- •Мазмұны
- •1.1Қазақстандағы тіл дамыту ғылымының(әдістемесінің) дамуы.
- •1.3 Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
- •2.1Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері
- •1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту.
- •2. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету.
- •Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуін дамыту әдіс-тәсілдері
- •3) Сергіту сәті : «Алтын сандық»
1.1Қазақстандағы тіл дамыту ғылымының(әдістемесінің) дамуы.
( + Меңдаяқова кітабы 13бет)
1950-60 жылдарда мектепке дейінгі мекмелердің жұмысына арналған ғылыми зерттеулер одан әрі жалғасты. Осы кезеңде тіл дамыту сабақтарындағы балалардың сөздің грамматикалық құрылысын жақсы меңгерулері үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігі сөз болды. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесінің қалыптасуының жаңа кезеңі 1959 ж. 21 мамырдағы орталық комитеттің "Мектепке дейінгі тәрбие мекемедегі оқыту мен тәрбиелеуді жақсарту шаралары туралы" қаулыға байланысты.
Ұлы Октябрь ревалюциясынан кейін біздің республикамызда да мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жұмысы жедел дамыды. 1917 жылы 1 мамырда Верный қаласында тұңғыш балабақша ашылды. Бұл бақшаға әртүрлі ұлттан тұратын 100-ге жуық бала қабылданды. 1922 ж. бастап республикада балабақшаға арнап қызметкерлер даярлайтын әйелдер курстары ашылды. Сөйтіп 2 жылда 80 тәрбиеші даярланды. 1926-29 жылдары республикамыздың алыс аудандарына мектепке дейінгі киіз үй, көшпелі үй, қызыл отау секілді мектепке дейінгі мекемелердің жаңа түрлері ашылып, олар ауыл комиссариатының шешімі бойынша мектепке дейінгі тәрбие туралы конференция ұйымдастырды. Бұл конференцияда тәрбие әдістері, сауат ашу, мектеп пен балабақшаның байланысы деген мәселелерге көңіл бөлінді.
1938ж.1 мамырда Алматы қаласында мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі Республикалық методикалық кабинет ашылды. Осы кабинеттің негізінде тәрбиешілер даярлайтын 3,6,9 айлық курстар жұмыс істей бастады және бұл курстарда сабақ қазақ тілінде жүргізілді. Курсты бітірушілер алыстағы аудандарға жұмысқа жіберілді. Осы кабинеттің ашылуымен байланысты балабақша жұмыстары жандандырып балабақшаға арналған программалар, методикалық еңбектер шығарыла бастады. Алғашқыда бақшаға арналған программа орыс тіліндегі программаның негізінде аударылып жасалады. Соңғы шыққан программа сауат ашу бөлімі қазақ балалар әдебиетінің туындыларынан алынып жасалды. 1964 ж. шыққан программа балалардың жас ерекшеліктеріне сай шығармалар таңдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 1960-70жж.арасында республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің саны 5-6 есеге дейін өсті. 1981-82 оқу жылына арнайы шығарылған программа, мектепке даярлық топтарына арналған оқу тәрбие жұмысына көңіл бөлінді.
ХХІ ғасырдағы Қазақстанның тіл мәселесі өзінің өзектілігімен ерекшеленеді. Қазіргі уақыттағы қазақ тіліне байланысты туындап жатқан мәселелердің себеп-салдары тікелей кеңестік дәуірмен ұштасатындығы белгілі. ХХ ғасырдағы кеңестік жүйенің ұстанған ұлт саясаты одақ құрамындағы ұлттардың даму заңдылықтарына әсер етіп, олардың ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетінде көптеген өзгерістер туғызды. Соның ішінде тіл мәселесі - қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс болды.
