- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
1.Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары.
2.Өндірісті материалдық - техникалық қамтамасыз етудің мәні мен міндеті.
Материалды өрістегі кәсіпорын үшін өндірістік бағдарламаның негізгі бөлімдері болып табылады: 1) тауарлы (жалпы) өнім өндірісінің жоспары; 2) экспортқа өнім шығару жоспары; 3) өнім сапасын арттыру жоспары; 4) өнімді сату жоспары. Кәсіпорында жоспарлау жүйесі көрсеткіштер кешенін сапа, құндық, табиғи және басқада көрсеткіштерді пайдалануға негізделген, олар арқылы жоспарлау және кәсіпорын қызметінің барлық бағыттарының нәтижесін бағалау жүзеге асады. Сапа, құндық, табиғи және басқада көрсеткіштерді бөліп көрсетуге болады. Өнім сапасы кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштер қатарына жатады. Көбінесе көрсеткіштердің он негізгі топқа бөлінеді: 1) тағайындау көрсеткіші; 2) сенімділік көрсеткіші 3)стандарттау және біріздендіру көрсеткіші; 4) технологиялылық көрсеткіші; 5) экологиялылық көрсеткіші; 6) эргономикалық көрсеткіші 7) эстетикалық көрсеткіші; 8) патенттік – құқықтық көрсеткіштер; 9) тасымалдау көрсеткіші 10) қауіпсіздік көрсеткіші.
Табиғи көрсеткіштер өндірістің заттық көлемін неғұрлым дәл анықтайды. Өлшем бірлігі өнімнің сипатын, бағытын және тұтынушылық қасиетін көрсетуі қажет. Мұндай өлшегіштер заттық шамалар болып табылады: дана, шаршы, тонна және т.б. Табиғи бірліктер өнім біртекті салаларда (мұнай және газ өңдеу, көмір өнеркәсібі, орман дайындығы, ауыл шаруашылығы және т.б.) қолданылады.
Тәжірибеде өндірістік бағдарламаны жоспарлауда шартты-табиғи көрсеткіштер қолданылады. Олар тағайындалуы бойынша біртекті әр түрлі қуаттылық пен өнімділіктегі кейбір өнім түрлерін салыстыру және өлшеу үшін қолданылады. Мысалы, маңыздылығы әр түрлі жылудың (мұнай, газ, көмір) әр түрін өңдеу, шартты жылуға қайта есептеумен анықталады (1 тонна жану кезінде шартты 7000 ккал жылу бөледі); резинатехникалық бұйымдар, доңғалақтар, пластикалық бұйымдар өндірісінің көлемі шартты бірлікте жоспарланады (көліктік лентаның шаршы метрі, данасы, жеке бұйым немесе біртекті бұйымдар тобы бойынша көрсеткіштер), консервілер – шартты банкілерде және т.б. Шартты бірлікте саналатын өнім көлемін табиғи заттық өрнекпен біруақытта жоспарлау қажет, өйткені бұл ішкі жән сыртқы зауыттық тасымалдауға жоспарлы көлемді бекітуге, әр түрлі экономикалық есептеулерді орындауға мүмкіндік береді.
Табиғи көрсеткештер негізінде, өндіріс көлемінің құндық көрсеткіштер есептеледі. Құндық көрсеткіштерді жоспарлау кәсіпорын өндірісінің шығындар мен нәтижелері сәйкестігін қамтамасыз етеді. Құндық көрсеткіштердің табиғи көрсеткіштермен салыстырғанда артықшылығы, олардың өндіріс типіне тәуелсіз, кәсіпорынның салалық еркшелігіне тәуелсіз, сондай-ақ өндірілетін өнімнің сипатына тәуелсіз жоспарлауда шаманың бірлігін қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы өнімнің негізгі құндық көрсеткіштеріне жататындар: жалпы айналым, ішкі зауыттық айналым (ішкі өндірістік тұтыну), тауарлы, жалпы, және сатылған өнім көлемі, өңдеудің нормативті құны, таза және шартты-таза өнім, аяқталмаған өндіріс құны және басқалар.
