- •1 Төменгі жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •1.1 Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасы және диагнозы.
- •1.2 Сүйек сынықтарының ауытқуы.
- •1.4 Жақ сынақтарын уақытша бекіту тәсілдері.
- •1.5 Мамандандырылған хирургиялық көмек.
- •1.6 Жақ сүйектері сынықтарын емдеу тәсілдері.
- •1.7 Оразалиннің екіжақтық стандартты ілмегі бар пластмасса шендеуіші.
- •1.8 Васильевтің таспалы стандартты шендеуіші.
- •1.10 Қызыл иектік шеңдеуіштер.
- •1.11 Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу
- •1.12 Сүйектік тігіс.
- •1.13 Сүйек остеонсинтезі.
- •1.14 В. И. Лукьяненко бойынша операция техникасы.
- •1.15. Ж. С. Сағатбаевтың өздігінен таралатын темір сыммен жасалатын остеосинтезі.
- •1.16 Гомопластикалық остеосинтез.
- •1.17 Рудько аппараты.
- •Шытынап сыну[өңдеу]
- •Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
1.7 Оразалиннің екіжақтық стандартты ілмегі бар пластмасса шендеуіші.
ҚазММУ-дің дің хирургиялық стоматология клиникасында 1982 ж. Бастап төменгі қысымды полиэтиленнен жасалған стандарттты шендеуіш қолданылады. Бұл шендеуіштер майысқақ, жеңіл, сонымен қатар өте мықты және улы заттар бөліп шығармайды.
Шендеуіш доға тәріздес бір-бірінен 1,0 см ара қашықтықта орналасқан ілгектері бар. Оның ұштарында тіс аралығына кіріп тұратын иіндері бар. Шендеуіштің ұзындығы 11-13 см, салмағы 0,7-0,8 г. Шендеуіш тістерге полиамидті жіппен немесе лигатуралы сыммен бекітеді. (39 сурет).
39-сурет. Ж.Б. Оразалиннің пластмасса шендеуіші.
Сабын және щеткамен өңделіп залалсыздандырылған соң шендеуішті қайта қолдануға болады …
1.8 Васильевтің таспалы стандартты шендеуіші.
1967 жылы қолдануға ұсынылған, оның жалпақтығы 2,3 мм, ұзындығы – 134 мм. Шендеуіштің стандартты ілмектері бар, сондықтан оны қолдану оңай және көп уақыт алмайды. Бірақ бұны барлық уақытта кіші және үлкен азу тістердің аумағында Шпейс қисығына сай орналастыруға мүмкіндік болмайды. Егер тіс түйісуі терең немесе тістер қысқа болса шендеуішті қолдану өте қиынға түседі, кей кездерде тіпті қолдануға болмайды. Бұл шендеуішті басқа ілмектері бар шендеуіштер қолданатын жағдайларда пайдаланады …
1.9 Тіс-қызыл иектік шендеуіштер.
Альвеолды өсіндіге және тістерге тіреліп бекітіледі.
Вебер шендеуіші төменгі жақ сүйегінің сынық сызығы тіс қатары аумағымен өтіп сынық бөліктерінің әрқайсысында бірнеше мықты тістер болса ғана қолданылады. Шендеуіш альвеолды өсіндісінің тістері жоқ жеріне тіреліп, қызыл иектің шырышты қабатына жанасып тістерді жан-жағынан тығыздап ұстап тұрады. Тістердің шайнау беттерімен кескіш қырларын жаппай тұруына байланысты антагонист тістердің түйісуі бұзылмайды. Бұл шендеуішті сынық бөліктері жылжымаған жағдайда сынық пайда болысымен салып, ем толық біткенше пайдалануға болады …
1.10 Қызыл иектік шеңдеуіштер.
Бүлар альвеолды өсіндінің шырышты қабатына жанасып тіреліп тұрады. Қазіргі кезде толық тістерінен айырылған науқастардың төменгі жақ сүйегі сынған жағдайда Порт шеңдеуіші қолданылады. Бұл жоғарғы және төменгі жақтық екі базисті пластикадан тұрады, олар бүйір бетінде бір-бірімен орталық окклюзияда бір блокқа біріктірілген. Шеңдеуіштің алдыңғы бөлігінде тамақ қабылдайтын тесік жа-салған. Оны ауыз қуысына кіргізген соң төменгі жақ сүйегінің сынық бөліктерін төменгі базиске қысып, иектік сақпанның және қалпақтың көмегімен бекітіп қояды. Бүл шеңдеуіш әлсізденген, оперативті ем тәсілдерін жүргізуге болмайтын науқастарға қолдануға арналған …
1.11 Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу
Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеудің көрсеткіштері:
1. Тістері жоқ жақтардың сынықтары немесе тістер санының аздығы.
2. Дұрыс бітпеген сынықтар немесе жалған буын.
3. Жұмсақ тіндер сынықтардың ортасында тістеліп қалса.
4. Қан тамыр-нерв шоғырының зақымдана сынуы.
5. Тіс қатарынан тыс сынықтың жылжуы.
6. Көптеген сынықтар.
7. Көп жарқыншақты сынықтар …
1.12 Сүйектік тігіс.
Төменгі жақ денесінің, бұрышының, бұтағының, буын өсіндісі негізінің сызықты және алшақ орналасқан сынықтары кезінде сүйектік тігіс салынады. Тігіс материалы ретінде болаттың арнайы магнитті, тотықпайтын түрінен жасалған, IX 1 8М9Т, ЭП—400, ЭК-1 нихром, виталиум, тантол, титан 0,6—0,8 мм және полиамидті жіптер мен диаметрі 0,7—1,0 мм литиланловсан, хромдалған кетгут кең қолданылады. Сүйектік тігіс салу вдістерін ауызішілік және ауыздан тыс деп бөлуге болады …
