Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VOP_GOS.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
404.74 Кб
Скачать

*Асқазан диспепсиялық синдромы*3*9*2*

#401

!Ер кісі 38 жаста төс артында тамақтанғаннан кейін және физикалық жүктемеден кейін қыжылдау сезіміне шағымданады, кейде қышқыл дәммен кекіру, болады. Бір жылдан бері ауырады. Жалпы қан анализі мен биохимиялық анализ қалыптыдан ауытқымаған. Төс артында «күйдіру»сезімі кезіндегі ЭКГ қалыпты. ФЭГДС: өңештің дистальді үштен бірінде катаральді өзгерістер, бірен-саран бір-бірімен ұласпайтын эрозиялар бар.

Аталған диагноздардың қайсысы ең болжамды?

* ГЭРА, 1 дәреже

*ГЭРА, 4 дәреже

*Функционалды диспепсия

*Эрозивті гастродуоденит

*Созылмалы гастродуоденит

#402

!Ер кісі 40 жаста тамақтан кейін ұзақ уақыт төс артында пайда болатын, алға еңкейгенде күшейетін күйдіру сезіміне, төс артында түйілу сезіміне, қыщқылмен кекіруге шағымданады. Объективті: Артық салмақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚ 130/80 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Төс артында «күйдіру»кезінде ЭКГ қалыпты.

Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*ЖИА, үдемелі стенокардия

*Созылмалы тассыз холецистит

* Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

*НР – ассоциацияланған созылмалы гастрит

*Он екі елі ішектің ойық жара ауруы

#403

!Ер кісі 43 жаста төс артында ұзақ уақытқа созылатын және тамақтанған соң басылатын күйдіріп ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі соңғы 2 айдың көлемінде мазалайды. Төс артында күйдіріп ауру сезімі кезіндегі ЭКГ қалыпты.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?

* Фиброгастродуоденоскопия

*Эхокардиография (ЭхоКГ)

*Ұйқы безінің УЗД

*Дуоденальді зондтау

*Ретроградты холангиография

#404

!Әйел 25 жаста тамақтанғаннан кейін, түнде пайда болатын эпигатрий тұсында ауру сезіміне, кекіруге, іш қатуға шағымданады. Ұзақ уақыттан бері шағымданады, амбулаторлы созылмалы гастрит бойынша емделген. Объективті: тілі ылғалды, түбінде ақ жабындымен қапталған.

Созылмалы гастрит өршуін дәлелдеу үшін және хеликобактерлі инфекцияны анықтау үшін мынаны жүргізу қажет:

*Дуоденальді зондтау

*Жасырын қанға нәжіс анализі

* Дәлдік биопсиямен ФЭГДС

*Асқазанның контрастты рентгенографиясы

*24-сағаттық асқазаніші рН-метриясы

#405

!Ер кісі 29 жаста созылмалы гастритпен ауырады.ФЭГДС зерттеуінде: асқазанның антральді бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы. Биопсиялық материалдың ПТР-нда хеликобактерік инфекция анықталды.

Осы жағдайда аталған терапияның қайсысы негізгі болып табылады?

* Эрадикациялық

*Вирусқа қарсы

*Спазмолитикалық

*Гастропротективті

*Дезинтоксикациялық

#406

!Ер кісі 26 жаста, бас айналуға, құлақта шуға, шөлдеуге, айқын әлсіздікке шағымданып келді.Анамнезінде ойық жара ауруы бар. Кешеден бері қара нәжіс байқады. Об-ті: тері жабындылары бозғылт, жабысқақ тер басқан.Пульс әлсіз толумен және кернеумен.АҚ 80/60 мм.с.б.б.ЖҚА: эритроциттер 2,9х1012/л, Нв – 90 г/л, түстік көрсеткіш 0,9, лейкоциттер9,0х109/л.

Бұл жағдайда аталғандардың ішінен ойық жара ауруының қайсы асқынуы дамыған:

*Пенетрация

*Перфорация

* Қан кету

*Малигнизация

*Стеноздану

#407

!Әйел 62 жаста эпигастрий тұсындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Жүйелі қызыл жегі ауруымен ауырады, күнделікті преднизолон 20 мг, плаквенил 400 мг қабылдайды. Қарап тексергенде: Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ 17 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 66 рет мин. АҚ 130/80 мм с.б.б.Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімді.Ұрғылау симптомы теріс.

Емдік тактиканы көрсетіңіз:

*Санаторлы-курортты ем

*В тобы витаминдерін тағайындау

* ГКС дозасын азайты немесе тоқтату

*Орын басушы терапия тағайындау

*Эрадикациялық терапия тағайындау

#408

!Әйел 74 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезімі,ауырлыққа, жүрек айну, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Аталған шағымдары 3 айдан бері мазалайды. ЖИА-мен ауырады, бір жыл бұрын миокардтың Q-инфарктын алған; антиангиналды, зәр айдағыш дәрілер қабылдайды. Қарап тексергенде: ортопноэ, өкпенің төменгі аймақтарында – бірен-саран крепитацияланған сырылдар, гепатомегалия, аяқ басында, балтырында ісінулер, пульс 88 рет мин, АҚ 130/80 мм с.б.б. Қан анализінде: гиперхолестеринемия, трансаминазалар жоғарылаған, В, С гепатит маркерлері теріс. ЭКГ: миокардта тыртықты өзгерістер.

Баур зақымдануының ең ықтимал себебін көрсетіңіз:

*Бауырдың уытты зақымдануы

*Созылмалы вирусты гепатит С

*Созылмалы вирусты гепатит В

*Сол қарыншалық жетіспеушілік

* Оң қарыналық жетіспеушілік

#409

!Әйел 62 жаста кейде қыжылдауға шағымданады. Аталған шағымы бірнеше айдан бері мазалайды. Ұзақ уақыттан бері артериалды гипертензияға байланысты кальций антогонистерін қабылдайды.ЭКГ-да – сол қарынша гипертрофиясы. ФЭГДС жасаудан бас тартты.

Сіздің дәрігерлік тактикаңыз:

*Үнемі антацидтер тағайындау

* Кальций антогонистерін алмастыру

*Ұзақ уақыт прокинетиктер тағайындау

*Эрадикациялық терапия тағайындау

*Антисекреторлы терапия тағайындау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]