Ғасырлар бойында жинақталған тәжірибе көрсеткендей кез-келген халықтың тұтастығының негізі – оның мәдениеті, тілі, дәстүрі, тарихы. Оның ішінде тілдің адам өмірінің философиясы мен ойлау жүйесін қалыптастыратындығы белгілі. Соған сәйкес, тіл - кез-келген ұлттың ұлт ретінде өмір сүруінің басты шарты болып табылады. Қазіргі таңда тілдің ұлттық болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқаратын қызметіне байланысты, оның даму тарихына, бүгінгі жағдайына талдау жасау аса маңызды.
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосқан журналист, публицист, педагог-тәлімгер, аудармашы Нәзипа Құлжанова. Зерттеуші еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің үлкен бір саласы − баланың сөйлеу тілінің дамуы. Ол өзінің "Мектептен бұрынғы тәрбие" атты әдістемелік құралында мектепке дейінгі баланың нені үйренуі керектігіне тоқтала келіп:
- сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып, өзінің ойын, талабын, көңіл сезімдерін басқаға жеткізу;
- ойлай білу сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе туралы өзінің ойын айтып, бір пікір шығару;
- ойға тоқығанды және оған деген өз көзқарасын жарыққа шығару (ойын, сурет, әңгіме арқылы);
- балаға сусындай керегінің бірі − сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы деп тұжырымдайды.
Қазақ балабақшаларына арнап еңбектер жазған, ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдардың бірі – педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Баймұратова, оның "Мектеп жасына дейінгі. балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту", "Мектеп жасына дейінгі.балалардың тілін дамыту методикасы", "Балаларды мектепке даярлау", "Біздің кітап" т.б. еңбектерін атап өтуге болады. "Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту " деген еңбегінде бақшаға арнаған бағдарлама бойынша тіл дамыту сабақтарын жоспарлау және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктерімен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың тәсілдері мен әдістеріне тоқталды және осы еңбектің соңында жоғары топтарда өтілетін кейбір сабақтардың жоспарын берген. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері мен тәсілдеріне:
Сөздік жұмысын жүргізу
Дидактикалық ойындар ойнату;
Түрлі заттардың атын айтқызып салыстыру;
Жұмбақ шешкізу, сурет арқылы әңгіме құрастыру, серуенге, топсаяхатқа шығару жұмыстарының ерекшеліктерін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсеткен. Ал "Балалар тілін дамыту методикасы" деген еңбегінде балабақшадағы әр топтағы балалардың сөздік қорының қандай дәрежеде болатындығын төмендегі цифрлар арқылы дәлелдейді. Мысалы: 2 жастағы балалардың сөздік қоры – 500 сөзден астам.
3 жасар баланың сөздік қоры - 1200
4 жастағы баланың сөздік қоры -1900, ал даярлық тобындағы балалардың сөздік қоры 2500-3500 сөзге дейін. Ал өзінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөзді меңгеруі жанұядағы, бақшадағы жүргізілген тәрбие жұмыстарына байланысты деген қорытынды жасайды. Бақшадағы әр топтағы балалардың сөйлеу деңгейлерінің бағдарламалық талапқа сай болуы сабақтарда қолданылатын әдіс –тәсілдерге де байланысты екендігін көрсетеді. Бұл соңғы еңбегінде Б.Баймұратованың төмендегідей 9 жұмыстың түрін атап көрсеткен.
Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып жауап алу.
Балаларға антоним, синоним, омоним сөздерді меңгертіп, сол сөздердің ерекшеліктерін ажырата алатындай дәрежеге жеткізу.
Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге үйрету. Мысалы: бас, басшы, бастық, бастама т.б.
Берілген сөздерге теңеу табу. Мыс: қызыл алма, тәтті алма, алтын күз, суық күз.
Белгілі бір тақырып бойынша балалардың өздеріне әңгіме құрастыру /жыл мезгілі, отбасы, достары туралы т.б/.
Суреттермен жұмыс. / жеке адам, еңбегі, өмірі, табиғатқа байланысты/
Топсаяхатқа шығару
Дидактикалық ойындар арқылы балалар тілін дамыту.
Өздерінің көрген білгендері бойынша әңгімелесу.
