Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция экономика.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.42 Кб
Скачать

№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі

1.Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі. Тарифсіздік жүйесі.

2.Басқарушылардың, мамандардың және қызметкерлердің еңбекақысы.

Еңбекақы нысандары мен жүйесі

Әр түрлі меншік нысаны бар кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің екі түрі кең таралған: кесімді төлеу- әрбір өндіріліген өнім бірлігіне немесе орындалған жұмыс көлеміне сәйкес ақы төлеу және мерзімді төлеу – заңмен реттелген нормативті жұмыс жасалған уақыт мөлшеріне тиісті ақы төлеу. Кесімді және мерзімді еңбекақы төлеу түрілерінің екеуін де тізбек түрінде беруге болады.

Еңбекақы нысандары мен жүйесі

Кесімді еңбекақы төлеу

Мерзімді еңбекақы төлеу

Жай кесімді

Жай мерзімді

Кесімді - сыйақылы

Мерзімді – сыйақылы

Жанама – кесімді

Сағаттық

Аккордтық

Күндік

Кесімді үдемелі жеке адамға

Апталық,

Кесімді үдемелі ұжымдық

Айлық

1-сурет. Еңбекақының нысандары мен жүйелері

Мерзімді еңбекақы төлеу жүйелері

Еңбекақы төлемдерінің екі нысаны бар екенін білеміз, олар мерзімді және кесімді бойынша төлеу. Қандай да бір нысанын таңдап алу өндірістің ұйымдастырылу және технологиялық ерекшеліктеріне, еңбекті ұйымдастыру түріне және жұмыс күшімен қамтылу деңгейіне қатысты анықталады. Бұл факторлардың барлығы еңбекақы төлеу нысанын, негізінен, техникалық шарттар және оларды қолдану аумағын шектеу тұрғысынан сипаттайды. Шынында да екі нысанға меже орнатудың нышаны – өнімнің табиғи көлеміне жұмсалған жұмыс уақытына қатынасы арқылы еңбек өнімділігін есептеу мүмкіндігі болып табылады.

Қазіргі уақытта кесімді төлемақыдан мерзімді төлем жүргізу жүйесіне өту байқалуда. Іс жүзінде мерзімді төлемақы жасау жағдайында жоғары өнімділікке ынталандыратын, кесімді төлемақыға тән амалдар қолданылады. Бұл жағдайда көбінесе мерзімді төлем жүргізуге тән ынталандыру жүйесі де қолданылады.

Мерзімді төлемақы кезінде еңбек мөлшері болып жұмыс атқарылған уақыт саналады, ал еңбекақы тарифтік мөлшері бойынша немесе іс жүзінде жұмыспен өтелген уақыттың төлемі түрінде жүргізіледі.

Еңбекақыны есептеу тәсіліне қарай жай мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі сағаттық, күндік, айлық болып бөлінеді.

Мерзім бойынша еңбекақы төлеу кезінде келесі келтірілгендердің маңызы зор:

  1. жұмыскерлердің нақты орындайтын жұмысының мамандық деңгейін ескеріп дұрыс тарифтік разряд беру, себебі олардың еңбегін дұрыс бағалау осы факторға байланысты.

  2. әр жұмыскердің нақты атқарған жұмыс уақытын дәл есептеу. Мерзімді еңбекақы төлеу кезінде жұмыскердің еңбекақысы келесі түрде анықталады:

ЕА =Тм  Фуқ

мұнда: ЕА – жұмыскердің белгілі бір кезең ішіндегі еңбек-ақысы;

Тм - уақыт бірлігіндегі разрядтың тарифтік мөлшері

(теңге / сағат, ай);

Фуқ - нақты атқарылған жұмыс уақыт қоры (күн, сағат).

Мерзімді төлемақының нысандары: жай мерзімді, мерзімді – сыйақылық.

Мерзімді – сыйақылық еңбекақы төлеу кезінде тарифтік мөлшер немесе нақты атқарылған уақыт ақысына қосымша жұмыскерге жұмыстағы нақты көрсеткіштерді орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйақы төленеді:

ЕА мс = Ак  Т [1+(р + к  п): 100],

мұнда: Акбір ай ішінде нақты атқарылған жұмыс уақыт

мөлшері, адам / сағат

Т - уақыт бірлігіндегі сәйкес разрядтың тарифтік мөлшері

(теңге / сағат);

ртарифтік мөлшерге пайыздық қатынаспен берілген сыйақы

мөлшері;

Ксыйақы шарттары көрсеткіштерін әрбір асыра орындау

пайызы үшін есептелетін сыйақы, %.

п сыйақы көрсеткіштерін асыра орындау үлесі (пайызы).

Өндірістің кәсіптік арнайы ерекшеліктері мен жекелеген жұмыскер – мерзімшілердің орындайтын жұмыс сипатына қарай әр түрлі сыйақы көрсеткіштері белгіленеді.

Өндірістік және көмекші цехтарда қызмет ететін көмекші жұмыскер – мерзімшілер өздері қызмет ететін телімнің өндірістік тапсырмасын орындаған жағдайда, жұмысты өз мерзімінде және сапалы орындағаны үшін сыйақы алуы мүмкін. Сапалы көрсеткіштері үшін технологиялық құрал-жабдықтар жөндеумен айналысатын жұмыскер – мерзімшілер де сыйақыға ие бола алады.

Мысалы: Құрал-жабдықтарды күтуші слесарь Абенов жұмыс ауысымы ішінде 10 станокты тексеріп, жөндеуі қажет. Жоғары кәсіби мамандығы және арнайы аспаптар қолдану арқасында ол 12 станокты күтеді. Оның разряды - 8 – ші. Төлемақы: мерзімді – сыйақылы.

