- •1.1. Жалпы мәлімет
- •1.2. Тістердің дамуы
- •1.3. Тіс кіреукесінің, дентиннің, цементтің құрылымы
- •1.3.3. Цементтің құрылымы
- •11.4. Тістердің анатомиялық құрылымы
- •1.4.1. Күрек тістер тобы
- •Тістердегі тісжегі теориясы 3 страница
- •1.4.2. Сүйір тістер тобы
- •1.4.3. Кіші азу тістер тобы
- •1.4.4. Үлкен азу тістер тобы
- •1.5. Тіс ұлпасы.
- •Тістердегі тісжегі теориясы 4 страница
- •2.1. Тісжегімен зақымданудың белгісін бағалау
- •2.2. Халық арасында тістердің тісжегісінің таралуы және қарқындылығы
- •2.3. Россия халығының тістерін емдету мұқтаждығы.
- •Тістердегі тісжегі теориясы 5 страница
- •2.4. Тістерде тісжегінің пайда болуы қауіп факторлары
- •2.5. Тіс қақтары мен ауыз сұйықтығының қасиетін бағалау
- •Істердегі тісжегі теориясы 6 страница
- •2.7. Тіс қақтарының, сілекейдің және кіреуке өткізгіштігінің тісжегі дамуындағы ролі.
- •2.8. Тістер тісжегісінің жүйесі
- •2.9. Тістер тісжегісінің патологиялық анатомиясы
- •2.10. Тістердегі тісжегінің диагностикасы, клиникалық көрінісі, салыстырмалы диагностикасы
- •Тістердегі тісжегі теориясы 7 страница
- •5. Дентин тісжегісіне келесі шағымдар тән:
- •Тістердегі тісжегіні емдеу
- •3.1. Тістердегі тісжегіні емдеуді және реставрациялық технологияны қолдануды қамтамасыз ететін аспаптар,қосымша қондырғылар, аксессуарлар.
- •3.2. Стоматологиялық емханада жансыздандыру
- •3.3.Тістердегі бастапқы тісжегіні емдеу. Кіреукені қайта минералдау терапиясы.
- •3.4.Тістердің қатты тіндерін егеп тазалаудың негізгі қағидалары. I класс бойынша тісжегі қуысын егеп тазалаудың және пломбылаудың замануи көзқарасы.
- •3.5. Блек бойынша I класс тісжегі қуысын егеп тазалау және пломбылау
- •3.6. Блек бойынша II класс тісжегі қуысын егеп тазалау және пломбылау
- •3.7. Блек жүйесі бойынша III класс тісжегі қуысын егеп тазалау және пломбылау
- •III класс тісжегі қуысын егеп тазалау
2.5. Тіс қақтары мен ауыз сұйықтығының қасиетін бағалау
Сілекейдің бөліну жылдамдығын анықтау.Сілекейді ас қабылдағаннан кейін 1,5 -2 сағ соң жинауды ұсынады. Пациентке осы уақыт ішінде сағыз, конфет, шылым шегу, көп су ішпеу, ауызын шайқаумау туралы кеңес беріледі.
Ынталандырылмаған сілекей бөліну жылдамдығын анықтау үшін пациент 5 мин ішінде арнайы пробиркаға ауыз қуысындығы сілекейді түкіріп отырады.
Ынталандырылған сілекей жылдамдығын пробиркаға парафинді шарды шайнау кезінде бөлінген сілекейді жинау арқылы анықтайды.
Екі жағдайда да жиналған сілекейдің көлемін және жылдамдығын анықтайды. (мл/мин).
Қалыпты:
• ынталандырылмаған сілекей бөліну жылдамдығы — 0,2–0,5 мл/мин тең;
• механикалық ынталандыру арқылы — 1–3 мл/мин.
Сілекейдің тұтқырлығын анықтау.Тестті ашқарын немесе тамақтан кейін 3 сағ кейін арнайы Освальд визкометрінің көмегімен жүргізеді. Өлшеуді үш қайтара жүргізеді.
Қалыпты — 4,16 бірлік; сілекейдің тұтқырлығының 2 есе көбейуі кіреукенің тісжегіге беріктігі төмен екенін дәлелдейді.
«CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау.
Жүйеде тестік индикаторлық жолақты және бақылаушы градациялық шкала болады. Ынталандырылған сілекей тамшысын залалсыздандырылған тамызғышпен тестік жолақты жастықшаға тамызады. 5 минуттан кейін жолақтағы түстің нәтижесін түстік кестенің түсімен салыстырып бағалайды.
