Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚИМЫЛ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.1 Mб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы.......................7

1.2 Ересектер тобында қимылды ойындарды ұйымдастыру

және өткізудің әдіс-тәсілдері.................................................................................9

1.3 Ересектер тобында өткізілетін қимылды

ойындарының мазмұны........................................................................................14

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................25

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады. Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді.

Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту балалардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.

Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған.

Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.

Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.

Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын қимылды ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде қимылды ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов т.б. болды делінген.

Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қимылды ойындар тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.

М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл қозғалыстарды дамыта аласыңдар.

    Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді.

  Қимыл-қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл –қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады . Сонымен бірге        бір-бірімен байланыс жасап ,тіл табысуға көп көмегін тигізеді.

Зерттеу жұмысының міндеті:

  1. Қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;

  2. Қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;

  3. Денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;

  4. Қызығушылығын қалыптастырып дамыту;

П.Ф.Лесгафт « Ойынның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп отыруы үшін ойын керек» деді.

«Бала ағзасы үшін ұйымдастырылған қимыл-қозғалыстардың маңызы зор», деп жазады Ж.Д. Демеуов .

Бала қозғалысы туралы Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Адам  денесі  қозғалуды  тілейді. Адам неғұрлым  жас  болса, соғұрлым  қозғалуды  көп  тілейді. Екі  жастағы  дені  сау  бала  бір минут  тыныш  отыра  алмайды. Күні  бойы  шаршау  білмейді, ойнайды  да жүгіреді».

Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: «Дене тәрбиесі - қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі» ретінде айтқанда, біз тәнді жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз.

Кеңес замынындағы педагогикада балалардың қозғалмалы ойындарының классификациясы туралы мәселелер Н.К.Крупскаяның еңбектерінде қарастырылған. Ол өзінің мақалаларында ойындарды балалар өздері ойлап шығаратын (ерікті, өз бетінше, шығармашылық) және дайын ережелері бар ұйымдастырылған ойындар деп бөліп көрсеткен.

Ережесі бар ойындар алғаш рет халық педагогикасында пайда болды. Олардың құндылықтары туралы жазушы К.Д.Ушинский былай деп жазды: «Балаларға арнап ойындар ойлап табу, меніңше, ересектер үшін аса қиын міндеттердің бірі... Халық ойындарына назар аударып, осы бай қайнарды өңдеп, оларды ұйымдастырып және олардан құдіретті де құнды тәрбие құралын құру - болашақтағы педагогиканың міндеті»

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы

Дене шынықтыру пәнінің белгілі бір теоритиктері П.Ф.Лесгафт және В.В.Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасы бекіп, ағзаның қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауында қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше. Сонымен қатар, қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық-қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез дұрыс шешім қабылдау т.б.) әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс саналы түрде балаға жеткізіп, қайталатуды бірнеше күн әдетке айналдырғанда бала ағзасындағы зат алмасу, барлық органдар мен дене құрылымындағы жалғасып жатқан нерв жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Негізінен, баланың өсуіне жақсы әсерін тигізетін қозғалмалы ойындар ауада немесе далада ойнайтын ойындар. Қозғалыс барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіне деген қажеттілік артады. Осы ойындардың арқасында баланың көңіл-күйі эмоциясы жоғарылап, оның нерв жүйесін бекітеді.

Қозғалмалы ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына, немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.[14.145 ]

Балалардың жоғарғы тыныс жолдары тар, олардың шарышты қабаттары лимфа және қан тамырларына өте бай болғандықтан қолайсыз жағдайларда ісініп тынысы жедел тарылтады. Қабырғалардың тегіс орналасуына байланысты тыныс жеңіл және жиі алынады (емшектегі балаларда минутына 35-40 тыныс қимылы, 7 жастағы балаларда минутына 26-27 тыныс қимылы жүреді). Одан басқа балаларда дем алу мускулатурасы әлсіз. Өкпе ткані өте нәзік себебі функционалды тұрғыдан ол әлі жетілген жоқ. Баланың кеудекуысындағы қозғалыс шектеулі. Олардың тыныс алу жүйесіндегі осындай ерекшеліктіұсына отырып, сәбилерге мұрын арқылы ауа жұтуды үйрету керек. Мұрынның ішкі жағы шырышты қабатпен қапталған қалың қан тамырларымен жабылған.

