоспарланған кезеңнің өндіріс шартында бекітілген сапаның немесе жұмысының орындалуы). Норматив дегеніміз еңбек заттары мен құралдарының пайдаланылуының, олардың аудан, салмақ бірлігіне жұмсалуының салыстырмалы шамасын (деңгейін) сипаттайтын көрсеткіштер (мысалы, металдың пайдаланылу коэффициенті және б.), сондай-ақ мөлшерді есептеу кезінде қолданылатын шамалар немесе мөлшерді элемент бойынша құрастырушылар.

Нормативті көрсеткіштерін қалыптастыру кезінде жоспарланған кезеңге жаңа техниканы ендіру, өндіріс және оны ұйымдастыру технологиясын жетілдіру бойынша негізгі шаралардың ескерілуі қажет.Сонымен қатар нормативті көрсеткіштер негізделген болуы тиіс, яғни өндірістің нақты шартында орындалу үшін шындыққа жанасуы қажет. Нормативті ақпараттар кешенді болуы тиіс, яғни жоспарлы есептеулердің барлық түрін жүргізу үшін негізін құрау қажет (еңбек шығыны, құрал-жабдықты пайдалану, материал және шикізаттар шығынын жоспарлау және т.б.). Мөлшер және нормативтер жиынтығы сапасы, ғылым мен техниканың жетістігін, алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибе мен ішкі өндірістік резервтер қандай шамада ескерілгендігін анықтайтын жоспардың нормативті базасын құрайды. Жоспарлы мөлшерлер оралымды жұмыста қолданылатын мөлшнрлерден төмендегілер бойынша ерекшеленеді:

- экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және басқа да шаралардың жүзеге асуын қарастырады, жоспарды құру кезінде белгіленген өзгерістерін, өндіріс шартында ескереді;

- көбінесе, жоспарлы кезеңде қол жеткізілетін шығындардың орташа деңгейін көрсетеді. Кәсіпорынның нормативті базасының құрамы кәсіпорынның ағымдағы, орташа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі көрсеткіштерін жасау талаптарына жауап беруі тиіс. Сонымен қатар ағымдағы жоспарды есептеу үшін қолданылатын мөлшерлер ереже бойынша кәсіпорынның орташа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі жеке мөлшерлермен салыстырмалы болуы тиіс. Кәсіпорында қызмет ететін мөлшерлер мен нормативтер арасында келесілерді бөліп көрсетуге болады: 1) материалды нормативтер; 2)еңбек нормативтері; 3) күнтізбектік-жоспарлы нормативтер және т.б.

Материалды нормативтер нарық шартында, өнім данасын дайындауға жұмсалатын негізгі өндірістік ресурстардың шығынының шамасын сипаттайды. (жұмыстың, қызметтің орындалуы). Материалды нормативтерге жататындар еңбек заттарының және өндіріс қорларының шығын мөлшері (бұйым материалдары мен шикізаттарының шығын мөлшері, бөлшек, өнім түрі (жұмыс, қызмет), станок жүктемесі мен ауысымдық коэффициенті, жабдықтың жұмыс режимі, өнім шығымының коэффициенті, жабдықты пайдаланудың экстенсивті және белсенді коэффициенттері, станоктардың өнімділік коэффициенті жабдықты жаңарту және қуаты бойынша пайдалану коэффициенті және т.б.). Еңбектің мөлшері мен нормативтері адамның (кәсіпкерлік, шаруашылық, өндірістік және т.б.) еңбек қызметінің әр түрін жүзеге асыратын еңбек шығынының шамасын анықтайды. Еңбек мөлшеріне жататындар: өнімділік мөлшері, қызмет көрсету мөлшері және нормативті саны.

Күнтізбелік – жоспарлы нормативтер өндірісті ұйымдастыруда үлкен рөл ойнайды. Олардың негізінде кәсіпорынның қарқынды жұмысының графигі жасалады, кәсіпорынның негізгі қорларын толық пайдалану жоспарланады, аяқталмаған өндіріске қажетті айналмалы қорлар есептеледі. Күнтізбелік – жоспарлы нормативтердің негізгі түрлері: бұйымның өндірістік циклінің ұзақтығы, бөлшектерді өңдеу партиясының мөлшері, өндірісте партиялардың қайталану кезектілігі, толымды тізбек типі, технологиялық шек бойынша күнтізбелік алға шығу, аяқталмаған өндірістегі материалдар мөлшері. Өндірісті ұйымдастыру типінен тәуелді (жаппай, топтамалы немесе бірлікті) күнтізбекті норматив құрамы өзгереді.

Жоспар сапасы көбінесе, ақпараттың сенімділігімен анықталады. Ақпарат дегеніміз нысан жағдайы немесе іс жағдайы жөнініде мәліметтер немесе ақпараттар. Ақпарат бұл кәсіпорынның немесе оның жекелеген бөлімшелеренің өндірісті-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөнінде хабарлама. Ақпарат сол жүйеге қатысты ішкі және сол жүйеге келіп түсетін сыртқы ақпарат болып бөлінеді. Жүйенің дұрыс қызмет етуі, жоспарлануы және басқарылуы үшін қажетті мәліметтерден тұратын құжаттар жиынтығы ақпараттық базаны құрайды. Жоспарлау үшін қажетті ақпарат, жоспарлаудың әрбір жүйесі үшін алдын ала құрастырылған ақпараттар тізімімен қамтамасыз етіледі. Тізім әрбір жүйе үшін ақпараттық блоктарды қалыптастыру жолымен жоспарлау міндеттерінің мазмұнына, жоспарлау үдерісінде қолданылатын мәліметтер жиынтығына терең жүргізілген талдау негізінде жасалады. Ақпараттық базаның алғашқы бөлігі мәліметтер тобы, яғни жұмыстың белгілі бір кезеңіне жататын пайдалану тәсілі мен құрамы бойынша біртекті көрсеткіштердің жиынтығы. Ақпараттар тобы нормативті-ақпараттық, ағымдағы ақпараттық және ақпараттық болып жіктеледі. Ақпараттық базаны дұрыс ұйымдастырудан жоспарлы шешімнің оралымдылығы мен тиімділігі тәуелді болады. Ақпараттық базаның қалыптасуындағы күрделісі болып нормативті ақпарат саналады. Нормативтер кәсіпорынды жоспарлаудың барлық жүйелері бойынша арнайы топпен жасалады. Жұмысты жоспарлаудың нормативті базасын жасаудағы қиындықтарға, мысалы, инженерлік жұмысты орындау ерекшеліктері жатады. Ақпараттық жүйені жасаушылар ағымдағы жоспар тұжырымдамасымен жетекшілік ете отырып, материалдың кәсіпорын технологиясының барлық сатысынан өтуін қарастырады (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттардан бастап, дайын өнімнің шығуы мен өткізілуіне дейін). Жоспарлаушылардың жұмысында әсіресе бірігу ақпараттық жүйелеріндегі алғашқы мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз ету маңызды. Бұл жағдайда, жоспарлаудан үлкен пайда табуға болады.