( 2.5сурет).
Индикаторлық жолақтың түсі:
• көк (рН >6,0)— жоғары (қалыпты) буферлық сыйымдылық;
• жасыл (рН=4,5–5,5)— орташа (қалыптан төмен) буферлық сыйымдылық;
• сары (рН <4,0)— сілекейдің буферлық сыйымдылығы төмен.
Ескерту: Егер боялу біркелкі болмаса онда нәтижені ең төмен мағынамен талдайды.
2.5. Сурет.Сілекейдің буферлық сыйымдылығын «CRT buffer» жүйесі көмегімен анықтау.
Ауыз сұйықтығының және тіс қақтарының рН-метрі.
Ауыз сұйықтығының және тіс қағының рН-ын рН-селективті электрод көмегімен анықтайды. 20 мл аралас сілекейді ашқарын таңертең жинайды.
Бір үлгіні үш қайрата тексеріп . орта көрсеткішін есептеп шығарады.
Ауыз сұйықтығының рН-ын тікелей пациенттің ауыз қуысында тіласты аймағына электродты қою арқылы өлшеуге болады. (тыныштық кезінде — 6,8–7,4 тең, қалыпты; ал рН 6,0 аз болса сілекей кіреукеде минералдану үрдісінің бұзылуына әсер етеді).
Тіс қағының рН анықтау үшін тісті арнайы мақта білік көмегімен сілекейден бөлшектеп, ауамен кептіреді. Электродты тістің мойын бөлігінің вестибулярлы және оральді жағына орнатып, прибордың көрсетілімін анықтайды. (тыныштық жағдайда 6,5–6,7 тең, қалыпты, тіс қағының рН мағынасының төмендеуі- 5,5–5,7кіреукеде минералдану үрдісінің бұзылуына әсер етеді.
Тісжегіні туындатушы бактериялардың санын (S. mutans и Lactobacilli)
«CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау.
Ынталандырылған сілекейді немесе тіс қағының үлгісін жинап, агармен жабылған пластинаға сеуіп, (S. mutans немесе Lactobacilli селективті қоректі орта ), 37 oС температурада. 48 сағ өсіреді.
Агар бетіне өскен колония тығыздығын эталонды кестеде берілген тығыздық мағанасымен салыстырады. S. Mutans және Lactobacilli колония тығыздығы105 КОЕ/млкөп болса тісжегінің пайда болу қауіп дәрежесі өте жоғары екеіне айғақ болады. ( 2.6 сурет).
Ескерту. Тексеру алдында пациенттер антибактериальді шайқауыштарды қолданбау керек және мамандандырылған ауыз қуысы гигиенасын жүргізуге болмайды.
Тістерде тіс жегінің алдын алу шараларын жүргізуде көптеген жетістіктерге жетсек те бұл ауру әлі күнге дейін әлемнің көптеген елді мекеннің денсаулықсақтау ұжымына, әсіресе қалпына келтіру емінің бағасын0ың күрт өсуіне және кеәбір жалпысоматикалық аурулардың тісжегімен асқынулурының өзара байланысының жаңа дәлелдермен толығуына байланысты күрделі мәселе болып отыр.
2.6.Сурет.Lactobacilli колониясының тығыздық нұсқалары, «CRT bacteria»жүйесі көмегімен анықталған.
Тістерді қарап тексеру нәтижесін тіркеудің оңтайлы және қысқа болуы үшін арнаулы тістерді белгілеу үлгісін (зубная формула) толтырады. Тістерді белгілеу үлгісінің бірнеше жүйесі бар. Ертеректе қолданылып келгені – Зигмонд-Палмер 1876 ж. ұсынған австралиялық үлгі. Бұл үлгі бойынша екі жақ сүйектерін түзулер арқылы төрт шаршыға бөледіде 1 ден 8 ге дейінгі цифрлармен белгіленеді. Көлденең түзу тістердің жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне тік түзу олардың оң және сол жақ бөліктеріне жататындығын көрсетеді.Тұрақты тістерді белгілеу үшін араб цифрын, ал сүт тістерді рим цифрымен белгілейді.( 2.7 сурет).
Қазіргі кезде цифрлық жүйені қалдану өте қолайлы болып табылады.
Дүние жүзінде Халықаралық стоматолгтар федерациясы (FDI) ұсынған жүйені кеңінен қолданады. Бұл жүйені ДДҰ және Халықаралық стандартау Ұжымы ХСҰ қолдануды ұсынып отыр.
