- •1. Компьютерлік желілер
- •1.1 Жалпы желі ұғымы.
- •1.1.1 Электрондық почтаны іске қосу (жіберу)
- •1.1.2 Қапшықтарды пайдалану.
- •1.2. Хабар құру.
- •1.3. Электронды почтадан шығу
- •1.4. Интернеттегі іздестіру жүйелері
- •1.5.Ақпараттармен танысу
- •1.6. Интернеттің жалпы маңызы мен қажеттілігі
- •1.7. Желілер топологиясы
- •1.8. Компьютерлік желілердің түрлері
- •1.9. Сымсыз желі wlan
- •2.Модемдік байланыстар
- •2.1. Модемдік байланыстар туралы жалпы түсінік
КІРІСПЕ
ХХІ ғ. бас кезінде адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді. Оның негізгі бағыты информация және өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады.
Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Көптеген кәсіпорындар (банктер, мекемелер) тораптық шоғырланудың алғашқы кезеңін аяқтап екінші кезеңге, яғни торапаралық әрекеттесу жабдықтары негізінде бірлескен тораптар құру жолына көшіп отыр.
Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын, кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету жұмыстар атқарады: желімен қатынас құруды ұйымдастыру; олардың арасында мәлімет алмасуды басқару; желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға
арналған.
Ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер қолданылады. Бірақ бұл онша қолайлы емес. Еген ақпараттың көлемі өте үлкен болса, онда бұл әдісті пайдалану тіпті мүмкін емес.
Ең қолайлысы – бірге жұмыс істейтіндей етіп, бірнеше компьютерді кабельдің көмегі арқылы жалғастыру.
Сонымен қатар, орнымыздан тұрмай – ақ, басқа компьютерге кіруге болады және онда қандай қапшықтар мен файлдардың барын көруге және қажеттісін алуыңызға болады.
Компьютерлік желі деп әр түрлі қорларды, мысалы, программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір – бірімен кабельдің көмегі арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.
Компьютерлік желіні негізінен интернет деп атайды. Интернет біздің өміріміздің бір бөлігі болып кетті, қазіргі адамдардың көбісі интернетсіз өмірді елестете алмайды. Біз ақпараттың көбісін интернеттен аламыз, бірақ онда керек емес ақпарат көп.
Қоғамда өмір сүргендіктен адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі интернет желісінің күрт дамып кетуі қашықтық кез келген нүктесін бір бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазіргі кезде интернет жалпыға бірдей информациялық қор ретінде күнделікті зат болып кетті. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер терминалдарды және қарапайым пйдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен екі миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Интернет желісіне күніне мыңдаған қосылады екен.
Дегенмен Интернет тек желі ғана емес, ол желілердің желісі. Интернет көптеген байланыс желілерін бір бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
Интернетке қосылу дегеніміз басқа желілерде тұрған миллиондаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің, базарларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. сандық түрге айнала алатын барлық информацяны ала аласыз.
1. Компьютерлік желілер
1.1 Жалпы желі ұғымы.
Егер желі үлкен және қаланың, елдің немесе дүние жүзінің компьютерлерін қамтитын болса, онда оны жалпы (глобалді) желі дейді.
Жалпы желіге мысал ретінде «Интернетті» алуға болады.
Алғашқы компьютер желісі Арпанет АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша бұдан 30 жыл бұрын жасалған.
Хаттамалар желiге мәлiметтердi беру мен қателердi өңдеудi тапсырады. Оларды пайдалану мәлiметтер алмасудың нақытылы өңдеудi тапсырады. Оларды пайдалану мәлiметтер алмасудың нақтылы ақпараттық тарату жүйесiне тәуелсiз стандартты жасауға мүмкiндiк бередi.
