Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом китап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
956.73 Кб
Скачать

Тістердегі тісжегі теориясы 3 страница

1.11. Сурет.Астыңғы жақтың бүйір күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінідісі; е, ж — тігінен кесіндісі

1.4.2. Сүйір тістер тобы

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ СҮЙІР ТІСТЕРІ ( 1.12 сурет)

 

Тіс сауыты

Ірі, көбіне көп бес бұрышты, пішіні найза тәріздес. Кесу қыры негізгі төмпешіктердің еңістігінен құрылған. Ерін беті дөңестеу, тігінен білік орналасқан.

Тіс қуысы

Медиодистальді бағытта созыла отырып тіс сауытының пішінін қайталайды және айқын шекарасыз түбір өзегіне ауысады.

Нұсқалар

Сауыт пішіні кейде конус немесе трапеция тәріздес болып келеді.

Тіс түбірі

Негізінен біреу, бүйір жағынан аздап қысыңқы келген конус тәріздес. Ьарлық тіс түбірлерінің ішіндегі ең ұзын түбір.

Тіс түбірінің өзегі

Негзінен кең жақсы өтетін бір өзек болады.

Нұсқалар

Кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.

1.12. Сурет.Үстіңгі жақтың сүйір тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесіндісі; е, ж — тігінен кесіндісі

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ СҮЙІР ТІСТЕРІ (1.13 сурет)

 

Тіс сауыты

Көлемі жағынан үстіңгі сүйір тістергі қарағанда кішілеу. Ерін беті дөңестеу, тілдік беті жазықтау және аздап иілген.Тілдік бетінде жақсы дамыған төмпешік бар

Тіс қуысы

Сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооральді көлемі медиодистальдіге қарағанда үлкендеу. Тіс қуысы бірден шекарасыз түбір өзегіне ауысып кетеді.

Нұсқалар

Сауыт пішіні күрек тістер пішініне немесе астыңғы жақ кіші азу тістер пішініне ұқсас балуы мүмкін.

Тіс түбірі

Үстіңгі жақ сүйір тістер түбіріне қарағанда қысқалау, біреу, медиодистальді бағытта қатты қысыңқы келеді. Апроксимальді бетіндегі сайлары жақсы дамыған

Тіс түбірінің өзегі

Түбірі айырлануы мүмкін, бірақ бұл жағдайда екі түбір өзегі –вестибулярлы және тілдік өзектер анықталады. Түбірдің айыршықтануы тіс мойынынан бастап түбірдің әр деңгейінде болуы мүмкін.

Нұсқалар

Кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.

 

 1.13. Сурет.Астыңғы жақтың сүйір тістері: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесіндісі; е, ж — тігінен кесіндісі

1.4.3. Кіші азу тістер тобы

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ ( 1.14 сурет)

 

Тіс сауыты

  Вестибулярля бетінің алаңы таңдай бетіне қарағанда үлкендеу. Онда тігінен білік арналасқан. Вестибулярлы бетінің пішін үйлесімі сүйір тіске ұқсас. Вестибулярлы беті жанасу бетіне өткен кезде доғалданған бұрыш құрайды. Жанасу бетінің пішіндері үшбұрыш пішінді болып келеді. Дистальді жанасу беті медиальді бетіне қарағанда дөңестеу. Бүйір беттері ешқандай бұрыш жасамай таңдай бетіне ауысады. Окклюзиялық беті екі ұрттық және тілдік төмпешіктен құрылған. Ұрттық төмпешік көлемі жағынан үлкен. Төмпешіктер арасында жиектік айдаршыққа дейін жететін жақсы дамыған табиғи сызаттар (фиссура) орналасқан.

Тіс қуысы

  Түбірі тіс мойынына жақын арада екіге бөлінсе көп дәрежеде ұртық төмпешігі оральді жаққа қарай иіледі.

Нұсқалар

  Сауыт пішіні күрек тістердің немесе астыңғы жақ кіші азу тістердің пішініне ұқсас болуы мүмкін.

Тіс түбірі

  Түбірі мезиодистальді бағытта қатты қысылған. Апроксимальді бетінде тігінен сайлар бар. Көбіне түбірі екіге бөлінген.  

Тіс түбірінің өзегі

Тісте екі түбір өзегі болады. Таңдай өзегі ұрттық өзекке қарағанда кең.

Нұсқалар

  Көбіне көп түбір ұшы бөлігінде, аздап орта және мойын бөлігінде екіге айырылады.