Зигмонди жүйесіне негізделген бұл жүйе екі жақ сүйекті 4 шаршыға бөледі де, тістердің реттілік санының алдына шаршының нөмірін қояды.
Мысалы, 21 саны жоғарғы сол жақ бірінші күрек тісті білдіреді, 48 саны төменгі оң жақ үшінші үлкен азу тісті көрсетеді. Уақытша тістер үшін шаршылардың нөмірі 5, 6, 7, 8 сандарымен белгілейді және тістер реттілігін араб сандарымен көрсетеді.
Міне сондықтан бұл жүйеде әр тіс екі цифрмен белгіленеді: бірінші цифр-квадрант номері, ал екінші цфр – квадранттағы тіс номері. Мысалы, үстіңгі жақтың екінші сол жақ кіші азу тісі -24 цифрымен белгіленеді, ал үстіңгі сол жақ уақытша бүйір тіс -62 цифрымен белгіленеді. (. 2.8сурет).
2.7. Сурет.Зигмонд-Палмер жүйесі.
2.8.Сурет.FDI жүйесі.
ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ
Тістер тісжегісінің пайда болуына замануи көзқарасқа дейін осы ауруды тұындатушы көптеген теориялар ұсынылған. Тісжегіні зерттеуге үлкен ықпал еткен клиникалық және экспериментальды мәліметтерге сүйене отырып ХIХ ғасырдың соңында Миллер ұсынған химико-паразитарлық теория болды. Миллердің ұйғаруынша, тістер ауызда көмірсулы тағамдар болғанда микроорганизмдердің әсерінен бұзылады. Тісжегінің басталу үрдісін көмірсулы тағамдар қалдығының микроорганизмдердің қатысуымен ыдырауынан пайда болған органикалық қышқылдардың – пирожүзім, алма, сірке және сүт қышқылдарының әсерімен байланыстырды. Сонымен қатар тамақтық заттар құрамында келетін басқа қышқылдардың да әсерін теріске шығарған жоқ. Тісжегінің дамуы екі кезеңнен тұрады: оның ойынша бірінші кезеңде ауыз сұйығының РН-ы төмендеуі немесе қышқылды ортаға ауысуына байланысты кіреуке мен дентин минералсызданады. Тек минералды заттардан тұратын кіреуке қышқылдар әсерінен толығымен ериді. Екінші кезеңде дентиннің органикалық заттары микробтар бөліп шығаратын ферменттердің әсерінен ыдырайды. Қышқылдар мен бактериялардың ролін ескере отырып, Миллер тісжегінің дамуына қолайлы факторларға (сілекейдің мөлшері мен құрамы, тамақтану ережесі және тамақтың құрамы сияқты) аса мән берді. Тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін, кіреукеніің қалыптасу кезіндегі ішкі және сыртқы жағдайларды да назарынан тыс қалдырған жоқ.
Миллер өзінің теориясын эксперименталды жолдармен дәлелдеді. Адамның жұлынған тістерін жақсы шайналған наннан, сілекейден және 2-4% қант ертіндісінен туратын қоспаға орналастырып, 37°C температуралы термостатқа қойды. Бірнеше (4-6) аптадан кейін тісті алып байқағанда, кіреукеде тісжегі кезінде орын алатын минералсыздану үрдісін анықтаған.
Миллердің теориясы клиникалық дәлелге де ие болды. Ол – тістің беттеріндегі табиғи сызаттар мен ойықтарда, жанасу беттерінде және мойындарында (тамақ қалдықтары жиі орналасатын аймақтар) көмірсулы тағамдарды жиі пайдалағанда тісжегінің жиі дамуы.
Автордың теориясының ең әлсіз жері – тісжегінің дамуындағы ауыз сұйығының РН-ның (реакциясының) төмендеуі көптеген сыни пікірлер мен таластар тұғызады. Шынына келсек, сілекейдің буферлік қасиетіне байланысты ауыз сұйығының реакциясы әрқашанда бейтарапты немесе әлсіз сілтілі (рН 6,8-7,0) ортаға тең және кез-келген қиын жағдайлардың ықпалы кезінде де кіреукені минералсыздандыратын қауіпті деңгейге дейін (рН 4,5-5,0) ешуақытта төмендемейді.
Дегенмен бұл теория тісжегінің дамуын түсіндіретін теориялардың (400ге жуық) ішіндегі ең маңыздысы болды және көптеген клинико-лабороториялық зерттеулердің нәтижесінде жаңа мағлұматтармен толықтырылып, тісжегінің пайда болу себептерін дәлелдей алатын қазіргі кездегі көзқарастың қалыптасуына негіз бола алды.
