Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
polnye_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
422.76 Кб
Скачать

76. Пневмоторакс кезінде жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі.

Емі:

  • Есін жоғалтқан кезде, қан айналым мен тыныс алудың тоқтауы кезінде : жүрек өкпелік реанимациясын жасайды.

  • Гипоксияны коррекциялау : оттегітерапия

  • Ауру сезімін басу : Наркотикалық емес анальгетиктер

  • Кеторолак т/і 30 мг (2мл) Дозаны 15 СЕКУНДТАН аз емес уақытта енгізу керек.

  • Қатты ауру сезімі болғанда наркотикалық анальгетиктерді қолдануға болады:

Морфин 1%-1мл 20млге дейін 0,9% натрий хлоридімен араластырып , әр 5-10 мин т/і 4-10 мл ауру сезімі басылғанша.

  • Қатаған пневмоторакс кезінде өмірлік көрсеткіш бойынша : 4,5 смден кем емес инені тыныс әлсіз немесе жоқ жақта ортаңғы бұғана сызығы бойынша екінші қабырға аралықта плевральды қуысқа енгізу. Инеден ауа өте бастаған кезде, дәл сол жерде оны фиксациялаймыз.

Бронхоспазм дамыса :

  • Сальбутамол 2,5 мг 5-10 мин ішінде небулайзер көмегімен енгізу. Эффективтілігі болмаса, 20 минуттан кейін қайталаймыз.

  • Гемодинамика көрсеткіштерін қадағалау.

77. Қан түкіру негізгі себептері

Қан түкіру дегенніміз – қақырықта қан түйіршіктерінің болуы

Этиологиясы :

  • Инфекция : бронхит (жедел ,бірақ көп жағдайларда созылмалы ), пневмония, абсцесс, туберкулез, бронхозктаздар

  • Ісіктер : Рак, карциноид

  • Жүрек қан тамыр жүйелерінің аурулары: өкпе артериясының тромбо эмболиясы, өкпе инфаркты, митральды стеноз бен басқа өкпе артериясында қысымның көтерілуін шақыратын жүрек клапандарының зақымданулары, сол жақ қарыншалық жетіспеушілігі (өкпе ісінуі), өкпе артериясында және венада даму ақаулары, аорта аневризмасы

  • Жарақаттар : кеуде торының зақымданулары,операциядан кейінгі кезең, биопсия, катетеризация

  • Басқа да себептер : қан аурулары, қан ұю бұзылыстары, антикоагулянттармен терапия, бөгде зат, васкулиттер

78. Қан түкірудің клиникалық көріністері мен өкпелік қан кетуден айырмашылығы.

Қан түкіру кезінде қанның көлемі 50-100 мл, егер одан көп болса, қан кету деп аталады. Қан қақыру кезінде қан қақырықта ала қызыл түсті, қан ұйып қалып немесе сұйық болуы мүмкін. Өкпеден қан кету кезінде қан ұйымайды, ала қызыл түсті көпіршікті.

Көп мөлшерде қан кету жедел анемия мен гиповолемиялық шокка әкелуі мүмкін. Сол кезде қан тағы өкпенің сау бронхтарына өтіп, бітеп, обтурационды ателектазға әкелуі мүмкін. Ол өз кезегінде ауыр тыныс жетіспеушілікке әкелуі мүмкін.

Осындай науқастарға тән: беттің бозаруы, шошыған түрі, ентігу, жиі және әлсіз пульс, суық тері. Өкпелік қан кету кезінде қан басында ала қызыл түсті,кейін ала, келесі күні қарайып, қоғыр болады.

Қатты қан кеткен кезде жедел постгемморагиялық анемия мен коллапс дамиды.

79. Қан түкіру кезінде жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі Емі:

Егер есін жоғалтқанда , қан айналым мен тыныс алудың тоқтауы болса, жүрек өкпелік реанимациясын жасаймыз.

Ауыр қан кету жағдайында :

Науқасты басты төмен қаратып жатқызамыз

Тыныс алу жолдарын санациялаймыз

Жоғары жылдамдықта оттегін беру (6-10 л/мин)

Венозды доступты қамтамасыз ету және сұйықтықты құю (1000-3000 мл) : 0,9% натрий хлорид, 5% декстроза ерітіндісін енгізу

Аминокапрон қышқылын 5%-100 мл (5г) т/і тамшылатып

Атропин (1мл) немесе эуфиллин (2,4% 10 мл) т/і енгізуге болады (кіші қан айналым шеңберін жұмысын төмендету)

Науқасты жедел стационарға госпитализациялау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]