Сонымен қатар автор бұл еңбегінде әр топтағы өткізілетін тіл дамыту сабақтарының үлгі жоспарларын бере отырып, тіл дамытуды басқа пәндермен қалай байланыстыру керектігіне тоқталады. Мысалы, тіл дамыту сабағымен көркем әдебиеттің байланысын жеке, нақты мысалдар арқылы бала тілін дамытуға қандай әсері болатындығын дәлеледеген. Еңбектің соңында дамыту сабақтарында пайдаланатын дидактикалық ойынның мазмұны берілген.
Ғалым Қ.Меңдаяқова «Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми - әдістемелік негізі» атты диссертациясында мектепалды даярлық тобының балаларын қарастырған. Ғалым балабақшадағы тілдік ортаның жасалуына аса мән берген. Ол тілдік орта алдымен тәрбиешіден басталады, оған балабақша қызметкерлері және балалар жатады.
Ол: «Баланың байланыстырып сөйлеуінің дамуы сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: қатысымдық, танымдық, тәрбиеленушілік.
− Қатысымдық қызмет айналасындағы адамдармен қарым-қатынас қажеттігі баланы байланыстырып сөйлеп, өз ойын басқаға білдіру үшін, тілін жетілдіруге ынталандырады.
− Бала үшін сөз таным қызметін атқарады. Сөзді ойланып та, сөзді жақсы байланыстырып та сөйлейді. Сөйлеу ортасы соған сай ұйымдастырылуы керек.
− Сөйлеу ортасы баланы тәрбиелейді, әсіресе, балаға «олай жасауға болмайды, олай жасауға болады» деген сияқты сөздер баланы жаман қылықтан сақтандырады, жақсы қылықты, мінез-құлықты қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен, жақсы ұйымдастырылған жасанды сөйлеу ортасы баланың тілін дамытуына, байланыстыра сөйлеуге жаттығуына, дұрыс тәрбиеленуіне үлкен әсер етеді» -деп тұжырымдайды.
Байланыстыра сөйлеуге үйрету мәселесі ғалым К.М Метербаеваның «Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру» атты диссертациялық жұмысында жан – жақты қаралған. Ғалым алдына табиғатта болатын өзгерістерді баланың байланыстыра айта білуін, ойын жүйелі жеткізуін қадағалау, баулу, үйрету мәселелерін мақсат етіп, алдына қойған. Ол үшін табиғат құбылыстарын сипаттауда логикалық ойлауын жетілдіру мәселелерін анықтаған. Олардың негізінде балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың көрсеткіштерін анықтаған. Олар:
- табиғат құбылыстарының маусымдық өзгерістерін бақылау;
- көркем шығармаларды талдау, халық ауыз әдебиетін қолдана білу;
- тәжірибе жасау, модульдік тапсырманы орындау;
- проблемалық жағдаяттар туғызу, қорытынды жасай білу.
Осындай негіздегі әдістемесін іске асыруда ғалым суретті сериялар, табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар, өлеңдер, әңгімелер, ертегі, проблемалық жағдаяттар, сюжетті-рөлдік және дидактикалық ойындар, тәжірибелік сабақтарға көрнекі құралдар т.б. пайдаланған.
