Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PEREVOD_KAZ_9.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264.61 Кб
Скачать

Дәріс №9. Маж қамтамасыз етуші ішкіжүйелер

9.1 Маж бағдарламалық қамсыздандыру

Қазіргі кезде Ресей нарығында бар осы тектес бағдарламалық қамсыздандыруларды шартты түрде үш топқа жіктеуге болады:

  1. Сатудың корпоративті қызметтерінің (менеджер - клиент) қажеттіліктеріне бағытталған CRM(custom relationship management) классты программалар.

Олардың ішіндегі танымалы «Sales Exper» және «Клиент - коммуникатор». Көрсетілген өнімдер корпоративті сатуларды ұйымдастырудың және жобалаудың айтарлықтай тиімді құралдары болып табылады, сонымен қатар клиенттермен байланысты, клиенттер жолдауларын, келісімдерді есепке алуға және сәйкес аналитикалық есептер алуға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған программалардың қуатты жағы клиенттермен автоматты түрде байланыстыратын жүйе(таратылымдар, автоматты қоңырау шалу және т.б.) құру тиімділігі болып табылады. Ақпаратты қорғау жүйесі және коммерциалық ақпаратқа қатынау құқықтарын бөлу жақсы ойластырылған. CRM классты программалардың қолдану аясы үлкен корпоративті тұтынушылар нарығына бағытталған фирмалармен шектелген. Бұл программалар ұсақ және бөлшектік клиенттермен жұмыс жасайтын фирмаларды ұйымдастыру үшін сәйкес келе бермейді. Соңғылары үшін әрбір нақты клиентпен жұмысты бақылау емес, үлкен клиенттік және өнімдік топтардың біріктірілген талдауы, оларға жарнамалар мен қайта байланысудың әсерін зерттеу маңыздырақ (мұндай тапсырмаларды шешу үшін қарастырылып отырған программалар қауқарсыз). Нарықта бар CRM программаларда есептік жүйелерден тиелімдер туралы деректер импорттау функциялары шектелген. Оған қоса, бұндай жүйелерде сыртқы ортаны талдау мүмкіндігінің болмауы(фирманың жарнамасы, бәсекелестер іс – әрекеті, нарықтағы оқиғалар) сауда қызметтерінен тыс салада қолданылуын айтарлықтай қысқартады;

  1. «Маркетологтар үшін» қосымша модульдері («Merketing Geo», «Marketing Analytic») бар программалық қамсыздандыру («Касадка», «Бэстмаркетинг», «Marketing Expert», «Маркетинг - Мика»). Жоғарыда көрсетілген программалық өнімдер ішінен «Marketing Expert» қана маркетингтік шешімдер қабылдауға арналған аналитикалық программаларға жатқызуға болатындар қатарына кіреді. «Marketing Expert» программасының аналитикалық мүмкіндіктері айтарлықтай кең. Баға белгілеуді тиімділендіру, CRM – талдау, болжау функцияларының өздерін айту жеткілікті. Құрастырушылардың өзі: бұл программамен тек жоғары мамандандырылған қолданушылар ғана жұмыс істей алатынын мойындайды. Сонымен қатар, программа қандай – да дәлме – дәл нәтиже берместен бұрын бір деректердің үлкен көлемін программаған енгізу керектігі туралы есте сақтаған жөн. Бұл жерде кәсіпорынның сату туралы шынайы деректерімен байланыс мәселесі қайта туындайды. Осы үшін арналған модуль «Marketing Analytics» дәл сол секілді, мамандандырылған қолданушыларға арналған.

Қалған программалар оқыту – үйрету сипатына ие немесе маркетинг қызметтерінің есептік құжаттарын құрастыруға арналған. Маркетингтік ақпаратты ұсыну мүмкіндіктері қарастырылған жүйелерде шектелген.

  1. Кәсіпорында бар есептік программалық өнімдер негізінде маркетингтік ақпараттық жүйе құру талпыныстары. Бұндай әркеттер, әдетте, жылжымалы құрылым және қосымша деректер мен қосымша есептер құруға мүмкіндік беретін кіріктірілген программалау тілдері есебінен «С» жүйесінде жиі орын алады. Өкінішке орай, есептік жүйеге оған сәйкес емес функцияларды «іліп қоюға» ұмтылыс, біріншіден, маркетологтар үшін тиімді емес шешімдерге, екіншіден, есептік жүйенің өзінің жұмысындағы қателіктерге әкеледі.

Өздігінен МАЖ құруға талпыныс ішкіжүйе таңдаумен байланысты. Маркетингтік ақпараттық жүйе құрылымында төрт ішкі жүйені ажыратады:

  • Ішкі ағымдағы ақпаратты жинақтау ішкіжүйесі. Ақпарат көздері: кәсіпорындағы статистикалық және бухгалтерлік есептігі, ішкі зерттеулер нәтижелері, кәсіпорынды тексеру актілері;

  • Сыртқы ағымдағы ақпаратты жинақтау ішкіжүйесі. Тапсырмалар: сыртқы ортада болатын оқиғалар туралы күнделікті ақпараттар алу. Сыртқы ағымдағы ақпараттың жүйесіне кіретін барлық деректер маркетингтік барлау негізінде алынады.

  • Маркетингтік зерттеулер ішкіжүйесі.Маркетингтік зерттеулер нақты мәселені шешу үшін немесе құрылымды жасау үшін ақпаратты мақсатты жинау, жүйелеу және талдауды білдіреді, яғни барлық деректер мақсатты сипатқа ие.

Маркетингтік талдаудың түрлі объектілері ретінде кәсіпорынның маркетингтік ортасы(сыртқы макро- немесе микроорта), ішкі микроорта, кәсіпорын маркетингсінің жиыны және оның жеке элементтері- нарық, конъюнтура, кәсіпорындар арасында бөліктерді тарату есептеледі. Маркетингтік ақпаратты талдау ішкіжүйесі. Ол маркетингтік деректерді және маркетинг мәселелерін талдау әдістерінің жинағынан тұрады.

Статистикалық банк – статистикалық маңыздылық дәрежесін орнатуға және деректерді жинақтау шегінде өзараәсерлесулерді айтарлықтай толық ашуға мүмкіндік беретін ақпараттарды статистикалық өңдеудің қазіргі заманғы әдістемелерінің жиынтығы. Ондай әдістемелерге корреляциялық, факторлық, регрессиялық талдау және т.б. әдістерді жатқызуға болады.

Модельдер банкі – нарықты әрекет етушілердің тиімді маркетингтік шешімдер қабылдауына әсер ететін математикалық модельдердің жиынтығы. Оларға бағаны есептеу моделін, жарнамалық қаражатты құру моделі және т.б. жатады.

Әрбір модель шынайы қалыптасқан жүйені, ұрдісті немесе нәтижелерді бейнелейтін, өзарабайланысты айнымалылар жиынынан тұрады. Бұл модельдер төмендегі сұрақтарға жауап бере алады:

  • Қайсысы жақсырақ?(мысалы, қолданыстағы нарықта бағаны төмендету немесе жаңасын иегру?)

  • Қайсы орналастыру жақсырақ?

Маркетингтік ақпаратты талдаудың рөлі сонда, ол алынған ақпараттан қорытынды жасауға және мәселенің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]