Қызмет көрсету аймағын кеңейткені үшін слесарьға тарифтік мөлшерге 30 % үстеме ақы бекітілген. Төлем Ережесіне сәйкес сыйақы 80% мөлшерде белгіленген. 2012 жыл қаңтарда Абенов толық жұмысын атқарды. 1 разряд мөлшері – 6600 теңге. Абеновтың еңбекақысын есептеу қажет.

Шешімі:

  1. 8 – разрядтың айлық тарифтік мөлшерін анықтаймыз:

6600  1,66 = 10956 теңге;

  1. Қызмет көрсету аймағын кеңейткені үшін қосымша үстеме ақы шамасы:

10956 30/100 = 3287 теңге;

  1. Қосымша ақыны қоса есептегенде:

10956 + 3287=14243 теңге;

  1. Сыйақы мөлшерін анықтаймыз: 14243  80/100 = 11394 теңге

  2. Қаңтар айындағы еңбекақысы келесіні құрайды:

14243 + 11394 = 25637 теңге.

Кәсіпорындағы кесімді еңбекақы төлеу жүйесі

Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек мөлшері жұмыскердің өндірген өнімі (атқарған жұмыс көлемі) болып табылады, еңбекақы келісілген бағамдау бойынша өндірілген өнімнің көлемі мен сапасына тікелей тәуелді болады.

Тура кесімді жүйе бойынша еңбекақы төлеуді дұрыс қолданудың негізгі шарттары келесілер:

  1. Жұмыскердің өндіріске қосқан еңбек үлесінің мөлшері мен сапасын мүмкіндігінше дәл есептеуді қамтамасыз ететін техникалық негізделген өндіру мен уақыт мөлшерлерінің болуы және олардың дұрыс қолданылуы;

  2. Тарифтік – мамандық анықтамаларына сәйкес жұмыстың дұрыс тарифтелуі;

  3. Нақты атқарылған жұмысқа қосып жазуға жол бермейтін жұмыс көлемін дәл есептеу жүйесі;

  4. Ақаулы өнім үшін төлем жүргізуге жол бермеу мақсатында орындалатын жұмыстардың сапасын қатаң қадағалау;

  5. Мүмкіндігінше бос тұрулар мен өндірістен тыс шығындарды болдырмау, бүкіл жұмыс ауысымы ішінде толық жұмыспен жүктелуін қамтамасыз ету.

Кесімді еңбекақы төлеуде жұмыскердің еңбекақысы келесі формула бойынша анықталады:

ЕАкт = Қбк  Ө

Мұндағы: ЕАкт - жұмыскердің кесімді еңбекақысы (тенге);

Қбк - өнім бірлігінің кесімді бағамы (тенге);

Өшығарылған өнім көлемі.

Өнім бірлігінің кесімді бағамы мына түрде анықталады:

Қбк = Тк  Му немесе Қбк = Тк : Мө

мұнда: Тк – уақыт бірлігіне сәйкес разрядты тарифтік

мөлшері (теңге/сағат, теңге/дана);

Му - уақыт мөлшері (сағат);

Мө - өндіру мөлшері (дана, т, кг).

Кесімді еңбекақы нысанына келесі жүйелер кіреді: тікелей кесімді, жанама кесімді, кесімді – үдемелі, аккордты – кесімді және кесімді – сыйақылы.

Еңбекақы жеке немесе топтық көрсеткіштер бойынша есептелуіне байланысты әрбір жүйе де жеке немесе бригадалық болуы мүмкін. Кесімді - сыйақылы жүйеде еңбекақы келесі түрде есептеледі:

ЕАкт = Қi  Ө (1+(р + к  п): 100,

Мұнда: ЕАктжұмыскердің еңбекақысы;

Қiі –ші өнім түрінің құны;

Өiі – ші түрлі өңделген өнім саны, табиғи бірлікпен;

Ксыйақы шарттары мен көрсеткіштің әрбір пайызын

асыра орындағаны үшін берілетін сыйақы мөлшері (%);

ртарифтік мөлшерге сыйақының пайыздық қатынастағы

мөлшері;

псыйақы көрсеткіштерін асыра орындау пайызы.

Берілген еңбекақы төлеу жүйесінде жұмыскердің еңбекақысы нақты өндірілген өнім көлеміне кесімді негізгі (тікелей) бағамға сәйкес есептелген еңбекақысы мен өндірістік тапсырманы немесе сапалық көрсеткіштерін асыра орындағаны үшін қосымша сыйақыдан құралады. Өндіріс ерекшеліктері мен орындалатын тапсырманың сипатына қарай жеке сыйақы мөлшері мен көрсеткіштері анықталады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның бірқатар мекемелерінде қолданылатын тарифсіз еңбекақы төлеу жүйесі бойынша еңбек нәтижесі мен мамандықты бағалау, еңбекақыны үлестіру арнаулы коэффициенттер негізінде жүзеге асырылады. Мұнда әр бөлімшенің еңбекақы қоры кәсіпорынның белгілі бір табыс бөлігін құрайды. Кәсіпорын басшысынан бастап жұмыскерге дейінгі еңбекақы мөлшері кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының бір үлесі болып табылады. Ол қызметкердің мамандық деңгейіне, оның еңбекке қатысу коэффициентіне және жұмыс атқарған уақытына тәуелді. Тарифсіз жүйенің негізі болып саналатын мамандық деңгейі қызметкердің іс жүзіндегі өнімділігін көрсетеді. Ол мекеменің барлық қызметкерлеріне белгіленеді.