Тауарлы (жалпы) өнім өндірісінің негізгі жоспары өндірілген өнім көлемі мен ассортименті анықталатын шығарылатын өнім (жұмыс, қызмет) номенклатурасы бойынша жоспар болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы бір жылға, тоқсанға бөлініп, жасалады. Тоқсан ішінде жоспар айларға бөлінеді. Айлық өндірістік бағдарламаның қалыптасуы алдыңғы тоқсан бойынша бағдарламаның орындалуын талдауды; өнімді жеткізуге жасалған келісім-шартқа тұтынушылармен енгізілген өзгерістермен толықтыруларды; алдағы кезеңге өнімді өткізу болжамын дәл анықтауды; сапаны жоғарылату және шығындарды төмендету бойынша жоспарлы ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың орындалу есебінің талдауы; ҒЗЖ және ҰКЖ күнтізбектік жоспарының нақты орындалуы жөнінде есептеменің талдауын, өндірістің техникалық дайындығын жабдықтың жаңғыртуы мен күрделі және ағымдағы жөндеуді ескере отырып, жүргізіледі;
Экспортқа өнім шығару жоспары нақты келісім мен келісім шарт шарттарында, экспортқа жеткізудің талаптарына сәйкес келетін бұйымды (жұмыс, қызмет) өндіру көлемінің көрсеткіштерінен тұрады.
Өнім сапасын арттыру жоспары кәсіпорын үшін маңызды, өзінің техника-экономикалық көрсеткіштері бойынша ҒЗЖ және ҰКЖ барлық кезеңдерінде отандық және әлемдік техниканың жетістіктерімен, техникалық дайындығы, өнімді дайындаумен оған қызмет көрсетуі талапқа сәйкес негізделген, өнім түрлерінің тұтынушылық қасиетімен ассортименттін жаңарту көрсеткіштерінен тұрады. Осыған байланысты ескі бұйым түрлерін өндірістен алып тастап, оны ауыстыру қарастырылады және оның ауыстырылу немесе жаңғыртудың нақты мерзімі көрестіледі, сондай-ақ өндірілетін бұйымның негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, өнімді дайындаудың барлық кезеңдерінде техникалық стандарттар мен шарттар талаптарын сақтау қарастырылады.
Өнімді сату жоспары кәсіпорынның нарықты маркетингтік зерттеу үдерісінде анықталған нақты тұтынушылары мен сатып алушыларына сатылатын өнім (жұмыс, қызмет) көлемінің көрсеткіштерінен тұрады. Кәсіпорын өнімінің сатылу көлемі жоспарлы кезеңде жеткізуге, тиеуге және төленуге арналған өнім және қызмет құнынан тұрады: дайын өнім, өз өндірісінің жартылай фабрикаты, өнеркәсіп сипаттағы жұмыс пен қызмет, басқа ұйымдарға көрсетілетін қызмет (кәсіпорынның көліктік қорлары мен жабдықтарын күрделі жөндеу және жаңғырту), сондай-ақ көмекші өндірістің күрделі құрылыс және өнеркәсіптік емес шаруашылық бойынша өнімін (жұмысты орындау және қызмет көрсету) сыртқа сату.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын негіздейтін алғашқы есептеулердің бірі өндірістік қуаттарды есептеу болып табылады. Сонымен қатар өндірістік қуатты өз ресурстарын пайдалану және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша шараларға негізделген кәсіпорынның техникалық жабдықталуы мен қайта құру арқылы арттыру қажет.
Өндірістік қуат дегеніміз барынша мүмкін жылдық өнім көлемі (жұмыс, қызмет) немесе алдыңғы қатарлы технологияны және неғұрлым оңтайлы еңбекті және өндірісті ұйымдастыру әдістерін, өндірістік жабдық пен алаң көлменін толық қолдана отырып, ағымдағы кезеңде қарастырылған номенклатура мен ассортименттегі шикізатты өңдеу.
Өнім өндірісі бойынша өндірістік қуатты санауда өндірістік бағдарламада қолданылған өлшем бірліктері пайдаланылады (дана, метр, тонна, литр және т.б.) Бұл жаппай, ірі топтамалы өндіріс үшін сипатты. Шартты-табиғи көрсеткіштер топтамалы өндірісте қолданылады. Жеке өндіріс шартында бөлім және цехтардың өндірістік қуатын өлшеу үшін цехтар мен бөлімшелердің нақты өндірістік мүмкіндігін дәл көрсетпейтін сағат мөлшерлері немесе көтерме бағалар аз қолданылады. Сондықтан кәсіпорынның, құрылымдық бірліктің өндірістік қуатын өндірілген өнімнің табиғи (шартты табиғи) көрсеткіштерде өрнектеген мақсатқа сай болады.
