- •Алматы 2016ж.
- •5В072900- «Құрылыс», 5в074500- «Көлік құрылысы» мамандығы
- •Жалпы нұсқаулар
- •Тақырыбы: жолды пайдалану ауданының табиғи және шаруашылық сипаттамасы
- •Кесте 1 Техникалық нормативтер
- •2.1 Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері
- •Сонымен, жүру бөлігінің тегістігі талапқа сай емес.
- •1.1.Жолдың-техникалық және пайдалану жағдайын бағалау.
- •Тақырыбы: 1.2.Жол көліктік-пайдалану жағдайының кешендік көрсеткішін анықтау.
- •Тақырыбы: 1.3 Автомобиль жолдарының сапасын бағалауды анықтау.
- •Тақырыбы: 2.Жөндеу жұмысын тағайындау және технологиясы.
- •Тақырыбы: 2.1 Күнделікті жөндеу және күту жұмыстары.
- •Тақырыбы: 2.2 Орташа жөндеу
- •Тақырыбы: 2.3 Күрделі жөндеу жұмыстары
- •Тақырыбы: 3. Жол жөндеу жұмысының экономикалық тиімділігі.
- •Жол жөндеу жұмыстары
- •Тасымалдау бағасының көрсеткіші
- •Жөндеу тиімділігінің көрсеткіші
- •Тақырыбы: 3.1.Күнделікті және күту жұмыстарының экономикалық тиімділігін бағалау.
- •М.Тынышбаев атындағы қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы
- •Курстық жобаны орындауға арналған тапсырма
- •Есептiк бөлiгi:____________________________________________
- •Ақаулар және деформациялар ведомосы
- •050012, Алматы қ, Шевченко көш., 97
Тақырыбы: 2.1 Күнделікті жөндеу және күту жұмыстары.
Күту жұмыстары - ең негізгі міндеттердің бірі жол төсемесінің техникалық-экономикалық көрсеткішін жақсарту мен көтеру үшін жол элементтерінің кішігірім деформациясы мен ұсақ бұзылуларын қалпына келтіру, жол төсемесінің бетін үнемі тазалықта ұстау, жолды күтуден тұрады.Күту жұмыстары жыл мезгіліне қарай жүргізіледі.
Қысқы күту жұмыстары
Көктемгi күту жұмыстары
Жазғы күту жұмыстары
Күзгi күту жұмыстары
Көктемде шаң-тозаңнан, кір-ластан жуып-сыпыратын машина арқылы тазалайды.Бұл шаралар жазда да, күзде де жүргізіледі.Қыс мезгілінде қар мен мұздан тазалайды. Көктайғаққа қарсы материалдар қолданылады.
Күнделікті жөндеу жұмысында асфальт-бетон төсемесінде ұсақ шұңқырларды, сызаттарды, бұзылған жол жиектері қалпына келтіріледі.Бұл жұмыстарды көктемде ауа-райы жылынған кезде бастайды.
Шұңқырларды түзету технологиясы:
-пайдаланудағы жол төсемесінің бетін шаң-тозаңнан тазалау,
-жол төсемесіндегі шұңқырларды кесу,
-жол төсемесіндегі шұңқырларды битуммен өңдеу,
-жол төсемесіндегі шұңқырларды асфальт-бетон қоспасымен толтыру
-тығыздау.
-шеттерiн битуммен өңдеу
Тақырыбы: 2.2 Орташа жөндеу
Жол төсемесінің орташа жөндеуінде көліктік-пайдалану сапасын, тегістік және ілігісу коэффициентін қалпына келтіреді.Орташа жөндеу жұмысы қызмет ету уақытын сақтай отырып, жолдың жеке бөліктерінде жасалынады.
Асфальтобетон жамылғысының орташа жөндеуіне жоғарғы қабаттың тегістігі мен біркелкілігін термопрофилирования технологиясын қолдана отырып қалпына келтіру ,ол әдiс регенерация принципіне негізделген:
-қоспаларды жол жамылғысына сіңіру арқылы,ескі тұтқырдың қасиетін қалпына келтіру.
-асфальтобетон жамылғысының қасиетін қыздыру, кесу және ескі тұтқырғыштың қасиетін жақсарту арқылы алғашқы қалпына келтіру.
-ескі асфальтобетонды ыстық немесе суық әдісі арқылы қопару және оны АБЗ-да қайтадан өңдеу.
