- •Мазмұны
- •1.1Қазақстандағы тіл дамыту ғылымының(әдістемесінің) дамуы.
- •1.3 Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
- •2.1Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері
- •1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту.
- •2. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету.
- •Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуін дамыту әдіс-тәсілдері
- •3) Сергіту сәті : «Алтын сандық»
Мазмұны
Кіріспе
І Тіл дамытудың ғылым болып қалыптасуы
1.1Қазақстандағы тіл дамыту ғылымының(әдістемесінің) дамуы.
1.2Кеңестік тіл білімі
1.2Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
ІІ Тіл дамыту әдістемесінің міндеттері мен әдіс-тәсілдері
2.1Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері
2.2 Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуін дамыту әдіс-тәсілдеріне арналған сабақ түрі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 23 – бабында үздіксіз білім беру саласының алғашқы баспалдағы, балабақшаның мақсаты мен міндеттері жан-жақты айқындалған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Адам тәлім- тәрбиені, білімді тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді.Тіл қоғам өмірінде адамдардың өзара пікірлесу, түсінісу қызметін атқарады.Тіл - әр ұлт өмірінің мәдениеті мен тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тыныс-тіршілігін ұрпақтан-ұрпаққа жекізуші құрал. Олай болса, егеменді еліміздің болашағы ертеңгі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде олардың тілін дамытудың маңызы аса зор. Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту, олардың ой-өрісін өрбіту, сол арқылы жеке басының қалыптасуына жағдай жасау –оқу-тәрбие мәселелеріндегі негізгі мақсаттардың бірі. Бала өз ойын тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы әсіресе сөйлеуге үйренуі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде жүзеге асады. Осы міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарты ретінде үздіксіз тәрбие мен білім берудің тұжырымдамалары жасалып, соның негізінде оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту көзделіп отыр.
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының теориялық саласы ретінде ХІХ ғасырдан бері қалыптаса бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбысты тілдің жалпы адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады. Сондықтан зерттеулерден жалпы тілдік теориялық қорытындылар жасалмай келді.
«Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасының» «Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиенің мазмұны, түрлері» деп аталатын тарауында «Балабақшадағы тәрбиенің арқауы – ана тілі» деп айрықша атап көрсеткен. «Ана тілі – баланың ойлау қабілетін жетілдіріп, өзіндік іс-әрекетін дамыту, тәлімдік қарым-қатынас ұйымдастыру, эстетикалық сезімін қалыптастыру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы»,- делінген.
Соңғы жылдары жарыққа шыққан құжаттардың қай-қайсысында болмасын балабақшада берілетін тәрбиелеу мен білім беру ана тілі арқылы танылып, ана тілінде сөйлеу арқылы жүзеге асады.
Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі бала тілін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызметтің заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән.
Әдістеменің басты міндеті ғылыми-педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, құралдарын таба отырып, онымен мектепке дейінгі ұйым педагогтарын балада тілдік-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үшін қаруландыру.
Тіл дамыту әдістемесінің негізгі мазмұны – мектеп жасына дейінгі балаларда ауызша сөйлеу тілін, өзінің жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыру.
Тіл дамыту әдістемесі де басқа педагогикалық ғылымдар секілді қоғамдық ғылымдарға жатады. Адамның қоғамда өмір сүруі қанша қажет болса, олардың бірімен-бірінің қарым-қатынас жасауы, пікір алысуы, түсінісуі соншалықты қажет болып табылады. Адамдардың бір-бірімен пікір алмасу құралы болмаса, табиғаттың жасырын сырын ашып оны меңгеруі, тұрмысқа қажетті материалдық игіліктерді өндірудегі іс-әрекеті де жолға қойылмаған болар еді. Сондықтан да тіл түсінісудің құралы бола отырып, қоғамның барлық мүшелеріне түсінікті болуы керек. Яғни қоғамнан тыс тіл болмайды. Тіл сонымен қатар оймен тікелей байланысты. Адамның ойы қоғамның, өмірдегі адамдарды қоршаған айналадағы заттардың, құбылыстардың адам санасындағы көрінісі, сәулесі болып саналады. Сол заттар, құбылыстар туралы адам санасында пайда болған ой тіл арқылы сыртқа шығады. Адам өз өмірінде таныған, түсінген, білген, сезген, терген нәрселерін тіл арқылы баяндайды. Сол себепті де «Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шыңдығы»,– дейді К.Маркс.
Бала туғаннан-ақ дайын тілді пайдаланады. Сондықтан да Ы.Алтынсарин: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша қай тілде болса да еркін сөйлеу мүмкін емес» - деп көрсетеді. Сондықтан да «Білім беру» Заңының 5-бабына сәйкес балабақшада тәрбиеленушілердің тіліміздегі сөздердің айтылу нормаларын дұрыс меңгерулеріне, өз ойын жүйелі түрде байланыстырып айта білуіне тіліміздегі дыбыстарды қатесіз, анық меңгеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
І ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫ
