Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
polnye_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
422.76 Кб
Скачать

1. Кома анықтамасы- бұл сыртқы тітіркендіргіштерге реакциялары болмайтын ессіз жағдай , команың сопор және ұйқыдан айырмашылығы ешқандай тітіркендіргіштер (сөйлеу, ауыртпалық, күшті дыбыс есту ) ауруды есіне келтірмейді. Кома кезінде миға тікелей зақым келеді, яғни шок кезінде жүрек пен өкпе зақымдалады осы айырмашылық. Классификациясы : этиологиясына байланысты 30-дан астам түрі бар, келесі түрлері жиі кездеседі : травматикалық, апоплектикалық, эпилепсиялық, панкреатикалық, бүйректік, уремиялық, гипергликемиялық кетоацидотикалық, гипогликемиялық. Даму кезеңіне байланысты: кома алды(есінің шатасуы, дезориентация, ұйқышылдық, психомоторлық қозу психозға дейінгі, қозғалыстардың үйлессіздігі, барлық рефлекстер әдетте сақталған), кома 1 ступор (науқаспен байланыс іс жүзінде қиынға соғады тіптім мүмкін емес), кома 2 сопор (науқаспен байланыс ешқандай әдіспен болмайды), кома 3 (сананың, қарашықтың жарыққа және ауруға реакцияның болмауы), кома 4 (кез келген рефлекстердің жоқтығы) арефлексия. Даму кезеңін Глазго шкаласы бойынша анықталады ұпай санымен: көзін ашу(спонтанды4, бағытталған сөзге жауап беру3, ауыртқыш тітіркендіргіштерге жауап2, жауап жоқ1), қозғалу белсенділігі(команданы орындайды6, ауыру сезім тітіркендіргішін итереді5, ауыру сезіміне аяқ-қолдарының жұлқынуы4, ауыру сезіміне тоникалық бүгу3, ауыру сезіміне тоникалық жазылу2, жауап жоқ1), сөйлеу реакциясы(дұрыс сөйлеу5, шатасып сөйлеу4, түсініксіз сөйлеу3, буынсыз дыбыстар2, жауап жоқ1). 15ұпай- есінің бүтін болуына сәйкес келеді, 13-14ұпай- есеңгіреуге, 9-12ұпай- сопорға, 4-8ұпай-комаға, 4ұпай-ми өліміне сәйкес келеді.

2.Травматикалық комадағы симптомдар мен шұғыл көмек - сүйек-ми жарақаттарына байланысты сананың жоғалуы. Белгілері: сананың жоғалуы, терінің бозаруы, көз қарашығының жарыққа реакция бермеуі, бұлшықет әлсіздігі, құсу( алып келу мүмкін аспирацияға), брадикардия, тыныс алу бұзылысы, гематома кезінде әртүрлі неврологиялық симптомдар(паралич,парез,нистагм). Травмалық кома бассүйек милық жарақаттан кейін дамиды- контузия немесе мидың басылуы. Клиникада жалпы милық және ошақты көріністер байқалады. Менингеальды синдром болуы мүмкін. Естің бастапқы жоғалуы ми контузиясының белгісі, ал оның өршуі қабықты гематома жайлы ойлауға болады(субдуральды, эпидуральды), ол болса ми аяғының басылу клиникалық суретін нақтылайды – альтерирлеуші Вебер синдромы (патология жағындағы мидриаз және контрлатеральды гемипарез). Жедел көмек: Бассүйек-милық жарақаты бар науқастар жедел госпитализацияланады нейрохирургия бөліміне(стационар). . Науқас мойын омыртқасын иммобилизациялау жарақаттың кез-келген түрі болсын, тар киімді шешу, ауыз және жұтқыншақты қан мен шырыштан тазарту, басын қарау және жағдай болса басқа суық басу, науқасты қозғалудан максимальды шектеу, бассүйекішілік гипертензияның , ми ісігі және ісінуінің алдын алу. Қанталаудың дегидратациясы үшін маннитол т/і енгізіледі 1-2 г/кг 10-20 мин арасында, сосын фуросемид 40мг дозада енгізіледі.Біріншілік көмек тыныс алуды қамтамасыз ету: науқас жасанды өкпе вентиляциясына көшіріледі, аспирацияның алдын алу үшін бірінші күндері міндетті түрде назогастральды зонд қойылады. Қанталауды және гематоманы алу мақсатында бассүйекішілік трепанация жасалады.Негізгі ем жарақат комасы кезінде ми ісінуіне қарсы және қанайналуды жақсарту мақсатында жүргізіледі. Сол үшін диуретиктер (фуросемид, манитол, диакарб), ноотропы (актовегин, ноотропил) және жүрек-тамыр препараттары (пентоксифиллин, кавинтон, ницерголин) қолданылады

3. Апоплектикалық комадағы симптомдар мен шұғыл көмек бас ми қанайналымы бұзылысы кезінде : қанталау, тромбоз, ми қантамыр эмболиясы, ұзақ ми қантамыр спазмы салдарынан дамиды. Симптомдары: миға қанталаудан кейін науқас сол сәтте талады, есін жоғалтады, бет гиперемиясы, терісі ыстық ұстаған кезде, бет бұрышы зақым алған жаққа қарай қисаяды, зақым алған жақтағы беті ісінеді демалғанда, көздері жартылай ашылған, көз қарашығы жартылай ашық, жарыққа жауап қайтармайды, пульс қатты, тынысы жоғары, бетте менингеальды симптомдар, еріксіз зәр, нәжіс шығару, құсу. Жедел көмек: Егер апоплексиялық кома үйде болса онда жағдайда науқасты орынында қалдыру керек, өйткені оған әр шайқалу қауіпті. Егер тромбоз, қанталау, эмболия басқа да бір жерде болса онда науқасты жедел түрде ауруханаға жеткізу керек. Науқастың басы кеудесінен жоғары тұратындай етіп жатқызу керек. Қан қысымы жоғары болған кезінде құлақтың артына 3-4 сүлік , басына суық, аяғына жылытқыш қою керек. Диуретин 0,5 күніне 3рет, антикоагулянттар(неодикумаран 0,3 2-3рет күніне, пелентан 0,3 2рет, пелентан 0,3 2рет, дикумарин 0,1 3рет күніне, гепарин 3000ед бұлшықетке 6сағ арасы) камфара, кофеин, диуретин, эуфеллин, теофиллин.

4. Эпилептическалық комадағы симптомдар мен шұғыл көмек - Этиология: эпилептикалық ұстамаға көрсеткіштер болуы мүмкін , бассүйек милық жарақат, анамнезінде инсульт.Клиника: кома ойда жоқта дамиды, көбіне естің өшуі және ұстаманың басталуы бір уақытта болады. Бірінші периодта жиі тоникалық ұстама көрінеді, клоникалық ұстамамен ауысатын, беттің цианозы, ерінде көбік, тілін тістеп алу, стридорозды тыныс, тахикардия, мойын венасының ісінуі, еріксіз зәр және дефекация шығару, көз қарашығының ареактивтілігі және ұлғаюы. Екінші периодта бұлшықеттің гипотониясы, арефлексия, гиперемия, беттің бозғылтануы және цианоздануы, көз дің шетке қисаюы, тахипноэ, тахикардия. Жедел көмек: тез басталады және реанимациялық бөлімде оны аяқтайды. Ауыз қуысынан құсық , бөгде заттардан тазарту керек және оттекті аппаратты енгізу керек. Жоғарғы тыныс жолынан шырышты, аспирацияға алып келген затты элетроотсоспен алып тастайды. Жүрек қантамыр бұзылысын жою үшін коргликон ерітіндісін 0,5-1мл 0,06% т/і енгізеді. Ұстаманың алдын алу үшін т/і 0,01г сибазонды 20мл изотоникалық ерітінді натрия хлоридімен енгізіледі, немесе 1-2мл аминазин т/і тамшылатып. Стационарда егер эффект болмаса гипотермия жүргізіледі: эндотрахеалды наркоз миорелаксанттарды қолданумен бірге және ИВЛ қосылады.

5. Панкреатикалық комадағы симптомдар мен шұғыл көмек - Симптомдар: 1стадия(психиканың бастапқы бұзылысы): науқастың адекватсыздығымен көрінеді, мазасыздануымен, эйфория, есту және көру қысқа галлюцинациялар байқалу мүмкін, агрессивтілік. 2стадия(айқын психикалық көрініспен ерекшелінеді): естің тежелуі, қозғалу және сөйлеу қозуымен, галлюцинациялармен, есітің шатасуы, оральды автоматикалық симтомдар көрінісі. 3стадия(команың өзіндік панкретикалық стадиясы): естің толық болмауы, тыныс алудың патологиялық формалары дамиды(чейн-стокс, куссмауль тынысы), ауру сезімі, демікпе, акроцианоз,көз қарашығының жарыққа жауабы жоғалады, қалыпты козғалыстың жоғалуы. Жедел көмек: ауру сезімін жою үшін анальгетик және спазмалитиктер қолданылады папаверин 2-4мл 2% ношпа ерітіндісі б/е 2-3 рет тәулігіне, наркотикалық препараттар промедол 1-2мл 2% тері астына 2-3рет тәулігіне. Шок және коллапсты болдырмау және ағзаның дегидратациясының алдын алу үшін изотоникалық ерітінді натрия хлориді 5% , глюкоза ерітіндісін 2-3л немесе 1-2л Рингер-Локка ерітіндісін қолданылады. Панкреатогенді токсемияға қарсы гемодилюция және форсирленген диурез қолданылады. Кортикостероидтар анық гемодинамикалық бұзылыс кезінде қолданылады.

6. Бауырлық комадағы симптомдар мен шұғыл көмек.Бауырлық кома бауыр функциясының терең өзгерістерімен массивті некроз және бауыр паренхимасының фиброзы кезінде дамиды , естің бұзылысымен көрінеді. Бауырлық комамен аяқталатын негізгі аурулар вирусты гепатит, бауыр циррозы, гепатотропты улармен шақырылған бауыр некрозы. Симптомдары: прекома(бауыр көлемінің жедел кішіреюі, хлопающий тремор костей, гипертермиялық синдром, сарғаю, диспепсиялық көрініс), кома (естің жоғалуы, кез келген қоздырғышқа реакцияның жоғалуы, аяқ бұлшықеттерінің ригидтілігі). Жедел көмек: тамыр ішілік тамшылатып 500мл 5% глюкоза ерітіндісі + 20-30мл панагин, 200-1000мг преднизолон, 10мл 1% никотин қышқылы б/е(бауыр функциясын жақсарту мақсатында), 3мл 1% рибфлавин, 4-5мл 5% пиродоксин, 4-8г глутамат, 500-800 мл 4% корбонат натрия, гемосорбция, тазалау клизмасы.

7. Уремиялық комадағы симптомдар мен шұғыл көмек - бүйрек жетіспеушілік, гломерулонефрит, пиелонефрит, бүйректің поликистозы, қант диабеті, нейротропты улармен уланған науқастарда уремиялық кома дамиды. Симптомдары: тері бозғылт,құрғақ,қабыршақтанған,миоз, тыныс алуы чейн-стокс бойынша, ауызынан аммиак иісі, АҚ жоғарылаған,шум трения перикарда, кеуде аускультациясы кезінде ылғалды сырыл, миоклоникалық түртілу, керниг және брудзинский симптомдары. Жедел көмек: асқазан және ішекті 2% ерітінді карбонат натрия шаямыз, слабительные средства, гипонатриемия кезінде б/е 250мл натрий хлориді, гипернатремия кезінде спиронолактон 0,075-0,3г тәулігіне, АГ кезінде капотен немесе капозид, ацидозға трисамин, 300-500мл 5% глюкоза ерітіндісі + 400мл 4% корбанат натрия ерітіндісі, 1мл 5% ретаболил ерітіндісі, экстракарпоральды гемодиализ.

8. Гипергликемиялық және кетоацидоздық комадағы симптомдар мен шұғыл көмек. Гипергликемиялық кома қант диабеті бар науқастардың емдәм бұзылысында, инсулин қабылдау тәртібін бұзу және тоқтату, қосымша аурулары болғанда дамиды. Команың алдында кома алды болады, шөлдеу күшейеді, диурез жиілейді, әлсіздік, бас ауру, ішіндегі ауыру сезімі, шөлдеу, жүрек айну, ұйқышылдық, жалпы әлсіздік, құсу, шулы, терең тыныс, тоқтамды, есінің бұзылысы сонымен комаға түседі, құсу, шулы дем, тері және шырышты қабаттардың құрғақтығы көрінеді, «диабеттік беттің шырайы» симптомы тән, тахикардия,Куссмаул демі бар, АҚҚ төмендеген, ауыз қуысынан ацетон иісі шығады, қарашықтар тарылған. Кетоацидоздық кома біртіндеп дамиды, қанда қант жоғары 19ммоль/л және көбірек. Жедел көмек: ең бірінші науқастың өмір сүруге маңызды ункцияларын тексереміз: тамыр ішіне инсулин 6-12ед физ раствормен араластырамыз, инсулинотерапия жүргізіледі, егер команың этиологиясы белгісіз болса диагностика мақсатпен к/т 20-25мл 40% глюкоза ерітіндісін енгіземіз, 300-310м осм/литр натрия хлоридінің изотониялық ерітіндісі, 200-400 мл к/т тамшылатып. Алкоголь қолданғанда және гипергликемия кезінде науқаста тершеңдік ылғал көрінеді – глюкоза ерітіндісін 40%.

9. Гипогликемиялық комадағы симптомдар мен шұғыл көмек. Жиірек гипогикемия қантты диабетпен ауыратын науқастарда инсулинді мөлшерінен көп салып қойғанда немесе инсулин енгізгеннен кейін көмірсутектерді аз қабылдаудан болады. Инсулиноманың көрінісі ретінде болуы мүмкін(Харрия синдромы), ата-аналары қантты диабетпен ауырған балаларда Лангерганс аралшықтарының б-клеткаларының диффузды гиперплазиясы нәтижесінде дамиды, сонымен қатар, жаңа туылған нәрестелерде көрінеді. Науқаста кенеттен аштық сезімі, өлімнен қорқу, салқын тер, қол-аяқ қалтырауы, қосарланып көріну, бастың ауыру, тері бозғылттығы, есінен тану, тырысулар болады. Артериалдық қан қысымы жоғары немесе қалыпты, жалпы бұлшық еттік гипертониясы сіңір рефлекстерінің жоғарылауы анықталады. Жедел жәрдем: тез көктамырға 20мл 40% глюкоза ерітіндісін (100 мл дейін) науқас есіне келгенге дейін енгізу, құрамында тез сіңетін көміртегі бар тағам беру, 80-100мл 20% глюкоза ерітінділерін к/т тез енгізу, 5% 200-400мл глюкоза ерітінділерін к/т баяу тамшылату, преднизолон 30мг к/т, мидың ісінуінде маннитол 20% -200мл к/т тамшылату, кома үдеп бара жатса –адреналин 0,1% 0,5-1,0 мл к/т, реанимация бөліміне жеткізу.

10. Глазго шкаласы бойынша жағдайды анықтау. Шұғыл жағдайларда естің бұзылу тереңдігін ересектерде Глазго шкаласы бойынша бағалауға болады.

Клиникалық белгілер

Реакция сипаты

Ұпай бойынша бағалау

Көзін ашу

Спонтанды

4

Бағытталған сөзге жауап беру

3

Ауыртқыш тітіркендіргіштерге жауап

2

Жауап жоқ

1

Қозғалу белсенділігі

Команданы орындайды

6

Ауыру сезім тітіркендіргіш итереді

5

Ауыру сезіміне аяқ-қолдарының жұлқынуы

4

Ауыру сезіміне тоникалық бүгу

3

Ауыру сезіміне тоникалық жазылу

2

Жауап жоқ

1

Сөйлеу реакциясы

Дұрыс сөйлеу

5

Шатасып сөйлеу

4

Түсініксіз сөйлеу

3

Буынсыз дыбыстар

2

Жауап жоқ

1

Ес жағдайын бағалау әрбір топшадан алынған ұпайлардың жалпы санын есептеу жолымен жүргізіледі. Мәселен: 15ұпай- есінің бүтін болуына сәйкес келеді, 13-14ұпай- есеңгіреуге, 9-12ұпай-сопорға, 4-8ұпай-комаға (8-жеңіл дәрежесі, 7-6 орташа дәрежесі, 4-5 ауыр дәрежесі), 4ұпай –ми өліміне сәйкес келеді.

11.Коматозды жағдайлар диагностикасы . Ең бірінші дәрігер алдындағы науқас шынында кома күйінде жатыр ма жоқ па соны білу қажет. Ол үшін келесіні білу керек:

-мұндай ұстама кенеттен болды ма, әлде оған басқа да бір симптомдар әсер етті ме (бас айналу, сөйлеудің қиындауы, аяқтардың әлсіздігі)

-мұндай жағдайлар науқаста алдын болды ма

-науқас бас ауруға, құсу, көру бұзылысына шағымданды ма

-бүйрек ауруларымен (диабет, малярия) аурушы ма еді

-улану жайлы ойласа бола ма

Осы сұрақтармен диагнозды қоюға жеңілдей түседі. Келесі науқастың клиникалық симптомдарына мән береміз: Бас аймағын қараймыз, иістер, тері, температураны анықтаймыз, артериялық қан қысымын қараймыз, жүйке жүйесін бағалап неврологиляық қараймыз. Шұғыл жағдайда естің бұзылу тереңдігін ерексектерде Глазго, ал нәрестелерде Апгар шкаласы бойынша бағалауға болады.

12. Менингококкокты инфекция анықтамасы- жедел инфекциялық ауру, Neisseria meningitides менингококпен шақырылады. Әртүрлі клиникалық формада өтеді. Ішкі ортада қоздырғыш тез өледі. Залалсыздандыратын заттардың әсерінен 1-2мин ішінде өледі, пенициллин, левомицетин, тетрациклин, сульфаниламидтерге сезімтал. Ауру көзі: ауру адам. Инкубациялық кезеңі 3-10күн. Ауа-тамшылы жолмен жұғады. Мектеп жасына дейінгі балалар жиі ауырады. Күз-қыс айларында көбірек кездеседі. Менингококк ,жұмсақ ми қабатында орналасады, іріңді қабыну тудырады. Орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш мұрынжұтқыншақ немесе гематогенді жолмен енеді. Жергілікті түрі: менингококк тасымалдаушылық және жіті назофарингит. Жайылған түрі:менингококкцемия , менингит, менингоэнцефалит,эндокардит, полиартрит, пневмония түрінде сирек кездеседі. Науқаста температурасы 39-40 жоғары, 5-15сағ кейін геморрагиялық бөртпелер п.б, құсу , бас ауру, тахикардия, гиперестезия. Менингококцемия кезінде алғашқы сағаттардан бастап ИТШ, геморрагиялық синдром, ТШҚҰ синдромы, бүйрек үсті безінің инаркты дамиды. Сондықтан тез арада көмек көрсетілмеген жағдайда летальды нәтижеге алып келеді.

13.Нейроинфекция даму себебі - Жүйке жүйесінің инфекционды зақымдалуы вируспен, бактериалды инфекциямен, қарапайымдар және саңырауқұлақтармен шақырылуы мүмкін, сонымен қатар жүйке талшықтарының спецификалық қабыну(туберкулезді, сифилитикалық) салдарынан пайда болады.

14.Менингит Эпидемиологиясы - Қоздырғышы менингококтар- Neisseri meningitidіs. Инфекция көзі- барлық түрдегі науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Инфкеция көздері 3топқа бөлінеді: жайылған түріндегі науқас адам, назофарингит түрі, сау тасымалдаушылар. Назоарингит түрі жиі кездеседі және өте қауіпті, өйткені ауру жеңіл түрде өтетін болғандықтан диагноз кеш қойылады, ауру жұмысын жалғастырып жүріп ауруды тез таратады. Беріліс механизмі- аэрогенді, аспирациялы, берілу жолы-ауа тамшы. Қоздырғыштар қоршаған ортада төзімсіз болғандықтан ұзақ уақыт тығыз қатынаста болу арқылы таралады. Әсіресе бір бөлмеде бірге ұйықтағанда, бөлменің температурасы және ылғалдылығы нашар болғанда жиі таралады. Қабылдағыштық өте жоғары , инфекция жұқтырғандардың 10-15пайызы назофарингит болуы мүмкін, 1 пайызы менингококцемия , 85-90 пайызы сау тасымалдаушылық. Иммунитет тұрақты.

15.Менингиттің жіктелуі- Менингит- ми және жұлын қабатының қабынуы. Лептоменингит- мидың жұмсақ және торлы қабатының қабынуы. Пахименингит- қатты қабатының қабынуы. Қабыну процессіне байланысты жіктеледі: іріңді, серозды. Табиғатына байланысты: біріншілікті, екіншілікті. Этиологиясына байланысты: бактериальды, вирусты, саңырауқұлақтар, протозойлы, аралас, өзге этиологиялы. Ағымына байланысты: найзағай тәрізді, жедел, жеделше, созылмалы. Локализациясына байланысты: базальды, конвекситальды, тотальды, спинальды. Ауырлық дәрежесіне байланысты: жеңіл, орташа, ауыр. Асқыну болуына байланысты: асқынған, асқынбаған.

16.ИТШ критерилері– жіті қанайналым жетіспеушілігі, ауыр метаболикалық бұзылыстар мен полиоргандық патологияға алып келетін жағдай. ИТШ клиникалық жіктелуі (Покровский В.И. 1976ж, Чайцев В.Г 1982ж):

1дәрежесі (компенсирленген) – жалпы жағдайы ауыр, қозу, мазасыздану, емшек жасындағы балаларды тырысу белгілері байқалады. Тері жабындысы бозғылт ,шырышты қабаттарының цианозы және акроцианоз, аяқ-қолдары суық болады. Қалтырау , гипертермия 39-40-қа дейін. Тахикардия, аздаған ентігу. АҚҚ қалыпты, сирек систолалық қан қысымының жоғарылауы, зәр бөлінудің азаюы болады.

2дәрежесі (субкомпенсирленген)- науқастың жағдайы ауыр, қозғыштық тежелуге айналған, бозару күшейеді, жайылмалы цианоз, тахикардия, жүрек үндері тұйықталған, дене қызуы төмендеген, артериалды қысым төмен (85-60мм.сб), олигурия.

3д»режесі (декомпенсирленген)- жағдайы өте ауыр, есін жоғалту, гиперрефлексия, тырысулар, тотальды цианоз, гипотермия, сезімталдық жоқ. Пульс жоқ немесе жіп тәрізді, АҚҚ төмендеген(50-70 мм.сб), жүрек тондарының тұйықталуы, анурия.

ИТШ ағымына жекелеген нозологиялық ауру түрлерінің патогенетикалық ерекшеліктері әсерін тигізеді. Мысалы, менингококцемия, геморрагиялық қызба кезінде геморрагиялық синдром басым болады. Ал тұмаумен ауырған науқастарда жиі бактериалді асқыну кезінде шок болса, лептоспирозбен ауырған науқастарда антибактериальды емді бастағанда шок дамиды. ИТШ аса ауыр дәрежесінің көрінісі жіті бүйрек жетіспеушілігі және есін жоғалту, кейін өлімге алып келеді, менингококкцемияның қасқағымдық түріне ұқсас.

17. Менингококцемиядағы жедел көмек- менингококкцемия ағымы найзағай тәрізді өте жедел басталады. Менингококцемия күдіктенгенде емді дер кезінде бастау керек. Науқасқа б/е 25мың Б/кг левомицетин сукцинат беруден бастаалады немесе бензилпеницеллин 200-400мың Б/кг, преднизолон 2-5мг/кг, иммуноглобулин. Науқас менингококцемиямен инекциялық бөлімге госпитализацияланады. Егер ИТШ дамыған жағдайда реанимациялық бөлімшеге жатқызылады.

18.Классификация менингитов- Менингит- ми және жұлын қабатының қабынуы. Лептоменингит- мидың жұмсақ және торлы қабатының қабынуы. Пахименингит- қатты қабатының қабынуы. Қабыну процессіне байланысты жіктеледі: іріңді, серозды. Табиғатына байланысты: біріншілікті, екіншілікті. Этиологиясына байланысты: бактериальды, вирусты, саңырауқұлақтар, протозойлы, аралас, өзге этиологиялы. Ағымына байланысты: найзағай тәрізді, жедел, жеделше, созылмалы. Локализациясына байланысты: базальды, конвекситальды, тотальды, спинальды. Ауырлық дәрежесіне байланысты: жеңіл, орташа, ауыр. Асқыну болуына байланысты: асқынған, асқынбаған.

19. Нейротоксикоздың даму себептері – жиірек грипп және аденовирусты инфекцияларда кездеседі. Ол 3 жасқа дейінгі нәрестелерде ауыр түрде өтеді. Оның негізгі белгілеріне- неврологиялық бұзылыстармен болатын гемодинамиканың үдемелі нашарлауы жатады. Клиникасы- гипертермия , орталық жүйке жүйесі , жүрек –қантамыр жүйесі, тыныс жүйесі және бүйрек қызметінің нашарлауымен байқалады. Вегетативті бұзылыстар: цианоз, терісі мәр-мәр тәрізді, тыныс ырғағы бұзылған( чейн-стокс, биот) және жүрек –қантамыр қызметі нашарлаған. Жедел жәрдем шаралары: дене қызуын басу парацетамол 0,5 ішке, тырысу кезінде 0,5% 2мл седуксен ерітіндісін бұлшықетке енгізу, преднизолон 60-80мг, гемодинамиканы қалпына келтіру үшін эуфиллин ерітіндісін 0,1 мл/кг көктамырға енгізу.

20. Ми ісінуінің даму себептері - Ми ісінуі - ағзаның жарақат, инфекция, көп күш түскенге жауап реакциясы. Процесс жедел дамиды, клеткалар және клеткааралық аймақ аса көп мөлшерде сұйықтыққа толады, ми ауданы ұлғаяды, соған байланысты миішілік қысым жоғарылайды, ми қанайналымы төмендейді, клетка өлімі басталады. Даму себептері: бассүйек милық жарақат- көлік апаты кезінде, құлау немесе ұру(следствие удара), қалдық сүйектер көбіне миды жарақаттайды және ми ісінуіне алып келеді. Бассүйек ішілік қан кету. Инфекциялық аурулар- менингит, энцефалит, токсоплазмоз, субдуралды абцесс. Мидың жұмыс жасауына әсер ететің ауру- мысалы, ишемиялық инсультте ми клеткалары тамақсыз қалады-оттексіз. Бұл ми ісінуіне алып келеді. Жедел жоғары аймақта болу – 1,5км теңіз деңгейінен жоғары.

21. Нейротокискоз клиникасы

Нейротоксикоз жіті басталады, жалпы қозғыштық, температура 39 жоғары,ес шатасуы, есеңгіреу. Бұл жиі гипертермия фонында дамиды. Тез арада менингеальді симптомдар дамып, ликвородинамиканың бұзылысы, тырыспалар, тахипноэ және жүрек қызметінің айқын бұзылыстары, АҚ жоғарылаған, тахикардия, тондар өзгерісі, олигурия и анурия, жалпы цианоз, ентігу, тыныс ритмінің бұзылысы. Егер ем жүргізілмесе, ми және өкпе ісінуі дамуы мүмкін.

22. Сұйықтықтың жоғалту көлемі

Сұйықтықтың жоғалту көлеміне байланысты дегидратацияның келесідей дәрежелері анықталады: жеңіл дегидратация ( 5..6% сұйықтық жоғалту не 1..2 л); орташа дегидратация ( 5..10% сұйықтық жоғалту не 2..4 л); ауыр дегидратация ( 10% көп сұйықтық жоғалту не 4 л көп); жіті дегидратация (20 л одан да көп сұйықтық жоғалту), ағзаға қауіпті өлімге әкеледі.

23. Нейротоксикоздың гемолитико уремиялық синдромының (двс синдром) клиникасының белгісі

Продромальді кезең ГУС 2-14 күнге созылады (в среднем 6) қан талшықтарымен диарея көрінісімен сипаттталады. Гемолитико-уремического синдром баланың жалпы жағдайының нашарлауымен басталады, әлсіздік пен тері жабындыларының бозғылттығымен жалғасады. 5-20% науқаста қалтырау болады. Диурез төмендеуі, қабақтың және балтырдың ісінуі, азотемия. Тұрақты артериальная гипертензия байқалады.

Гемолитико-уремического синдромның ауыр ағымында экстраренальді зақымданулар байқалады. Процесске ары қарай қосылады ОЖЖ (тырысулар, кома, өыртыстық соқырлық), ЖҚЖ (ишемия с развитием недостаточности, аритмии), Өкпеден (қанқұйылу, ісік), АІЖ кез келген бөлігі (эзофагит, энтероколит, некроз, перфорация, инвагинация кишечника, гепатит, панкреатит). Кейбір науқастарда көз торлы қабатына қан құйылу.

Тез басталатын анемия, тез арада гемоглобиннің 60-80 г/л дейін төмендеуі, кейде критикалық сандарға дейін (30-40 г/л), ретикулоцитозбен, анизоцитозбен. Сонымен қатар, лейкоцитоз байқалады. Тромбоцитопения , қысқа уақытты не рецидивтеуші, петехия дамуына алып келуі мүмкін. (у 15-18% пациентов), әдетте қан кетусіз жүреді.

24. Қшұ синдром стадиясына байланысты клиникасы

1стадиясында – негізгі аурудың симптомдары және тромбогеморрагиялық синдром белгілері, гиповолемия, метаболизм бұзылыстары

2 стадиясында – полиағзалық зақымдалу белгілері және паренхиматозды ағзалар микроциркуляциясы жүйесінің блокадасы, геморрагиялық синдром (петехиальді пурпурлы типті қанкету)

3 стадиясында- атлған бұзылыстармен қатар полиағзалық жеткіліксіздік (жіті тыныс жетіспеушілігі, жүрек қантамырлық, бауыр, бүйрек жеткіліксіздігі, ішек парезі) және метаболикалықбұзылыстар (гипокалимия, гипопротеинемия) аралас тип ойынша метаболикалық синдром ( петехия, гематома, шырышты қабаттардың қанталауы, массивті асқан ішектік, өкпелік, бассүйекішілік қанкетулер мен өмірге маңызды ағзаларға қанқұйылулар.

4 стадиясында- жағымды болжамда негізгі витальді қызметтер мен гемостаз көрсеткіштері біртіндеп қалпына келеді.

25. Нейротоксикоздың (Уотерхауз Фридериксон синдромы) синдромына байланысты клиникасы

Клиникасы менигококкты инфекция секілді басталады: температурасы 38,5-39,5 С жоғарылайды,интоксикация белгілерімен көрінеді: бас ауыру, әлсіздік, жүрек айну, тері гиперестезиясы. Ең қауіпті көрінісі болып: аяқта, жамбаста, денеде жұлдызтәрізді геморрагиялық бөрпенің пайда болуы,кейбір бөртпе элементтерінде басталып келе жатқан некроз ошақтарын байқауға болады. Жүрек қантамыр жүйесі жағынан өзгерістер: АҚ төмендеуі, жіті тахикардия, жіп тәрізді пульс. Тыныстың жиілеуі. Диурез аз не мүлдем жоқ. Ары қарай түрлі жүйелер мен ағзалардың қызметтері бұзылуы. Белсенді қалпына келтіруші гормональді терапия көрсетілмесе кома дамып, ауру басталған уақыттан 16-30 сағат ішінде өлімге ұшырауы мүмкін. Вскрытияда бүйрекүстібезінің бірден жіті қантолуы мен қанқұылуын көруге болады. Дұрыс дер кезінде ем көрсетілген жағдайда Сауығу кезінде науқаса бөртпе болған жерінде (обильное шелушение) терісінің қатты түлеуінбайқауға болады және гангрена нәтижесінде саусақтарын жоғалтуы мүмкін..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]