Интернетте ТСР/IP пайдаланады. Бұл әрiптер Transmission Control Protocol/Internet Protocol (Беру басқармасының хаттамасы/желi аралық хаттама) дегендi бiлдiредi. IP желiдегi адрестеуге жауап бередi, ал ТСР хабарларды тиiстi адрестер бойынша жеткiзудi қамтамасыз етедi, олар 1974 жылы жасалған. Егер бiз Интернетке қысқаша анықтама iздесек, онда оны жай ғана бұл ТСР/IP хаттамасын пайдаланатын желiлердiң желiсi деп атауға болады. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктiк тiзбектерiмен бiрiктiрiлген ең өнiмдi компьютерлердiң бiрнешеуi Интернеттiң тiрек желiсiн құрайды. Тiрек желiсiнде суперкомпьютерлер жұмыс iстейдi, олар әдетте аса iрi университтетiк немесе ғылыми орталықтарда орналасқан, көбiсi АҚШ территориясында. Тiрек желiсi тiзбектерiнiң өнiмдiлiгi секундына бiрнеше Гбайт-қа жетедi. Тiрек желiсiне, мысалы, қарамағында ұлттық көлемдегi компьютерлiк желiлер бар тек iрi ұйымдар ғана қосылады. Олардың байланыс тiзбектерiнiң өткiзу қабiлеттiлiгi ондаған, тiптi жүздеген Мбит/с шегiнде. Ұлттық желiлерге кәсiпорындар мен провайдерлердiң жергiлiктi желiлерi қосылады. Тiзбектiң типiне байланысты олардың өнiмдiлiгi ондаған Мбит/с-қа дейiн барады. Кейiн бұл жергiлiктi желiлердiң компьютерлерiне жеке пайдаланушылар қосыла алады.
Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негiзiнде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп аталады. Қазақстандағы танымал провайдерлер: Қазақтелеком, Beeline, Activ/Kcell болып табылады.
Интернетте көптеген қызметтер iстейдi. Ең танымалысы – электронды пошта (e-mail)WWW мәлiметтер базасы, Usenet телеконференциялар жүйесi және FTP файлдық архивтар жүйесi. әр қызметтiң өз хаттамасы болады.
Соңғы үш-төрт жылда болған аса ауқымды ақпараттар тасқыны дәл осы WWW(World Wide Web) жүйесiнiң және онымен байланысты хаттамалардың пайда болуынан туындайды.
WWW(World Wide Web) қызметтегi құжаттар үшiн арнайы программалар браузерлер болады, олар жаңағыдай құжаттарды экранда көрсете алады. Браузердiң көмегi арқылы WWW(World Wide Web) құжаттарының көпшiлiгiне шыға аламыз. Web құжаттарының кез келгенiнiң әдетте гиперсiлтемелерi болады. Гиперсiлтемелер – бұл басқа Web құжаттың адресi байланысқан мәтiннiң фрагментi немесе құрамдас объектiсi.
Браузерде қарағанда мәтiндiк гиперсiлтемелер түсi мен асты сызылумен, ал графикалық гиперсiлтемелер жақтауымен ерекшеленедi. Тышқан көрсеткiшiн гиперсiлтеме болып келетiн объектiге бағаттағанда, көрсеткiш пiшiнiн өзгертiп, алақан бейнесiн қабылдайды. Гиперсiлтеменi шерткенде браузер автоматты түрде бұл сiлтеме нұсқаған Web құжатты, тiптi бұл құжат басқа континентте орналасқан компьютерде болса да жүктейдi. Осылай, гиперсiлтемелер бойынша бiр құжаттан басқасына өтiп, Web-кеңiстiгi бойынша саяхат жасауға болады.
Ең танымал және кең тараған браузер –Netscape Navigator, содан соң-Intenet Explorer. Ол Windows –95 операциялық жүйесiне қоса тiркеледi.
Бұл желі соғыс - өнеркәсіп комплексі мен ғылыми зерттеу орталықтарын және оқу процестерін ұйымдастыру үшін жасалған, бұл желіге сол кездегі өте күшті бірнеше ЭЕМ-дер біріктірілген. Қазіргі уақытта үлкен компьютерлік желілердің саны жүздеген мыңға дейін есептеліп отыр.
Компьютерлік желі арқылы тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде де информацияларды алмастыруға болады.
Информациялардың: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте, тіпті басқа да түрлері болуы мүмкін.
Желі арқылы хабарлаудың мұндай алмасу жүйесін электрондық почта деп атайды.
Электронды почта кәдімгі почта бөлімінің күнделікті жұмысын атқарады, бірақ ол жүйе сервер арқылы жүзеге асырылады.
Windows 95-тің Internet mail атты программасы Internet желісіне қосылған барлық қолданушыларға желі арқылы почта хабарларын жіберуді және алуды ұйымдастыруға арналған.
Желі абоненті почтаның сервер торабында тіркеледі, бұл жағдайда сервер оған арнайы почта жәшігін тағайындайды, яғни почта серверінде оған арнайы жад бөлінеді. Әрбір почта жәшігіне өз аты меншіктеледі. Бұл жәшікке жіберушінің абонентінен хат пен почта абоненттің атына келіп түседі.
П
очта
жәшігіне желінің кез келген абоненті
хат жібере алады, бірақ почта жәшігінің
құпия сөзін (паролін) білетін адам ғана
хабарды қабылдай алады.
1.1.1-сурет Желі конфигурациялары
