- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
1.Жоспардың негізгі бөлімдері. Өндірілетін өнімнің ассортиментін жоспарлау.
2.Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануды жоспарлау.
Ағымдағы жоспарлау жылдық кезеңді қамтиды және әр түрлі қызмет түрлері бойынша жоспарлар жиынтығынан тұрады. (мысалы, зерттеу, өндіру, персоналдар, материалды-техникалық қамтамасыз ету, маркетинг және т.б. бойынша). Нарықтық қатынас жағдайында әрекет ететін оралымды жоспарлар жүйесі мен құрылымы көп түрлі және өара байланысты жоспарлы шешімдерді сипаттайды. Кәсіпорынның қызметінің нақты бағыты бойынша жоспарды құру негізі құндық және табиғи көрсеткіштермен анықталатын міндеттер болып табылады. Ағымдағы жоспарлау кәсіпорын және оның жекелеген бөлімшелері үшін оралымды жоспарларды жасау жолымен жүзеге асырылады. Жоспарларды жасап болғаннан соң, жекелеген бағыттар бойынша талдау жасалынып, сәйкесіздіктер анықталады. Жоспарлар өзара байланысты болғандықтан, сәйкес реттеулерді енгізу рәсімдері қарастырылады.
Өндірістің ағымдағы жоспарының негізгі бөлегі күнтізбелікті жоспарлар (айлық, маусымдық, жарты жылдық), бұл ұзақмерзімді және орташамерзімді қойылған мақсаттарды нақтылайды. Өндірістің күнтізбелікті жоспары тапсырыс жөнінде, оларды материалды ресурстармен қамтамасыз ету өндірістік қуаттың жұмысбастылық деңгейі және оларды әрбір тапсырыстың орындалу мерзімін ескере отырып, пайдалану жөніндегі мәліметтер негізінде жасалады. Өндірістің күнтізбелікті жоспарлары қуаттылықты қайта құруға, құрал-жабдықтарды алмастыруға, жұмыс күшін оқытуға, және жаңа цехтар мен кәсіпорындардың ғимаратын жөндеуге жұмсалатын шығындардан тұрады.
Жоспардың басты бағыттарының бірі кәсіпорынның төлемге қаблеттілігін сақтау. Жоспардың шығын және табыс қалдығы бюджетке енгізіледі. (табыс пен шығын жоспары). Кәсіпорынның қызметін жоспардлау үшін алғашқы мәліметтер нарық көрсеткіштері болып табылады. Нарық жөнінде толық көрініс беретін маркетинг нәтижесі сату жөнінде жоспарлы шешімді қабылдау үшін алғашқы мәліметтер болып табылады.Сондай-ақ өткен жылдың ішкі кәсіпорындық мәліметтеріне талдау жүргізіледі және сату шығындары мен оны дамыту, құрылымы жөнінде ақпараттар беретін, тор түріндегі статистикалық мәліметтер пайдалынады. Сатылған өнімнің жылдық жоспары өнім өндірісінің жоспарына тікелей ықпал етеді, басқарудың орталықтанған жүйесі жағдайында бұл керісінше болатын. Табиғи және құндық өрнектегі қалыптасқан өнім сату жоспары жоспарлы пайданы есептеу мен ең төмен баға үшін негіз болып табылады. Осылайша, өнім сату жоспары басқа жоспарларды жасаудың негізі болады.
Ресурстады дұрыс жоспарламай, сол кәсіпорынның қызметін табысты жүргізу мүмкін емес. Ресурстарды жоспарлаудың бірінші сатысына жоспарланған кезеңнің әрбір жылына қажетті ресурстар көлемі мен түрі бекітіледі, әрі қарай жабдықтаушылардың мүмкіндігімен салыстырылатын қажеттіліктреге талдау жүргізіледі. Жоспарлаудың екінші баспалдағында артық немесе жетіспейтін ресурстар бойынша шешімдер қабылданады. Соңғы сатысында мақсатты бағдарлама бойынша ресурстарды бөліуі және ресурстар теңдестікы бағаланады. Кәсіпорынның ағымдағы жоспарының ерекшелігі қаржы нәтижелерімен қаржылық ресурстарды барынша дәл бағалау болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның жылдық жоспарында «Қаржылык жоспарлау» жеке карастырылады, мұнда ағымдағы қаржылық шығындар мен табыстар, сондай-ақ шығындар және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан күтілетін пайдалар бірге жазылады. Оралымды жоспарлар әрбір жеке бөлім бойынша жеке мерзімге немесе бір жылға құрылатын бюджеттер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорын бюджеті оралымды және қаржылык жоспарды байланыстырады және кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесін - пайда мөлшері мен шамасын болжауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын бюджеті оның іс-әрекетінің барлық жақтарын қамти отырып және бөлімшенің оралымды жоспарларына негізделе отырып, оның бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруші кұрал болып табылады. Бюджеттік жоспарлау кәсіпорынның қаржылық есептерінің барлық ақпараттық негізін қамтитын бюджеттер жүйесін құруды ұсынады. Бұл үдеріс екі бөлікке бөлінуі мүмкін - операциялық бюджеттің және қаржылық бюджеттің қалыптасуы болып.
Операциялық бюджет құжаттардың келесі жиынтығын құрауды ұсынады: сату бюджеті, өндіріс бюджеті, өндірістік запастар бюджеті (дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, материалдар), материалдарға тікелей шығындар бюджеті,еңбекақыға тікелей шығындар бюджеті, жалпы өндірістік шығындар бюджеті, коммерциялык шығындар бюджеті, басқарушылық шығындар бюджеті, табыс және шығын бюджеті (немесе пайда және залал жөнінде есептеме болжамында кәсіпорынның қандай табыс алғанын және бұл кезеңге кандай шыгындар енгізілгені көрсетіледі). Қаржы бюджеті ақша қаражаттар ағымының бюджетін немесе кассалы бюджеттің (кәсіпорынның қызметінің барлық түрлері бойынша шығындар мен табыстар болжанады - негізгі, қаржылық, және инвестициялық), есеп теңдстігінің (болжам теңдестігі) және инвестициялық бюджеттің дайындығын көрсетеді.
