Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
perevod_566.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.5 Mб
Скачать

19.4 Сурет - 74hc161 есептеуіші

Space кілті жабық болса индикаторда 0 ден 15 дейін сандар жанады.Ең соңғы 15 санына жеткен кезде есептеуіш қайта жаңарып, есебі қайта басынан басталады.Ал анализатор терезесінде тактілі импульс 11 жеткен кезде логикалық нөл алгоритмі тоқтайды, ол тек 17 тактілі импульске жеткенде пайда болады.Space кілті ашық болса процесс 1,2,3 және 4 клавишасы арқылы 1001,0011,0000 сандары арқылы жүзеге асады.Есептеуіштің D,C,B және А кірісіне беріледі.

19.5 Сурет - 74hc161 есептеуіш нәтижесі

№20 Зертханалық жұмыс

Цифрлы аналогты түрлендіргіш, аналогты – цифрлы түрлендіргіш

Жұмыстың мақсаты: Цифрлы аналогты түрлендіргіш пен аналогты – цифрлы түрлендіргіштің айырмашылығын түсіну

Тапсырмалар: Цифрлы аналогты түрлендіргіш жұмыс істеу принципін және аналогты – цифрлы түрлендіргіштің жұмыс істеу принципін зерттеу, айырмашылығын бақылау

Қажетті құрал-жабдықтар:

Е1,VCC кернеу көзі

Space кілті

DCD_HEX индикаторы

Осциллограф

XLA1 анализаторы

Вольтметр

ADC, DAC элементтері

Теориялық бөлім:

Аналогты-цифрлық түрлендіргіштердің (АЦП) қарапайым функционалдық схемасы (20.1 сурет) келесі бөліктерден тұрады: такттілік импульстерді шығаратын генератор (ГТИ); кіріс нүктесі С-ға келетін такттілі импульстерді санайтын реверсті есептеуіш (Сч); цифрлы-аналогтық түрлендіргіш (ЦАП) жəне компаратор.

20.1 Сурет – Аналогты-цифрлы түрлендіргіш

Екілік кодқа түрлендірілетін аналогтық сигнал Uвх компаратордың кіріс нүктелерінің біреуіне, ал цифрлы-аналогтық түрлендіргіштен (ЦАП) шығатын сигнал U0 – екіншісіне беріледі. Uвх > U0 болған жағдайда компаратордың шығаратын оң таңбалы кернеуі реверсті есептеуіштің «+»-пен белгіленген кіріс нүктесіне келіп түседі де, есептеуіш суммалау режимінде такттілік импульстер генераторынан (ГТИ) келген импульстерді санай бастайды. Соның нəтижесінде, əрбір келген такттілік импульс есептеуіштің шығыс нүктелеріндегі екілік кодты өзгертіп отырады. Бұл код цифрлы-аналогтық түрлендіргіштің (ЦАП) көмегімен аналогты сигналға (U0) айналдырылады. Ал Uвх < U0 болған кезде оның шығысындағы кернеу Uвых теріс таңбалы болады да, ол есептеуіштің «+»-пен белгіленген кіріс нүктесіне келіп түсіп, оны шегеру режиміне ауыстырады. Алдында айтылғандай, əрбір келген такттілік импульс есептеуіштің шығыс нүктелеріндегі екілік кодты өзгертіп, цифрлы-аналогтық түрлендіргіштің (ЦАП) шығысындағы U0 кернеуі Uвх = U0 болғанша кеміп отырады. Сонымен, аналогты-цифрлық түрлендіргіш (АЦП) Uвх сигналының деңгейінің өзгеруін цифрлы-аналогтық түрлендіргіш (ЦАП) есептеуішінің шығыс нүктелерінде Uвх кернеуінің өзгеру мəніне сəйкес келетін екілік кодқа айналдырады. Аналогты-цифрлық түрлендіргіштен (АЦП) шығатын сигнал реверсті есептеуіштің шығыс нүктелерінен алынады жəне олар аналогты сигналдың (Uвх) мəнімен сəйкес болады. Суммалаушы операциялық күшейткіш (ОУ) негізінде жасалынған цифрлы- аналогтық түрлендіргіштің (АЦП) қарапайым схемасы 20.2 суретте көрсетілген. Күшейткіштің (түрлендіргіштің) шығысындағы кернеудің мəні, оның кіріс нүктелеріне келетін, əрқайсысының өз "салмағы" бар кернеулердің қосындысымен анықталады.

20.2 Сурет – Цифрлы-аналогты түрлендіргіш

Жұмыстың барысы:

Цифрлы-аналогты түрлендіргіш (ЦАТ) n- разрядты екілік кодтарды түрлендіреді.Цифрлы түрде 2n болса, ал аналогты түрінде 1/(2n-1).Минимальды кернеу квантының саны 2n-1 анықталады.ЦАТ шығысының ең максимальды саны да осылай анықталады.Ол тіреу кернеуі Uоп деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]