Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом китап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
956.73 Кб
Скачать

1.3.3. Цементтің құрылымы

Цементтүбір дентинін толықтай жауып жатқан тығыз, қатайған тіс тіні болып табылады. Цементтің қалыңдығы тістің мойын бөлігінде 20-50 мкм болса, ал түбір ұшына қарай бағытында цемент қабаты қалыңдап 1500 мкм құрайды. 60% жағдайда цемент кіреукемен қабаттасады, ал 30% кіреукемен түйісе орналасса, 10% жағдайда цемент және кіреуке жиегінде ашық дентин аймағы қалады. Кіреуке-цемент байланысы әр тістер тобында және бір тістің әр беткейінде бірдей емес. Цемент өзінің құрылымы және химиялық құрамы жағынан дөрекіталшықты сүйекке ұқсас келеді, бірақ

сүйектен айырмашылығы қан тамырлары болмайды.

Цементтің бейорганикалық бөлігін 50–60% гидроксиапатиттің кристалдарынан тұрса; ал органикалық бөлігі негізінен I типтегі коллагеннен тұрады. Цементтің сүйектен айырмашылығы сүйекте қалыпты жағдайда сорылу үрдәсәмен қатар жаұа сүйек тінінің қалыптасуы жүретін болса, ал цементте сорылу үрдісі жүрмейді.

Цемент коллагені периодонттағы цементобластардан және фибробластардан құрылады және ол жалғыз пайда болу көзі болап табылады. Цементобластар ішкі коллаген талшықтарын, ал фибробластар сыртқы коллаген талшықтарын түзейді. Ішкі диаметрі кіші талшықтарцементтің өзіндік талшықтары цементтің беткейімен параллельді жүріп отырады. Сыртқы талшықтардың диаметрі үлкен, периодонта қалыптасып, шарпеев талшықтары түрінде цементке еніп оның беткейіне тік бұрышта жүреді. Бұл талшықтар тістің альвеолада мықты тұруын қамтамасыз етеді.

Жасушалықсыз немесе біріншілік және жасушалық-екіншілік цемент болып бөлінеді. ( 1.7сурет).

Жасушаллықсыз цементте жасуша болмайды. Ол жұқа қабатпен тістің мойын бөлігін және түбірдің бүйір беткейін жабады.

Онық қалыңдығы 30–50 мкм құрайды. Жасушалық цемент түбірдің түбір арасында және түбірдің ұшы бөлігінде орналасады және саны жағынан өте көп жасушалы өсінділері бар цементоциттерден тұрады. Цементоцит цементте және цементобласт қалыңдығы арасында цемент беткейінде орналасады. Жасушалық цемент жасушалықсыз цемент қабатында немесе тікелей дентинде де орналасуы мүмкін.

Жасушалықсыз цементке қарағанда жасушалық цемент тез түзіледі және цементобластар цементоциттерге ауысып отырады. Цеменнтоциттер –бұл ірі ядролы және көптеген тармақталған өсінідісі бар жасушалар. Терең қабаттарда цементоциттер тез өліп, өзінен кейін лакун қалдырады. Периодонтқа жақын қабаттарда бұл жасушалар жақсы қызмет етеді және цементобластармен ұқсастығы бар. Цементобластар цементтің пайда болуын қамтамасыз ететін белсенді жасушалар болып саналады. Цементтердің көп түзілуі гиперцементозға алып келеді.

 

 

 

Рис. 1.7.Тіс цементі : 1 — жасушалықсыз цемент; 2 — жасушалы цемент; 3 — Дәнді Томс қабаты; 4 — дентин

 

11.4. Тістердің анатомиялық құрылымы

1.4.1. Күрек тістер тобы

ОРТАЛЫҚ (МЕДИАЛЬДІ) ЖОҒАРЫ ЖАҚ КҮРЕК ТІСТЕР( 1.8сурет)

 

Тіс сауыты

Күрек тістер тобындағы ең ірісі. Сауыты жиегі тегіс күрекке немесе қашау тіріздес . Ерін беткейі дөңестеу, пішіні ұзынынан созылған төртбұрышқа немесе кесу қыры негізінде трапецияға ұқсас. Вестибулярлы беткейінде сауыттың орта бөлігінен басталып кесу қырына дейін баратын тігінен екі сай орналасады.Тіл беткейі үшбұрышты пішінді болып келеді. Жиектік біліктер бірігіп сауыт негізінде төмпешік құрайды.

Тіс қуысы

Тіс қуысы тістің сыртқы пішінің қайталайды және пішіні қысыңқы келген үш бағытта кесу қырына бағытталған үшбұрышты саңлауға ұқсайды. Өзекке қарай бағытталған сайын қуыс тарылады және шеңберленіп түбір өзегіне ауысады.

Нұсқалар

Тіл жағынанан жиектік біліктері әртүрлі дәрежеде дамуы мүмкін. Кейбір жағдайда сауыт квадрат немесе аздап сопақтау болады.

Тіс түбірі

Тік, қырлары тегістелген төртбұрышты пішіндес. Түбірдің бүйір беткейі аздап дөңестеу, тігінен терең емес сайы бар.

