- •Тақырып 2: "экГдегі позициялық өзгерістер және оның клиникалық мәні "
- •Тақырып 3: жүрекшелердің және қарыншаның гипертрофиясы
- •Тақырып 4: Ырғақ бұзылысы
- •33 Жасар әйел адамда wpw синдромы. ЭкГде келесідей белгілер болуы мүмкін:
- •6 Тақырып: Гис шоғырының блокадасы кезіндегі экг
- •17:00-Де сақ мен дақ-ның 195/105 мм.С.Б. Дейін жоғарылауы,18:30–де 250/125 мм.С.Б. Дейін күрт өсуібайқалады.Төменде аталған емдеу бойынша ұсыныстардың қайсысын науқасқа беруге болады?
33 Жасар әйел адамда wpw синдромы. ЭкГде келесідей белгілер болуы мүмкін:
* Р тісшесі амплитудасы мен ұзақтығының өзгеруі
*+PQ қысқаруы және R тісшесінде дельта-толқын болуы
* Р тісшесі болмауы және ретсіз f толқындары
* тұрақты түрде PQ интервалы ұзаруы
* QRS деформациясы және кеңеюі
!23 жасар ер адамда ЭКГде қарыншалардың ерте реполяризациясы синдромы анықталды. ЭКГ-де қандай белгілер болуы мүмкін:
* әр QRS комплексіне белгілі бір жүрекшелік толқындар сәйкес келеді
*+ ST сегментінің доғасы төмен бағыттала отырып көтерілуі және оның биік оң Т тісшесіне өтуі
* подъем сегмента ST выпуклостью обращенный вверх, переходящий в отрицательный зубец Т
* әрбір 2 QRS жиырылуының түсуі
* қарыншалық және жүрекшелік комплекстердің толық диссоциациясы
! 32 жасар әйел адамды тұмаумен ауырғанан соң екі аптадан кейін жүрек қағу, бас айналу, әлсіздік мазалады. ЭКГде II, III, aVF, V1- V2 тіркемелірінде жүрекшелік F толқындары, ара тәрізді, жиілігі 250 рет 1 минутына. Қандай ырғақ бқзылысы дамыған?
* қарыншалық экстрасистолия
* жүрекшелік экстрасистоли
* қарыншалық тахикардия
* жүрекшелер фибрилляциясы
*+жүрекшелер тыпыры
! 57 жасар ер адам, созылмалы жүрек ревматикалық аурумен ауырады, тыныштық күйдегі ентігу, жүректің ретсіз соғуы, жүрек қағу, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі және балтырдағы ісікке шағымданады. Тұрақты түрде дигоксин, гипотиазид қабылдайды. Соңғы 2 аптада жағдайы нашарлады. Қанда: калий – 2,3 ммоль/л. ЭКГ: II, III, aVF, V1- V2 тіркемелерінде ретсіз f толқындары, ҚЖС шамамен 130 рет мин. ST сегментінің «астаутәріздес» ығысуы. Төменде аталғандардың қайсысы науқас жағдайының нашарлауына себеп болды?
* гипокалиемия
* миокард ишемиясы
* жыбыр аритмиясы
* диуретиктерді шамадан тыс қолдану
*+дигиталисті интоксикация
! 26 жасар қыз бала кенет пайда болған жүрек қағу ұстамасына шағымданады. ЭКГ: Ырғақ жылдамдығы 200 рет 1 мин. Комплекс QRS-0,14. V5 V6 тіркемелерінде R тісшесі басым, V1V2 – S.
Осы ырғақ бұзылысын медикаментозды емдеу үшін бірінші кезеңде не колданылады?
* аймалина в/і
*+лидокаина в/і
* амиодарона в/і
* новокаинамид в/і тамшылатып
* бретилий тозилат в/і тамшылатып
! Клиникаға 38 жасар ер адам кенет пайда болған жүрек қағу ұстамасы, ауа жетпеу сезімі мен бас айналу шағымдарымен келіп түсті. ЭКГде: ырғақ дұрыс, жүрекшелік, ара тәрізді F толқыны II, III, aVF, V1- V2, жиілігі 180 рет минутына. Науқаста қанда ырғақ бұзылысы дамыған?
* қарыншалық тахикардия
* жұрекшелер фибрилляциясы
* қарыншалар фибрилляциясы
*+жүрекшелер тыпыры
* синусты тахикардия
! Постинфаркты аневризмасы бар 42 жасар ер адамда кенет жүрек қағу ұстамасы дамыды. ЭКГде: ЖСЖ - 160 рет минутына, QRS - 15", деформацияланған және RS-T сегменті мен Т тісшесі дискордантты орналасқан.
