Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kompyuterlik_zheliler_Kurs_Zh_1201_m_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

2.Модемдік байланыстар

Егер де компьютер белгілі бір ақпаратты алмастыру кезінде телефондық құрылғыларды пайдаланса, онда осы жерде модем де қолданылуы тиіс. Модем ақпараттарды цифрлық түрге келтіріп, алмастырады. Осы кезде барлық ақпарат шыға берісте модуляцияға ұшырайды. Ал кірген кезде керісінше, демодуляцияналады. Осыдан бұл құрылғы модем деген атқа ие болып кеткен.

2.1. Модемдік байланыстар туралы жалпы түсінік

Модемнің негізгі қызметі болып сигнал табылады. Ол сигнал компьютерден келіп түсіп (нольдер мен бірліктердің салыстырмасы) телефондық линияның қуатына сәйкес орнықтырылған электрлік сигналға айналады. Бұл каналды модем екіге бөліп қарастырады:

  1. Төмен жиілік

  2. Жоғарғы жиілік

Төменгі жиіліктегі сызық ақпараттарды алмастыруға бағытталса, жоғарғы жиілік сызығы ақпаратты қабылдайға бейімделген.

Ақпаратты кодтаудың көптеген түрлері қолданылады, оның ең атақтысы болып FSK (Frequency Shift Keying) әдісі қолданылады. Ол ақпаратты алмастыру кезінде 300 бод-қа (бод – ақпаратты алмастыру жылдамдығының өлшем бірлішгі) дейін жетеді.

Модемнің контроллері – арнайы құрылған микрокомпьютер. Оның типтері: SC1107 немесе SC1108, осы типтің қайсысын алып қарастырсақ та, оның сегізразрядты АЛУ, ПЗУ, ОЗУ, таймер, командалық регистр, үздігу контролеры, стек, шығару енгізу порты.

Егер де модемнің платасы ДК шинасына қосылса, онда SC1107 параллельді контроллер бірден қолданылады.

Егер де модемнің платасы RS232 құрылғысын қолданылса, онда SC1108 тізімдік контролері пайдаланылады.

    1. Модемдердің атқаратын қызметтері

Жоғарыда айтып кеткенімдей, модем ақпаратты алмастыруға арналған арнайы құрылғы.

Жалпы модем негізінен 3 түрлі қызмет атқарады:

1. Файлдарды алмастыру;

2. Электрондық хабарлама;

3. Электрондық почта.

Файлдарды алмастыру.

Кейбір кезде белгіілі бір файлды лезде басқа қаладағы не аймақтағы фирмаға беріп жіберу жағдайлары туындайды. Осы кезде модемдік байланысты қолдану керек. Модемдік байланыстардың көмегімен кез келген компьютерді қолданушы өз ақпаратын басқа қолданушыға жібере алады.

Электрондық хабарлама

Модемнін екінші атқаратын қызметі электрондық хабарлама болып табылады. (Bulletin Board System) Оларды физикалық жағынан қарастырғанда ДК қуаттылығы айқын көрінеді. BBS желісі көптеген қажетті ақпараттардан құралады, оған: көптеген үлкен көлемді бағдарламалар кіреді, айтылған бағдарламалар әртүрлі тематикаға бөлініп, логикалық тұрғыдан қарастырылады. Оn-line режимінде жұмыс істей отырып, біз ұсынылып отырған файлдардың тізімімен танысып, сондай – ақ оларды өзіміздің дискімізге көшіре аламы. Сонымен қатар BBS аймағында берілген станцияның қолданушылары бір – бірімен ақпараттарды алмастыра алады. Сондықтан, осы жерге көптеген хабарламаларды, ПО іздестіру туралы хабарламаларды, т.б. енгізуге болады.

2.1.1-сурет Модем драйверлерін компьютерге орнатудағы қадамның бірі

Электрондық почта

Модемнің үшінші қолайлы және ұтымды қызметі –электрондық почта. Бұл компьютерлік қарым – қатынас жасаудың әмбебап түрі. Электрондық почта арқылы көптеген хаттарды, сонымен қатар құжаттарды, ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге оңай көшіруге болады.

Электрондық почта – ақпарат алмасудың глобальді жүйесі, осы жерде компьютерлер әр түрлі конфигурацияда бола отырып, әртүрлі ақпаттарды бір – біріне тарата алады.

Модемді орнату үшін келесідей амалдар орындалуы қажет:

Пуск- Настройка – Панель управления – Модем

Модем батырмасын тышқанмен басып, Установить модем деген команданы орындаймыз. Одан кейін келесідей терезе шығады:

Далее командасын орындағаннан кейін төмендегідей терезе экранға

ш ығады:

2.1.2-сурет Модем драйверлерінің орнатылу процессі

Осыдан кейін программа модемдік байланыс жүйесін тауып алып, керекті файлдарды дискіге тіркеп жазады да, модемді орнату процесі аяқталды деген хабар береді

ҚОРЫТЫНДЫ

Интернет мүмкiндiктерi тұрақты өсуде, ал бұл саланың ұсынып отырған қызметкерi үздiксiз кеңеюде. Европалық одақтың арнайы коммисиясының 1994ж.