А. Байтұрсыновқа дейінгі еңбектерде қазақ тілі жүйесі түрде зерттеледі, жоғарыда аталған орыс ғалымдарының еңбектеріндегі зерттеулердің ғылыми дәрежесі төмен болды, қазақ тілінің өзіндік табиғи қасиеті көп жағдайда ескерілмеді, бір жақты байымдаулар мен үстірт пікірлерге құрылды, көбіне фиктивті құрылымды тілдердегі ережелерге сәйкестендірілді. Мысалы, Санкт- Питербургте 1875 жылы жарық көрген М.А. Теретьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская» деп аталатын кітабында қазақ тілі, оның дыбыс жүйесі мен грамматикалық құрылысы жайында азды- көпті ғана, қазақ тілінің Ы. Алтынсариннің 1871 жылы Оринборда жарық көрген «Начальное руководство к обучению киргиз-русскому языку» атты еңбегі қазақтарға орыс тілі грамматикасын түсіндіретін ең бірінші оқу құралы ретінде зор қзмет атқарды. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А. Байтұрсыновтың ағартушылық жолға құлшына кірісіп, сауаттылықты жою жолында қазақ тілін жан-жақты талдауына Ы. Алтынсариннің осы еңбегі де үлгі болған сияқты. Ташкентте, Орынборда, Алматыда жоғары орындарында профессор қызметін атқару. Қазақ тілі мен әдебиетін терең зерттеуге ғалымға мүмкіндік жасады, ұстаздық пен қоғамдық жұмыстарда жүріп, ол зерттеу жұмыстарын тоқтатпаған. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері «Оқу құрал» (1912) «Әдебиет танытқыш» (1926) «Әліпби» (1924) «Тіл құрал» (1914) “Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді”,дейді.
1841жылы Қостанай облысы Затобол ауданында туған 1879 – 89 жылдары Торғайда мектеп инспекторы болды, 4 училище, 7 мектеп ашты 1860 жылы Торғайда қазақ балалары үшін мектеп ашуға рұқсат алады 1850-57 жылдары Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебінде білім алады 1864жылы мектеп жанынан интернат ашылады 1888 жылы Орскі қаласында мұғалімдер мектебін ашты 1889 жылы Ырғызда қыздар интернатын ашты Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) “Қазақ хрестоматиясы” “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” қасиетін, мәнін т.б. ерекшеліктерін аша алиайтын мағлұмат берілген.
Балабақшадағы негізгі мәселенің бірі: баланың тілін дамыту.Әрине, тіл дамыту отбасынан бастау алатын болса, баланың үлкендермен қарым-қатынасы ата-анадан, ата-әжеден басталады.Балабақша оны әрі қарай дамытады.Ғалымдар балабақшадағы тіл дамыту жұмысын негізгі деп бағалайды.»Среди многих задач воспитание и обучение детей дошкольного возраста в детском саду обучение радному языку, развитие речи, речевого обучения одна из главных.» Өйткені тіл дадамға табиғаттан берілетін, адаммен бірге туңан, құдайдың бір сыйлығы деген К.Д.Ушинский, ол адамдардың бүкіл тарих бойына жиған асыл қазынасы, зор байлығы.Сондықтан ата-бабадан жеткен байлықты, қазынаны балаға меңгерту керек.Ол үшін балаға үлкендердің көмегі керек, ол көмек отбасынан басталады, балабақшада дамытылады.
Балабақшадағы тіл дамытуды ұлы педагог К.Д.Ушинский дайындық оқу «подготовительное обучение» деп атаған.К.Д.Ушинский жалпы оқуды екіге бөлген: жүйелі оқыту, ол отбасында және балабақшада жүзеге асады деп көрсеткен.Сонымен бірге, дайындық оқу, оның ішінде тіл дамытубаланың шамасына лайықты, қызықты, әр түрлі болуы керек деп ескерткен.
Дайындық оқу теориясының негізін қалаған педагог-ғалым К.Д.Ушинский ана тіліне оқытуда 3 мақсат көзделедідеп санаған.Бірінші- баланың ойын білдіруін дамыту, ол ушін оқытуда көрнекілік маңызды, бала нақтылы бейнені қабылдайды. Екінші – баланы өз ойын дұрыс, әдемі етіп, білдіруге үйрету.Оның ең маңызды үлгісі үшін шығарманы балаларға тыңдаудың шартын айтқан, ол жағымды идея, көркемдігі, бала ұғатындай, баланың ұғымына сай болуы. Сөйтіп бала көркем шығарманы оқуының жүйесін анықтаған. Үшінші- баланың тәжірибиеде грамматиканы меңгеруі, ол грамматиканы меңгеруі,ол грамматиканы кейін ғылым ретінде меңгерудің алдында болады. Ол үшін сөзге, сөздің тұлғасына, сөйлемге қатысты жаттығулар қолдануды ұсынған.
