Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Saly_1179_Midterm.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

35. Ққс бойынша шот-фактура.

Шот-фактура барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады.

ҚҚС салынатын тауарлар өткізуді жүзеге асыратын ҚҚС төлеуші аталған тауарларды алушы тұлғаға ҚҚС көрсетілген шот-фактураны беруге міндетті.

Шот-фактура қағаз немесе электронды нұсқада беріледі.

Қағаз нысанындағы шот-фактура нысанын салық төлеуші өз бетінше анықтайды.

Электронды нұсқадағы шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және өңдеу электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметі электронды түрдегі шот-фактуралардың құжаттық айналымының тәртібін белгілейді, онда келесілер көрсетіледі:

- шот-фактура нысаны;

- шот-фактуралардың жазылу, жіберілу, қабылдау, тіркеу, өңдеу мен алыну тәртібі;

- шот-фактураларды куәландыру;

- дұрысталған және қосымша шот-фактуралардың алынуын растау ерекшеліктері;

- шот-фактураларды сақтау тәртібі;

- бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган мен салық қызметінің органдары өзара қарым-қатынас тәртібі.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган ҚР заңдарына сәйкес келесі мәселелерге жауапты:

- электронды түрдегі шот-фактуралардың уақытылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі мен берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;

- электронды түрде берілген шот-фактураларда берілген мәліметтердің шынайылығы;

- ҚР заңдылығында көрсетілген жағдайлардан басқа, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға берілмеуі.

ҚҚС есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:

1/ шот-фактураның реттік номері мен толтырылған күні;

2/ тауарларды беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы, мекен-жайы және тіркеу номірі, сондай-ақ өнім берушінің ҚҚС бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;

3/ откізілетін тауарлардың атауы;

4/ салық салынатын айналымның мөлшері;

5/ ҚҚС ставкасы; сомасы;

6/ ҚҚС ескерілген тауарлар құны көрсетуге тиіс.

Егер басқа жағдайлар салық кодексінде белгіленбесе, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жүзеге асырған күннен ерте емес және өткізу бойынша айналымды жасағаннан кейін 5-7 күн ішінде толтырылады. Шот-фактура басшысы мен бас бухгалтерінің, не осыған уәкілетті өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырады. Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауардың әрбір атауы бойынша бөлек көрсетіледі. Тауарлар құны және ҚҚС сомасы шот-фактурада ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі.

Шот-фактураны рәсімдеу мынадай жағдайларда:

1/ бухгалтерлік есеп жүргізуде негіздеме болатын бастапқы құжаттарды қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетілген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айрылысуды жүзеге асырғанда;

2/ жолаушыларды тасымалдау жол билеттерімен рәсімдегенде;

3/ қолма-қол есеп айрылысу арқылы халыққа тауарларды өткізген жағдайда, сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін берген кезде;

4/ ҚҚС-нан босатылатын тауарлар табыс еткен кезде талап етілмейді.

36. Акцизделетін товарлар және акциз салығын төлеушілер.

Бүгінде Қазақстанда акцизделетін тауарлар мен қызметтің келесі түрлері қолданылады:

1) спирттiң барлық түрлерi;

2) алкоголь өнiмi;

3) темекi бұйымдары;

4) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;

5) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;

двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);

двигателiнiң көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

6) шикi мұнай, газ конденсаты.

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.

Мыналар:

- ҚР аумағына акцизделетін тауарлар шығаратын;

- акцизделетін тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтын;

- ҚР аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;

- егер ҚР заңдарына сәйкес бұрын ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]