- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
1.Кәсіпорынның жылдық жоспары. Жылдық жоспардың бөлімдері.
2.Жылдық жоспарын дайындаудың кезеңдері.
Директивті жоспарлау оны орындайтын бөлім үшін міндетті болып саналады. Директивті жоспарлау нарықтық қатынаста балама түрінде бола отырып, мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте қолданылады, мысалы, кәсіпорында ағымдағы жоспарлау үшін. Индикативті жоспарлау макродеңгейде жиі қоданылады. Индикативті жоспарлаудың тапсырмасы орындалуы міндетті болмайды. Олар әлеуметтік -экономикалық саясат бағамындағы мемлекеттік басқару органының әзірлеуі мен қалыптасуы нәтижесінде анықталынған елдің экономикасының даму бағыты мен көрсеткіштерін сипаттайды.
Индикативті жоспарлау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы тұжырымдамасынан, әлеуметтік-экономикалық дамуды болжаудан, мемлекеттік және аймақтық мақсатты бағдарламалардан және экономикалық реттегіштер жүйесінен тұрады. Индикативті жоспарға міндетті тапсырмалардың шектелген саны кіруі мүмкін. Индикативті жоспарлау директивті жоспардан айрықша ерекшеленеді және міндетті сипатта емес, ұсынылатын сипатта болады, сонымен қатар ол жанама реттеуге, экономикалық нормативтерді мен жеңілдіктер жүйесін, табиғи көрсеткіштері емес құндылық көрсеткіштерді пайдалануға негізделген. Кәсіпорын индикативті жоспарды келесідей нысандардың бірінде жүзеге асыруда қатыса алады: 1) республикалық немесе аймақтық мақсатты кешенді бағдарламаларда қатысу; 2) өнімді жеткізу, мемлекеттік қажеттілік үшін қызмет пен жұмыстардың орындалуы. Индикативті жоспарлау микродеңгейде де, оның ішінде болашақты жоспарларды құруда және жасауда қолданылады. Мазмұны, мақсаты және міндеттеріне байланысты жоспарлаудың келесідей нысандарын саралауға болады.
Жоспарлау деңгейі бойынша жоспарларды саралау.
Жоспарлы кезең (жоспарлау деңгейі) ұзақтығы бойынша келесілерге бөлінеді: 1) ұзақмерзімді (болашақты) жоспарлау; 2) орташамерзімді (бір жылдан жоғары) жоспарлау; 3) қысқамерзімді (ағымдағы) жоспарлау. Болашақты жоспарлауды ұқсас жоспарлаудан болжау нысаны бойынша айыруға болады. Болжау жоспарлаудың ажырамас элементі бола отырып, болашақтағы мүмкін жағдайы бар тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып суреттемесін көрсететін әдіс болып табылады және үдеріс пен кәсіпорынның даму өзгерісіне қарай ағымды суреттемесін анықтайды. Маркетинг, кәсіпкерлік, инвестициялау, инновация облысында қабылданатын көптеген шешімдер болашақта болатын жағдайларды бағалауға негізделген, яғни болашақта болатын жағдайлардың болжамы болады. Жоспарланған нысанның немесе үдерістің дамуының әр түрлі баламаларын болжау көмегімен анықтау және тиімді баламаны таңдауды негіздеу болжауды болашақты жоспарлаудың кезеңдерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Орташа мерзімді жоспарлау бір жылдан бес жылға дейін жасалынады. Ағымдағы жоспарлау бір жылға дейінгі кезеңде жүзеге асады және жарты жылдық, тоқсандық, айлық, апталық және тәуліктік жоспарлаудан тұрады. Жекелеген кәсіпорындар орташамерзімді жоспарлауды ағымдымен біріктіреді: Өзгермелі бес жылдық (үш жылдық) жоспар құрылады, онда бірінші жыл ағымдағы жоспар деңгейіне дейін бөлшектеліп көрсетіледі. АҚШ –да кәсіпорынларда жоспарлау бір жылдан үш жылға дейін жүзеге асады. Жапонияда жоспарлар корпорацияларда 5 жылдан 15 жылға дейін жасалады. Бұрынға КСРО кәсіпорын деңгейінде бес жылдық және бір жылдық жоспарлар жасалды. Жылдық жоспарлар жиі реттеліп отырды, әсіресе нарықтық экономикаға өтуге дейін соңғы жылдары. Сондықтан кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлаудың негізі маусымдық және айлық жоспарлар болды. Қазіргі уақытта «өмір сүру» мәселесі бар кәсіпорындарда кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлау негізі тоқсандық және айлық жоспарлар болып табылады.
Мақсат түрі бойынша жоспарларды саралау.
