Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция экономика.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.42 Кб
Скачать

№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері

1.Курстың басқа пәндер облысымен (экономикалық теориямен, сала экономикасымен, есептеу техникасы саласының технологиясымен) байланысы.

2.Шетелдік тәжірибені кәсіпорындардың жаңа формаларын ұйымдастыру және олардың қызметін жоспарлау тәжірибесінде прогрессивті ұйымдастырушылық - техникалық шешімдерді қолдану үшін зерттеу.

Ең алдымен, басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін зерттеу мен ғылыми жинақтау кезінде оларды сол қалпында біздің елдің әлеуметтік – экономикалық даму жағдайларын қабылдай салуға болмайды. Келесідей ақиқатты сипаттағы себептерге байланысты ол мүмкін емес:

Республикамыз басқа мемлекеттерден саяси, табиғи – экономикалық, әлеуметтік – демографиялық, этно – мәдени және т.б. айырмашылық- тарымен ерекшеленеді;

Қазақстан Ұлттық экономиканы құру және шаруашылық жүргізудің нұсқаулы – жоспарлық үлгісінен нарықтық үлгісіне өту үдерістерін бастан кешірді, бұған әлемдік экономика тарихында ұқсастық табу өте қиын.

Басқару және шаруашылық жүргізу жүйесіндегі күрт өзгерістер көп жағдайда негізсіз жүргізілді және «революциялық» сипатта болды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік реттеу бойынша шаралар олардың эволюциялық дамуының «өнімі» болып табылады.

Алайда аталған ғылыми жинақтаудың қажеттілігі, біріншіден, экономиканы реттеу бойынша мемлекеттік шаралар жүйесі мен неғұрлым жалпы қағидаларды, тұжырымдамалық негіздерді анықтау мүмкіндігі пайда болатындығымен түсіндіріледі. Екіншіден, экономиканың аралас (жоспарлық және нарықтық) үлгісінің әрекет етуінің жалпы заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді, ал бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік және нарықтық реттеу тетіктерінің «түйілісу» кезіндегі қателердің алдын алуға көмектеседі. Үшіншіден, мұндай жинақтау мемлекеттік реттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау үшін керекті материал болып табылады және қажет болған жағдайда экономикалық реформалар бағытын республиканың әлемдік шаруашылық үдерістеріне ену барысында түзетуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік – экономикалық үдерістерге мемлекеттің араласу тәжірибесін зерттей отырып, көптеген алдыңғы қатарлы елдерде оның негізгі капиталы ретінде халық шаруашылығының басым бағыттары бойынша болжау, болашақты жоспарлау және бағдарламалар өңдеу қарастырылғаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Бұл мемлекеттің ғылыми – негізделген экономикалық мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы факторлардың бірте – бірте күрделенуі тарихи алдағы уақытты болжай білуді талап ететіндігімен түсіндіріледі. Мұндай білім, ірі американдық экономист П. Самуэльсон айтып кеткендей, «үнемі көбейіп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтік өзгерістерге, эволюциялық жолмен ыңғайлану қабілеті жоқ экономикалық жүйелерге жойылу қаупі төніп тұр, себебі ғылым мен техника экономикалық өмірдің табиғи ағымын үздіксіз өзгертіп отырады ».

Ұлы дағдарыс жылдарында (жиырмасыншы ғасырдың 20- ші жылдардың соңы мен 30 – ші жылдардың басында) капиталистік елдер нарық өзін - өзі реттей алатынына толық сүйенуге болмайтындығына және қиындықтарды шешу тек қана мемлекеттің дер кезінде әлеуметтік – экономикалық үдерістерге белсенді араласуы кезінде мүмкін болатынына көз жеткізді. Мұндай оқиғаны мойындау елдегі экономикалық тұрақтылыққа жауап беретін мемлекеттік органдардың ресми көзқарастарына негізделген еді. Осылайша, «жұмыспен қамту заңына» сәйкес АҚШ Президенті қарамағында құрылған Экономикалық кеңес аталған заңның негізгі мақсатын өндірісті, халықтың жұмыспен қамтылуы мен тұтыну қабілетін мейлінше қолдауды ескере отырып, экономиканы мемлекеттік – монополистік әдіспен реттеуді жүзеге асыруы тиіс еді. 60 –шы жылдардың аяғында аталған кеңестің міндетіне экономикадағы ұлттық басым бағыттарды анықтау, экономикалық дамуды ұзақ мерзімдік болжау мен бағдарламалау әдістерін өңдеу де енгізілді.

