- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
1.Еңбекақы және оның қызметтері.
2.Тарифтік жүйе.
Еңбекақы мәнін жұмыс күшінің бағасы ретінде жаңа тұрғыдан түсіну оның функциясы мен ұйымдастыру негіздерін анықтаудың жаңа тәсілдерін талап етеді.
Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысанның ашық және ойға қонымдылық қағидаларығы оның мәні жөнінде кеңінен хабардар болуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлер еңбекақы және сыйақы алу шарттарын айқын ұғынуы тиіс. Сонда ғана олар өндіріс тиімділігін арттыруға мүдделі болады.
Өндіріс тиімділігі өскен сайын нақты еңбекақының жоғарылау қағидасы қажеттіліктердің тұрақты өсіп отыратынын дәлелдейтін экономика заңына байланысты. Ол бойынша, өз еңбегі үшін материалдық игіліктерді көптеп алу мүмкіндігі кеңейген жағдайда ғана толық қанағаттану орын алады. Мұндай ұштасу болмаған жағдайда еңбексіз табылған ақшаны төлеуге, инфляцияға, нақты еңбекақы мөлшерінің төмендеуіне алып келеді. Нәтижесінде өсіп отырған қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігі жоғалады, еңбекақы жоғарыламайды.
1-кесте. Еңбекақының функциясы мен қағидалары
Қағидалары |
Функциялары |
Еңбекақы нысаны мен жүйесінің ойға қонымдылығы мен ашықтылығы |
Қайта жандандырушы |
Өндіріс тиімділігі өскен сайын нақты еңбекақы мөлшерін жоғарылауы |
Реттеуші |
Тең еңбек үшін тең төлем |
Ынталандырушы |
Мемлекеттік реттеу |
Өлшеуші- үлестіруші |
Нарықтың жұмыс күшінің әсерін есептеу |
Ресурстық – орналастыру |
Бөлшектеу |
Халықтың төлемге қабілетті сұранысын қалыптастыру |
Тең еңбек үшін тең табыс туралы қағидасы кәсіпорын ішінде бірдей еңбекке сондай мөлшерде ақы төлеу арқылы әділдікті сақтауға болатынын білдіреді.
Мемлекеттік реттеу қағидасы бойынша еңбекақы саясатының басты бағыттары мен әлеуметтік нормативтер мемлекеттік деңгейде жасалынуы тиіс.
Бұдан бұрын, еңбекақы кәсіпорынның шаруашылық табыс есебінің бір бөлігі түрінде түсіндірілген кезде оның бөлшектеуі, көп зерттеушілердің пікірінше, еңбектің күрделілігіне, жағдайларына, халық шаруашылығының маңыздылығына, жұмыскердің негізгі нәтижеге қосқан еңбек үлесін бағалау түрлеріне қарай анықталатын.
Еңбектің күрделілігі бойынша бөлшектеу қағидасы бойынша алсақ, неғұрлым еңбек күрделі болған сайын қарапайым жұмысқа қарағанда соғұрлым жоғары құн түзейді. Бұл қортындыны қостайтын батыстық экономистер оны әр түрлі топтағы жұмыскерлердің дайындық деңгейі мен қабілеттерінің айырмашылығы деп атайды.
Еңбек жағдайының айырмашылықтары әр түрлі дене энергиясының шығынын талап етеді, демек, тиісінше жұмыс күшін жандандыруға ықпал етеді.
Еңбекақының аумақтық бөлшектеуі негізінде жұмыс күшінің баға деңгейіне ықпал ететін экономикалық, табиғи – ауа райлық, әлеуметтік, экологиялық сияқты факторлар жатады. Қазақстанның аумақтық көлемін, оның әрқилы табиғи – географиялық және ауа райлық жағдайларын ескере отырып, олар жұмыс күшін жандандыруға әр түрлі дәрежеде шығындар қажет етеді, демек, бөлшектеудің ақиқаттык өлшемі болып табылады деуге болады.
Осылайша еңбектің күрделілігі, шарттары мен аумақтық қолдану арасындағы айырмашылықтар еңбекақы бөлшектеудің ақиқат белгілерін бейнелейді. Кейбір батыс экономистері еңбектің халықшаруашылықтық маңыздылық факторы (салааралық айырмашылқтар) мен қызметкердің еңбектік үлес нысандарының негізгі нәтижеге ықпал ететінін жоққа шығарады. Себебі бұл тәуелділік еңбекақының айнымалы бөлігінде, яғни әр түрлі сыйақы тағайындау жүйелерінде көрініс табады.
