- •Іс қағаздарының қоғам өміріндегі қызметі
- •Іс жүргізу терминдері
- •Іс жүргізу мәселелері
- •2011-2020 Жылдарға арналған бағдарлама іске қосылып қазіргі сәтте осы бағдарламаға сәйкес әр түрлі іс-шаралар кешені орындалуда.
- •2000 Жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама»;
- •Іс жүргізудің нормативтік базасы
- •Басқарма іс әрекеттерін құжаттау
- •Басқару құжаттарының қызметтері
- •Басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету қызметтінің құрылымы
- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Іс қағаздарының топтастырылуы
- •3.Жеке адамға қатысты құжаттар
- •«Құжаттаманың бірізге түсірілген жүйелері. Негізгі ережелер» 6.10.1-88.
- •Іс қағаздарын жүргізу саласында қолданылатын мемлекеттік стандарттар.
- •Деректемелер саны
2011-2020 Жылдарға арналған бағдарлама іске қосылып қазіргі сәтте осы бағдарламаға сәйкес әр түрлі іс-шаралар кешені орындалуда.
Ал енді осы проблемаларды толығымен ашып көрсетер болсақ, олар төмендегідей:
- сапалы аударма жасау үшін сапалы сөздіктер мен оқу құралдарының аздығы;
• мемлекеттік мекемелерде құжаттарды қазақ тілінде толтырудың мүмкіндіктерінің аздығы;
• ендігі бір мәселе ол азаматтарға қызмет көрсету орталықтарында екі тілді де жетік меңгерген мамандардың аздығы;
• мемлекеттік мекемелердегі кейбір басшылардың мемлекеттік тілді білмеуі немесе аз деңгейде меңгеруі;
• мемлекеттік стандарттардың қарама – қайшылығы;
• мемлекеттік тілде іс жүргізуші мамандарды дайындайтын оқу орындарының аздығы;
• мемлекеттік тілде іс жүргізуші мамандардың еңбекақысының аздығы. Яғни, осы мамандыққа деген жастардың қызығушылығының жоқтығы;
• мемлекеттік мекемелердің дұрыс жабдықталмауы. Яғни, автоматтандырылмауы.
Мемлекеттік тілде іс жүргізу мәселесі ана тіліміздің мәселесімен, әсіресе, оның заң жүзінде белгіленген тілдің қолданылу аясын кеңейту шараларымен тығыз байланысты.
Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге қатысты ресми құжаттар мен арнайы ұйымдар:
І кезеңде
•Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті;
•Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті
•Қазақ АССР ОАК Президиумының «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.
•Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссириатының 1924 жылғы 21 июльдегі «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» қаулысы
ІІ кезеңде
•1989 жылғы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы
•1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың
2000 Жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама»;
- 1993,1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;
- 1989 жылы құрылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы;
- 1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті
Іс жүргізудің нормативтік базасы
Нормативтік-құқықтық актілерде қызмет бабындағы қатынас қағаздары бойынша жұмыс жүргізу ісінің әр түрлі аспектілеріне қатысты мынадай мәселелер бойынша нормалар белгіленген:
•ақпаратқа қатысты жұмыстардың жалпы құқықтық тәртіп-ережелері;
•ақпаратты құжаттаудың, жекелеген құжат түрлерін дайындау мен ресімдеудің негізгі ережелері;
•ақпаратты қорғауға қатысты талаптар және әртүрлі ақпарат кеңестіктеріне шығу тәртібі;
•байланыс саласы қызметінің, пошта байланысы және электронды байланыс құралдары көмегімен ақпарат беру технологиясының құқықтық негіздері
•іс қағаздарын жүргізу жүйесін ұйымдастыру;
•басқару құжаттамасын бір ізге түсіру және стандарттау;
•автоматтандырылған ақпараттық технологияны қолдану;
•құжаттар жасау езінде мемлекеттік тілді қолдану тәртібі;
•құжаттар бойынша жұмыс жүргізу саласында терминалогияны қолдану тәртібі;
•құжаттар бланкілері мен үлгілеріне қойылатын талаптар;
•құжаттардың деректемелік құрамы және оларды ресімдеу ережелері
•рәміздерді (Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері) қолдану тәртібі;
