- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
1.Көлік құралдарының қозғалысының бағыттары.
2.Қажетті көлік құралдарын есептеу.
Кәсіпорында өндірістік үрдісті жүргізу үшін шикізат, материалдар, құраушы өнімдер пайдаланылады. Жалпы өндіріс үрдісінде көп мөлшердегі еңбек құралдарын пайдалану үшін олардытасымалдаумен қатар, өнімдайын болғаннан кейін оны кәсіпорыннан сыртқа тасып әкету қажет. Міне, осындай барлықтиеу-түсіру тасымалдау жұмыстарын кәсіпорынның көлік шаруашылығы атқарады. Ал оны ұйымдастыру деңгейі өндірістің техника –экономикалық көрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді.Мұны тек көлік шығындарының өнімнің өзіндік құнындағы алатын үлкен үлесіменғана емес, сонымен қатар осы аталған жұмыстардың материалдық құндылықтардың тасымалдау көрсеткіштері мен сақталуына қалай әсер ететіндігінен де көруге болады. Бұған қоса көлік шаруашылығының ұйымдастырылу дәрежесі өндірістік циклдың ұзақтығына және соның нәтижесінде аяқталмаған өндірістегі айналымқаражаттарының мөлшеріне тигізетін әсері жоғары.
Кәсіпорынның көлік шаруашылығының міндетіне барлық тиеу-түсіру және тасымалдау жұмыстарын уақытылы, сапалы және үнемді жүргізу жатады.
Кәсіпорында пайдаланылатын көлік қызмет көрсету аумағына қарай:
сыртқы, яғни, оған кәсіпорынның сыртқы жабдықтаушыларымен және өнімді тұтынушыларымен байланысын қамтамассыз ететінкөлік түрлері жатады. Мұндай тасымалдау әдетте орталықтандырылған тасымал қызметтерінің күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады;
цехаралық, яғни, жүктерді цехтар арасында тасу және жүктерді бір қоймадан екінші қоймаға және кәсіпорын цехтарын тасуға арналған көлік болып бөлінеді;
цехішілік, яғни, бір цех ішінде ғана тасымалдау жұмыстарын орындайтын
көліктерді айтады.
Көліктің бұл түрі технологиялық үрдістің ажырамас бөлігі болып саналады және еңбек заттарының жұмыс орындары мен цех учаскелері арасында тасымалдау жұмыстары үшін қолданылады.
Кәсіпорынның көлік шаруашылығыбарлық тиеу-түсіру және тасу жұмыстарының сипатын айқындайтын кешенді технология негізінде ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорында өндірілетін өнім сипатына, оның дайындалу технологиясынақарай түрлітасымалдау құралдары қолданылады: рельсті және рельіссіз жүретін көлік,автомобильдер, конвейерлер және транспортерлер, түрлі арбалар. Лифттар, лебедкалар, аспалы жолдар, крандар, тасу құралдары және т.б.
Кәсіпорындағы тасымалдау жұмыстарының көлемі көлік құралдаына деген қажеттілік және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жүк айналымы мен жүк ағынының есебі негізінде анықталады.Жүк айналымы деп белгілі бір уақыт аралығандағы белгілі бір бөлімше шеңберінде тасымалданатын жүктің жалпы санынайтады.
Жүк ағыны дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығындағы тиеу-түсіру пунктерінің арасындағы бір бағыттағытасымалданатын жүк саны. Жүк ағындарының жиынтығы кәсіпорынныңжүк айналымын құрайды.
Жүк ағынының кестесін тиімді құру деңгейі көлік қызыметтерінің үнемділігіне ықпал етеді. Жүк ағының кестесін құруда негізінен жүкті тасымалдаудың ең қысқа жолдары, қарама –қарсы тасымалдауды болдырмау, көлік құралдарының бос жүрмеуін болдырмау шаралары қарасытырылады. Ірі кәсіпорындарда жүк ағынының кестелері экономико-математикалық әдіс бойынша және компьютерлік технология көмегімен атқарылады.