Әлеуметтік шектеулер (жынысы, нәсілі, жасы бойынша) біздің елімізде маңызды мәселелердің қатарына жатпайды.
Қайта жандандыру функциясы тіршілік қажеттерін қанағаттандыру және жұмыс күшін қайта жандандыру қаражаты болып есептеледі, сондықтан еңбекақыны төлеудің абсолюттік деңгейін белгілейді. Қазіргі кезде физиологиялық ең аз мөлшерге сәйкес есептелген еңбекақының ең төмен деңгейін бекіту жүзеге асырылуда, мұның өзі экономиканың дағдарыстық күйін көрсетеді. Қалыпты жағдайда аталмыш деңгей тұтыну себетіне кіретін тауарлар мен қызметтер бағасына сәйкес келуі тиіс. Оның ішіне тек физиологиялық қажеттер ғана емес, сонымен бірге, қызметкердің шығармашылық әлеуетін дамыту мен мамандығын арттыруын қамтамасыз ету құны да кіруі қажет. Осыған байланысты, жұмыс күшінің құны деген ұғымның теориялық қана емес, тәжірибелік мәні де арта түсуде. Тәжірибе бұл құнның әр түрлі аймақтарда әр түрлі болуына байланысты әр аймақты жеке түрде қарау қажеттігін көрсетеді. Жеке алғанда, қолайсыз табиғи – ауа райлық жағдайы бар облыстар үшін еңбекақы деңгейін арттыратын аймақтық коэффициенттер енгізудің керектігі туындайды.
Еңбектік төлемақының реттеушілік функциясы ең төмен еңбекақы мөлшерін мемлекеттік реттеу арқылы, Біртекті тарифтік кесте құру ара қатынасына, персоналдың қалыптасуына, жұмыскерлер саны мен олардың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуіне әсер ету арқылы байқалады. Жұмыскер мен жұмыс берушінің мүдделерін қорғауда тепе-теңдік рөлін атқара отырып, ол жандандыру және ынталандыру қызметінің арасында тиісті орын алады. Реттеу салааралық және бас тарифтік келісімдерде және мекеменің ұжымдық келісім – шарттарында жүзеге асырылады. Мұндай ереже еңбекақы мөлшерін кәсіби – салалық, мамандық және әлеуметтік – демографиялық белгілері бойынша өзгертуге қолданатын ортақ амалдарға байланысты болады. Еңбекақы төлемін реттеудің басты міндетіне еңбекақы төлеуде экономика, өндіруші және өндеу салаларында, өндірістік және өндірістік емес салалар арасында экологиялық және әлеуметтік өлшемдерге сәйкес арақатынасын анықтау, сондай – ақ салаішілік реттеу кіреді. Реттеушілік функцияның рөлі, оны жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға ықпал ету тұрғысынан және олардың еңбек әлеуетін пайдалану жағынан алғанда, ұжымдық және жеке еңбек келісім- шарттарына сәйкес өндірістік тапсырманы орындау үшін персоналдың оңтайлы құрамын анықтау кезінде кәсіпорынның күнделікті шешетін мәселелерінен көрініс табады.
Ынталандырушы функциясы өндірісте жоғары нәтижеге ұмтылуын материалдық тұрғыдан ынталандыру арқылы жүзеге асырылады, оның мақсаты – еңбекақыны еңбектің көлеміне, сапасы мен нәтижесіне сай белгілеу. Бұл әдіс теңгермешілік ақы төлеу әдісіне қарама – қарсы қойылады, теңгермешілік әдіс жұмыскердің еңбек және шығармашылық әлеуетін толығымен пайдалануына кедергі жасайды және кері ынталандырады.
Сондай – ақ, бұл функция еңбекақы еңбек тиіміділігі мен өнімділігін арттыруға себепші болуға тиісті. Сонымен қатар, ол әділ болып көрінуі керек. Демек, кәсіпорындағы еңбек тиімділігі мен ұжымда қалыптасқан әлеуметтік – психологиялық атмосфера бойынша, соның ішінде еңбектік қақтығыстар (кикілжіңдер) болу – болмауыны қарай еңбекақы төлемінің әсерлі жүйесі туралы тұжырым жасауға болады.
