- •№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
- •№2 Лекция. Кәсіпорындарды басқарудың шет елдік тәжірибелері
- •№3 Лекция. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
- •№5 Лекция. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •№6 Лекция. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары
- •№7 Лекция. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •№8 Лекция. Еңбекті нормалау
- •Ағындық сызықтың (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
- •№10 Лекция. Өндірістік ағын
- •№11 Лекция. Еңбекақыны ұйымдастыру
- •№12 Лекция. Жұмысшылардың еңбекақы түрлері мен жүйесі
- •№13 Лекция. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •№14 Лекция. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру, қолданылатын көлік құралдарының түрлері
- •№ 16 Лекция. Кәсіпорын қызметін нарықтық экономика шартында жоспарлау
- •№17 Лекция. Өнімді өндіру және өткізу жоспары
- •№18 Лекция. Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •№ 19 Лекция. Өндірісті ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін көтеруді, техникалық дамуын жоспарлау
- •№20 Лекция. Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •№21 Лекция. Материалды - техникалық жабдықтаудың жоспары
- •№22 Лекция. Өндірісті материалдық - техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •№23 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар
- •№24 Лекция. Жалақы және еңбек бойынша жоспар.
- •1.Еңбек, кадрлар және жалақы бойынша жоспардың жылдық жоспардың басқа бөлімдерімен байланысы
- •№25 Лекция. Өндіріс рентабельділігі және табыс,
- •Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар
- •№26 Лекция. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны
- •№27 Лекция. Кәсіпорынның қаржы жоспары
- •№28 Лекция. Табысты пайдалану бағыттары
- •№29 Лекция. Бизнес - жоспардың құрамы мен құрылымы
- •№30 Лекция. Бизнес-жоспарды жасаудың тәртібі және оны безендіру
№1 Лекция. Курс пәні мен мазмұны
1.Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын ұйымдастыру мен жоспарлау жолдары, формалары және әдістері.
2.Олардың алдында тұрған негізгі міндеттері, даму зандылықтары.
Нарықтық қарым-қатынас жағдайында экономикалық іс-әрекеттің басты бағыты ұлттық экономиканың негізгі бөлігі болып саналатын кәсіпорынға ауысып отыр.
Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге кабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен барынша көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Өнеркәсіптік кәсіпорнының функциялары мыналар:
• өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
• тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
• өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
• кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
• кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және басқару;
• кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
• кәсіпкерлік;
• салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқада қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;
мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны өндірісті автоматтандыру арқылы ғылыми- техникалық өзгерістер жағдайында даму .
Әрбір өнеркәсіптік мекеме өзінің қызметкерлерінің және оның отбасы мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік бөлімшелерден: шаруашылықтарға қызмет ету цехтары мен телімдерінен, басқару, ұйымдастыру органдарынан тұрады.
Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерге қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өндіріп шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері – цехтар, телімдер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер (өндірістік үдеріске тікелей немесе жанама түрде қатысатын), олардың арасындағы өзара байланыстардың барлығы оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, берілген материалдық өндірістің техника-экономикалық және экономика –географиялық деректері негізінде техника мен табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігін анықтайды.
Ұтымды өндірістік құрылымды құру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
кәсіпорын цехтарының құрамы, қуаты берілген өнім көлемін дайындауды қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленеді;
әрбір цех және қойма үшін аудан көлемі есептеліп, олардың кәсіпорынның бас жоспарында кеңістіктік бойынша орналасуы анықталады;
кәсіпорын ішіндегі барлық көліктік байланыстары, олардың жалпы мемлекеттік (кәсіпорыннан тыс) жолдарман өзара қатынасы жоспарланады;
өндірістік үдеріс барысында еңбек заттарының цехаралық қозғалысының ең қысқа маршруттары белгіленеді.
Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады, оларда негізгі өнім (кәсіпорын шығаратын), жабдықтаушы өнімдер (сырттан әкелінетін), материалдар мен жартылай фабрикаттар, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер, бақылау- тексерулерден, сынақтардан өтеді, технологиялық мақсатқа әр түрлі энергияны пайдаланады.
