- •Тақырып: Педагогикалық ғылыми іс-әрекет (ғылыми процесс ретінде) (1 сағат)
- •Тақырып: Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері (2 сағат)
- •Ә діснамалық білімнің деңгейлері
- •Тақырып: Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау. Ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі. (1 сағат) Жоспары:
- •Тақырып: Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау. (1 сағат) Жоспары:
- •Тақырып: Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі. (1 сағат) Жоспары:
- •Тақырып. Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізу процесі және қорытынды кезеңі. (2 сағат) Жоспары:
- •Тақырып. Ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері. (1 сағат) Жоспары:
- •Тақырып. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері. (1 сағат) Жоспары:
- •Талдау мен жинақтау.
- •Тақырып. Эмпирикалық зерттеу әдістері. (1 сағат) Жоспары:
- •1. Эмпирикалық зерттеу әдістерін жалғастыр:
- •2. Болжамның дұрыс немесе дұрыс емес екендігі қай уақытта белгілі болады:
- •Тақырып. Педагогикалық - тәжірибелік жұмыс. Педагогикалық тәжірибенің түрлері, оларды топтап бөлу. (1 сағат)
- •Тақырып. Зерттеудің нәтижелерін өңдеу және ғылыми жұмысты дайындау. (1 сағат) Жоспары:
- •3. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.
- •Тақырып. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау. (1 сағат) Жоспары:
Тақырып. Зерттеудің нәтижелерін өңдеу және ғылыми жұмысты дайындау. (1 сағат) Жоспары:
Педагогикалық ұжымның ғылыми зерттеудің нәтижесін тәжірибеге ендіру.
Ғылыми зерттеу нәтижелерінің көркемделуі
Монография – толық, жүйелі баяндалған ғылымның негізгі мәліметтері, бір мәселені зерттеу немесе автордың ғылыми жұмысының тақырыбы баяндалған кітап немесе кітапша түріндегі ғылыми басылым; ғылым немесе оның белгіленген салаларының даму болашағы туралы өзекті және іргелі ғылым мәселесін қорытындылау, жаңа болжамдар ұсыну мен оларды шешу тәсілдерін талдау, толық және жүйелі зерттеу нәтижелеріне, соның ішінде автордың да зерттеулеріне сүйенген ғылыми еңбек;
- Ұжымдық монография – пікірлес-авторлар ұжымымен жазылған жалпы концептуалды бағыттағы басылым (кітап, құрал);
Компендиум – қандай да бір ғылымның, зерттеулердің және т.с.с. негізгі ойларын қысқаша, жинақтап беру;
Диссертация – ізденушінің (диссертанттың) ашық қорғайтын және ғылыми дәреже алу үшін ұсынатын зерттеуі, ғылыми жұмысының қолжазбасы, автордың ғылыми дәреже алу үшін (ғылым кандидаты немесе докторы) ғылыми немесе ғылыми-білімдік мекемелерде дайындаған және ғалымдар кеңесінде қорғайтын ғылыми біліктілік жұмысы.
Симпозиум, конференция материалдары – ғылыми конференция қорытындылары кіретін мерзімді емес жинақ (бағдарлама, баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер);
Журнал – әр түрлі қоғамдық саяси, ғылыми, өндіріс және басқа сұрақтар бойынша мақалар және /немесе рефераттар, сонымен қатар әдеби туындылар, иллюстрациялары бар кітапша тәрізді түптелген мерзімді мәтіндік басылым, осы түрде ресми бекітілген басылымдар: республикалық «Білім – Образованиие», «Жоғары мектеп хабаршысы», «Вестник высшей школы Казахстана», «Ізденіс – Поиск», «Творческая педагогика», «Парасат», және т.б.; ресейлік-«Вестник высшей школы – Alma mater», «Высшее образование в России», «Педагогика», «Мир образования», «Вопросы психологии», «Вопросы философии» және т.б.; халықаралық «Перспективы: вопросы образования», «Курьер ЮНЕСКО»;
Энциклопедия, энциклопедиялық сөздік – оқу, өздігінен білім алу және тәрбиелеуге арналған басылым түрі. Оқырмандарды қоршаған дүние, ғылым және техника негіздерімен, тарих және мәдениетпен таныстырады.
