- •2.Салықтың экономикалық белгілері.
- •3. Салықтың құқықтық белгілері:
- •4.Салық қызметтері.
- •15.Салық жүйесіне қойылатын негізгі талаптар мыналар:
- •16. Салық реформалары:
- •17. Салық саясаты және оның жіктелуі.
- •18. Көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері және оларға жатпайтындар.
- •19. Көлік құралдары салық салу объектілері және оларға жатпайтындар.
- •22. Жер санаттары және олардың қайсыларына жер салығы салынбайды.
- •23. Жер салығы бойынша салық салу объектісіне нелер енбейді.
- •24. Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар.
- •25. Қандай төлеушілерге жер салығын есептегенде коэффициент қолданылады.
- •26. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығын есептеу тәртібі.
- •27. Өнеркәсіп жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
- •28. Елді мекен жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
- •29.Автотұрақтар, базар жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі .
- •30. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүліктеріне салық салу тәртібі.
- •31. Жеке тұлғалар мүліктеріне салық салу тәртібі.
- •32. Қосылған құн салығы (ққс) артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •33. Ққс салу объектілері.
- •34. Ққс босатылған айналым мен импорт.
- •35. Ққс бойынша шот-фактура.
- •36. Акцизделетін товарлар және акциз салығын төлеушілер.
- •37. Акциз ставкалары.
- •38. Акциз салынатын объектілер және одан босатылғандар.
- •39. Корпоративтік табыс салығының төлеушілері.
- •40. Табыс салығының салық салу объектілері.
- •41. Жылдық жиынтық табыс және оған енетіндер.
- •42. Жылдық жиынтық табысты түзету
- •43. Салықтық шегерістер
- •44. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
- •45. Корпоративтік табыс салығы ставкалары
- •46. Қандай табыстар төлем көзінен салық салуға жатпайды
- •47. Салық салу тарихында адамдар табысына салық салудың қандай жүйелері болған
- •48. Жеке табыс салығының төлеушілері және одан босатылғандар
- •50. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтын кірістер
- •51. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың қандай түрлері алып тасталады
- •52. Жеке табыс салығының ставкалары
- •53. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны кімдер табыс етуге міндетті
- •54. Әлеуметтік салық төлеушілері
- •55. Әлеуметтік салықтың салық салу объектілері мен оларға жатпайтындар
- •56. Әлеуметтік салық ставкалары
- •57. Әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •58. Міндетті зейнетақы жарналары: есептелу мен төлеу тәртібі
- •59. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды есептеу тәртібі
19. Көлік құралдары салық салу объектілері және оларға жатпайтындар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.
Мыналар:
1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары
3) Қазақстан Республикасының халықаралық кемелер реестрінде тіркелген теңіз кемелерісалық салу объектілері болып табылмайды.
22. Жер санаттары және олардың қайсыларына жер салығы салынбайды.
Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
елді мекен жерлері;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
орман қорының жерлері;
су қорының жерлері;
запастағы жерлер.
Жердің мынадай сипаттары:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
Орман қорының жерлері;
Су қорының жерлері;
Запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
23. Жер салығы бойынша салық салу объектісіне нелер енбейді.
Жер учаскесі салық салу обьектісі болып табылады.
Жер салығы бойынша салық салу обьектісіне мыналар енбейді:
Елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері;
Ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері;
ҚР Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған обьектілер орналасқан жер учаскелері;
Жалға берілген үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.
24. Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар.
Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар:
бірыңғай жер салығын төлеушілер;
мемлекеттік мекемелер;
уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о.і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі; 18 жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
діни бірлестіктер.
