Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ауру тарихы 1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.62 Кб
Скачать

Нерв жүйесін тексеру

Ми қаптары мен ми симптомдары

Науқастың айтуы бойынша, басы ауырмайды, бірақ орнынан тұрғанда басы айналып, көзі қарауытады. Жүрек айну, құсу белгілері жоқ.

Қан тамырларын зерттегенде пульстің ауытқушылықтары байқалмайды. Тыныстың патологиялық түрлері байқалмайды. Көру нервтерінің көз түбіндегі іркілмелік белгілері жоқ. Менингиалдық симптомдары, желке бұлшықеттерінің регидтілігі анықталмады.

Бастың жұп нервтері

I-жұпиіс сезу нерві. Қош иісті әтір иісімен тексерілді. Нәтижесінде иіс сезу сақталғандығы анықталды. Сезім галлюцинациясы жоқ.

II-жұп – көру нерві. Науқастың көру жөнінен шағымы жоқ, көру қуаттылығы сақталған. Көру галлюцинациясы жоқ.

1.Көздің көргіштік мөлшеріСивцев кестесі бойынша қалыпты OS=1,0 OD= 1,0

2.Көру аумағы:

60 Прямая соединительная линия 53 Прямая соединительная линия 54 60

T 90 60N N60 T 90

Прямая соединительная линия 55 Прямая соединительная линия 56

70 70

3.Көздің жарық сезгіштігі ,түс айырғыштығы- ахроматопсия,дисхромотопсия,дальтонизм анықталмады.

III ,IV, VI жұптар – көз алмасын қозғайтын,шығыр,әкеткіш нервтер.

Науқастың көздері симметриялы.

Птоз – жоқ

Қылилық – жоқ

Көз алмасының жалпы көлемінің қозғалысы S=D

V жұп-үштік нерв

а) нервтің тармағы бойынша сезімталдық және Зельдер зонасы бойынша сақталған S=D

Ауырсыну жоқS=D, Триггер нүктесі ауырсынусыз S=D

б)шайнау бұлшықетінің қысымы ауытқусыз,атрофия жоқ

в)Корнеальді рефлексі сақталған S=D

Төменгі жақ рефлексі сақталған S=D

VII жұп-бет нерві.

Науқасты қарағанда, оның қабақтары, маңдай әжімдері, танау желбезегі мен езуінің көз асты қабаттарының аздаған ассиметриясы байқалады, сол жақ бөлігі оң жағынан қалыңқы. Мимикалық бұлшықеттердің симметриялығы – сол жақ бөлігі оң жағынан қалыңқы. Тілдің алдыңғы 2/3 дәмсезу сақталмаған.

VIII жұп-есту нерві

Есту қабілеті төмендемеген,құлағында шу естілмейді,есту елесі жоқ.Вестибулярлық атаксиялар жоқ.Нистагм жоқ.Гипоакузия,анакузия анықталмайды. АD -

АS -

IX , X жұптар-тіл – жұтқыншақ пен кезбе нервтер.

Жұтынған кезде шашалады, үздіксіз ықылық атады.

XI жұп-қосымша нерв.

Бастың қарама –қарсы жаққа бұрылысы – қалыптыS=D ,жауырынды қысу –қалыпты S=D,бұлшықеттердің күші сол жақ бөлігі оң жағынан қалыңқы S<D,атрофия,фибрилляция – жоқ.

XII жұп-тіласты нерві.

Тілдің сыртқы көрінісі қалыпты.Артикуляция сақталған,атрофия –жоқ,фибрилляция жоқ. Тілдің солға ығысуы байқалды.

Қозғау жүйесі:

Бұлшықет серпімділігі жоғарыламаған.Қолдарында,аяқтарында қозғалыс көлемі шектелген,бұлшықет күші төмендеген.

Қимыл-әрекет мүшелері.

Қозғалыс атаулары

Күші

Оң жағы

Сол жағы

Басын иу

5

5

Басын шалқайту

5

5

Мойнын оңға бұру

5

5

Мойнын солға бұру

5

5

Қолдарын вертикальдық деңгейде көтеру

5

3

Қолдарын горизонтальдық деңгейде көтеру

5

3

Білегін бүгу

5

3

Білегін жазу

5

2

Саусақтарын бүгу

5

1

Саусақтарын жазу

5

1

Алақанын жұму кезінің жалпы күші

5

0

Санын бүгу

5

3

Санын жазу

5

4

Тізесін бүгу

5

2

Тізесін жазу

5

3

Аяқ басын көтеру/өкшелеп жүру/

5

0

Аяқ басын табанына қарай бүгу/аяқ басымен жүру/

5

0

Аяқ саусақтарын көтеру

5

0

Аяқ саусақтарын бүгу

5

0

Рефлекторлық жүйе

Сіңір және периостальдық рефлекстер тобы

Карпорадиалдық рефлекс- сол жақта жоғарылаған, гиперрефлексия.

Иықтың екі басты бұлшық еті сіңірінің рефлексі – (+)

Тізе рефлексі- сол жақта жоғарылаған, гиперрефлексия.

Өкше рефлексі - (+)

Тері рефлекстері

Тері және кілегей қап рефлекстері мен коньюнктивальдық рефлекстер жоқ.

Құрсақ аймағы рефлекстері - (+)

Табан рефлексі – сол жағы төмендеген

Арефлексия, анизорефлексия анықталмады.

Оральды автоматтық рефлекстер

Еріндерін қампиту рефлексі: оң мәнді

Сору рефлексі:жоқ

Қаймалау рефлексі:жоқ

Маринеску-Родовиг рефлексі: оң мәнді

Рефлекстердің патологиялық өзгерістері

Аяқ және қол басы патологиясының рефлектері

Қол басы патологиялық рефлексі

Оппенгейм рефлексі – (-)

Россолимо рефлексі- (-)

Бехтерев рефлексі- (-)

Жуковский рефлексі- (-)

Аяқ басы патологиялық рефлексі

Бабинский рефлексі – оң мәнді сол аяқта

Оппенгейм рефлексі – (-)

Гордон рефлексі- (-)

Шеффер рефлексі- (-)

Гроссман рефлексі- (-)

Россолимо рефлексі- (-)

Бехтерев рефлексі- (-)

Жуковский рефлексі- (-)

Клонустар

Пальмарлық және корпоральді клонустар аяқ-қолда жоқ .Жартылай иулі қол саусақтарын және қол басын оның сыртына қарай кенеттен жазған кезде олар клоникалық бұлқынбайды.Аяқ басын оның сыртына қарай кенеттен қаттырақ иген кезде ахилл сіңірлері тартылмайды.

Қорғаныс рефлекстері

Глобальдық синкинезия: (-)

Координаторлық синкинезия: (-)

Имитациялық синкинезия: (-)

Дене тері сезімдері:

Ласер, Вассерман, Мацкевич, Нери және Дежерин симптомдары теріс мәнді.Беткей сезімдері ,температуралық сезім ,меншікті сезімдері,кинестетикалық,вибрациялық сезім сақталған. Қысымды және салмақты анықтау сынамалары оң мәнді.Дискриминациялық,стереогноздық сезімдер теріс мәнді.