Бірінші кезекте аритмияны басу үшін қолданатын ең қауіпсіз, аз токсикалық және миокард жиырылуын және АҚҚ төмендетпейтіні:
* бретилий тозилат
* новокаинамид
*+лидокаин
* изоптин
* аймалин
! 72 жасар әйел адам төс артындағы ауру сезіміні, оның бір сағаттан артық уақытқа созылуына, изокет-спреймен басылмауы; жүректің ретсіз соғуы, жүрек қағу, ентігуге шағымданады. ЭКГде: II, III, aVF, V1- V2 тіркемелерінде f толқындары, ҚЖС шамамен 140 рет мин. Депрессия STV2-V4 3 мм.
Ырғақ пароксизмін басу үшін төменде келтірілген препараттардың қайсысын қолданған жөн?
* обзидан
* дигоксин
* лидокаин
*+кордарон
* верапамил
! 72 жасар артериялық гипертензиямен ауыратын ер адамды физикалық күштемеден кейін кенет жүрек қағу, бас айналу, әлсіздік пайда болды. ЭКГде: ырғақ дұрыс, жылдамдығы 190 рет минутына. QRS>0,16; ST және Т тісшесі QRS дискордантты
Кенет өлім және өмірге қауіп төндіретін аритмияның екіншілік профилактикасы мақсатында қанда препараттты қолданған жөн?
* дигоксин
*+амиодарон
* анаприлин
* бисопролол
* калий хлорид
! 65 жасра ер адам жүрек қағу, ауа жетпеу сезіміне, оң қабырға астындағы ауырылық сезіміне шағымданады. Анамнезінде – миокард инфарктімен ауырған. Қараған кезде: өкпеде іркілістік сырылдар. Жүрек тондары тұнықталған, ырғақсыз. Пульс дефициті – 32 рет/мин. Бауыры ұлғайған. ЭКГде: Р тісшесі жоқ, R-R аралығы әр түрлі.
Осы аритмияны басу үшін төменде аталған препараттардың қайсысы тиімді?
* строфантин
*+амиодорон
* анаприлин
* невиболол
* изоптин
! 67 жасар ер адам, жүректің ретсіз соғуы, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге шағымданады. Объективті: жүрек тондары тұнықталған, ырғақсыз, жүрек жиырылу мен пульс 64 рет мин, АҚҚ – 130/85 мм сын.бағ. ЭКГде – синусты ырғақ жиі ерте QRS комплекстерімен үзіледі. Осы комплекстер алдында Р тісшесі жоқ, QRS- 0,14 сек., QRST дискордантты. Уақытынан ерте комплекске дейінгі интервал + уақытынан ерте комплекстен кейінгі интервал 2 R-R тең. Науқаста қандай ырғақ бүзылысы дамыды?
* жүрекшелер фибрилляциясы
* жүрекшелік экстрасистолия
*+қарыншалық экстрасистолия
* Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы
* Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы
! 52 жасар әйел адам жүрек «тоқтауы» мен «су ете қалуы» сезіміне, әлсіздікке шағымданады.
ЭКГде – синусты врғақ, ЖСЖ 75 рет мин, жиі уақытынан ерте Р- QRS комплексімен үзіледі; QRS - 0,10 сек., уақытынан ерте комплекске дейінгі интервал + уақытынан ерте комплекстен кейінгі интервал 2 R-R аз. Науқаста қандай ырғақ бүзылысы дамыды?
* жүрекшелер тыпыры
*+ жүрекшелік экстрасистолия
* атриовентрикулярлы блокада
* қарыншалық экстрасистолия
* синус түйіні әлсіздік синдромы
! 38 жасар әйел адамда кенет еш физикалық немесе эмоциональдық күштемесіз жүрек қағу ұстамасы пада болды. Объективті: жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек соғу және жиілігі және пульс 180 рет минутына. АҚҚ – 120/80 мм сын.бағ. ЭКГде – ырғақ жылдамығы 180 рет минутына, ырғақ фиксирленген, QRS комплексінен кейін теріс Р тісшесі. QRS- 0,08 с. Қандай ырғақ бұзылысы бар?
*+ пароксизмальды АВ-түйінді реципрокты тахикардия
* пароксизмальды қарыншалық тахмкардия
* қарыншалық экстрасистолия
* жүрекшелік экстрасистолия
* WPW- синдром
! 78 жасар ер адам пароксизмальды жүрекшелік фибрилляцимен ауырады, амиодарон қабылдау фонында екіжақты бағытталған қарыншалық тахикардия (torsade de pointes) дамып, летальды жағдаймен аяқталды. Төменде аталған өзгерістердің қайсысы осы аритмия дамуына әкелуі мүмкін?
