Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция экономика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.42 Кб
Скачать

№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау

  1. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау.

2.Кәсіпорынның, цехтың, ағынның өндірістік қуатын есептеу.

Өндірісітік бағдараламаның қалыптасу кезеңі мен мәні

Өндірісітік бағдаралама өнімнің шығарылу көлемі номенклатурасы, ассортимент және табиғи, құндық өрнектегі сапа бойынша анықталатын, кәсіпорынның дамуындағы болдашағы бар және ағымдағы негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Өндірістік бағдарлама басқа кәсіпорындар мен ұйымдармен өндірістік шаруашылық байланыстарын көрсетеді, кәсіпорынның жоспарлы кезеңде дамуының негізгі бағыттары мен міндеттерін, өндірістің басқалармен бірлесіп жұмыс істеу мен мамандану деңгейін және кәсіпкерлік түрін сипаттайды. Өндірістік бағдарламаны жасау кезінде келесілер ескерледі:

  • өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру және сату бойынша кәсіпорын қызметінің жарғылық түрлері;

  • өткен кезеңде өндірістік бағдарламаның орындалуының нақты нәтижесі;

  • жоспарлы кезең бойынша бөлінген (тәулік, апта, ай, тоқсан), өткен кезеңге сатылған өнім (жұмыс, қызмет) көлемі бойынша мәліметтер;

  • өнімнің сапасы, номенклатурасы және ассортименті бойынша кемшіліктер;

  • келісім жасалған тапсырыстар, сондай-ақ орташа мерзімді кезеңдегі тапсырыстар;

  • кәсіпорын өніміне (жұмыс, қызмет) сұраныстың болжамдық мәліметтері;

  • кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік қуатын есептеу;

  • қалыптасқан және алдыңғы қатарлы техника-экономикалық нормативтер;

  • кәсіпорынның жоғары басқару органы қабылдаған, өнімді жаңарту, өнім сапасын арттыру және өндіріс шығынын төмендету, жаңарту, техникалық қайта жабдықтау, өндірісті қайта құру бойынша белгіленген шаралар;

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын дайындау нәтижесінде төмендегілер анықталады: өнімнің қандай түрлері (номенклатурасы, мөлшерлері, ассортименті) және қандай көлемде шығару қажет; тұтынушыға өнімді дайындау және жеткізу; жедел тапсырыс болған жағдайда, қосымша өнім шығару бойынша кәсіпорын мүмкіндіктері қандай; ықтималды тұтынушылар үшін өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуді болжау негізінде тәуелсіз жасалаған көлемдер; жоспарланған кезеңдегі сапа деңгейі мен жүйесі; өнімді өндіру үшін тұтынылатын ресурстар көлемі және оларды сатып алу жүйесі; өндірісті тоқтату немесе жауып қою мүмкіндігі және т.б. Өндірістік бағдарламаның қалыптасуы, келесідей кезеңдердің болуын қарастыруы қажет:

1. Өнімнің (жұмыс, қызмет) тапсырыстар қоржынының қалыптасуы (жоспарлаудың тапсырыс бойынша жүйесінде);

2. Есеп және өндірістік жоспарлау жүйесін негіздеу, жоспарлы-есептеу бірлігін таңдау;

3. Өндірістік қуатты есептеу;

4. Дайын өнімді шығару жоспарын жасау;

5.Құрылымдық бөлімшелердің оралымды жоспарын жасау;

6: Өнім сапасын арттыру бойынша жоспар жасау;

7. Экспортқа өнім шығару жоспарын жасау;

8. Өнімді сату жоспарын қалыптастыру;

9. Өндірістік бағдарламаны орындау үшін еңбек, материалды және қаржы ресурстарына қажеттілікті анықтау;

10. Өндірістік бағдарламаны есептеу және бақылау;

11. Диспетчерлеу;

12. Өндірістік бағдарламаның орындалуын бағалау.