Жүк ағыны әр уақытта әртүрлі болуы мүмкін. Осыған орай тәуліктік жүк ағынының максималды мөлшері былай анықталады:
Qcmax=QжRH/Dr
Мұнда:
Qж-жылдық жүк ағыны;
RH-жүк ағынының біркелкісіздік коэффициенті;
Dr -бір жылдағы жұмыс күнінің саны;
Әрбір цех пен қойманың жүк ағыны мәліметтері бойынша кәсіпорынның жалпы жүк айналымының шахматты кестесі жасалады, осының негізінде цехтардың, қоймалардың және жалпы кәсіпорынның жүк ағындарының кестесі жасалады. Шахматты кестеде тігінен жүкті тиеуші –цехтар мен қоймалар, ал көлденеңінен жүкті қабылдаушы –цехтар мен қоймалар көрсетеді.
Жүк айналымы мен жүк ағындары негізінде көлік құралдарына деген
қажеттілік және тиеу-түсіру жұмыстарының көлемі есептеледі.
Цехаралық тасымалдар маятниктік және сақиналық жүйе бойынша ұйымдастырылады.
Маятниктік жүйе 2 тұрақты пункт арасындағы жүк тасымалы үшін қолданылады. Сақиналық жүйе бойынша тасымалдауда жүкті бір пункттен келесі бір пунктке тасып, ең соңында бастапқы пунктке қайта оралу негізінде бірнеше пункт арасында тасымал жүргізіледі.
Көлік құралдарының қозғалыс маршуттары құралдар уақыт бойынша да, жүк көтергіштігі бойынша да неғұрлым толық қолданылуы қамтамассыз ететіндегідей деңгейде ұйымдастырылуы қажет.
Көлік шаруашылығын жетілдірудің басты бағыттары болып барлық тиеу-түсіру, тасымалдау жұмыстарын автоматтандыру, механикаландыру негізінде қол еңбегін мейлінше азайту, жүктердің жеткізілу пунктерін автоматты түрде белгілеу жүйелерін қолдану, теледидар арқылы басқарылатын көлік құралдарын қолдану болып табылады.
Сыртқы және цехаралық көлік жұмысын кәсіпорынның көлік бөлімі басқарады. Бөлім көліктің барлық түрлері бойынша тиеу-түсіру, тасу жұмыстарын жоспарлайды, кәсіпорынға әкелетін жүктердің тасымалдауын қамтамассыз етеді., цехаралық тасымалды және жайын өнімнің кәсіпорыннан сыртқа әкетілуін ұйымдастырады.
Цехішілік көлік әдетте цехтің жоспарлы –диспетчерлік бюросының қарауында болады.
Көлік қызыметін техника-экономикалық жоспарлау бес жылдық жоспар құрудан және тоқсандарға бөлінген жылдық жоспар жасаудан тұрады. Жоспарды құру барысында жүк айналымы мен жүк ағындары есептеледі, тиеу-түсіру жұмыстарының көлемі, көлік құралдарға, материалдарға, жұмыс күшіне, еңбекақы қорына және тағы басқаға қажеттілік есептелінеді. Осының негізінде көлік және тасымал жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар кестесі жасалынады.
Кәсіпорынның көлік шаруашылығын ұйымдастыру деңгейі мынандай жалпылама көрсеткіштермен сипатталады: көлік шаруащылығы жұмысшыларының жалпы өндірістік және қосалқы жұмысшылар санындағы орташа үлес салмағы, көлік құралдарының кәсіпорынның жалпы құралдары құнындағы орташа үлес салмағы, көлік құралдарының жүк көтергіштік уақыты және тағы басқа көрсеткіштер.
№15 лекция. Кәсіпорындардың қызметін жоспарлаудың негіздері
1.Кәсіпорынды жоспарлаудың басымдылығы.
