- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
1.Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау.
2.Кәсіпорынның техникалық дамуының келешектегі жоспары, оны дайындаудың негізгі бағыттары.
Жоспарлау жүйесін жасай отырып, әрбір кәсіпорын келесідей тұғырманы анықтауы қажет: 1)жоспарлауды ұйымдастыру мақсаты; 2)жоспарлаудың уақытша мүмкіншілігі; 3)жоспарлы құжаттардың қажетті түрлерін жасау; 4) жоспарлау әдістемесін таңдау; 5) жоспарлау технологиясын анықтау. Жоспарлау мақсаты жоспарлаудың негізгі міндеттеріне, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің ерекшелігіне байланысты болады. Мақсатты қою жоспарлау мүмкіншілігін таңдауға тәуелді. Кәсіпорның уақытша таңдап алған мүмкіншілігіне байланысты стратегиялық мақсаттар анықталады немесе таңдап алынған даму стратегиясына сәйкес оларды бөлшектейді. Кәсіпорындағы жоспарлау әдістері – бұл жоспарлы көрсеткіштері есептеуді және анықтаудың нақты тәсілдері мен әдістері. Кәсіпорында қолданылатын жоспарлаудың келесідей әдістерін бөліп көрсетуге болады:
-нормативті әдіс (бекітілген мөлшерлер мен нормативтер негізінде кәсіпорынның материал, қаржы, еңбек ресурстарына қажеттіліктер есептеледі, сондай-ақ осы қажеттілікті жабу көздері анықталады);
- есептеу-талдамалық әдісі (базалы көрсеткіштің сандық мәні мен жоспарлы кезеңдегі оның өзгеру индексін талдау негізінде, көрсеткіштің жоспарлы мәні анықталады; бұл әдіс көрсеткіштер арасындағы тікелей емес, жанама өзара байланыс болғанда қолданылады );
- теңдестіктік әдіс (материалды, еңбек, қаржы теңдестіктерін құру кезінде бар ресурстар мен оған деген нақты қажеттіліктің байланысына қол жеткізіледі);
- жоспарлы шешімдерді тиімді ету әдістері (дамудың бірнеше нұсқасын жасау және оның ішінен неғұрлым тиімдісін таңдау);
- экономика-математикалық үлгілеу (экономика-математикалық әдістерді пайдалану және корреляциялық байланыстар мен тәуелділіктер негізінде үлгілер құру). Кәсіпорында жоспарлау өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады. Олар ұйымдастырушылқ түрлерінің әр түрлілігімен ерешеленеді.
Басқару жүйесінің үш негізгі түрін бөліп көрсетуге болады:
1)орталықтанған;
2) орталықсыздандырылған;
3) аралас, екі жүйеніңде элементтері бар.
Басқару жүйесі орталықтанған ірі кәсіпорындарда (корпорацияларда) өндірісті басқару және жоспарлау функциялары да орталықтанған болады. Жоғары жетекшілікте жоспарлаудың орталықтанған қызметі болады. Бұл қызмет тікелей бас директорға (президентке) немесе бас директордың орынбасарына (вице президентке) бағынады және болашақтағы және ағымдағы жоспарларды жасаумен айналысады. Осылайша жоспарлаудың орталықтанған жүйесінде өзара байланысты кәсіпорынның жұмысын үйлестіру жеңіл және ішкі кәсіпорындық зауыт аралық жеткізулерді байланыстыруға болады. Бірақ орталықталынған жоспарлау шегі өзара байланысты кәсіпорындардың бір кешенімен шектеледі. Компания қызметінің көлемін кеңейтумен, әртараптандыру үдерісін күшейтумен ішкі кәсіпорындық басқарудың орталықтанбаған жүйесін қолдану қажеттілігі пайда болады.
Жоспарлаудың орталықтанбаған жүйесінде компанияның бас директорға тікелей (президентке) бағынатын басқа бөлімдермен қатар жоспарлаудың орталық бөлімі болады. Сондай-ақ өндірістік топтар мен бөлімдердің (әр топта немесе бөлімде) жоспарлау бөлімдері болады. Ірі кәсіпорындарда болашақтағы жоспарлауды орталықтандыру өндірістік мүмкіндіктерді неғұрлым толық ескере отырып, ағымдағы жоспарды құру кезінде, кәсіпорындағы және бөлімдегі ынтаны арттыруға алып келетін орталықтанбаған ағымдағы жоспарлаумен үйлесуі қажет.