Балалардың дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Осы жас ұрпақтың дене жетілдіруінде бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында жеңіл атлетика, гимнастика, қимылды ойындар ерекше орын алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл-қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.

Қазақстан елінде дене шынықтыру мен спортты дамытуда тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүр негіздерінің талаптарын жақындастыра отырып, қазіргі білім беру жүйесіне, яғни дене тәрбиесі сабақтарына қозғалмалы ойындарда енгізу болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындар үнемі қимыл-қозғалыста болуды талап етеді және дене дайындығының көрсеткіштерін жақсарту үшін қолданылады. [1.154]

1.2 Ересектер тобында қимылды ойындарды ұйымдастыру және өткізудің әдіс-тәсілдері

3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.

Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтан да қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Адамның денесі мен ақыл-ойының дамуына дене қозғалысы күшті әсер етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы нашарлайды және кешігеді.

Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру және спорттық жаттығулар белгілі еңбек әрекеттері жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі баланың өз тарапынан жасаған қосымша қозғалыстары жатады.

П. Ф. Лесгафт мектепке дейінгі балалар үшін қозғалмалы ойындарды екі топқа бөлді.

1. Қарапайым немесе жекелеген. Бұл ойындарда әрбір бала жеке әрекет етіп, ойын ережесіне сәйкес өз әрекеттеріне ғана жауап береді.

2. Күрделі ойындар (топпен). Мұнда әрбір бала ойын ережесіне сәйкес тобы үшін талпынып, жарысу сезімдері басым болады.

Қозғалмалы ойындар әр түрлі параметрлері бойынша жасына қарай, баланың қозғалу дәрежесіне қарай (кіші, орта, үлкен қозғалыстағы ойындар), қозғалыс түрлеріне қарай (жүгіру, лақтыру және т.б.), мазмұнына қарай (спорттық ойындар және ережесі бар қозғалыс ойындары) болып топтастырылады. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінде келесі ойындар топтамасы қабылданған. Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетті емес ойындар жатады. Сюжетті қимыл-қозғалысты ойындардың шартты түрінде өмірдегі немесе ертегілік эпизодтағы ойындарды қамтиды.

Сюжетті емес қимыл-қозғалысты ойындарға қызықты, мақсатқа жетуге бағыттайтын қозғалмалы ойынды тапсырмалар жатады, олар ойындардың түрлеріне қарай бөлінеді: жүгіріп өту, қағып алу; жарыс элементтері бар ойындар, құралдармен ойнайтын ойындар.

Қимылды ойындар күннің әр мезгілінде және дене шынықтыру сабағында өткізіледі. Тәрбиешінің балалар тобына арнап ұйымдастырған қимылды ойындарының ұзақтығы 10 минутқа дейін болады.

Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылып, мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Таңертеңгі жаттығулар.

2. Қимыл – қозғалыс ойындары, спорттық ойындар

3. Спорттық жаттығулар

Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап Күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар) өткізіледі.

Таңертеңгі асқа дейінгі ойын, әдетте, балалардың шағын тобына арналған жеке қимылды ойындар да болады. Мұндай ойындар көбінесе қызу қимылды қозғалысқа толы. Балаларды таңертеңгі гимнастикаға дайындау және соған қатыстыру оларды ұйымдастырудың әдеттегі күн тәртібіне баулудың жақсы жолы болып табылады.

