Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PEREVOD_KAZ_9.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264.61 Кб
Скачать

9.3 Маж техникалық қамсыздама

Техникалық қамсыздама(ТҚ) – автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жұмысы үшін арнылған техникалық құралдар жиынтығы, сонымен қатар осы құралдарға және технологиялық үрдістерге қатысты сәйкес құжатнама.

ТҚ –ға келесілер жатады:

  1. Компьютерлер;

  2. Ақпаратты енгізу, жіберу, жинау, сақтау және өңдеу құралдары;

  3. Ақпаратты жіеру құралдары және байланыс арналары;

  4. Ақпаратты автоматты түрде ору құралдары және кеңсе техникасы;

  5. Пайдалану материалдары және т.б.

Техникалық құралдарды пайдалануды ұйымдастырудың түрлі формалары қолданылады: орталықтандырылған, бөлшектеп немесе толығымен орталықсыздандырылған.

Орталықтандырылған техникалық қамсыздама ААЖ үлкен ЭЕМ және есептеуіш орталықтарын қолдануға негізделген.

Орталықсыздандырылған техникалық құралдар жұмыс орындарындағы дербес компьютерлердің функционалдық ішкіжүйелерінің жүзеге асырылуын білдіреді.

Бөлшектей орталықсыздандыру көбірек сұранысқа ие. Бұл – кез –келген функционалды ішкі жүйе үшін қолжетімді дербес компьютерлерден және деректер қорын сақтау үшін бір немесе бірнеше үлкен ЭЕМ-дан тұратын, таратылған желі негізінде техникалық қамсыздаманы ұйымдастыру.

Құжатнамамен техникалық құралдардың алдын – ала таңдалуын, олардың пайдаланылуын ұйымдастырылуын, деректерді өңдеудің технологиялық үрдістері, техникалық жабдықтандыруды рәсімдейді.

Құжатнаманы шартты түрде үш топқа жіктеуге болады:

  1. Жалпыжүйелік, ол техникалық қамсыздандыру бойынша мемлекеттік және салалық стандарттарды қамтиды;

  2. Мамандандырылған, ол техникалық қамсыздандыруды құрудың барлық кезеңдері бойынша әдістемелер кешінін қамтиды;

  3. Нормативті – анықтамалық, техникалық қамсыздандыру бойынша есептемелерін орындауда қолданылады.

ДҚ (деректер қоры) және ДБ (деректер банкі) үшін техникалық құрылғылар ретінде әдетте әмбебап компьютерлер, деректер қорына мәлімет енгізуге және енгізілетін ақпаратты бейнелеуге арналған сыртқы құрылғылар қолданылады. Оларды ақпаратты жіберу, сақтау және сыртқы тасымалдағыштарда деректің үлкен көлемін сақтау (сонымен қатар резервті көшірлемелеу) құрылғылары толықтырады.

ДҚ және ДБ жүзеге асыратын техникалық құрылғылар құрамы және типі көптеген факторларға тәуелді, олардың негізгілері: құралдардың техникалық сипаттамалары, деректерді өңдеуде қолданылатын технологиялар, жүйенің масштабы, жүйенің жауап беру мезетіндегі уақыттық шектеулер, өңдеу күрделілігі, құндық сипаттамалар және т.б.

9.4 Техникалық құралдар кешенінің құрылымы

Ақпараттық жүйенің техникалық құралдарының кешенінің құрылмын таңдау ұқсас типті жүйе құрудан жинақталған тәжірибесі негізінде жүзеге асырылады. Кешеннің жалпы сызбасы төмендегі суретте көрсетілген. Кешеннің техникалық құралдарының құрамы төменде келтірілген суретте сипатталған:

Сурет 1. Техникалық құралдар кешенінің жалпы құрылымы

ТҚК құрылымы келесілерден тұрады:

  • Қосымшалар сервері;

  • Деректер қорының сервері;

  • Қызмет көрсетуші тұлғаның автоматтандырылған жұмыс орны;

  • Қолданушылардың автоматтандырылған жұмыс орны.

Қосымшалар сервері

Қосымшалар сервері HTTP/HTTPS протоколы бойынша қолданушылардан келіп түсетін сұраныстарды өңдейді, сонымен қатар деректер қорының серверімен ұсынылатын сервисқа қатынайды.

Деректер қорының сервері

Деректер қорының серверінде деректер қоры орналасқан.

Қызмет көрсетуші тұлғаның АЖО

Қызмет көрсетуші тұлғаның АЖО ұшқыштың программалық жабдықтамасына қызметтер көрсетуге және басқаруға қолданылады.

Қолданушылардың АЖО

Ұшқыштың сервистеріне қатынау үшін азаматтармен және ұйымдармен қолданылады.

ТҚК жұмыс істеуі

Қосымшаның сервері Jakarta Tomcat веб – серверінің базасында жүзеге асырылған. Қосымшаның сервері порталдың қолданушыларынан HTTP немесе HTTPS протоколдары арқылы келген сұраныстарды өңдейді. Сұранысты орындау барысында қосымшаның сервері орындалып жатқан сұранысқа қажет ақпарат үшін деректер қорының серверіне жүгіне алады.

Бақылау сұрақтары:

  1. "Sales Exper" және "Клиент-Коммуникатор" программаларының сипаттамалары.

  2. «Маркетологтар үшін» программалық қамсыздаманың ("Касатка", "Бэстмаркетинг", "Marketing Expert", "Маркетинг-Микс") сипаттамалары.

  3. МАЖ ішкіжүйелерінің сипаттамасы.

  4. Модельдер банкі дегеніміз не?

  5. Статистикалық банк дегеніміз не?

  6. "БЭСТ-Маркетинг" программалық жүйесі дегеніміз не?

  7. МАЖ техникалық қамсыздамасының (ТҚ) құрама элементтері

  8. МАЖ ТҚ қолдануды ұйымдастырудың формалары

  9. МАЖ ТҚ құжатнамасының топтары

  10. Техникалық құралдар құрамы мен типіне әсер етуші факторлар

  11. ТҚК құрылымы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]