К.Д.Ушинский өзінің осы теорияларын «Детский мир и Хрестоматия» (1861ж), «Родное слово» (1864ж) тағы басқа еңбектерінде іске асқан.
Ғалымдар тіл дамыту методикасының қалыптасуында Е.И.Тихееваның еңбектерінің маңызды қызмет атқарғанын ескертіп отырады.Е.И.Тихеева ана тілі негізінде балабақшадағы оқу, тәрбие жұмысының бәрі жүргізіледі деп санаған.Е.Тихееваның «Развитие речи дошкольника» деген кітабы 1937 жылы шықты деп жазған А.м.Бородич.
Балабақшада тіл дамыту мәселесін алғашқы зерттеушілердің бірі- Е.А.Флерина болған.
Мектепке дейінгі бала тілін дамыту мәселесін зертеумен айналысқан елеулі ғалымдар А.П.Усова, О.И.Соловьева, А.Н.Гвоздев, В:ВГербова тағы басқа ғалымдар еңбектер жазып, әрі тіл дамыту мәселесін дамыта түсті, әрі балабақша мамандарын дайындаудың сапасын арттырды, әрі балабақша тәрбиесіне, тәрбиешілерге жәрдем берді.
1.2 Кеңестік тіл білімі
Кеңестік тіл білімі орыс. советское языкознание — Кеңес өкіметі жылдарында калыптаскан тіл білімі. Кеңестік тіл білімі революциядан бұрынғы орыс тіл білімі дәстүрін жалғастырды. Әр түрлі мектептер мен бағыттар болғанымен, Кеңестік тіл білімі бірыңғай методологияға — маркстік философияға (диалектикалык материализм) негізделді. Кеңестік тіл білімі тілдің әлеуметтік табиғатын мойындай отырып, тілді қарым-қатынас кұралы, сананын шындық өмірдегі көрінісі деп таныды.
Кеңестік тіл білімі бастапкы кезден актіл теориясын тіл кұрылысының практикасымен тығыс байланыстырылып карады. Кенес өкіметінін алғашкы жылдарында бүкіл халыкпен бірлесе отырып, елдегі сауатсыздықты жою, жер-жерде ашылып жаткан оку орындарына кажетті окулыктар жазу, өзіндік жазуы жок 50-дей ұсак халықтардың өз тілдерінін дыбыстық жүйелеріне лайыкты Жазулары болуына, емлесінін, жазу тілінін калыптасуына жәрдемдесті. 20 ғ. 30-шы жылдарында Кенестік жана тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны калыптастырушылардын басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кенестік тіл білімі әлеміне көтерілді.