Негізгі талаптары: материалды түсініктілігі, баяндаудың қарапайым және анықтылығы, көрнектілігі, әдемі сыртқы безендірілуі.
Энциклопедиялар алфавитті, жүйелі, әмбебап, салалық және тақырыптық болып бөлінеді.
Оқулық – бағдарлама және дидактикалық ғылымның талаптарымен белгіленген оқыту мақсаттарына сәйкес, белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздері баяндалатын, кітап түріндегі оқытудың негізгі құралы.
Есептер жинағы – мұғалімге, өздік және бақылау жұмыстарын сұрыптауда (таңдау, іріктеу) оқушылардың жеке дара мүмкіншіліктерін ескере отырып ретке келтірілген есептер жиынтығын қамтитын білім беру ақпараттық-анықтамалық түрі. Жүргізілген сұрыптаулар оқушыларға арналған тапсырмалар ретінде дәстүрлі «қағаз» және электронды түрде ұсынылады.
Есептер мен жаттығулар жинағы - өткен оқу материалын әрекеттік деңгейде меңгеру мүмкіншілігін туғызатын тәжірибелік есептер мен жаттығулары бар басылым;
Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі.
Реферат (лат. referre – баяндау, хабарлау) – бұл мәтіннің мазмұнын бұрмалаусыз айтып беру. Реферат: 1) Әдеби және басқа деректерге жасалған шолудан тұратын белгілі бір тақырып бойынша жасалған баяндама; 2) Ғылыми жұмыстың, кітаптың, т.б мазмұнын баяндау (Словарь иностранных слов. – М., 1985. –С.433.). Реферат – алғашқы түпнұсқаның негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған түрі, онда көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. Реферат сонымен тек қана ойсыз көшіру емес, таңдалған тақырып бойынша ақпарат көздеріне талдау мен сараптау жасау, оларға баға беру. Рефераттан студенттің «Мен» тұжырымы көрініп тұруы қажет.
Рефераттың өз құрылымы бар:
1. Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты.
2. Тақырыбы.
3. Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал болса аты және нөмері).
4. Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін қосуға болмайды.
5. Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады.
Рефератты репродуктивті және продуктивті деп ажыратады. Репродуктивті ре-фераттар мәтіннің мазмұнын жаңадан өндіреді. Мұндай рефераттарға реферат-түйіндеме (резюме) және реферат-конспект жатады. Реферат-түйіндемеде (резюме) тақырып мәтіні бойынша негізгі ережелер келтіріледі. Реферат-конспект мәтіннің негізгі мазмұнын, дәлелдерін, мысалдарын, нәтижелерін береді. Продуктивті рефераттар мәтіннің мазмұнын ғана емес, оған сыни тұрғыдан, шығармашылықпен қарауды ұсынады. Рефераттың мұндай түріне реферат-шолу және реферат-баяндама жатады. Реферат-шолу (обзор) бірнеше мәтіннің негізінде жазылады. Онда мәтіндегі айтылған мәселе әр түрлі көзқарас тұрғысынан салыстырылып жазылады. Реферат-баяндамада (доклад) мәтіндегі бар ақпаратқа талдау жасалып, мазмұнына бағалау беріледі. Реферат жазу мәтінді саналы түсінуді, ақпаратты аналитикалық-синтетикалық қайтадан өңдеуді және осының негізінде жаңа мәтінді құруды талап етеді.
Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.
- Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
- Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
- Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.
Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.
- Мәтін компьютерде терілу керек.
- Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.
- әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;
- абзац болу керек;
- жол арақашықтығы- бірқатарлы;
- кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
- тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;
- ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.
- Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
- Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
- Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
- Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
- Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:
автордың тегі, аты- жөні,
мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),
журнал және кітап атауы шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),
шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.
- әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;
- қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.
