Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PEREVOD_KAZ_9.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265 Кб
Скачать

9.2 Бэст-Маркетинг бағдарламалық жүйесі

«БЭСТ-Маркетинг» бағдарламалық жүйесі бәсекелестік шарттарында кәсіпорынның нарықтағы орнын бағалауға мүмкіндік беретін тиімді және ыңғайлы құрал болып табылады. Бұл жүйе өндіріс, сауда кәсіпорындарында және қызмет көрсету салаларында қолданыла алады. Қарастырылып отырған программаның теңдесіз артықшылығы, маркетинг саласында арнайы білімі жоқ ең қарапайым қолданушыға негізделген, интерфейстің терминділігінің айтарлықтай қарапайымдылығы болады. Ақпаратты енгізу «нашарырақ/жақсырақ», «маңызды/қосалқы» қағидасы бойынша бағалаудың табиғи түрінде жүргізіледі. "БЭСТ-Маркетинг" негізделетін әдістемелер қатарында - SWOT- талдау және Розенберг моделі, 4Р әдісі, Анзофф матрицасы кездеседі.

"БЭСТ - Маркетинг" жүйесінің мүмкіндіктері:

Нарықты талдау:

  • Үміт арттырар нарық таушасын анықтау;

  • Тауардың бәсекелестікке қабілеттігін талдау;

  • Оның тиімділігін арттыру бойынша ұсынылымдар мен жарнамаларды талдау;

  • Сауданы ынталандыру бойынша ұсыным.

Бәсекелестерді талдау:

  • Нарықта бәсекелестердің қатысу дәрежесі;

  • Тауар бойынша салыстырмалы талдау;

  • Жарнамалық мекемелерді салыстырмалы талдау.

Маркетингтік қызметті қаржылай жоспарлау:

  • Сатылымдарды болжау;

  • Жарнама бюджеті;

  • Жиынтық бюджет;

  • Өнімді ілгерілету бойынша шығындар бюджетін дайындау және оның орындалуын қадағалау.

"БЭСТ-Маркетинг" бағдарламалық жүйесінің көмегімен әрбір кәсіпорын жарнамалық және маркетингтік саясаттағы өзінің әлді және осал тұстарын бағалай алады және нарықтағы орнын нығайту бойынша ұсынылымдар жиынтығын алауға мүмкіндігі болады.

Құрастыру құралдары:

Программалау тілі - Delphi, ДҚБЖ - Paradox.

Жүйелік талаптар:

  • Процессор – қолданылатын операциялық жүйені қолдайтын кез – келген процессор;

  • Жедел жады көлемі – операциялық жүйе талаптарымен сәйкестігі бойынша;

  • Қатқыл дисктегі бос кеңістік – 100 Mb кем емес.

  • Монитор – SVGA стандарты;

  • Тышқан;

  • Монитордың жұмыс істеуінің ұсынылатын параметрлері – 1024х768 рұқсатнамасы, 32 bit түрлі – түсті палитра, ұсақ қаріп;

  • Операциялық жүйе - MS Windows 98/XP/2000/2003/Vista/Win 7/2008.

Бэст-маркетинг программасы туралы

БЭСТ-МАРКЕТИНГ программасы қолданушының қарамағындағы жекелеген ақпараттар негізінде маркетингтік талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйе фирманың нарықтағы орнын жақсарту үшін нақты ұсыныстар ұсынады, жобаның қаржылық келешегін анықтауға, қаржылық жоспарлардың орындалуын бақылауға көмектеседі. БЭСТ-Маркетинг программасы кіші және орта мекемелерге арналған. Windows ортасында жүзеге асырылған.

БЭСТ-Маркетинг жүйесі маркетингтің келесі әдістерін қолданады:

  1. SWOT-талдау – бәсекелестермен салыстырғандағы артықшылықтар мен кемшіліктер бойынша талдау (күш, әлсіздік, мүмкіндік және қауіп);

  2. 4Р стратегиясы (Рroduct, Price, Place, Promotion) – қолданушылардың әрбір тобы үшін сәйкес тауарды, бағаны, сатылым орнын, тауарды ілгерілендіру тәсілдерін анықтау;

  3. Анзофф матрицасы – нарықтағы тауарды тұрықтандыру;

  4. Розенберг моделі – қандай – да бір көрсеткішті бағалауға қолданылатын сызықты – өтемақылы әдіс;

БЭСТ-Маркетинг жүйесінде негізгі топтама келесідей ақпараттардың жиынтығы түріндегі маркетинг жобасы болып табылады:

  • Нарыққа ұмтылдырылатын тауар (қызмет) туралы;

  • Жұмыс істеу болжамданатын нарық туралы;

  • Бәсекелестер туралы;

  • Жарнамалық шаралар туралы және т.б.

Программа бизнестің әрбір бағыты бойынша кез – келген тауар, қызмет туралы маркетингтік жоба қалыптастыруға мүмкіндік береді. Программадағы жобалар саны шектелмеген. Барлық жобалар тәуелсіз түрде өңделеді және толықтырылатын анықтамалар арқылы байланысқан. Анықтамалардың толықтырылатындығы дегеніміз – қандай – да бір жобада енгізілген кез – келген дерек (мысалы, жаңа бәсекелес) өзге жобларда да қолжетімді болады.

Программадағы аныөтамаларды 2 типке жіктеуге болады: алдын – ала орнатылған (нарық сараланымы, тауар сипаттамасы, өтімді қолдау бойынша шаралар, өндірістік шығындар) және «таза беттен» қолданушымен толтырылатын (конкуренттер, өтім каналдары). Дегенмен, олардың барлығы, жоғарыда айтылғандай, толықтырылатын олып келеді. БЭСТ-Маркетинг жүйесі маркетинг жобасының бюджетін 5 жылға (60 ай) дейін құруға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]