Өлшеуші - үлестіру функциясы өндірістік үдерістің әрбір қатысушы мүшесінің еңбекақыға арналған қаражаттағы жеке үлесін анықтау жолымен өнім шығаруға затталған еңбек мөлшерін көрсетуге арналған.
Ресурстық – орналастыру функциясы еңбек ресурстарын аймақтар, салалар мен кәсіпорындар (мекемелер) бойынша оңтайлы орналастыруды білдіреді. Бұл функцияның мәні айтарлықтай өсіп келеді. Еңбек ресуртарын орналастыру саласына мемлекеттің аз кірісіп отырған жағдайда, ал тиімді жұмыс күші нарығын түзу енді ғана басталып жатқан уақытта қызметкердің өзінің өмір сүру деңгейін жоғарылатуға талпынуы сол қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жұмыс орнын іздеп, орын ауыстырып отыруға мәжбүрлейді.
Халықтың төлемқабілетті сұранысын қалыптастыру функциясы – сатып алушылушыларды ақшалай қаржылармен қамтамасыз етілген төлемқабілетті сұранысты тұтыну тауарларын өндірумен ұштастыру болып табылады. Төлем қабілетті сұраныс қажеттілік пен табыстың әсерінен құралатындықтан, еңбекақы арқылы нарықта тауар ұсынысы мен сұранысы арасындағы ара қатынасы белгіленеді
Еңбекақы төлемі жұмыс күшінің құны ретінде қалыптасуын, яғни еңбекақының төлем мөлшерлерін белгілеуді жүзеге асыратын тетік келесі негізгі элементтерден құралады:
жұмыс берушінің өкілдері мен қызметкерлердің өкілдері арасындағы келіссөздер еңбек төлемақы шарттарын алдымен еңбекақы мөлшерлері жөнінде жүргізіліп, осы шарттарды бекітетін арнайы келісім – шарт түзіп, оның қабылдануымен аяқталады;
ең төмен еңбекақы мөлшерін бекіту, инфляция әсерінен нақты еңбекақы деңгейінің төмендеуін болдырмайтын, кәсіпорын банкротқа ұшыраған жағдайда еңбекақының төленуін қамтамасыз ететін секілді, еңбекақыны нарықтық экономикадағы жағымсыз құбылыстардан қорғайтын мемлекеттік кепілдікдер жиынтығы;
бюджеттік проблемаларды шешу үшін қызметкердің еңбекақысын оның табысы ретінде реттеу, нақты алынған еңбегі үшін алынған ақысы еңбек құнынан шектен тыс айырмашылығы болмауды қамтамасыз ететін салық тетігінің болуы;
қызметкерлер еңбегін өтеу деңгейі мен динамикасы және жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған өзге де шығындары жайлы есеп беру арқылы қызметкерге де, жұмыс берушіге де келіссөздер барысында белгіленген еңбекақы мөлшерлері бойынша төленетін нақты еңбекақы мөлшерінің ауытқу деңгейін білуге болады, соның арқасында еңбекақыны өзгерту қажеттілігі пайда болады.
Келтірілген еңбекақы төлемінің қоғамдық ұйымдастыру элементтерін кез – келген нарықтық экономикасы бар елден көруге болады. Олардың, әрине, көріну нысандары әр елдің жалпы экономикалық даму деңгейіне, дәстүрлерінің ұлттық ерекшеліктеріне, бір жағынан қызметкердің, екінші жағынан – жұмыс берушінің мүддесін қорғайтын ұйымдардың даму деңгейіне сәйкес болып келеді.
Нарықтық экономикалы елдерде қызметкерлер мен жұмыс берушілердің екі деңгейлі қарым – қатынасы айқын көрінеді. Бірінші деңгей – олардың еңбек нарығындағы қарым – қатынасы. Мұның нәтижесінде еңбекақы мөлшері белгіленіп, жұмысқа жалдау үшін келісім – шарты түзіледі. Екінші деңгей – кәсіпорын ішіндегі қызметкер мен жұмыс берушінің қызметкерді өндірістік үдерісте пайдалану, оның атқарған жұмысын жалдау шарттарына сәйкес бағалау мен ақысын төлеу. Бұл деңгейдің нәтижесінде әр жұмыс орнындағы қызметкердің еңбегінің көлемі бойынша еңбекақы мөлшерін көрсететін еңбекақы төлеу жүйесі құрылып, қызметкердің орындаған жұмысына сәйкес еңбекақы төленеді.
