Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом китап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
956.73 Кб
Скачать

1.3. Тіс кіреукесінің, дентиннің, цементтің құрылымы

1.3.1. КІРЕУКЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Кіреуке-эмаль(enamelum) организмдегі ең қатты тін болып саналады. Оның микроқаттылығы 1 мм2 алаңға 390 кг артық болып келеді. Кіреуке тіс сауытының сыртын қартап тұрады.

Кіреукенің қалыңдығы тіс сауытының әрбір аймағында әртүрлі және оның қалыңдығы кіреуке цемент байламында 0,01мм болса, шайнау беткейінде, төмпешіктерде 3,5мм құрайды.

Кіреукенің химиялық құрамы: су — 3,8%, органикалық заттар —1,2%, бейорганикалық заттар — 95%, соның ішінде кальций — 37%, фосфор — 17% құрайды.

Кіреукенің пайда болуы тіс бүртікшесі ұшында дентиннің пайда болуынан кейін басталады. I кезеңде энамелобласттар (амелобласт) коллаген типтес емес ақуыз — амелогениндерді және энамелиндерді бөледі.

Кіреукенің негізгі ақуызы барлық ақуыздардың 90% құрайтын энамелобласттар бөлетін амелогенин болып келеді.

Бұл ақуыздар гидроксиапатиттер кристалының ұзындыққы, қалыңдыққа, еніне қарай өсуін реттеп отырады деп есептейді. Кіреукеде ақуыздардың қабаттануымен қатар гидроксиапатит кристаллдарының пайда болуы кіреукенің минералдануына әсер етеді.

Бейорганикалық заттардың негізгі түсу көзі энамелобласттар болып табылады. Қайта қалыптасқан кіреуке көптеген органикалық заттардан тұрады. Кіреукенің даму барысында құрамындағы ақуыздар көптеп азая бастайды. Кіреукенің призмалық құрылымы энамелобластарда Томс өсінділерінің пайда болуынан бастап қалыптаса бастайды. . Олар кіреукеде заттың бағыттала қабаттану үрдісін реттейді және оны ары қарай ұйымдастырады. Сонымен қатар призманың қалыптасу кезіне гидроксиапатиттің кристалдарының бағытын реттеп отырады. Орталық бөлімде призма кристалдары ось бойымен орналасса, шет жақтарында ретсіз орналасады және призма осьіне тік бұрышпен бағытталуы мүмкін.Тістердің жарып шығуы барысында энамелобластар жетіледі де кіреуке беті жұқа қабықпен кутикуламен жабылады. Кіреуке призмасының диаметрі 4–6 мкм. Кіреуке призмасының негізі дентинкіреуке байланысында орналасады. Бұл байланыстан призмалар кіреукенің барлық қалыңдығына қарай тарала отырып тістің беткейіне дейін жетеді.

Кіреуке призмасының жолы шамамен тіс сауыты осіне негізінен радиальді орналасқандықтан өте күрделі болып келеді.Призманың ұзындығы S- тәрізді имектік болуына байланысты кіреуке қалыңдығынан аздап көп болады. Призмалардың имектігі нәтижесінде кіреукенің тігінен және көлденең кесінді шлифінде призмалардың әртүрлі оптикалық тығыздығы бар екендігі бірін бірі алмастырып отыратын Гунтер –Шрегер жолақтары деп аталатын ашық және күңгірт аймақтардың әсерінен туындайды.

Кіреукенің тығыздыну үрдісінің ерекшелігі онда Ретциус сызықтарының болуымен сипатталады. Бұл сызықтар тігінен кесінде шлифінде кіреукені қисық бағытта кесіп өтеді, ал көлденең кесінді шлифінде тіс беткейімен параллельді жүретін концентриялық шеңбер түрінде орналасқан.

Ретциус сызығы кіреукенің минералдану үрдісінің біртегістік емес екендігін сипаттайды және энамелобласттардың қызметінің тыныштау кезеңіне сәйкес. Бұл аймақтарда кіреуке аз минералданған. Ретциус сызығы дентинкіреуке шекарасынан басталып кіреукенің барлық қабатын қиғай өтіп кріеуке бетінде бір-бірінен өте терең емес төмпешікпен бөлінген білікпен аяқталады.

Сауыттың беткейін толықтай қоршап тұрған және параллельді қатармен орналасқан біліктер –перикимат деп аталады. Кіреуке призндімаларында оның тәуліктік минералдануын суреттейтін көлденең жолақтар бар. Призмалар көлденең кескінде көп пішінді, сопақша немесе дұрыс емес пішінді болып келеді. Призмалардың доға тәріздес түрі ең көп кездеседі. ( 1.4сурет).

 

а

1.4. Сурет.Кіреуке призмалары: а — көлденең кесіндіде доғатәрізді пішінді призма; б — тігінен кесінді;

Бұрын әр призманың айналасында құрамында органикалық материалдар өте көп призмааралық кеңістік деп аталатын қабықша бар деп есептеген.

Замануи зерттеу әдістері, мысалы электронды микроскопты қолдану барысы призмааралық аймақтың призмадан тек қана гидроксиапатиттердің кристалдарының орналасуымен ғана ерекшеленетіні анықталды. Кіреуке кристалдарының ұзындығы орташа 160, ені -40-69, ал қалыңдығы шамамен -1нм. Кіреукеде байланысқан гидратты судан басқа микрокеңістікте орналасқан бос денелі су кездеседі. Осы суды кіреуке сұйығы деп атайды. Болжамдау бойынша гидратты қабат және кіреуке сұйықтығы қоршаған ортамен және кіреуке кристалдары арасында иондық зат алмасуды қамтамасыз етеді. Қағидаға сүйенсек герероиондық зат алмасу да болуы мүмкін. Мысалы, гидросильді ион фтор ионымен алмасады да кіреукенің қышқылға беріктігін арттырады. Кіреукенің 75% дан астам апатиттері гидро-ксиапатит Са10(РО4)6(ОН)2 болып табылады. Фторапатит шамамен 0,7% құрайды. Гидроксиапатиттің құрамында кальций және фтордың молярлы қатынасы 1,67 құрауы, кіреукенің тісжегіге беріктігін қамтамасыз етеді. Бүтін кіреуке шлифінде кіреуке пластинкасы (ламеллалар)және кіреуке шоғырлары анықталады.

Кіреуке пластинксаы дентин-кіреуке байланысынан басталып тіс сауытының беткейіне дейін барады. Олардың ең көп орналасқаны тіс мойыны болып табылады.

Кіреуке шоғырлары дентин-кіреуке байланымын бойлай тек қана кіреукенің ішкі қабатында орналасады. Бұл өсініділер органикалық затқа бай кіреуке аймағы болып келеді.

Органикалық заттар ақуыздардан, липидтерден және көмірсуларынан тұрады. Аминдіқышқылды құрамы бойынша кіреуке ақуыздарын кератин тобына жатқызуға болады.

Дентин-кіреуке байланымы талшықты құрылым түріндегі дентинге және кіреукеге бойлай енген көптеген органикалық заттан тұрады. (1.5 сурет).

Тістің бетінде тіс жарып шыққаннан кейін ауыз қуысы ортасы мен тістің қатты тіндеріне әсер ететін әртүрлі құрылымды өсінділер болады.

Тіс жарып шыққанға дейін кіреуке беті екі қабаттан тұратын кутикуламен жабылып тұрады. Ішкі қабат, немесе біріншілік кутикула энамелобластардың бөліп шығару әсерінен пайда болған жұқа гомогенді қабық қалыптастыратын гликопротеиндерден құрылады.

Сыртқы қабат, немесе екіншілік кутикуланы жетілдірілген кіреуке мүшесінің эпителиі болып саналады. Тіс шыққаннан кейін ас шайнау нәтижесінде кутикула жойылып, жартылай тістің бүйір беткейлерінде және беткей асты қабатында сақталып қалады

 

1.5.Сурет.Дентин-кіреуке байланысы: 1 — кіреуке; 2 —

дентин; 3 — дентин-кіреуке байланысы

Кіреуке беткейінде пелликула қалыптасады. (жүре пайда болған кутикула). Ол негізінен сілекеймен араласу кезінде пайда болған ақуызды-көмірсулы кешеннен тұрады. Бұл қабық кіреукеге қышқылды диффузияның және кальций, фосфат ионының кіреукеден шығуына кедергі жасайды.

1.3.2. ДЕНТИН ҚҰРЫЛЫМЫ

Тістің негізгі құрамы дентиннен тұрады. Сауыт бөлігіндегі дентин кіреукемен, ал түбір бөлігіндегі дентин цементпен жабылған. Дентиннің 70% дан көбі бейорганикалық заттардан тұрады. Дентиннің негізгі заттары диаметрі 1–5 мкм болатын дентин түтікшелеріне енген. ( 1.6 сурет). Тіс ұлпасынан түтікшелер кіреуке және цементке қарай шеңберленген бағытпен жүреді. Дентин түтікшелерінің диаметрі орталықтан шетке қарай кішірейеді. Қалыпты жағдайда олардың саңлауы одонтобласт өсінідлерімен толыққан. Дентиннің негізгі заттары құрамында коллаген талшықтары болады. Тіс тіндерінің қалыптасуы кезінде пайда болған дентинбіріншілік дентин деп аталады. Ұлпамаңындағы дентин — ішкі, дентин қабатының ең қалың қабаты. Онда коллаген талшықтары негізінен тангенциальді орналасқан және олар Эбнер талшықтары деп аталады.

 

а б

1.6.Сурет.Дентин түтікшелері: а — тігінен кесінді; б — көлденең кесінді;

 

Гидроксиапатиттің кристалдары дентинде оптикалық микроскоппен көрінетін глобул түрінде жиналады. Глобулдер әртүрлі көлемде болады: сауыт бөлігінде ірілеу, ал түбір аймағында ұсақтау болады. Глобулдер арасында минералданбаған дентин аймағы –интерглобулярлы дентин орналасады. Оның глобулярлы дентиннен айырмашылығы кальций тұздары болмайды. Интерглобулярлы дентин аймағында дентин түтікшелері өз бағытын өзгертпестен үзілмей жүріп отырады. Тіс түбірі аймағында дентин-цемент байланысы маңында интеглобулярлы дентин өте ұсақ тығыз орналасып, күңгірт жолақты дәнді Томс қабатын құрайды. Одонтобласт қабатына жататын ұлпамаңындағы дентиннің жартысы предентин деп аталады. Предентин қатаймаған немесе толық минералданбаған, оның қалыңдығы 10-50мкм. Предентин құрамында дентин түтікшелеріне перпендикулярлы бағытталған коллаген талшықтары болады.Предентин адам өмірінің барлық уақытында түзіледі. Жаңа қабаттардың пайда болуына қарай ескі қабаты минералданады. Предентиннің тұрақты қабаттану нәтижесінде тіс қуысы біртіндеп тарыла бастайды.

Тістер шыққаннан кейін пайда болған дентин екіншілік дентин деп аталады. Екіншілік дентин құрылымы аздап дұрыстаулығы оның дентин түтікшелерінің бағытының реттілігімен және олар қалыпты жағдайға қарағанда тарлау , саны жағынан аз болып келеді.

Тісжегі кезінде, тістің қатты тіндерін егеуде, тістің қатты тіндерінің қажалуында одонтобластар өсіндісінің тітіркенуі жаңадан бір үлес дентиннің түзілуіне әсер етеді. Оны екіншілік (үшіншілік) орынбасушы дентин деп жүйелейді. Бұл дентинәртүрлі құрылымды болады.Онда дентин түтікшесі бар немесе толығымен жоқ аймақтар да, сонымен қатар бейберекет тәртіпсіз орналасқан коллаген талшықтары да кездеседі. Міне сондықтан осындай дентинді иррегулярлы, немесе дұрыс құрылымнан айырылған дентин деп те атайды. Баяудамыған тісжегіде, тісті одонтоегеуде, тістің қатты тіндерінің қажалуында одонтобластар өсіндісінің төмендеуі нәтижесінде интерглобулярлы дентиннің минералдануы мүмкін.

Осы кезде дентиннің минералданған қабаты түзіледі. Егер сәуле түсіріп қарайтын болса ол ақшыл, мөлдір түстес болып көрінеді. Мұндай дентин мөлдір немесе тығыздалған дентин деп аталады. Тісжегіде, тістің қатты тіндерінің тез қажалуында және тістерді егеп тазалау кезінде одонтобласттардың бір бөлігінің жойылуы және ұлпаға жақын орналасқан дентин түтікшелерінің иррегулярлы дентинмен алмасуы мүмкін.

Түтікше ішіндегілер ыдырауға ұшырайды. Мұндай түтікшелер сәулемен қарағанда қара болып көрінеді және ол өлі жол деп аталады. Дентиннің осы аймағындағы сезімталдық төмендейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]