Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
polnye_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
422.76 Кб
Скачать

62. Кардиогенді шоктың шынайы түрінде жедел жәрдем және симптомдар.

Кардиогенді шок – бұл артериялық гипотензиямен сипатталатын қан айналымының кенеттен бұзылысы, сонымен қатар мүшелер мен тіндердің қанмен қамтамасыз етілуінің кенеттен нашарлауы. Ол мынаған байланысты: жүректің систолалық лақтырысының бұзылуы, шеткері артериялық қан тамырларының тарылуы, артериовенозды шунттардың ашылуы, тамырішілік коагуляцияның салдарынан қанайналымдық бұзылыстардың дамуы. Шоктың ең басты белгісіне систолалық қан қысымының төмендеуі және оған қоса мүшелер мен тіндер перфузиясының кенеттен нашарлауы жатады. Шокта систолалық артериялық қан қысымы 90мм.сн.б. төмен.

Шынайы кардиогенді шок – Шоктың нағыз және ауыр түрі. Миокард инфарктісінің ауыр асқынуы. Көп жағдайда өліммен аяқталады. Ол айқын гемодинамикалық және метоболикалық бұзылыстармен айқындалады. Науқастарда қан қысымының төмендеуі, микроциркуляциялық бұзылыстар, ацидоз, ДВС синдромы дамиды. Көбінесе уақытылы комплексті емнің өзі нәтижесіз болады. Шоктың себебі тез және үлкен аймақты дамыған сол жақ қарыншаның бұлшық етінің некрозы. Айқын кардиогенді шоктың белгілері дамиды.

Жедел жәрдем:

  • Адекватты ауырсынуды басу

  • Симпатомиметиктер

  • Фибринолитикалық препараттар мен гепарин

  • Реополиглюкин (төмен молекулалы декстрандар)

  • Қосымша қан айналым (контрпульсация)

Осы патологияда жақсы әсер көрсететін препараттар тобы : симпатомиметиктер. Олар жүрек қан тамыр жүйесіне спецификалық ісер етеді (микроциркуляцияда қан тамырлардың тонусын жоғарылатады.), жүректің бета рецепторларын стимуляциялайды. Шынайы кардиогенді шокта таңдау препараты ДОПМИН (дофамин, допамин) болып табылады. Допмин 2-10 мкг/кг/мин. Алдын ала ампуланы 400 мл реополиглюкин немесе 400 мл 5-10% глюкоза немесе 400 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндімен араластырады. Инфузияны үзіліссіз бірнеше сағаттан 4-5тәулікке дейін жүргізеді. Ауырсынуды басу: фортрал фортрал -30 мг 30-60минуттан кейін қайталауға болады. Фортрал болмаса, басқа да наркотикалық анальгетиктерді қолдануға болады. Тәуіліктік диурез бен АҚ қадағалап отырамыз.

63. Кардиогенді шоктың аритмиялық түрінде жедел жәрдем және симптомдар.

Аритмиялық кардиогенді шок – Гемодинамикалық және метаболикалық өзгерістер жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстарымен қатар жүреді. Болжамы өліеттену ошағының үлкендігіне және гемодинамикалық және метоболикалық бұзылыстардың дәрежесіне байланысты.

Жедел жәрдем :

  • Адекватты ауырсынуда басу

  • Электроимпульсты терапия

  • Жүрек электростимуляциясы

  • Антиаритмиялық препараттар

Антиаритмиялық препараттарды енгіземіз

Новокаиномид 5 немесе 10мл 10% ерітініді тамыр ішілік

Гилуритмал 40 мг бұлшық етеке немесе тамыр ішілік

Панангин 10-2 мл немесе калий хлоридін - 2-3 г тамыр ішілік 100-150мл 5% глюкозамен 8-10бірлік инсулинмен (поляризующая смесь)

Лидокаин 0,1-0,2 г тамыр ішілік.

Ауырсынуды басу: фортрал фортрал -30 мг 30-60минуттан кейін қайталауға болады. Фортрал болмаса, басқа да наркотикалық анальгетиктерді қолдануға болады. Тәуіліктік диурез бен АҚ қадағалап отырамыз.

Егер де нәтиже болмаса, электроимпульсты терапия, жүректі электростимуляциялау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]