Өнім тапсырыстары қоржынын қалыптастыру

Кәсіпорынның тапсырыстар қоржыны келесілердің негізінде қалыптаса алады: 1) жеткізу мерзімдері бойынша орындауға қабылданған бұйымдар (жұмыс, қызмет) тізімінен тұратын сатып алушылардан алынған тапсырыстар. Ол келісім шарт нөмері және оның күні, зауыттың тапсырысты дайындау күні мен нөмері, бұйымның (жұмыс, қызмет ) атауы мен түрі, үлгісі, маркасы, көлемі және ай бойынша жеткізу мерзімі және т.б. көрсетілетін жабдықтар топтары бойынша жіктеледі; 2) ықтималды тұтынушыларға өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуді болжау. Кәсіпорынның тапсырыстар коржынынің көрсеткіштері өндірістік үдерістің барлық кезеңдері бойынша жоспар мен бюджеттің қалыптасуының негізі болып табылады. Тапсырыстар коржыны көбінесе келесідей бөлімдерден тұрады:

- күнделікті үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы тапсырыстар;

- орындалу мерзімі бір жылға дейін және жоғары, орташа мерзімді тапсырыстар;

- екі және одан жоғары жылға болжамнан тұратын болашақтағы тапсырыстар.

Ағымдағы тапсырыстар көбінесе өнімді жеткізу (жұмыс, қызмет) келісім-шартымен жасалады. Жеткізуге келісім-шарт жасалмаған өнімнің өндірісі кәсіпорынның оны өткізуге сенімділігімен басталуы мүмкін. Орташа мерзімді және болашақтағы тапсырыстарға өнімді сатып алуға бірнеше айдан кейін немесе жылдардан кейін кепілдік беруге дайын сатып алушыны табу әрдайым мүмкін емес. Сондықтан кәсіпорын тәуекелділікті төмендегілердің негізінде азайтуға ұмтылады:

  • өнімді шығару үшін, сондай-ақ шикізат пен материалды ықтималды жабдықтаушылар үшін өнім өндірісінің меншікті үдерісін шектеу, техникаық құжаттарды дайындау, өндірістің қажетті қуатын негіздеу мен дайындауды шектеу, бұйым бірлігінің еңбек сыйымдылығын анықтаудың экономикалық есептемелерін (жұмыс күшінің орташа сағаттық құны), бұйым бірлігінің өзіндік құны мен болашақтағы бағасын, материалды, қаржы, еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау;

  • бөлшектерді, сондай-ақ бұйымды дайындайтын технологияларды барынша біріздендіру, бұл сатып алушы бұйымнан бас тартқанда болатын зиянды азайтып, басқа бұйымның өндірісіне кірісуге мүмкіндік береді;

  • басқа бәсекелестермен салыстырғанда, кәсіпорын өнімінің артықшылықтарын жасауға ұмтылу;

  • кәсіпорын үшін неғұрлым тиімді өткізу нарықтарын іздеу нарықтың (белгілі бір сыйымдылығы мен жоғары баға қоюға мүмкіндігі, жеткізілген өнімге төлем кепілдігі);

  • бағасы бойынша тиімділігі төмен, бірақ сатып алушының тапсырысы болмағандықтан, кәсіпорынның өндірісті тоқтатуына жол бермейтін, өткізудің қауіпсіздендіру нарығын іздеу;

  • өнім жарнамасын кеңейту және өз брендасын жылжыту.

Кәсіпорын тапсырыстар қоржынын қалыптастыру кезінде, шикізат пен жабдықтаушыларда жинақталатын бөлшектерді, жабдықтаушылар сенімділігіне, жеткізілетін тауар мен қызмет бағасына, сырттан келетін шикізат және материал, жылу, энергия сапасына, бірлесіп жасайтын өнімге, өндірістің өзгерісіне, құрылымына жабдықтаушының икемділігі мен қаблеттілігіне талдау жасауға ерекше көңіл бөлінеді.