Тіс түбірінің өзегі

Түбір өзегі тіс қуысының жалғасы болып келеді. Түбір бойымен өзек тігінен орналасқан және түбір ұшы доғалданған анық көрінетін тесікпен аяқталады. Түбір өзегінің сағасы тарылған.

Нұсқалар

6% жағдайда түбір қисайған.Түбір өзегінің тармақтана түрленуі әр түрлі болып келеді. Түбір ұшында бірнеше тесіктер болуы ықтимал.Түбір өзегі вестибульярлы немесе дистальді бағытқа қарай ауытқуы мүмкін.

 

1.8. сурет.Үстіңгі жақтыңмедиальді күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай жақ беті; в — бүйір жақ беті; г — окклюзиялық беті; д — тігінен кесінді; е — көлденең кесінді;

 

ЖОҒАРЫ ЖАҚ БҮЙІР КҮРЕК ТІСТЕР(1.9 СУРЕТ)

Тіс сауыты

Пішіні бойынша орта күрек тістерге ұқсас, бірақ көлемі жағынан аздап кішілеу. Вестибулярлы бетіндегі сайлары нашар дамыған. Әйелдерде таңдай бетіндегі жиектік айдаршықтары жақсы дамыған. Таңдай төмпешіктердің жиектік айдаршыққа қосылатын тұсы жақсы дамыған. Тұйық тесік тілдік төмпешіктің алдында орналасқан.

Тіс қуысы

Көлемі жағынан кішілеу, сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооральдық бағытта қуыстың тарылуы байқалады.

Нұсқалар

Сауыттың пішінінің көптеп түрін өзгеру байқалады. Кейбір күрделеніп дамуы кезінде бүйір күрек тістің тістеу қыры үшкірленеді және көрші тістен көлемі көп кішілеу болады.

Тіс түбірі

Конус тәріздес, медиодистальді бағытта өте қысыңқы келеді. Түбір ұшы үшкірлеу және оральді жаққа қарай ауытқыған. Көлденең кесіндіде түбір сопақша пішіндес.

Тіс түбірінің өзегі

Сауыт қуысының түбір өзегіне ауысатын аймағында айқын шекара жоқ. Түбір өзегі көп жағдайда дистальді жаққа қарай иілген немесе ауытқыған. Түбірдің көлденең кесіндісінде өзек диаметрі вестибулооральді бағытта медиодистальді бағытқа қарағанда үлкен.

Нұсқалар

Түбір ұшы дистальді және вестибулярлы жаққа қарай ауытқуы мүмкін.

1.9. Сурет.Үстіңгі жақтың бүйір күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — тігінен кесінді; е — көлденң кесінді;

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ МЕДИАЛЬДІ КҮРЕК ТІСІ ( 1.10 сурет)

 

Тіс сауыты

Тістер тобындағы ең кіші тістер. Тіс сауыты тар қашауға ұқсас. Бүйрлену көрінісі толықтай сипатталмағаң. Кіреуке біліктерінің беткейлік тік рельефі, тілдік төмпешіктері, жиектік айдаршығы тегістелген. Кесу қыры түзу.

Тіс қуысы

Тіс қуысы қарсы жазықтықта орналасқан және пішіні үшбұрышты саңылау тәрізді, бірақ біртіндеп суқұйғыш тәріздітүбір өзегіне ауысады

Нұсқалар

С ауыттың сопақша немесе трапеция пішінді нұсқалары кездеседі. Тістеу қыры төмпешіктерінің сандық және даму дәрежесі ауытқып тұрады.

Тіс түбірі

Тік, медиодистальді бағытта қатты қысыңқы келеді. Түбірдің медиальді және дистальді бетінде сайлар болады. Түбір көлденең кесіндіде бүйір жағынан қысылған сопақ пішіндес.

Тіс түбірінің өзегі

Түбір өзегі орта бөлігінде вестибулярлы және оральді өзектерге бөлінеді де түбір ұшы маңында бір өзекке айналады. Түбір ұшы тесігі біреу.

Нұсқалар

Түбір өзектері өте аз жағдайда байланыспайды және түбір ұшында екі апикальді тесікті болуы мүмкін.

1.10. Сурет.Астыңғы жақтың медиальді күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е —көлденең кесінді; ж, з — тігінен кесіндіде түбір өзегінің құрылым нұсқалары;

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БҮЙІР КҮРЕК ТІСТЕРІ ( 1.11сурет)

 

Тіс сауыты

Пішіні жағынан орта күрек тістен өзгешелігі аз. Орта күрек тіске қарағанда көлемі үлкендеу. Сауыттың вестибулярлы беттерінде біліктері, жиектік айдаршағы және тілдік төмпешіктері орта күрек тіске қарағанда жақсы дамыған.

Тіс қуысы

Сауыт пішінін қайталайды. Тістің мойын бөлігіне бағыттала біртіндеп тарылады да түбір өзегіне жалғасады.

Тіс түбірі

Тік, жалғыз. Мезиодистальді бағытта аздап қысылған. Түбірдің дистальді бетінде сайлары жақсы дамыған. Көлденең ксіндіде бүйірінене қысылған сопақ тәріздес болып көрінеді.

Тіс түбірінің өзегі

Негізінен өзегі біреу, медиодистальді бағытта қысылған.  

Нұсқалар

Түбірдің орта бөлігінде өзек екіге айырылуы мүмкін.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]