Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
perevod_566.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.5 Mб
Скачать

16.1 Сурет - Мультиплексор

Адрестік кірістегі сигнал қандай ақпараттық каналдың шығысына қосылуын анықтайды. Егер ақпараттық канал n саны адресік кірістің m санына тең болса n=2, онда бұл толық мультиплексор деп аталады. Ал егер n<2 болса, онда мультиплексор толық емес деп аталады.Рұқсат етуші (стробтаушы) кірісті мультиплексордің функционалды көрсеткішін кеңейтуге қолданады. Оларды мультиплексордің разрядын көбейту үшін және мультиплексордың басқа түйіндерімен синхронды жұмыс істеуін атқарады. Рұқсат етуші кірістегі сигналдар белгілі кірісті шығысымен байланыстыруына рұқсат беруі де, бермеуі де мүмкін. Құрылғының барлық жұмысын да тоқтата алады. Басқарушы схема ретінде көбінесе дешифраторды қолданады. Сандық мультиплексорда коммутатор мен дешифратордың логикалық элементтері бірлеседі. Xi логикалық сигналдар коммутатор кірісіне беріліп, коммутатор арқылы Y шығысына беріледі. Басқарушы схема кірісіне адрестік сигналдар беріледі. Мультиплексорде тағы қосымша басқарушы кірісі Е болады. Ол кіріс сигналының шығысына У өтуін басқарады. Бұдан басқа кейбір мультиплексорлердің 3 түрлі шығысы бар. Екеуі 0 және 1 логикалық түрде, ал біреуі сөндірілген шығыс түрде кездеседі. Үшінші түрінде шығыс кедергісі шексіз болады. Мультиплексордің үшінші қалпына ауыстыруын басқарушы сигналды ОЕ өшірумен іске асады.

Мультиплексор триггерлі құрылғыларда, жиілік түрлендіргіштерде  және  т. б. қолданылады. Мультиплексорді көбінесе параллельді екілік кодты тізбектей өзгерту үшін қолданылады. Ол үшін мультиплексордің ақпараттық кірісіне параллельді екілік кодын, ал адрестік кірісіне, бірнеше кірістен бастап соңғы кіріске дейін сигналды кезек-кезекпен қосу керек.Мультиплексорді MUX немесе  MS деп белгілейді.

Демультиплексор — сигналды бір адрестік кірістен бірнеше шығысқа берілуін қамтамасыз ететін құрылғы.Демультиплексорды DMX немесе DMS деп белгілейді.Егер шығыстарының саны адрестік кірісінің санымен тең болса n=2 екілік демультиплексор немесе n=3 үштік демультиплексор, онда оны толық демультиплексор деп атайды. Егер n<2 немесе n<3болса, онда демультиплексор толық емес деп атайды. Кіріс сигналын күшейту үшін демультиплексор кірісінің алдына инвертор қойылады.

16.2 сурет – Демультиплексор

16.3 сурет – Жұмыс істеу принципі

Жұмыстың барысы:

Демультиплексор DMS 1о8 (1 ден 8 ) бір ақпаратты кірісі (жоғарғы G1 және төменгі G2) және үш адресті A,B,C кірісі бар.Олар У0...У7- ге дейін активті шығысымен байланысады.A,B,C кірісі арқылы A,B,C адрестті кілттері анықталады.Анализатор терезісінде модельдеу нәтижесі жазылады. 111 ден 000 Stop және Stop/Run батырмасы арқылы.

16.4 сурет - Демультиплексор

Анализатор терезесінде процесс орындалуы үшін жиілігі 500 Гц және импульс саны Clocs/div=50 орнату керек.Демультиплексордағы процессті автоматтандыруға болады, ол үшін XWG1 логикалық генераторын жалғау керек.Демультиплексорда 1 ден 16 таңдалғаннан кейін адрестік кодты 0000 және 1111 орнату керек.

16.5 сурет - Демультиплексор

16.6 сурет – XWG1 генераторның уақыттық диаграммасы

XWG1 генераторның уақыттық диаграммасы Step режімінде алынған.0000 комбинациядан бастап 1111 кодтық комбинациясымен аяқталады.Активті шығысы төмен логикалық элемент болғандықтан құрылғы жанбайды.Ең соңғы кодтық комбинация 1111 болғандық Х16 құрылғысы жанбады.

Мультиплексор модельдеуі 8 ден 1. Мультиплексор G кірісімен әр D0…D7 ақпараттық кірісінен сигнал тасымалын қамтамасыз етеді. ABC- адресімен бір У шығыс таңдаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]