Дамыған капиталистік елдердегі бағдарлама жасаудың бастапқы кезеңіне тән ерекшелік экономиканы басқаруға салааралық көзқарас қағидасы еді. Франция, Швеция, Жапония, Германияда өңделген салааралық бағдарламалар экономиканың барлық шешуші салаларын қамтып, оның өсімін болжауда маңызды рөл атқаратын. Өткен ғасырдың 80- ші жылдардың басында АҚШ – та мұндай бағдарламалар 1200 – ден асатын, олардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму бағдарламаларына маңызды орын берілетін. Бірақ осы бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысы әкімшілікаралық үйлестіру бойынша мемлекет қызметін күшейтудің талап етілетіне көз жеткізді. Сондықтан да 20 жылдан астам уақыт бұрын АҚШ – та экономиканы басқарудың орталық органдарының аумақтық филиалдары құрылып, мұнда сәйкес Аймақтық комиссиялар өңделген бағдарламалардың жүзеге асырылуымен байланысты барлық мәселелерді шешетін еді. Осы тәжірибе біздің жағдайда да өте пайдалы болар еді, себебі нарықтық жүйеге жылдам қарқынмен өту халық шаруашылығының түйінді мәселелерін кешенді түрде шешу тиімділігін кейінге ысырып қойды. Франция, Жапония, Турция тағы басқа бірқатар елдерде ағымдағы және орта мерзімдік жоспарлаудың ғылыми - әдістемелік, ұйымдастыру сұрақтарын арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті жоспарлау бойынша Бас Комиссариат, Жапонияда – экономикалық жоспарлау Басқармасы мен аймақты кешенді дамыту Департаменті атқарды. «Жапониялық экономикалық жоспарлау мен бүкіл басқару жүйесінің экономиканы дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарын, капитал салымдары саласындағы сәйкес құрылымдық саясаттың, сондай- ақ өндірісті аймақтық оңтайлы орналастыру болып табылады» деген қорытынды жасалуы тегін емес. Турцияда орта мерзімдік жоспарлау 1963-1967 ж.ж. арналған алғашқы бес жылдық жоспарды өңдеуден басталды, содан бастап бұл шара алдағы уақытқа жоспарланған міндеттерді ескере отырып жүйелі түрде жүзеге асырылады. Турцияның осы тәжірибесі көрсеткендей орта мерзімдік жоспарлары нарықтық қатынастардың даму жағдайына негізделген көрсеткіштердің бейнеленуі тұрғысынан терең зерттеуге лайық. Мұндай үйлестік Франция, Италия, Англия, Қытай экономикасын жоспарлау мен мемлекеттік реттеуге де тән болып отыр. Германиядағы экономиканы реттеу ісінің өз ерекшеліктері бар, мұнда негізінен бәсекелестікті қорғау мен нарықтың әрекет ету жағдайларына, мемлекеттің монополияға қарсы қызметін күшейту, нарықта үстемдік етуші кәсіпорындардың бірігуіне тыйым салу бойынша мемлекеттің бақылау қызметін күшейту, өңделетін жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл аударылады.

Осы мемлекеттердің реттеуші органдарының жұмысында экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мәселелері, яғни аймақтарды оңтайлы әрі кешенді дамыту қарастырылады. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген реформалар негізінде аймақтық – шаруашылық басқару иерархиясының үш деңгейінің (коммуна, департаменттер, аймақтар) атқаратын қызметі анық белгіленеді, ал кантондар мен аудандар департаменттер құрамына кірді, сондықтан мәселелерді шешуге құқықтық және ұйымдастырушылық дербестігі болмады. Осы қызметтерді бөлу кезінде аймақтардың әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешу және жоспарлық көрсеткіштердің орындалуын ынталандыру тетіктерін таңдауды басқарудың жергілікті органдарының құзырына берген дұрыс деп шешіледі.

Халық шаруашылығының аймақтық ұйымдастырылуы және оның салалық экономикамен тиімді үйлесуі мәселелеріне Швеция, Англия, Германия, Оңтүстік Корея және т.б. нарықтық жүйесі дамыған бірқатар елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған. Ұзақ мерзімдік сипаттағы бұл шешімдердің негізгі идеясы жергілікті билік органдарының өзінің әлеуметтік – экономикалық саясатын жүзеге асыруда жалпы мемлекеттік және макроэкономикалық мақсаттарға жету мүддесін негізге алуы тиіс дегенге келіп тіреледі. Түрлі елдердегі жоспарлау тәжірибесін жинақтай отырып, маркетинг бойынша американдық маман Мелвилл Бранч маркетингтік қызметті жетілдіру тұрғысынан оның бірқатар артықшылықтарын айқындайды. Қарастырылған елдердің тәжірибесінде экономиканы мемлекеттік реттеудің қуатты құралдарының ішінде қаржы – бюджеттік ресурстарды пайдалану мен салық салу тетіктері маңызды орын алады. Бұл тетіктерді тиімді пайдалану тәжірибесі терең зерттелініп, арнайы әдебиеттерде жеткілікті жарияланған. Олардың негізінде бірқатар тұжырымдар жасауға болады. Біріншіден, бюджеттік қаражат (субсидия, дотация, субвенция) есебінен қаржыландыру арқылы халық шаруашылығының басым бағыттарының мәселелерін шешу және ғылыми негіздеуді талап ететін салалардың жедел дамуы саясаты жүзеге асырылады. Мысалы, Италия, Норвегия, Дания, Бельгия сияқты елдерде мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыс үлесі 50% артады, ал Франция, Австрия және Германияда – 50 % - ке жуық. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Жапонияда 30 % деңгейінде.