1930 жж. Н.Я.Марр бастаған "Тіл туралы жана ілім" өз кадамын революциядан бұрынғы үндіеуропалык тіл білімін Кенестік дәуір талабы тұрғысынан қайта карап, үндіеуропа тіл біліміндегі сол кездегі кайшылыкгардың, токыраушылыктардыц біразын дұрыс көре білді. Бұл бағыттын буржуазиялык елдерде бірсыпыра мәселеде реакциялык, нәсілдік сипатта болып, отар елдер мен аз ұлттарды, олардын тілдерін кемсітіп, карайтындықтарын ашык айтты. Бірақ осы сын келе-келе салыстырмалы-тарихи тіл білімінін пайдалы жағынан бас тартып, тіл біліміне марксизмге тән емес дөрекілік, асқақтаушылық, менмендік әуен енгізді.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясынын орталык органы "Правда" газеті бетінде 1950 ж. ұйымдастырылған айтыстан кейін "Тіл туралы жаңа ілімнін" кателіктері, онынтигізген зиянды зардаптары жан-жакты ашып көрсетілді (К- " Тіл туралы жаңа ілім ").Кеңестік тіл білімінде жалпы және жеке тіл білімі салалары бойынша жүйелі түрде ұжымдык зерттеулер іске асырылды. Олар негізінен мынадай салаларға катысты: Көп көніл бөлінген күрделі теориялық мәселелердін бірі ұлттык және әдеби тілдердін қалыптасыпдамуын зерттеуге байланысты. Кеңесғалымдары (И. К.Белодед, Л.А.Булаховский, В.В.Виноградов, В.М.Жирмунский, Н.И.Конрад, Ф.П.Филин, В.Н.Ярцева және ұлттық республикалардағы ғалымдар) тарихи жағдайлармен байланысты КСРО-дағы ұлт тілдерінін және ұлтгык әдеби тілдерінін тарихи даму зандылығын ашты. мүның өзінде халык тілі мен ұлт тілінін аракатынасын, жалпыхалыктык тіл мен ондағы жергілікті диалектілердін аракатынасын, әдеби тілдер калыптасуынын алғашкы кезінде диалектілік базаның мәнін айкындау мәселесіне көніл аударылды. КСРО-дағы тіл кұрылысынын күрделі мәселелерін шешуде ұлттык әдеби тіл теориясын калыптастырудың маңызы өте жоғары болды - Тілдің типологиялык проблемаларын зерттеу жұмысы И.И.Мещаниновтын, сонымен бірге М.М.Гухман, С.Д.Кацнельсон, В.3.Панфилов, В.И.Солнцевт.б. енбектерінде кенейтілді. Типологиянын негізгі үғымдары және басқа пәндерге катысы аныкталды. Бұрын дәстүрлі типологиялыктоптастыру тек морфологияға негізделсе, енді синтаксистік және семантикадык топтастырулар жасау жұмысы қолға алынды.
1930—50 жж. Н. Я. Маррдын "Тіл туралы жана ілімі" үстем болып түрған кезенде тоқтап калған салыстырмалы - тарихи тіл білімі 1950 жылдан бастап қайта дами бастады. салыстырмалы-тарихи тұрғыда көптеген тілдер зерттелді (Б А Серебренников, А.В.Десницкая т.б.). Тілдерарасындағы аса күрделі карым-катынастарды зерттеу аркылы тілдер семьясынын даму дәрежесі біркелкі және тура калыпта болмайтыны айкындалды. Зерттелу дәстүрі бай үндіеуропа және орал тіл білімдерімен коса, КСРО-да түркі, монғол, картвел, афразия тіл білімдері жете дамыды.Этимологиялык зерттеулер ерекше бағыт ретінде дами бастады (В.А.Абаев, Э.В.Севортян, О.Н.Трубачев, А.С.Мельничук). Көне тіл құрылымын жанғыртудын сырткы және ішкі әдістәсілдерін жетілдіруге мән берілді.
Тілдік география жұмыстарынын күшеюіне байланысты аймақтық тіл біліміне ынталылық артты (Н.3.Гаджиева, А.В.Десницкая т.б.); тіл құбылыстарын картаға түсіру кен қолданылып лингвистикалық атластар жасала бастады (Р.И.Аванесов, М.А.Бородина т.б.). Зерттеу нысанына айналған тілдер аясы кенейтілді.
1960—80 жылдары салғастырмалы тіл білімі каркынды дамыды. КСРО-нын көп үлтты жағдайында орыс тілімен және кейбір Батыс Еуропа тілдерімен ұлттық тілдерді салғастырып оқыту тәжірибесі халык мәдениетін, тіл мәдениетін арттырудың тиімді жолы ретінде қарастырылды. Жалпы бағыттардын бірі ретінде лексикологиялык зерттеулер елеулі жетістіктерге жетті. Әр түрлі тілдерге катысты атау теориясы, онын негізгі принциптері, сөз мағынасынын түрлері зерттелді (О.С.Ахманова, А.И.Смирницкий, Ю.С.Степанов т.б.). Сөзжасам мен фразеология теориясынын қалыптасуында Кеңестік тіл білімі жетекші рөл аткарды (В.В.Виноградов, Е.А.Земская, Г.О.Винокур т.б.).
