- •1 Төменгі жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •1.1 Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасы және диагнозы.
- •1.2 Сүйек сынықтарының ауытқуы.
- •1.4 Жақ сынақтарын уақытша бекіту тәсілдері.
- •1.5 Мамандандырылған хирургиялық көмек.
- •1.6 Жақ сүйектері сынықтарын емдеу тәсілдері.
- •1.7 Оразалиннің екіжақтық стандартты ілмегі бар пластмасса шендеуіші.
- •1.8 Васильевтің таспалы стандартты шендеуіші.
- •1.10 Қызыл иектік шеңдеуіштер.
- •1.11 Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу
- •1.12 Сүйектік тігіс.
- •1.13 Сүйек остеонсинтезі.
- •1.14 В. И. Лукьяненко бойынша операция техникасы.
- •1.15. Ж. С. Сағатбаевтың өздігінен таралатын темір сыммен жасалатын остеосинтезі.
- •1.16 Гомопластикалық остеосинтез.
- •1.17 Рудько аппараты.
- •Шытынап сыну[өңдеу]
- •Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
1.4 Жақ сынақтарын уақытша бекіту тәсілдері.
Төбе-иектік таңғыш салу. Науқасты тасымалдаған кезде сынықтардың жылжуына мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта торлы эластикалық дәкені пайдалануға болады. Стандартты траспорттық таңғыш сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді. Ол иек сақпаны ме тірек қалпақтан тұрады. Оның 3 жүп ілмегі болады, ол резина сақинаны бекітеді. Ілмек астында дәке салатын қалта болады. Сондықтан резина сақина ісінген жұмсақ тіндерге күш түсірмейді және жарақаттамайды. Қалпақ шүйде бұдырын жауып тұруы қажет. Сақпан жиегін жабу үшін қосымша мақталы дәке салады. Бұл ісінген жұмсақ тіндердің таңғышпен тікелей жанасуынан, иек маңындағы тері жабындыларының зақымдануынан қорғайды. Резина сақинаның санына байланысты, сақпан сыныққа күш түсіруі немесе түсірмеуі мүмкін. Төменгі жақ тіс қатарларынан тыс сынғанда және жоғарғы жақ сынғанда стандартты таңғышты 3 жұп резина сақина қолдану арқылы салады. Төменгі жақ тіс қатары деңгейінде сынса тек сынықты ұстату үшін салады. Біріккен сынықтарға шектен тыс күш түсірілсе одан әрі бітісіп асфиксияның даму қаупін туғызады. Сондықтан маман еместерге ұстатушы ретінде стандартты транспорттық таңба салу нұсқасы беріледі …
1.5 Мамандандырылған хирургиялық көмек.
Мамандандырылған хирургиялық көмек емханаларда, травматологиялық пункттерде, аудандық және қалалық хирургиялық, травматологиялық бөлімдерде дәрігер хирургтар мен травматологтар арқылы жүзеге асырылады. Ең бірінпгі кезекте көмек шок, қан кету, жедел қан жоғалту, асфиксия белгілері бар науқастарға көрсетіледі. Мысалы, егер бет-жақ аймағының ірі қан тамырларынан қан кетуді тоқтату мүмкін болмаса, сыртқы ұйқы артериясын байлап таңады. Мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету кезеңін 3 топқа бөледі. 1 — тек хирургиялық көмекті қажет ететіндер (жұмсақ тіндер жарақаты, I—II дәрежелі күйіктер, бет үсігі); 2 — арнайы көмекті қажет ететіндер (жүмсақ тіндер мен сүйек жарақаты, III—IV дәрежелі күйіктер, бет үсуі) көмек көрсетілгеннен кейін стоматологиялық стационар бөлімдерге жіберіледі. 3 — тасымалдауға келмейтін және дененің басқа аймағы, зақымдануы кезінде (әсіресе ми жарақаты) …
1.6 Жақ сүйектері сынықтарын емдеу тәсілдері.
Жақ сынықтарының емдеу тәсілдері жергілікті және жалпы деп бөлінеді. Жергілікті емнің өзі уақытша (транспорттық) және тұрақты (емдік) емге бөлінеді. Тұрақты емнің ортопедиялық және хирургиялық түрлері бар.
Шеңдеуіштердің көмегімен көрсететін ортопедиялық ем үш топқа бөлінеді: тістік, тіс-қызыл иектік және қызыл иек үстілік.
Шендеуіштерге қойылатын талаптар: 1. Шендеуіш сынықтарды мықтап ұстап түруы; 2. Құрылысы қарапайым болуы; 3. Қолда бар заттардан оңай дайындалуы; 4. Ағза қызметіне кедергі келтірмеуі керек.
Тістік шеңдеуіштер. Бұл шеңдеуіштердің ішінде кеңінен тараған алюминий сымынан жасалған Тигерштедтің, Васильевтіц таспалы стандарты шеңдеуіштері. Тістік шеңдеуіштер тек тістергс бекітіледі, сондықтан олар тістер жеткілікті болса ғана қолданылады. Бұл шеңдеуіштерді орыс әскерінің тіс дәрігері Тигерштедт С. С. (1915) қолдануды ұсынған. Оны дайындау үшін диаметрі 1,8—2,0 мм алюминий сымы, 0,5—0,6 мм қола-алюминий сымы және аспаптар жиынтығы (крампон қысқышы, анатомиялық пинцет, қан тоқтатқыш қысқаш, егеу) қажет. Шеңдеуішті дайындау ережелері: Шеңдеуіш тістердің мойын аумағында орналасып, әрбір тіске жанасып тіс қатарының доғасымен иіледі. Ол серпіліп қызыл иекті жарақаттамау керек. Шеңдеуішті әр тіске сыммен бір басынан бастап бекітеді, осыған байланысты тістерге түскен салмақ шеңдеуішке байланған тістерге біркелкі бөлінеді, оның күтімін жеңілдетеді. Оны крампон қысқашымен қысып ұстап саусақпен иеді. Бұл талап орындалмаса шеңдеуіштің иіліп дайын болған жері деформациялануы мүмкін …