 

1.14.Сурет.Үстіңгі жақтың бірінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е— тігінен кесінді;

 

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ КІШІ АЗУ ТІСІ (1.15 сурет)

 

Тіс сауыты

Бірінші кіші азу тіске қарағанда аздап кішілеу. Ұрттық және таңдайлық төмпешіктерінің көлемі бірдей. Құрылымы, орналасуы, сызаттары, жиектік айдаршықтары, тесіктері бірінші кіші азу тіске ұқсас. Сауыттың вестибулярлы беті дөңестеу, тігінен білігі бар. Жанасу беттері де дөңестеу.

Тіс қуысы

Пішін үйлесімі жағынан бірінші кіші азу тіске ұқсас, бірақ төмпешіктер жағындағы сайлары қысқалау. Тіс құысының ең кең бөлігі мойын деңгейінде орналасқан.

Нұсқалар

Сауыттың вестибулярлы беті сопақ немесе бесбұрышты болуы мүмкін. Вестибулярлы төмпешіктің пішіндері ір түрлі болуы мүмкін.  

Тіс түбірі

Көбіне түбірі біреу ұшы вестибулярлы жаққа қарай иілген конус тәріздес. Түбірдің медиальді және дистальді беттерінде сайлар бар.

Тіс түбірінің өзегі

Тіс қуысы мойын бөлігінде тарылып өзек сағаларын құрайды және кең өзекке айналып кетеді.

Нұсқалар

Кейде түбір мойыннан төмен деңгейде екіге айырылады. Өзектердің екіге айырылуы бір түбір кезінде де байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда түбір өзектері түбір ұшында бір немесе екі тесікпен ашылуы мүмкін.

1.15. Сурет.Үстіңгі жақтың екінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е— тігінен кесіндіде түбір өзектерінің құрылымының нұсқалары

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ (1.16 сурет)

 

Тіс сауыты

Вестибулярлы беті дөңестеу. Сауыттың дөңестік белгісі жақсы дамыған. Жанасу беттері де дөңестеліп біртіндеп тілдік бетке ауысады. Тілдік беті вестибулярлы беттен кішілеу. Окклюзиялық бетінде екі төмпешік бар. Тілдік төмпешігі вестибулярлы төмпешіктен кішілеу. Төмпеш Язычная поверхностьіктер бір бірінен сызаттар арқылы бөлінген. Жиектік айдаршығы жақсы дамыған.

Тіс қуысы

Қуыстары медиодистальді бағытта қысылған. Пішіні сауыт пішінін қайталайды және екі сайының тілдік сайы анық бейнеленбеген.

Нұсқалар

Кейде тілдік төмпешіктен ұрттық төмпешікке қарай бүйір жақтарынан тұйық тесік құрайтын кіреуке білігі пайда болады. Барлық кіші азу тістердің ішінде сауыт көлемі ең кіші тіс болып келеді.

Тіс түбірі

Түбірі тік, алдыңғыартқы бағытта аздап жалпақталған. Медиальді және дистальді беттерінде түбірдің орта бөлігінде жақсы бейнеленген сайлар бар.

Тіс түбірінің өзегі

Тістің мойын бөлігінде тіс қуысы біртіндеп түбір өзегіне ауысады. Өзек үстіңгі жарты бөлігінде өте кең, ал одан кейін түбір ұшына бағыттала келе конус тәрізденіп тарылады. Көлденең кесіндіде сопақ пішіндес.

Нұсқалар

Кейде түбірде вестибулооральді орналасқан екі өзек болады.

1.16. Сурет.Астыңғы жақтың бірінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы ұрттық беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е,ж— тігінен кесіндіде түбір өзектерінің құрылымының нұсқалары

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ (1.17 сурет)

 

Тіс сауыты

Бірінші кіші азу тіске қарағанда көлемі үлкен. Вестибулярлы және тілдік төмпешіктері жақсы бейнеленген және бер бірнен сайлар арқылы бөлінген. Жанасу беттері дөңестеу. Жиектік айдаршығы жақсы бейнеленген.

Тіс қуысы

Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Қуыс алдыңғыартқы бағытта қысылғандықтан саңылау тәрізді пішіндес болып келеді.

Нұсқалар

Үш төмпешігі болуы немесе одан да көп төмпешік болуы мүмкін. Көптөмпешікті болу кезінде ортаңғы сай әр төмпешіктке қарай тарамдар жасайды.

Тіс түбірі

Тік, конус пішіндес.

Тіс түбірінің өзегі

Тіс қуысы суқұйғыш тәрізденіп түбір өзегіне ауысады. Көп жағдайда алдыңғыартқы бағытта қысылған түзу бір өзек болады.

Нұсқалар

Түбір ұшының үштен бір бөлігінде өзек екіге айыршақтануы мүмкін.

 

1.17. Сурет.Астыңғы жақтың екінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы ұрттық беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е,— тігінен кесінді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]