Грамматика теориясы морфологиялык,синтаксистік категорияларды функционалды-семантикалық мәнділігіне карай жүйелеп зерттеуге негізделді. Әр түрлі тілдердін функционалды грамматикасын жасау келешегі бар бағыттардын бірі болып есептелді. Синтаксистік зерттеулердегі негізгі мәселе—сөйлем мен сөз тіркесі болды. Сөйлем мүшелерін өзектілігіне қарап талдау принциптері, стилистика және мәтін теориясы дамытылды. Морфология саласында сөздін морфологиялық кұрылымын, грамматикалык категориялардын мәнін, сөзтантарындағы сәзтүрлендіргіш парадигмалардын кұрылымын т.б. зерітеу тілдердін типологиялык ерекшеліктеріне байланысты жүргізілді.
Фонетика мен фонология — тілдін дыбыстык кұрылысынын екі саласы ретінде қарастырылды. Фонология теориясы Л.В.Щерба, Ш.Ф.Яковлев, Р.И.Лванесов, С.И.Берн - штейн т.б. енбектерінде дамытылды. Кеңестік тіл білімі фонологиялык жүйе принииптерін айкындауда психологизмнен бас тартты. Фонема¬нын танымалдық-айырымдық қызмет атқаратынына байланысты тіл жүйесін жасауға қатысты екені айкындалды.
20 г. 2-жартысында структурализм бағыты дами бастады. Тілдін танбалыкжүйесіне негізделген, тіл элементгерінін кұрылымын сипаттап зерттеуде математикалык тәсілдерді колдануға тырысатын бұл бағыт В. Г. Гак, В.А.Звегинцев, Ю.С.Стегіанов т.б. енбектерінде дамытылды Дегенмен, 1970 жж. бастап Кеңестік тіл білімінде структурализмнін ерекше ғылыми көзкарастар жүйесі ретіндегі мәні әлсіреп, жалпы тіл теориясынын құрамында қалатыны анықтала бастады.
Әлеуметтік тіл білімі (социолингвистика) Кеңестік тіл білімінде тілдің коғамдык кызметінін зандылыктары туралы ғылым ретінде пайда болды (В.В.Виноградов, В.М.Жирмунский, Р.О.Шор, Б.А.Ларин, Ю.Д.Дешериев т.б.). Ол — тілдің нормалык теориясын калыптастыру, жазуды ретіне келтіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көптілділік мәселесін, әлеуметтік факторлардын тілге әсерін, тілдің коғамдағы рөлін т.б. зерттеумен шұғылданды.
Сөйлеу процесінің психофизиологиялык механизмін зерттейтін психологиялык тіл білімі бөлініп шыкты (А.А.Леонтьев, А.А.Брудный, И.Н.Горелов т.б.).
1950 ж. бері халык шаруашылығындағы маныздылығына байланысты қолданбалы тіл білімін дамытуға зор мән берілді. Математиктермен, кибернетиктермен бірлесе отырып, ғылым мен техниканың әр саласында акпараттық бағдарламалар жасау, хабарларды өндеудін автомат жүйесін, машиналык кор калыптастыру жүмыстары іске асырылды (Ю. Д. Апресян, Ю. Н. Караулов, А. Н. Колмогоров, 10. Н. Марчук т.б.). Сөйтіп, Кеңестік тіл білімінде кен көлемде теориялык, практикалык зерттеулер жүргізіліп, жоғары маман кадрлар даярланды. Бірақ жоғарыда талданған салаларға байланысты теориялык тұжырымдардын бәрін бірдей тек Кеңестік тіл білімінін жаналығы деп, соған теліп коюға болмайды. Олардын көпшілігі Батыс Еуропа, Америка тіл білімдерінде бұрыннан белгілі. Кеңестік тіл білімінде бұл салалар көп ұлтты КСР0 жағдайында жанаматериалдармен байытылып,дамытылып отырды.[1]
Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: «Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде–ақ көркем шығарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады», - деп жаза отырып, мынадай қорытындыға келеді: «Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, «кітаби» тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады».
