Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПРОЕКТИРОВАНИЕ МЕТОД.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
569 Кб
Скачать
☆

Жалпы нұсқаулар

1. Курстық жоба – бұл студенттің өзіндік есептеу – жобалау жұмысы, мақсаты:

-аталған пәннен теориялық білімді бекітуге;

-құрылыстың технологиялық үрдістерін үйрену, онымен қоса құрылымдық шешімдерді негіздеу есептерін,түсіндірме жазбаларын және сызбаларды өңдеуді үйрену;

-анықтама оқулықтары мен нормативтік әдебиеттерін қолдануды үйрену.

2. Курстық жобаны орындау студенттің алған теориялық білімініне байланысты орындалады.Сондықтан, тапсырмамен таныстыру және жұмысты орындауды материалдар мен оқулықтарға және дәріс жазбасына сәйкес жүргізіледі.

3. Курстық жобаны орындауға негізгі нұсқаулар дәріскерлер дәрісінде,тәжірибелік сабақта, СӨЖ, сонымен қатар қосымша сабақтарда беріледі.

4.Курстық жобаны орындауға студенттерге көмек ретінде оқу әдістемелік материалдары: жоба бөлімдерін орындауға арналған оқу құралы, плакаттар, кестелер, сызба альбомдары және басқа.

5.Жобаның аяқталған сатысы түсіндірме жазбасы бөлімдерін оқытушыға көрсетуі қажет. Толығымен дайын болған түсіндірме жазбасын оқытушыға тексеруге көрсетуге тапсырылады.

6. Курстық жобаны соңғы сатысы ол жұмысты қорғау болып табылады. Қорғау кезінде студент қабылданған шешім негізі туралы және берілген курстық жұмыс мазмұны бойынша барлық сұраққа жауап беруі керек.

Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысының технологиясы» пәнінің курстық жобаны студент көпір аралық тіректерінің астындағы іргетастардың екі нұсқасы жобасын жасауы қажет: қадалы іргетастар мен табиғи негіздегі таяз қаланған іргетастар.

Курстық жобаны есептік-түсіндірме жазбасы (көлемі 25-30 бет) және сызбалардан тұрады.

Тақырыбы: жолды пайдалану ауданының табиғи және шаруашылық сипаттамасы

Автомобиль жолын пайдалану кезінде басты назарға алынатын мәселелердің бірі, автомобиль жолы пайдаланатын ауданның ерекшеліктері. Сондықтан жобалау ауданының негiзгi сипаттамалары қысқаша , нақтылы зерттелуі шарт. Жолды жобалау кезiндегi қабылданатын шешiмдерге , құрылысты ұйымдастыру және жолды пайдалану кезеңіндегі көптеген шаралар осы жол салынатын ауданның бірнеше сипаттамаларына тікелей байланысты. Сол себептен төменде олардың біршамасына тоқтала кетейік.

Климат. ауданының жалпы сипаттамалары , климаттық аймағы, қыстың және жаздың негiзгi ерекшелiктерi. Жауын-шашын мөлшерiнiң жыл уақыты бойынша бөлiнуi кесте түрiнде көрсетiледi . Ауаның температура заңдылығы, салыстырмалы ылғалдылығы, қар қабатының қалындығы, топырақтың қату тереңдiгi, желдiң басым бағыттары, өзендердiң қатуы, еру және сең жүру уақыттары көрсетiледi .

Рельеф. Жалпы геоморфологиялық сипаттама жекелеген (участкалардың ) аймақтардың топографиялық жағдайлары, жауын және қар суларының ағуының табиғи жағдайлары жазылады .

Геология. Жол трассасы бойы жер картасының құрылымы туралы қысқаша сипаттама жазылады. Жер тақтасын жасауға жарамды тау жыныстарына баға берiледi . Мәңгi тоң, карст, эрозиялық құбылыстары , саз-лайлы жерлердiң сипаттамасы, қар көшкiндерi мен шөгiндiлер және опырылып құлайтын қауiптi аймақтар көрсетiледi .

Гидрология және гидрогеология. ауданының жалпы гидрографикалық жүйесi сипатталады , әсiресе өзендерде су тасқыны мен сең жүруi сел көшкiннiң белгiлерi, топырақ сулардың орналасу деңгейi толық жазылады . Құрылысты iшетiн және техникалық сумен қамтамасыз ету көздерi көрсетiледi .

Топырақ және өсiмдiктерi. ауданының топырағы мен өсiмдiктерiне қысқаша сипаттама берiледi. Топырағына ауыл шаруашылығына жарамдылығы тұрғысынан баға берiледi .

Жол-климаттық график \ЖКГ\ салынады.Графикте ауаның орташа айлық температурасы, жауын-шашын және қар мөлшерi, топырақтың қату тереңдiгi, ауаның орташа айлық температурасы көрсетiледi. Жел бағыттарының кестесi – жел раушаны салынады. ЖКГ- де жер жұмыстарын, жол төсемiнiң негiзi мен қара жамылғысын салудың мүмкiн болатын уақыттарын көрсетiледi

Автомобиль жолын пайдалану кезінде, пайдалану ауданының табиғи жағдайлары бөлiмдерiнiң соңында мынадай қортындылар шығару керек :

  • топырақтың жер үйiндiсiн жасауға жарамдығы жөнiнде ;

  • рельефтiң жекелеген формаларын жердiң ылғалдану шарттары бойынша анықтау жөнiнде ;

  • қар немесе құм басып қалатын аймақтарын анықтау және олармен күрестiң түрлерi жөнiнде ;

  • жергiлiктi құрылыс материалдарын iздеудiң болашағы (перспективалары) жөнiнде.

Жол-құрылыс материалдары. Жол – құрылыс материалдарына ие кен орындары көрсетiледi, олардың қорларына көз мөлшерлiк баға берiледi, жол төсемiнiң конструкциялық элементтерiне қолдану бағыттары анықталынады.