Жұмыскерлерге қызмет көрсетуші бөлімшелеріне тұрғын үй-коммуналдық бөлімдер, олардың қызметтері, фабрика-асхана, буфеттер, бала-бақша (ясли), санаторий, пансионаттар, демалыс үйлері, профилакторий, медициналық санитарлық бөлімшелер, еркін спорттық қоғамдар, техникалық оқыту бөлімдері және жұмыскер, инженер-техникалық қызметкерлер, қызметкерлердің біліктілігін, мәдени деңгейін жоғарылатумен шұғылданатын оқу орындары кіреді.
Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех саналады (цехсыз басқару құрылымды кәсіпорындарынан бөлек). Цех- жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін (өндіріс кезеңін) орындайтын, әкімшілік қатынастағы жеке буын.
Цехтар толық құқылы бөлімше болып табылады, олар өз қызметін шаруашылық есеп қағидалары негізінде жүзеге асырады.
Цехтар, әдетте, төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші, қосалқы.
Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім дайындау операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және құрастырушы болып бөлінеді.
Дайындау цехына құйма, ұсталық- штамптаушы, ұсталық-престеу, кейде конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады;
Өңдеу цехына – механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу, гальваникалық, бояулау және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру цехына - өнімді агрегаттық және соңғы жинау, бояу, қосалқы бөлшектер мен алмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.
Жоспарлау жүйесін жасай отырып, әрбір кәсіпорын келесідей тұғырманы анықтауы қажет: 1)жоспарлауды ұйымдастыру мақсаты; 2)жоспарлаудың уақытша мүмкіншілігі; 3)жоспарлы құжаттардың қажетті түрлерін жасау; 4) жоспарлау әдістемесін таңдау; 5) жоспарлау технологиясын анықтау. Жоспарлау мақсаты жоспарлаудың негізгі міндеттеріне, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің ерекшелігіне байланысты болады. Мақсатты қою жоспарлау мүмкіншілігін таңдауға тәуелді. Кәсіпорынның уақытша таңдап алған мүмкіншілігіне байланысты стратегиялық мақсаттар анықталады немесе таңдап алынған даму стратегиясына сәйкес оларды бөлшектейді. Кәсіпорындағы жоспарлау әдістері – бұл жоспарлы көрсеткіштері есептеуді және анықтаудың нақты тәсілдері мен әдістері. Кәсіпорында қолданылатын жоспарлаудың келесідей әдістерін бөліп көрсетуге болады:
-нормативті әдіс (бекітілген мөлшерлер мен нормативтер негізінде кәсіпорынның материал, қаржы, еңбек ресурстарына қажеттіліктер есептеледі, сондай-ақ осы қажеттілікті жабу көздері анықталады);
- есептеу-талдамалық әдісі (базалы көрсеткіштің сандық мәні мен жоспарлы кезеңдегі оның өзгеру индексін талдау негізінде, көрсеткіштің жоспарлы мәні анықталады; бұл әдіс көрсеткіштер арасындағы тікелей емес, жанама өзара байланыс болғанда қолданылады );
- теңдестіктік әдіс (материалды, еңбек, қаржы теңдестіктерін құру кезінде бар ресурстар мен оған деген нақты қажеттіліктің байланысына қол жеткізіледі);
- жоспарлы шешімдерді тиімді ету әдістері (дамудың бірнеше нұсқасын жасау және оның ішінен неғұрлым тиімдісін таңдау);
- экономика-математикалық үлгілеу (экономика-математикалық әдістерді пайдалану және корреляциялық байланыстар мен тәуелділіктер негізінде үлгілер құру). Кәсіпорында жоспарлау өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады. Олар ұйымдастырушылқ түрлерінің әр түрлілігімен ерешеленеді. Басқару жүйесінің үш негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: 1) орталықтанған; 2) орталықсыздандырылған; 3) аралас, екі жүйеніңде элементтері бар.
Басқару жүйесі орталықтанған ірі кәсіпорындарда (корпорацияларда) өндірісті басқару және жоспарлау функциялары да орталықтанған болады. Жоғары жетекшілікте жоспарлаудың орталықтанған қызметі болады. Бұл қызмет тікелей бас директорға (президентке) немесе бас директордың орынбасарына (вице президентке) бағынады және болашақтағы және ағымдағы жоспарларды жасаумен айналысады.