2.Кәсіпорынды жоспарлаудың әдістері мен принциптері. Жоспарлаудың түрлері.
Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Жоспарлау – бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі отандық экономикаға қарағанда, неғұрлым жоспарлы болып табылады. АҚШ –тың жай фермері ауылшаруашылық кезеңге ауыл шаруашылық өнімдеріне жыл басындағы қалыптасқан биржалық бағаға, тасымалдық қызмет бағасына, ауа-райы жағдайына байланысты әрекет ету жоспарын жасайды (қандай сортты егу, қандай көлемде, қанша, кімге қандай өнімді сату туралы).
Айрықша ерекшелігі болып нарықтық экономика жағдайында бірінші кезекте жоспарлау субъектісі өзгереді: жоспарды меншік иесі немесе жалданған кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне жауап беретін, оған өкілді қызметкер жоспарды қабылдап, бекітеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпорында жоспарлаудың орталықтанған басқару жүйесі жағдайында қалыптасқан баға қажет. Бұл мәнін әлі жоғалтпаған нарықтық экономика жағдайында базаны анықтау үшін қажет (мысалы, жоспарлаудың бағдарламалық мақсатты әдістері, оның ішінде ғылыми техникалық серпілістік және өндірісті техникалық қайта жабдықтау бағдарламалары, оралымды-өндірістік жоспарлау, өндіріс факторлары бойынша жоспарлау және т.б.). Сонымен қатар нарық жағдайында кәсіпорында жоспарлау қызметін қайта құру, жүйелік кемшіліктерін еңсеру үшін де керек.
Нарықтық жағдай кәсіпорындағы жоспарлаудың белгілі бір мақсатты бағыты мен сипаты болуын талап етеді. Дер кезінде кәсіпорынға ықпал ететін сыртқы факторларын (бәсекелестердің, өткізу нарығының, тұтынушылардың және т.б) ескеру, алдағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, экологиялық, саяси және басқа да өзгерістердің ықпалын анықтауға ұмтылу керек. Мемлекеттік органдардың бұрынғы функциялары кәсіпорынға тікелей өтеді: кәсіпорын деңгейінде өз бетінше дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын жасау қажеттілігі туындайды. Осыдан зауыттық жоспарлаудың қағидалары мен түрлері өзгереді. Ағымдағы (жылдық) жоспарлаудың шеңбері санаулы болады, бұл болашағы бар жоспарлаудың қажеттігін меңзейді. Болашақ жоспары стратегиялық мақсатты көрсететін ағымдағы жоспарлау үшін басты бағыт болады және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі қызметі болып табылады. Өз кезегінде ағымдағы қызметтің жылдық нәтижесі шаруашылық жағдайлардың өзгерісін ескере отырып, болашақ жоспарды кезінде түзету үшін пайдаланылады. Басқаша айтқанда өзгермелі жоспарлау қағидасы қолданылады.
Жоспарлауды басқару функциясы ретінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда олардың және әрбір бөлімшесінің мақсатын белгілі бір кезеңге нақтылауда, міндетті қоюда және оған жету жолдарын таңдауда, қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қажетті еңбек, қаржы, материалды ресурстарды анықтауда жүзеге асырылады. Нақты мақсатқа жетудің бағыты мен тізбектілігін, сонымен қатар технологиялық тізбектің жолын анықтауда кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекетін өзара байланыстыруға бағытталған шаралар кешені жасалады (ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық нұсқауларды өндіріске ендіруге, өткізуге және сервистік қызмет көрсетуге дейін әзірлеу). Бұл үшін нарық жағдаятының болашағын, тұтынушылық сұраныс үрдісін, қолданылатын ресурстардың неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігін білу қажет. Сондай-ақ, жоспарлау маркетингпен және бақылаумен тұрақты үйлесуі қажет. Жоспарлау болашақты және ағымдағы жоспарлаудың өзара байланысты жиынтығы түрінде жүзеге асады.