1928 жылы Д.А.Энтин тісжегінің физико-химиялық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша тіс тіні екі орта шекарасында орналасқан –ауыз сұйықтығы мен тіс ұлпасы, жартылай өткізгіштік мембрана болып табылатынын айтқан.
Ғалымның болжамы бойынша ортаға ұмтылған бағыттағы осмостық токтың басым болуы тістің қатты тіндерінде патологиялық өзгерістің туындауына ықпал ететінін және соның салдарынан кіреукенің ұлпадан қоректенуі бұзылып, кіреукеге сыртқы агенттердің ықпал етуінің артуына байланысты тісте тісжегі пайда болады.
Д.А.Энтин (1928) ұсынған нервті-трофикалық теориясы, И.Г. Лукомскийдің (1948) тісжегінің биологиялық теориясы, А.Э.Шарпенактың (1949) зат алмасу теориясы, А.И. Рыбаковтың (1971)тістерде тісжегінің патогенезінің жұмысшы концепциясы сияқты теориялар бізге мәлім.
Тістердің тісжегісі тіс шыққаннан кейін оның минералсыздануы және қатты тіндерінің протеолизденуі инфекциялық үрдіс екені дәлелденді. Соның әсерінен пайда болатын қуысты ақау.
Қазіргі кезде тісжегі кіреукеде минералсыздану үрдісінен басталатынына ешкімде күмән туғызбайтын ақиқат екені белгілі. Минералсыздану кіреукенің сыртқы қабаты сақтала тура, астыңғы қабатында жүреді. Минералсыздандыру үрдісінің тікелей себепкері – тіс қағының құрамындағы микроорганизм ферменттерінің көмірсулы тағамдар қалдығын ыдыратуынан пайда болған органикалық қышқылдар.
Соңғы жылдардағы біраз ғалымдардың зерттеулері тісжегінің бастапқы кезеңінде (тісжегі дағы) жарақат ошағында біршама минералсыздану үрдісі орын алатынын дәлелдеді.Тісжегінің бастапқы даму кезеңін былай деп түсіндіреді: белгілі жағдайларда (тістер дұрыс тазаланбаған жағдайда, ас қалдықтары тістердің беттерінде көп жиналған кезде, сілекейде мөлшерлік және сапалық өзгерістер байқалса) тіс беттерінде жұмсақ тіс қағы немесе микробты қақ (микробная бляшка) құрылады және көмірсулардың ыдырауынан пайда болған қышқылдардың әсерінен қақ астындағы ортада рН кіреуке төзгісіз деңгейге дейін (критический уровнень) төмендейді (4,5-5,0). Сонымен қатар тіс қағының ферменттік жүйелері әсерінен кіреукенің органикалық қабықтары (пелликула және кутикула) бұзылып, қышқылдар кіреукеге тікелей әсер ете бастайды. Сутегі иондарының (Н+) төзгісіз деңгейі ұзақ сақталған кезде кіреуке бетінің кейбір тұрақсыз аймақтарында (призмааралық кеңістіктер, Ретциус сызықтары аймақтарында) апатит кристалдар ери бастайды.
Қышқылдар енді кіреукенің астыңғы қабатына өтіп, ондағы минералды компоненттерді де еріте бастайды. Құрамындағы гидроксиапатит кристалдары еріп, бұзылысқа ұшырай бастаған кіреуке призмаларының физикалық қасиеттері өзгеріп, сәуле сындырғыштығы төмендеуі нәтижесінде оның мөлдірлігі жойылып, бетінде ақбор түсті күңгірт тісжегі дағы пайда болады. Астыңғы қабаттағы минералсыздану ошағы біртіндеп жанжаққа қарай кеңейе береді, және призмааралық кеңістіктердің кеңеюіне байланысты микрооргнизмдердің кіреуке ішіне енуіне жағдай туып, енді қышқыл құрылу көзі кіреуке ішіне ауысады. Тісжегінің бұл кезінде кіреукеде минералсыздану үрдісі кіреукенің сыртқы бетіне параллельді аймақта және ішке қарай дамығандықтан жарақат ошағы конусқа ұқсас болып құрылады. Қышқыл құрылу көзі кіреуке ішіне ауысқанмен оның сыртқы қабаты көпке дейін бұзылмайды, мұның өзі оның құрылымдық ерекшеліктеріне (фторапатиттің басым болуы) және сілекей құрамындағы бейорганикалық компоненттер әсерінен қайта минералданып отыруына байланысты.
