- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
1.Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау.
2.Капиталдық салымдардың абсолюттік экономикалық тиімділігі.
Өндіріс тиімділігін арттырудың жолдары – бұл берілген бағыттарда өндіріс тиімділігінің өсуі жөніндегі нақты шаралар кешені. Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары төмендегідей:
- еңбексыйымдылығын төмендету және еңбек өнімділігін арттыру;
- өнімнің материалсыйымдылығын төмендету және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану;
- өнімнің қорсыйымдылығын төмендету және кәсіпорындардың инвестициялық саясатын белсендендіру.
Өнім сапасын арттыру, жаңа техниканы, озат тәжірибені енгізу, техникалық қайта қарулану және қайта құру, жаңа шаруашылық тетікті енгізу кәсіпорындар жұмысының негізгі нәтижелеріне әсер ететін жағдайлардың барлығында еңбек ұжымдарының іс-әрекетін жоспарлау, бағалау және ынталандыру сияқты және оны экономикалық талдау барысында да осындай факторлардың есебінен алынған бүкіл нәтижені толық айқындау және ескеру қажет.
Кәсіпорындардың нарық жағдайларына бейімделуі қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін жоспарлауы, есептеуі, талдауы және ынталандырудың теориялық және әдістемелік мәселелер кешенін жасаудың тұтас және тиімді шаруашылық тетікті жасаудың маңызды алғы шарты болып табылады.
Өндірісті дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша топтастыру шығындар мен ресурстарды пайдаланудың нәтижелілігін көрсетеді және келесі факторларды қамтиды:
өндірістің дамуын мемлекеттік реттеу жүйесі;
ғылыми-техникалық серпілістікті жеделдету және ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске кеңінен енгізу;
өндірістің салалық құрылымының тиімділігі;
шоғырландыру, мамандандыру, бірлесу және үйлестірудің негізінде өндірістің салалық және аймақтық ұйымдастырылуын жақсарту;
өндірістік кадрлардың мәдени-техникалық және мамандық деңгейін арттыру және т.б.
Қазіргі кезеңде өндірістің дамуын тікелей және жанама түрінде реттеу, мемлекеттік кәсіпкерлік, бағаны реттеу, өндіріс шығындарының қалыптасуын реттеу, еңбекақыны реттеу, амортизациялық саясатты, несиелік реттеу, құрылымдық реттеу, белсенді әлеуметтік саясат және т.с.с. өндірістік тиімділіктің басты факторлары болып табылады.
Тиімділік факторларының іске асуына байланысты өндірісті басқарудың жеке бөлімдері бойынша қоғамдық еңбекті үнемдеуге көмектесетін, олар ішкі өндірістік, салалық және халық шаруашылықтық болып бөлінеді. Бұл топтың факторларына жататындар: кәсіпорын деңгейінде – ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-экономикалық факторлар (ғылыми-техникалық серпілістікті жеделдету, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру); сала деңгейінде жоғарыда аталғандарға ерекше салалық факторлар қосылады (жаңа өндірістерді меңгеру, шоғырландыру, мамандандыру, бірлесу және үйлестіру және т.с.с.); халық шаруашылығының деңгейінде өндірістің дамуын мемлекеттік реттеу, өндірісті ұтымды орналастыру, халықаралық еңбек бөлісі және т.б. факторлар қосылады. Ішкі өндірістік факторлары шығындар мен ресурстарды пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімді бағыттарын негіздеу кезінде кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді жоспарларында тікелей көрініс алады.
Нарықтық қатынастарға өту экономикада адами іс-әрекетінің шешуші саласында терең өзгерістер болғанын талап етеді. Өндірісті күшейтілуге шұғыл бұрылыс жасау, әрбір кәсіпорынды, ұйымды экономикалық өсудің сапалық факторларын толық және бірінші кезекті пайдалануға қайта бағыттау қажет. Жан-жақты дамыған өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, жақсы жолға қойылған шаруашылық тетігі бар, ұйымдастырылуы және тиімділігі жоғары деңгейдегі экономикаға өтуді қамтамасыз ету қажет. Айтырлықтай дәрежеде нарықтық экономикада ол үшін қажетті жағдайлар жасалуда.
Ғылыми-техникалық серпілістік қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды факторы болған және солай қалады да. Соңғы уақытқа дейін ғылыми-техникалық серпілістік негізінен эволюциялық сипатта өткен. Әрекеттегі технологияларды жетілдіру, машиналар мен құрал-жабдықтарды жартылай жетілдіруді артық көретін. Мұндай шаралар белгілі, бірақ маңызды емес қайтарым беретін.
Жаңа техника бойынша шараларды өңдеу мен енгізудің ынтландырулары жеткіліксіз болған. Нарықтық қатынастардың қалыптасуының қазіргі жағдайында революциялық, сапалық өзгерістер, ережелі тұрғыдан жаңа технологияларға, алдыңғы қатарлы техникасына өту – ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерінің негізіндегі халық шаруашылығының барлық салаларының түпкілікті қайта қаруландырылуы қажет.
Ғылыми-техникалық серпілістіктің маңызды бағыттары:
мембрандық, лазерлік, плазмалық, аса жоғары қысым мен импульсты жүктемелерді қолданатын технологияларды және т.б. алдыңғы қатарлы технологияларды кеңінен меңгеру;
өндірісті автоматтандыру – жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін робот техникасының, роторлық және роторлық-конвейерлік жүйелерді, икемді автоматтандырылған өндірістерді жылдам дамыту;
метал өнімдерінің жаңа түрлерін, пластикалық заттарды, композиттерді, метал ұнтақтарын, керамиканы және басқа да алдыңғы қатарлы конструкциялық материалдарды жасау және қолдану.