Жол төсемесінің орташа жөндеуінде автомобиль мен жол төсемесі арасындағы өзара ілігісу сапасын жақсарту мақсатында жүргізілетін кедір-бұдырлық беттiк өңдеу жұмысы.
Кедір-бұдырлық жұмысының сапасын көтеру әдістері:
-беттік өңдеуді салу технологиясы
-асфальтбетон қабатына (ұсақ түйіршікті немесе құмды) шағыл тасты батыру арқылы жөндеу технологиясы.
-қорғаныш қабаты немесе тозу қабаты.
-битум шламы- қорғайтын қабат шламы.
Ең жиі қолданылатын әдіс -бұл жол төсемесінің кедір-бұдырлық беттік өңдеуі.
Беттік өңдеу жылдың жылы мезгілінде көктемде t=5С, күзде t=15 С жасалынады.Шағыл тастың битуммен өңделген түрінен ғана жасалынады.Өңделмеген шағыл тас тек, N 1000 авт\тәу жолдарында жөндеуге қолдануға болады.
Шағыл тастың мөлшерлері 5-10,10-15,10-20,15-20,20-25 мм сөндірілген 1-2 класы қолданылады.Шағыл тастың шаң (күл) 1-2 класы беріктігі жағынан қолдануға да болады.
Битум БНД 130\200, БНД 90\130 температурада қыздырылған 140-160С құйылғанда, асфальтбетон, шағыл тас, қиыршық тас, қара шағыл таста битум эмульсиясы қолданады.
Кесте 12. Материалдар шығынының нормасы
Шағыл тас,мм |
Шығын,кг\м2 |
Битум л\м |
Эмульсия шығыны,л\м2 |
10-15 |
15-20 |
0,5-0,7 |
1,8-2,0 |
15-20 |
20-25 |
0,7-0,3 |
2,0-2,4 |
20-25 |
25-30 |
0,9-1,1 |
2,4-2,6 |
Салу технологиясы:
-шаң мен кірден тазалау
-битумды құю,автогудронатор арқылы маркасы ДС-39А
-шағыл тасты сеуіп шығу,Т-224
-нығыздау 2-кі өздігімен жүретін каток арқылы ДУ-50 5-6 бір ізбен жүру.
Битумның негізгі көлемі жол бөлігінің бір жолағына тоқтаусыз,үзіліссіз құйылады,содан соң екінші жағына.
Бір және екінші рет шағыл тасты себу қолданылады.Бұл бір рет және екінші рет беттік өңдеу деп аталады.Екінші рет шағыл тас себуде битумның шығыны 1,4 л\м2
Құйылған битумға шағыл тастың 15-25 (16-18 кг\м2) және катокпен (пневмокаток) 4-5 бір ізбен нығыздайды.15 минуттан кейін қайтадан екінші шағыл тас себіліп,5-15 мм битуммен және 4-5 катокпен нығыздайды (V=2-3 км\с).Дайын болған участокта бірінші он тәулікте автомобильдер жылдамдығы 40 км\сағ шектелінеді және қозғалысты реттейді.
3.Батыруға шағыл тастың маркісі 1000-2000,тозу 1-2 класы,битуммен өңделінген:
5-10 мм 6-8 кг\м2
10-15мм 7-10 кг\м2
15-20мм 9-12 кг\м2
20-25 мм 9-12 кг\м2
|
1) жол төсемесін бетiн шаң-тозаңнан тазалау
2) битум құю (0,3-0,5 л\м2) және битум, эмульсия (0,5-0,8 л\м3) автогудронатормен ДС-39А;
3) ыстық ұсақ түйіршікті асфальтбетон қабатын 3-4 см төсеу;
4) алдын-ала тығыздау, тығыздайтын асфальттөсегiш;
5) шағыл тас себу;
6) 1-2 рет жеңіл катокты жүргізіп батыру, ал сонан соң тез арада орта және ауыр каток пневмоходтағы жүргізеді.
4 .Битум шламы-
-битум пастасы немесе эмульсиясы, БНД90\130, 60\90 (8-12%)
-минералды ұнтақ (8-15%)
-ұсақталынған құм шағыл тас 15 мм-ге дейін (50-60%)
-су (18-25%)
Арнайы ыдыста тасылынылады.
Технологиясы:
1) тазалау және ылғалдау.
2) шламды түсіру-төсеу
Қозғалысты реттеу алғашқы 10-20 тәулік бойы жүргізіледі.
К,К,К,К,К –параметрлері арқылы студент белгілі шақырымдарда орташа жөндеу жұмысын жүргізеді және технологиясын тапсырма бойынша жазады.