* PQ интервалы ұзаруы
* PQ интервалы қысқаруы
*+ QT интервалы ұзаруы
* Р тісшесі ұзаруы
* R амплитудасы төмендеуі
! 58 жасар ер адам ұзақтығы 30 минуттан асатын, төс артындағы қарқынды ауру сезіміне, оның изокет-спреймен басылмауы шағымдарымен келді. Науқас жағдайы ауыр, тахипноэ, диффузды сұр цианоз, тері жабындары боз. АҚҚ 80/60 мм сын.бағ. Пульс 35 рет минутына, толықтығы мен кернеуі төмен. Жүрек тондары кенет тұнықталған. ЭКГде: II, III, AVF тіркемелерінде QS және ST сегменті элевациясы 5 мм. Интервал – РQ-0,30 және әр екінші қарыншалық комплекс түсіп отырады. Мүмкін болатын диагноз?.
*ЖИА. Жедел Q тісшелі алдыңғы қабырға миокард инфаркті. AV-блокада I дәрежесі
*+ ЖИА. Жедел Q тісшелі төменгі қабырға миокард инфаркті. AV-блокада II дәрежесі
* ЖИА. Жедел Q тісшесіз бүйір қабырға миокард инфаркті. AV-блокада I дәрежесі
* ЖИА. Жедел Q тісшесіз төменгі қабырға миокард инфаркті. AV-блокада II дәрежесі
* ЖИА. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Синоаурикулярлы блокада
! 30 жасар әйел адам кенет пайда болатын жүрек қағу ұстамасына шағымданады. Анамнезінде: бір жыл бұрын бастан кешкен вирусты инфекциядан кейін ауырған. ЭКГде – ырғақ жиілігі 150 рет минутына, ырғақ фиксирленген, QRS комплекстері алдында Р тісшесі жоқ. QRS=0,11 сек. Қандай ырғақ бұзылысы орын алған?
* пароксизмальды қарыншалық тахикардия
*+пароксизмальды түйіндік тахикардия
* қарыншалық экстрасистолия
* жүрекшелік экстрасистолия
* жүрекшелер тыпыры
! 14 жасар қыз эмоциональдық күштемеден кейінгі жүрек қағу мен кеудедегі тыпыр сезіміне шағымданады. Пароксизмнен тыс кезде ЭКГде PQ=0,03 және QRS комплексі басында - Δ толқын.
Науқаста қандай патология?
* МЭС синдромы
*+ WPW синдромы
* қарыншалық тахикардия
* жүрекшелер фибрилляциясы
* ырғақ жүргізушісі миграциясы
! 80 жастағы ер адам, кезеңді пайда болатын бас айналу, естен тану, кенет пайда болатын жүрек қағу сезіміне шағымданады. Тәуліктік ЭКГ мониторлауда синусты тахикардия фонында суправентрикулярлы тахикардия ұстамасы тіркелген. .
Науқаста қандай ырғақ бұзылысы дамыды?
* синусты брадикардия
* синоатриальды блокада
* ырғақ жүргізушісі миграциясы
*+синус түйіні әлсіздік синдромы
* суправентрикулярлы тахикардия пароксизмі
! 15-жасар қыз бала тіркескен митральды ақау бойынша ем қабылдайды. Режим бұзады. Физикалық жүктемеден кейін қыздың жағдайы кенет нашарлады: жүрек қағу мен ентігу пайда болды. ЭКГде: II, III, aVF, V1- V2 тіркемелерінде f толқындары, ҚЖС 155 рет мин. Балада қанда ырғақ бұзылысы дамыды?
* пароксизмальды суправенрикулярлы такикардия
* пароксизмальды қарыншалық тахикардия
*+жүрекшелер фибрилляциясы пароксизмі
* қарыншалық экстрасистолия
* синусты тахикардия
! 26 жасар әйел адам естен танды. Пациенттің мамасы 31 жасында кенет қайтыс болған. Естен тану соңғы үш жылда жылына 2-3 рет болыды. Ұстамадан тыс кездегі ЭКГде QT интервалы қалыпты. Синкопе кезіндегі ЭКГде:
Осы жағдайда төменде келтірілген тексеру әдістерінің қайсысын колданған жөн?
* контрастпен жүрек және тамырлар МРТ
* коронароангиография, аортография
*+Холтер ЭКГ, жүктемелі сынамалар, гендерді тексеру
* Өңеш арқылы ЭХОКГ, генетикалық тексеру
* динамикада электрокардиография
Тақырып 5:
