- •1.1. Жалпы мәлімет
- •1.2. Тістердің дамуы
- •1.3. Тіс кіреукесінің, дентиннің, цементтің құрылымы
- •1.3.3. Цементтің құрылымы
- •11.4. Тістердің анатомиялық құрылымы
- •1.4.1. Күрек тістер тобы
- •Тістердегі тісжегі теориясы 3 страница
- •1.4.2. Сүйір тістер тобы
- •1.4.3. Кіші азу тістер тобы
- •1.4.4. Үлкен азу тістер тобы
- •1.5. Тіс ұлпасы.
- •Тістердегі тісжегі теориясы 4 страница
- •2.1. Тісжегімен зақымданудың белгісін бағалау
- •2.2. Халық арасында тістердің тісжегісінің таралуы және қарқындылығы
- •2.3. Россия халығының тістерін емдету мұқтаждығы.
- •Тістердегі тісжегі теориясы 5 страница
- •2.4. Тістерде тісжегінің пайда болуы қауіп факторлары
- •2.5. Тіс қақтары мен ауыз сұйықтығының қасиетін бағалау
- •Істердегі тісжегі теориясы 6 страница
- •2.7. Тіс қақтарының, сілекейдің және кіреуке өткізгіштігінің тісжегі дамуындағы ролі.
- •2.8. Тістер тісжегісінің жүйесі
- •2.9. Тістер тісжегісінің патологиялық анатомиясы
- •2.10. Тістердегі тісжегінің диагностикасы, клиникалық көрінісі, салыстырмалы диагностикасы
- •Тістердегі тісжегі теориясы 7 страница
- •5. Дентин тісжегісіне келесі шағымдар тән:
- •Тістердегі тісжегіні емдеу
- •3.1. Тістердегі тісжегіні емдеуді және реставрациялық технологияны қолдануды қамтамасыз ететін аспаптар,қосымша қондырғылар, аксессуарлар.
- •3.2. Стоматологиялық емханада жансыздандыру
- •3.3.Тістердегі бастапқы тісжегіні емдеу. Кіреукені қайта минералдау терапиясы.
- •3.4.Тістердің қатты тіндерін егеп тазалаудың негізгі қағидалары. I класс бойынша тісжегі қуысын егеп тазалаудың және пломбылаудың замануи көзқарасы.
- •3.5. Блек бойынша I класс тісжегі қуысын егеп тазалау және пломбылау
- •3.6. Блек бойынша II класс тісжегі қуысын егеп тазалау және пломбылау
- •3.7. Блек жүйесі бойынша III класс тісжегі қуысын егеп тазалау және пломбылау
- •III класс тісжегі қуысын егеп тазалау
2.8. Тістер тісжегісінің жүйесі
Отандық стоматологиядатісжегінің топографиялық жүйесі кеңінен қолданылады
1. Бастапқы тісжегісі немесе дақты кезеңдегі тісжегі.
2. Беткей тісжегсі
3. Орта тісжегісі.
4. Терең тісжегісі.
ДДҰ стоматологиялық аурулардың МКБ-10 негізінде жасалған МКБ-С-3 Халықаралық тісжегі жүйесін ұсынады.Бұл жүйеде тісжегіге(код К02)
Белгі берілген.
К02.0. Кіреуке тісжегісі. Ақ дақ (бор түстес) кезеңі (бастапқы тісжегі).
К02.1. Дентин тісжегісі.
К02.2. Цемент тісжегісі.
К02.3. Тістерде тоқтаған тісжегі.
К02.4. Одонтоклазия.Балалар меланодентиясы. Меланодонтоклазия.
Бұл бөлімнен сыртқы және ішкі тістердің патологиялық сорылуы алынып тасталған. (К03.3).
К02.8. Тістерде басқа анықталған тісжегі.
К02.9. Тістерде анықталмаған тісжегі.
МКБ-С-3 жүйесінде «терең тісжегі» диагнозы жоқ.
Қазіргі кезде клиникалық стоматологияның МКБ жүйесіне ауысуына қарай «терең тісжегі» диагнозы алынып тасталғаны дұрыс дәлел, себебі терең тісжегінің клиникалық көрінісі және емі МКБ-С-3 жүйесінде тістердің ұлпа қабынуы бөліміне енгізілген және бұл бөлімде терең тісжегі ұлпаның қабынуының бастапқы кезеңі немесе ұлпа гиперемиясы коды К04.00 сәйкес келеді.
Е. В. Боровский және П. А. Леус (1979) ұсынған тістердің тісжегі жүйесі аурудың клиникалық түрін, орналасуын, ағымын және зақымдану қарқындылығын қамтиды.
БОРОВСКИЙ–ЛЕУС ҰСЫНҒАН ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ЖҮЙЕСІ
I. Клиникалық түріне |
1. Дақты кезең (тісжегі минералсыздануы): • дамыған-прогрессирующий (ақ немесе ақшыл сары дақ); • түсін өзгерткен-интермиттирующая (қоңыр дақ); • тоқтаған (қоңыр дақ). 2. Тісжегі ақауы (дезинтеграция): • Кіреуке тісжегісі (ақау тек кіреукеде орналасқан); • Дентин тісжегісі: – орта тереңдіктегі; – терең; • Цемент тісжегісі |
II.Орналасуы бойынша |
• Фиссурлы тісжегі немесе табиғи сызат тісжегісі. • Беттермен түйіскен тісжегі -кариес соприкасающихся поверхностей. • Мойын бөлігі аймағындағы тісжегі |
III.Ағымы бойынша |
• Жылдам ағымды тісжегі -Быстротекущий кариес. • Баяу ағымды тісжегі -Медленно текущий кариес. • Тұрақтанған тісжегі -Стабилизированный кариес |
IV.Зақымданудың қарқындылығы бойынша |
• Жеке орналасқан зақымдану. • Көптеген зақымдану. • Жүйелі зақымдану |
2.9. Тістер тісжегісінің патологиялық анатомиясы
Тісжегінің кіреукедегі дақты кезеңінденегізі сыртқы бетке қараған, ал ұшы кіреуке-дентин шекарасына бағытталған үшбұрышты тәріздес зақымдану ошағы анықталады. поляризациялы микроскопиялау әдісімен зерттегенде кіреукеде үшбұрыш пішінді жарақат ошағы анықталады және оның табаны кіреукенің сырт бетіне қарай орналасқан . Жарақат ошағындағы өзгерістер дақтың аумағымен тығыз байланысты. Егер дақтың көлемі 2-мм аспаса, шлифте мөлдір және қараңғы белдеулер анықталады. Тісжегі дағының көлемі ұлғайған кезде үш белдеуді (зоны) ажыратады – жарақат денесі (тело поражения), қараңғы және мөлдір белдеулер. ( 2.10сурет).
2.10.Сурет.Тісжегінің дақты кезеңіндегіминералсыздану белдеуінің схемалық суреттемесі (поляризациялық микроскопия):
1 — беттік қабат (бүтін); 2 — зақымдану денесі; 3 — қараңғы белдеу; 4 —мөлдір белбеу.
•1белдеу — беткей қабат, ені 50 мкм дейінгі бүтін кіреуке.
•2белдеу — орталық белдеу (зақымдану денесі), бұл белдеуде минералсыздану жақсы бейнеленген, микрокеңістіктердің көлемі 25%-ға дейін көбейген. Кіреукенің өткізгіштігі өте жоғары дәрежеде.
•3 белдеу — қараңғы белдеу, бұл белдеуде микрокеңістіктер 15–17% құрайды.
•4белдеу — ішкі қабат, немесе мөлдір белдеу, микрокеңістіктер көлемі 0,75–1,5% құрайды.
Дентин тісжегісі. Дентин тісжегісікіреуке –дентин байланыс аймағының бұзылуымен басталады және дентин түтікшелері бойымен тарап, ұлпаға қарай бағыт алады. Дентинде және ұлпада қорғаныс үрдісі басталады. Дентин түтікшелері семеді,ал одонтобластар өсінділері орталыққа қарай ығысады. Қорғаныс реакциясы нәтижесінде дентин және ұлпа шекарасында орынбасушы немесе қалыпты дентиннен дентин түтікшелерінің орналасу бағдарының аздап өзгешелігі бар ирегулярлы дентин түзеледі.
Тісжегі кезінде дентиннің минералдаушы құрамының минералсыздануы, дезинтеграция және органикалық матрицаның еруі нәтижесінде құрылымдық бүтіндігінің бұзылуы жүреді. Дентиннің тісжегімен зақымданған ошағы 5 белбеуден тұрады. (2.11 сурет).
2.11.Сурет.Тістердің тісжегісі кезіндегі дентиндегі зақымдану белдеулері.
1 — бүтін дентин; 2 — жартылай мөлдір дентин; 3 —мөлдір дентин; 4 — күңгірт дентин; 5 — инфекцияланған дентин.
• 1 белдеу— қалыпты дентин. Бұл белдеуде дентин түтікшелерінің құрылымы өзгермеген, одонтобластар өсіндісі дентин түтікшелерін толтырып тұрады.
• 2 белдеу— жартылай мөлдір дентин. Жартылай мөлдір дентин қабаты дентин түтікшелері арасындағы дентиннің минералсыздану нәтижесінде пайда болады. Бұдан басқа дентин түтікшелері ішінде минералды қаттардың шөгуі байқалады. Бұл белбеуде микроорганизмдер байқалмайды.
• 3 белдеу — мөлдір дентин. Бұл белбеуде минералсыздану дәрежесі айқын бейнеленген. Клиникалық бұл дентиннің жұмсаруымен көрінеді. Бірақ коллаген талшықтарының бір бөлігі бұзылмайды. Міне осыған байланысты қолайлы жағдайда бұл белбеуде қайта минералдану үрдісі толықтай қамтамасыз етіледі.Белбеуде микроорганизмдер болмайды.
• 4 белдеу — күңгірт дентин. Бұл белбеуде дентин түтікшклерінің кеңейуі анықталады. Коллаген талшықтарының дезинтеграциясы нәтижесінде бұл белбеуде қайта минералдану мүмкін емес. Белбеуде кеңейген дентин түтікшелерінде барлық жағдайда микроорганизмдер болады.Клиникалық дентин жұмсарған, және ережеге сәйкес оны толық алу керек.
• 5 белдеу — инфекцияланған дентин. Белбеуде дентин құрылымы ыдыраған, микроорганизмге толы. Бұл белбеу емдеу кезінде толық алыну керек. Тісжегі кезінде ұлпада өзгерістер болуы мүмкін. Осы өзгерістердің дәрежесінің айқындылығы оның ағымы мен зақымдану тереңдігіне байланысты. Тісжегінің дақты кезеңінде және беткей тісжегі кезінде ұлпада өзгеріс болмайды. Егер тісжегі үрдіс дентинге араса, ұлпада тамырлардың және нерв талшықтарының морфологиялық өзгеріске ұшёырағаны анықталады. Одонтобластардың санының азаюы және бағыттарының бейтараптануы көрінеді. Одонтобластардың тітіркенуі орынбасушы дентиннің түзілуіне ықпал етеді.
