- •Іс қағаздарының қоғам өміріндегі қызметі
- •Іс жүргізу терминдері
- •Іс жүргізу мәселелері
- •2011-2020 Жылдарға арналған бағдарлама іске қосылып қазіргі сәтте осы бағдарламаға сәйкес әр түрлі іс-шаралар кешені орындалуда.
- •2000 Жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама»;
- •Іс жүргізудің нормативтік базасы
- •Басқарма іс әрекеттерін құжаттау
- •Басқару құжаттарының қызметтері
- •Басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету қызметтінің құрылымы
- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Іс қағаздарының топтастырылуы
- •3.Жеке адамға қатысты құжаттар
- •«Құжаттаманың бірізге түсірілген жүйелері. Негізгі ережелер» 6.10.1-88.
- •Іс қағаздарын жүргізу саласында қолданылатын мемлекеттік стандарттар.
- •Деректемелер саны
Іс жүргізу мәселелері
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі өзгерістері іс жүргізу саласында да құжаттау мен құжаттаманы басқарудың жаңа ережелерін әзірлеуді талап етті. Алғаш 1992 ж. « Қазақстан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық нысандардағы бірлестіктерінде (кәсіпорындарында), мекемелері мен ұйымдарында құжаттаудың және құжаттама басқарудың негізгі ережелері» бекітілді. Негізгі ережелер барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда басшылыққа алынды. Ол ресми құжаттарды жасау және олармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, олардың ішінде есептеу техникасы мен репрография құралдары жасайтын құжаттар үшін міндетті ортақ талаптарды белгілеп, тұңғыш рет құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде әзірлеуді бекітті. Республикада іс жүргізуді жетілдіру шараларын мемлекеттік деңгейде реттеу қолға алынып, құжаттама жүйесін 2009 жылға дейін дамыту бағыттары «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында» белгіленді. Іс жүргізудің нормативтік құқықтық базасының салмақтылығы әлі де оны жетілдіре түсуді қажет етті. Өйткені қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның кемшілігі оның тек мемлекеттік құрылымдарға ғана бағытталғандығы. 2009 ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне құжаттаманы қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қабылданылуы іс жүргізу саласында орын алып келген бірқатар олқылықтарды жоюға мүмкіндік берді.
Іс жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге көшіруде көптеген мәселелер туындап жатқаны айдан анық дегенмен де бұл сала еш өзгеріссіз, алға жылжусыз бір орында тұр деп те айта алмаймыз. Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан да Үкіметі тарапынан да бұл мәселе кеңінен қарастырылып жатыр деп айта аламыз. Оған дәлел ретінде осы күнге дейінгі қабылданған Заңдарды, жүзеге асырылған мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламаларын келтіре аламыз. Мәселен, 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы қабылданды. Аталмыш Заңның 8-бабында «Мемлекеттік тіл ҚР мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады» деп көрсетілген ҚР Үкіметінің 1998 ж. 14 тамыздағы «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» қаулысында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында келесі жұмыстар кешені орындалған болатын:
- орталық атқару органдары және барлық деңгейдегі әкімдер іс қағаздарын кезең-кезеңімен қазақ тіліне көшіруге байланысты іс-шаралар жоспарын жасап, жүзеге асырылды;
- министрліктер мен өзге де орталық атқару органдарында ішкі мүмкіншіліктер есебінен іс қағаздарына мемлекеттік тілді енгізу жөнінде құрылымдық бөлімшелер құрылды;
- қазақ тілінде іс жүргізушілер мен аудармашылар лауазымдары енгізілді;
Барлық мемлекеттік органдар мөрлерін, мөртабандарын, бланкілері мен маңдайша жазуларын мемлекеттік тілде және орыс тілінде ресімдеуге міндеттелді. Сонымен қатар, Тіл туралы заңды жүзеге асырудың тегеуірінді тетігі ретінде ҚР Президентінің 1998 ж. 5 қазандағы жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» іске қосылды. Оны ары қарай «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (Тіл бағдарламасы) жалғастырды. Тіл бағдарламасында барлық мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында мемлекеттік тiлдiң іс жүргiзудегi негiзгi тiл ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету көзделді. Іс жүргізу саласында негізгі міндеттерді белгілей отырып, тiлдiк дамудың басым бағыттарында мемлекеттiк тiлдi мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот ісiн жүргiзу, іс қағаздары салаларында дамытуға басымдық берілді. Айтулы бағдарлама 2010 жылы жүзеге асырылып бітті және 2011 жылы осы бағдарламаның логикалық жалғасы іспеттес болған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып қазіргі сәтте ол бағдарлама іс жүзінде жүзеге асырылып жатыр. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іс жүргізу саласында да өзіндік нәтижелерін көрсете білді (мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағы 67 % құрады.) (Қосымша А)