Таңертеңгі уақыт тәбиешінің қимылы баяу балаларға көбірек көңіл бөлуіне де қолайлы. Әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың біреуімен ол доп ойнайды, басқасына секіргішпен секіру әдістерін үйретеді және т.б. Таңертеңгі тамақтан кейін, егер алдағы сабақ баланың ұзақ, бір қалыпта отыруын және терең зейін сала жұмыс істеуін ( сурет салу, жабыстыру, оқу, санау т.б) талап етсе, онда балалардың тек жеке және шағын тобы ғана бірігіп ойнайтын, баяу қимылды қажет ететін ойындар пайдалы (шеңберге доп лақтыру ойындары т.б).

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай сабаққа дайындау кіріспе бөліміне оның мақсаты балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.

Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне мән берілуі керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл дағдыларды қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды, оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді талап етеді.

Дене шынықтыру негізгі оқу іс-әрекеті болғандықтан ертеңгілік мезгілде өткізіледі. Дене шынықтыру өткізілетін орын ауа–райы жылы кезде аулада, қыс мезгілдерінде залда өтіледі. Дене шынықтыру басталардан бұрын залдың едені сүртіліп, құрал – жабдықтар дайындалады.

Қорытынды бөлімде де қимыл қозғалысы аздау ойын жоспарланады. Жалпы жетілдіруші жаттығу жасарда тәрбиеші негізгі қалыпқа көп көңіл бөлуі керек. Егер өзгертпей көбіне тік тұрып жасаса, балаларды жалықтырып жіберуді мүмкін. Сондықтан әр түрлі жағдайда (тұрып, отырып, жатып) жасайтын жаттығулар жоспарлау қажет. Жалпы жетілдіруші жаттығулар үшін (жалаушалар, доптар, кубтар, секіргіштер, құрсаулар, таяқтар) пайдаланылады. Сонымен қатар үлкен көлемдегі құрсаулар, арқан, гимнастикалық орындықтар пайдаланылады. Балалар негізгі қалыпқа дұрыс тұрулары керек, жаттығулардың жасалу техникасын дұрыс орындаулары керек, тәрбиешінің нұсқауымен қимылдап, барлық бала бірдей қимылдаулары керек. Балаларға таныс жаттығуларды тәрбиеші көрсетпей-ақ ауызша да айтуға болады, ал қимылдау жаттығуларды тәрбиеші көрсетеді, кейін балалар жасайды. Оқу іс-әрекет қызықтырақ өтсін десе жаттығуды жақсы орындайтын бір баланы алға шығарып, тәрбиеші нұсқау беріп тұрады.

Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде балалардың ақыл-ой тәрбиесі ғана жетілмейді, адамгершілік қасиеттері де қалыптасады, балалар ойын кезінде рөлдерге бөліседі, ұйымдастырушылық қабілеттері жетіледі, жарыс кезінде өздерін ұстау қабілеттері дамиды. Допты лақтырып, қағып алу, допты бір – біріне лақтыру, ұзындыққа секіру, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп мініп түсу; гимнастикалық орындық үстінде тепе – теңдікті сақтап жүруге үйрету. Дене шынықтырудан үйренген қимыл - әрекеттер серуен кезінде, спорттық шараларда жетілдіріледі. Дене шынықтыруды өткізген кезде балалардың жарақат алмауын баса қадағалау қажет.

Бала ағзасындағы мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін таза ауадағы дене шынықтыруға көп көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене тәрбиесінің құрамы бағдарламалық материалдардан құралады. Таза ауадағы дене шынықтыру жүгіруден, жеке және топталған әдістерден тұратын ерекше қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен эстафеталардан тұратын қимыл – қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі. Таза ауадағы дене шынықтыруда балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірін – бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет.

Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық жағдайға сай жабдықтануы керек. Балабақшада әртүрлі өрмелеуге арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған орындықтар болу керек. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті балабақша медбикесінен алу қажет. Егерде операция жасалған немесе бір жері қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып, жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып, тексеріп тұрады.

Белсенді қимыл-қозғалысты әрекет әсіресе таңертеңгі және кешкі серуен кезінде қажет. Тәрбиеші спорттық жаттығуларға да қатысуы үшін балалардың серуен кезінде әр түрлі: құрылыстар салу, сюжетті рөлдік, қимылды ойындар ойнауын қадағалайды.

Тәрбиешінің алаңда қимылды ойындарға басшылық жасауы мынадай екі бағытта жүргізіледі. Тәрбиеші қимылды ойындар үшін балалардың өздерінің қызығуы бойынша шағын топтарға бірігуін ұсынады, өз іштерінен ойын жүргізушіні таңдауға көмектеседі, ойын ережелерін естеріне түсіреді, балалардың өздері бастаған ойындарын мадақтайды, мұндай ойынға байсалды, тұйық балаларды тартуға көмектеседі. Сонымен бірге тәрбиеші тәрбие жұмысы жоспарына сай күнделікті серуен кезінде бір немесе бірнеше қимылды ойындар өткізеді. Ересек балалар тобында ұжымдық қимылды ойындар ұйымдастыруға көп уақыт кетпейді. Бұл ойындарды балалар жақсы көреді және олармен шартты белгі бойынша ойынға жиналу туралы алдын ала келісуге болады.

Балаларды ойынға толық қатыстыру үшін тәрбиешінің балаланың ойынға деген шығармашылық қабілетіне құрметпен қарау керек. Егер балалардың біреуі өз ойындағы бір ойынды ойнағысы келсе, оны қимылды ойынға қатысуға мәжбүрлеуге болмайды. Онымен кейінірек жеке ойнауға болады. Бірақ мұндай ұжымдық қимылды ойыннан бас тартуды, баланың әдетіне айналып кетпеуіне көңіл бөлу керек.

Серуен кезінде тәрбиеші, күннің басқа мезгіліндегі сияқты, балалардың әр түрлі ойыншықтармен, жеке және шағын топ болып ойын жаттығуларын өткізуді мадақтап, сондай-ақ секіріп немесе өрмелеп, алысқа лақтырып және тағы басқа балалардың қалайтын қимылдарына жаттығуларын қолдап отыруы керек. Көңіл көтеру ретіндегі ойындар және әр түрлі аттракциондар көбінесе күннің екінші жартысында ұйымдастырылады. Ойынды ұйымдастыруға және оны өткізуге балалардың өздері көбірек қатыстырылады.

Пәндік сабақ кезінде тәрбиешінің ұйымдастыруымен бірнеше қарапайым дене шынықтыру жаттығуларын орындауға болады. Мұндай жаттығулар кезіңде бөлменің ішінде көп қозғалыс жасау көзделмейді, олар үстелдің басында, орындықтың үстінде немесе олардың арасында жасалады. Сабақ арасында дене шынықтыру жаттығуларымен көп айналысып кетпеу керек. Балаларда да, тәрбиешіде де араласып әңгімелесуге, пікір алысуға, кезекті сабақта әзірленуге жеткілікті бос уақыт қалуы керек.

Қимылды ойындардың ерекшеліктері - осы жас тобындағы балалардың ой-өрісінің кеңеюіне байланысты қимылды ойындардың мазмұны да күрделене түседі. Оларға балалардың кітаптан, ата-аналарының, тәрбиешілерінің әңгімесінен, кинофильмнен таныс жаңа сюжеттер мен образдар енгізіледі. Кейбір ойындарда әр түрлі мамандықтардағы адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым-қатынасы бейнеленеді («Өрт сөндірушілер үйренуде», «Аңшылар мен қояндар»).

Шығармашылық рөлді ойындарда қазіргі қоғам өмірінің айқын оқиғаларын бейнелеу жиі қайталанады. Балалар ғарышкер болып ойнағанды, Айға зымыран жібергенді, әр түрлі елдерге саяхат жасағанды жақсы көреді. Бұл ойындар қызу қимылға толы болады, сондықтан олар балалардың дене тәрбиесінде бағалы орын алады. [14.177]