Кеңес өкіметінің тіл саясатына байланысты алғашқы шаралары Қазақстанның автономиялы республика болып құрылған уақытынан бастап жүзеге аса бастады. Мысалы, Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының 1920 жылдың қазанында өткен І Құрылтайының декларациясында қазақ және басқа ұлт тілдеріне жете мән беру мәселесі талқыланып, соның негізінде «ҚазАКСР-нің мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы» декреті [1, б.57-58] қабылданды.
Кеңестік дәуірдегі тіл саясатын дамыту мәселесін қарастырғанда, қазақ тілін іс жүргізуде қолдану тәжірибесіне назар аудару маңызды. Бұл мәселе бойынша ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары көптеген шаралар ұйымдастырылып, бірқатар тәжірибе жинақталғаны белгілі. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі сол жылдарда конституциялық нормаларға сәйкес қазақ тілінде іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесетін бірқатар қаулылар қабылдады: Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы «Қазақ және орыс тілдерін республикалық мемлекеттік мекемелерінде қолдану туралы» декреті [2, б.14], 1923 жылғы 22 қарашадағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декреті [2, б. 24] қазақ тілінде іс жүргізудің алғашқы заңды құжаттары болды. Онда КазАКСР территориясында қазақ және орыс тілдерін мемлекеттік тіл ретінде жариялау; мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың іс-жүргізу жұмыстарында орыс тілімен қатар қазақ тілін енгізу; барлық қаулылар, заңнамалық және үкіметтік актілерді екі тілде қабылдап, жариялауды жүзеге асыру қарастырылды.
1923 жылғы құжаттың негізінде 1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазақ тілінде іс жүргізу Қазақстанның барлық болыстары мен мына уездеріне енгізу көзделді; Ақтөбе губерниясының Адай, Торғай, Шалқар, Темір, Ақтөбе, Ырғыз уездері; Бөкей губеринясының барлық уездері; Орал губерниясының Жымпиты және Гурьев уездері; Семей губеринясының Қарқаралы және Зайсан уездері; Ақмола губерниясының Ақмола, Атбасар уездері. Ал қалған уездер мен губернияларда қазақ тілінде іс жүргізу 1924 жылдың 1 шілдесіне белгіленеді. Декретте Орынбор губерниясы мен оның уездері аталған міндеттен босатылды. Сөйтіп, белгіленген мерзім ішінде Қазақстанның уездік және губерниялық органдары өз аппараттарын қос тілде іс жүргізуге бейімдеулері қажет болды. Аталған шараларды аяқтау уақыты 1925 жылдың қаңтары болып белгіленеді.
Қоғамдағы осындай құбылыстарға сол уақыттағы қазақ зиялылары ерекше алаңдап, оған өз көзқарастарын білдіріп отырды. Солардың бірі М.Дулатов қазақ тілін жүргізетін комиссияның жұмысын бақылау барысында мынадай пікірге келеді [3, б. 330]: «Қазақ тілі мемлекет тілі болды, енді заң-закун, бұйрық-жарлықтың кеңсе істерінің бәрін қазақшаға айналдырамыз деп талпынғанымызға талай жыл, қазақ тілін жүргізу үшін орталықта дербес комиссия да құрылды», - дей келе, осы орталық комиссия мен оның аймақтардағы бөлімдерінің қазақ тілінде іс жүргізу жұмыстарының қалай жүзеге асу барысын тексеріп жатқандығына күмән келтіреді. Сонымен бірге, аталған комиссияның ел арасындағы істерге бақылау жасауды есепке алмағанда, орталық мекемелердің өзінде жүйелі де сапалы жұмыстардың атқарылмай жатқандығын алға тартады.