Қойылған мақсаттың маңыздылығы (мақсат түрі, жоспарлы шешімдер мазмұны немесе тартылатын инвестиция және материалды ресурстар көлемі) бойынша бөлінеді: 1) стратегиялық жоспарлау; 2) тактикалық жоспарлау; 3)оралымды жоспарлау; 4) инвестициялық жобалау; 5) бизнес жоспарлау. Осылайша болашақтық жоспарлау стратегиялық міндетерді шешуге бағытталған ұзақмерзімді жоспарларды қалыптастырудан тұрады. Стратегиялық жоспарлау – сыртқы ортаның басты факторы ретінде нарықтық мүдеге, нарықты есепке алуға жоспарлауды айқын бағыттау болып табылады. Стратегиялық басқарудың құрамдас элементі ретінде стратегиялық жоспарлау – баламаны нұсқаны іздеудің көп кезеңді үдерісі, олардың ең тиімдісін таңдау, осы таңдаудың негізінде жалпы даму стратегиясын құру, оны жүзеге асырудың арнайы тетігін қалыптастыру.
Әлемдік тәжірибе бойынша көбінесе ұзақмерзімді және стратегиялық жоспарлау түсінігі қолданылады. Ұзақмерзімді жоспарлау дамудың қалыптасқан үрдісінің алдағы уақытта болатынын және оларды жоспарлау үлгісінде болашақты бағалау үшін негіз болады. Болашақтағы дамуға өткен заңдылықтар мен құрылымдық сипаттамаларды ауыстыру, мұндай ыңғайдың ерекшелігі мен кемшілігі болып табылады, себебі болашақ өткен кезеңнен жақсы болатындығына есеп жасалады. Стратегиялық жоспарлаудың негізі болып «мақсат ағашын» және жоспарлау сценарийін құру, жағдайлық үлгінің негізінде жоспарлар жасау, шаруашылық мінез-құлық баламаларын сарапты және матрицалық бағалау және т.б. саналады. Жалпы корпоративті стратегиялық жоспарды жасаудың ерекше қағидасы, оларды болашақтан қазірге дейін құру. Жоспарлаудың бұл нысанысы ірі өнеркәсіптік кәсіпорынны стратегиялық басқарудың тұжырымдамасына жазылады (концерн, консорциум, картель және т.б). Стратегияны таңдау кезінде жаңа стратегияның кәсіпорынның жинақталған әлеуетіне сәйкестігін ескеру қажет.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның ұзақмерзімді жоспарлау жүйесінде ағымдағы қорытындыларды бағалау және сыртқы ортаны болжау негізінде стратегиялық мәселелерді анықтау жүргізіледі. Ұзақмерзімді стратегиялық саясат қалыптасады, стратегияны біріктіру үшін ортамерзімді жоспарлар қабылданады. Мақсаттар әрекет ету бағдарламасына, бюджетке, кәсіпорынның әрбір негізгі бөлімшелері үшін жасалған пайда жоспарына айналады. Бөлімшенің мәліметтерін жоспарлар орындайды, олардың орындалуына баға беріледі және ұзақмерзімді жоспардың (көбінесе жаңа бұйым бойынша) сондай-ақ жылдық жоспардың (көбінесе бұрынғы бұйым бойынша) негізінде жоспардан нақты көрсеткіштердің ауытқуы бойынша бақылау жүргізіледі. Ірі Жапондық корпорациялардың 70-80 пайызы ұзақмерзімді жоспарлау жүйесін қолданады. Стратегиялық жоспарлау тізбекті-параллелді жүзеге асатын және келесідей төрт шешімді қамтитын көп кезеңді процесс:
Бизнесті анықтау (өндірілетін өнімді, техника-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс пен қызметті, тұтынушылық қасиетін суреттейді, сол өнім нарығының көлемін бағалау, нарықты сегменттеу);
Бизнес миссиясы (рөлі) – олардың сандық өлшеміндегі көптеген зерттелеген мақсаттар, яғни миссия – даму мақсатын көрсететін сандық өлшемдердің жиынтығы (сатылу көлемінің өсу қарқыны, нарық үлесінің мөлшері, пайдалылық және табыстылық деңгейі, таза табыстың шамасы және ақшалай айналым көлемі және т.б.);
Атқарымдық стратегия - еңбек ресурстары және қаржы, инвестиция, өндіріс, маркетинг, зерттеу облысындағы стратегия;
Бюджеттеу – бағдарлама, жоспар, стратегияны жүзеге асуын қамтамасыз ететін бюджеттерді құру және ресурстарды бөлу жүйесін қалыптастыру.
Стратегиялық жоспарлау өзінің негізінде қабылданған жопарлы шешімдерді жыл сайын реттеу, сондай-ақ осы жоспарларды орындау бойынша сәйкес шараларды қайта қарастыру. Осыдан келіп, стратегиялық жоспарлаудың ерекше белгісі көбінесе кәсіпорынның масштабы мен мөлшеріне негізделген жоспарлы горизонттың икемділігі болып табылады.
Тактикалық жоспарлау – кәсіпорын стратегиясының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, дәстүрлі қабылданатын немесе алдын ала бекітілген жетістіктер үшін қажетті міндеттер мен қорларды негіздеу үшін салдарлар жасау үдерісі.
Ішкі өндірістік шаруашылық тетігін қамтитын, техника-экономикалық жоспардың негізінде кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің арасында байланыс орнайды, өндірісте ғылыми негізделген пара-парлар және негізгі қызмет түрлері бойынша бюджеттер жасалады, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жүргізіледі.