Бұл Европа үшiн жасалған бағыттар бүкiл әлемде дерлiк жұмыс iстейдi, өйткенi Интернетте шек жоқ. Қаэiргi кезде Интернеттiң көмегiмен мыналарға кiру қамтамасыз етiледi:

  • әлемнiң iрi кiтапханаларының ресурстарына;

  • мұражай коллекцияларына, музыкалық туындыларға;

  • заңдарға және үкiметтiк қаулыларға;

  • мерзiмдiк басылымдарға, анықтамаларға, талдама шолуларына;

  • кез келген тақырыпқа жедел iрiктелген ақпаратқа (жер шарының кез келген нүктесiндегi ауа райы, валюталар курстары, түрлi қызметтердiң және тауарлардың кез келген елдегi бағасы және т.б).

Таза ақпараттан Интернет бiрте-бiрте келiсiм-шарттар жасау, тауарлар сатып алу және олар бойынша есептеулердi, транспортқа билет броньдауды, эксурсиялық маршруттарға тапсырыс берудi және мыңдаған басқа қызметтердi қамтамасыз ететiн делдалдық жүйеге айналып бара жатыр. Кез келген беделдi фирманың өз Web -бетi болады.

Интернет жергiлiктi желiлердiң құрылымдарына да елеулi ықпал жасады, олар да Интернеттiң принциптерi бойынша ұйымдастырыла бастады. Мұндай жергiлiктi желiлер internet – желiлер деп аталады. Интернеттiң дамуы және қолдануындағы прогресс өте жоғары қарқынмен жалғаса бередi. Шын мәнiнде, бұл ақпараттық мәдениеттiң, жеке және iскер пiкiр алмасуларының жаңа түрi.

Жақын онжылдықта Интернет iс жүзiнде барлық құралдарды интеграциялайды:

  • пiкiр алмасу (интернет пошта, интернет-телефон, интернет конференциялар, интернет–хаттар)

  • тарату (интернет-радио және инернет–теледидар)

  • ақпарат (интернет–кiтапханалар, интернет-мұражайлар, интернет–архивтер және т.б.)

  • баспасөз (интернет –газеттер,интернет –журналдар, жаңалықтар Web сайттары)

  • коммерция (интернет-дүкендер). Бұлар бiр мезгiлде әр ұйымға және әр азаматқа өз ақпараттарын ауқымды компьютер желiсiне орналастыруға мүмкiндiк бередi.

Компьютерлiк технлогияларды пайдалану адамның бiлiм алуына принциптi жаңа мүмкiндiктер жасайды. Интернет жер шарының барлық түкпiрлерiнде әлемдiк мәдениет ғажайыптарымен миллиондаған адамдардың танысуын қамтамасыз етедi. Сәулет, мүсiн және живопись шығармаларының сан бояулы бейнелерiн жалпы тақырыптық жағынан бiрiктiрiп қана қоймай, бұл бейнелердi көп аспектiлi мәтiндiк ақпаратпен , музыкалық шығармалармен көркемдеу оқып-үйренушiге күштi сезiмдiк әсер етiп, оның көркемдiк талғамын жақсартып, мәдениет, өнер, адамзат дамуының тарихы салаларында бiр мезгiлде бiлiм алуына мүмкiндiк ашады.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды дамытудың қазiргi дәрежесi оқытушы мен шәкiрт бiр-бiрiнен қанша қашықтықта тұрса да, олардың жанды пiкiр алмасуын қамтамасыз ететiн қашықтықтан бiлiм берудiң ауқымды жүйесiн жасау мүмкiндiктерi туралы айтуға негiз бередi.

Қашықтан бiлiм беру жүйесiнiң қалыптасуы және одан әрi өркендеуi электронды кiтапханалар мен үлестiрiлген типтегi университеттердiң құрылуына алып барды. Ал, олар өз кезегiнде бүкiл әлемдiк қоғамдастық, соның iшiнде түрлi себептерге байланысты бiлiм алуға еркiн қол жеткiзе алмайтын қоғам мүшелерi үшiн бiртұтас бiлiм кеңестiгiн қалыптастырудың шынайы негiзiн қалайды.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Антонова П. Сеть RELCOM и электpонная почта. - М.: Демос, 1991.

2. Гавpилов А.А. Работаем с модемом. - М.: МП "Малип", 1992.

3. Джоунс Р. Теоpия пеpедачи данных. - М.: Hаука и техника,

1993.

4. Спpавочник "Компьютеpные сети России. Услуги междунаpодной связи". - М.: ТОО "ЭЛИС.ЛТД", 1992.

5. Под.pед. У.Томпкинса и Дж.Уэбстеpа. Сопpяжение датчиков и устpойств ввода данных с компьютеpами IBM PC. - М.: Миp, 1992.

6. С.И.Казаков “Основы сетевых технологий”

7. Б.Г. Голованов “ Введение в программирование в сетях Nowell NetWare”

25

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]