Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Saly_1179_Midterm.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

46. Қандай табыстар төлем көзінен салық салуға жатпайды

Мыналар:

1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;

2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;

3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

4) лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

6) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына секьюритилендіру мәмілелері үшін төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

7) резидент банкке төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;

8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы;

9) репо операциялары бойынша сыйақы;

10) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;

11) мыналарға:

бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға;

бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетiн борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

12) мыналарға:

үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;

Салық Кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.

47. Салық салу тарихында адамдар табысына салық салудың қандай жүйелері болған

Салық салу тарихынан адамдардан табыс салығын алудың 2 жүйесі белгілі:

- шедулалық;

- ғаламдық.

Табысқа салық салудың шедулалық жүйесі 1842 жылы Англияда енгізілген және ағылшын алфавитінің алғашқы әріптерімен : А, В, С, Д, Е белгіленген 5 санатқа (шедулаға) бөлінді. Табыстар 5 шедула бойынша бөлініп, олардың әрқайсысында табыс тапқан тұлғаға салық салынады. 1976 жылы олар тағы бір шедулаға Ғ толықтырылды.

Шедулалық жүйе кезінде Қазақстанда да қолданылды. Сонымен, 1990 жылдың 11 желтоқсанындағы «ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың табыс салығы туралы» Заңына сәйкес салық салудың 6 түрі қарастырылған болатын:

- азаматтардың өз еңбек міндеттерін орындағаны үшін алатын жалақы сомасына және соған теңестірілген табыстарына салық салу;

- бір жолғы жұмыс орындағанына алатын табыс және негізгі жұмыс орны бойынша басқа да төлемдерге салық салу,

- ғылым, өнер және әдебиет туындыларына жасағаны үшін авторлық сыйақы сомасына, сол сияқты өнеркәсіп үлгілерін ашқаны үшін авторлық сыйақы сомасына салық салу;

- кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарға және де басқа да азаматтардың еңбек міндеттеріне жүзеге асыруына байланыссыз табыстарына салық салу;

- азаматтардың шаруа және жалгерлік қожалық жүргізгеннен түскен табыстарына салық салу;

- басқа табыстарына салық салу.

Табысқа салық салудың келесі жүйесі - ғаламдық жүйе. Бұл жүйе кезінде салық осы салықты төлеушінің жылдық жиынтық табысынан, оның айналу көзі мен әдісіне қарамастан салынады. Алғаш рет мұндай жүйе 1806-1807 жылдары Пруссияда енгізілген. Бүгінде ҚР осы ғаламдық әдіс бойынша жеке табыс салығы есептелінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]